Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі әйел болмысы

(Б.Нұржекеев шығармаларындағы «әйел» тақырыбы)

Ғылыми жоба

КІРІСПЕ

  • Қазақ әдебиетіндегі әйел болмысы

2.1. Халық ауыз әдебиетіндегі қыз болмысы

2.2  Қазақ қызының алар орны

2.3. Бексұлтан Нұржекеұлы шығармаларындағы әйел образының бейнеленуі

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Аннотация

Бұл ғылыми жұмыста қазақ әдебиетінде  адам концепциясы оның ішінде әйел бейнесін даралап суреттеуді авторлық ғылыми тұрғыдан қарастырылды. Қазақ әдебиетіндегі қыздар болмысы қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі  ұшан – теңіз. Әсіресе қазақ қоғамында аналардың алар орны ерекше болған. Бұл жұмыста халық ауыз әдебиетінен бастап қазақ әдебиетіндегі қыздар болмысы зерделенген. Сонымен қатар Бексұлтан шығармаларындағы ұстанымы, дүниетанымы жан-жақты зерделенді. Қазақ әйелінің ұлттық болмысы, ішкі рухани әлемі, кейіпкерлердің оқиғалар аясындағы сомдануы, характерінің ашылуы принциптері қарастырылды.

Әдебиет – адамтану ғылымы. Адам-күрделі жұмбақ. Өлім–жұмбақ емес, өмір–жұмбақ күрделірек. Әдебиеттің мұраты – эстетикалық идеалды ұлықтау. Эстетикалық идеал – әйел. Ол бүкіл көркемдіктің, сұлулықтың, махаббаттың символы.

Annotation

Talking into account Beksultan Nurzhekeev s works there will be considered woman s image and it s making peculiarities in this scientific job. The author s description about woman and human conception was learnt. The national  nature of Kazakh woman , their performance, their spiritual world were taken into consideration.

Literature is a science about the human. Human is a complicated riddle.The more you know about the human the more you wonder.The aim of the literature is to render honours to aesthetic ideal.And the aesthetic ideal is a woman.It s the symbol of the beauty and love.

Аннотация

В этой исследовательской работе с точки зрения науки рассматривается оброз женщины,особенности ее становления  в казахской литературе в пройзведениях Бексултана Нуржекович.Через все это всестороне исследованы концепции личности,в том числе,авторская позиция о женском оброзе.Рассматривается внутреннийммир женщины‑казашки,геройни показаны в разных жизненных ситуациях,раскрыты характеры героев пройзведений.

Литература‑наука о человеке.Человек‑сложная загадка.Смерть‑легка,а жизнь человека сложна и загадочна.Преумножение эстетических идеалов –цель литературы. Женщина –эстетический идеал , символ мобвы ,кросаты и нежности.

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Өз туындыларында әйел тұлғасын, олардың адамгершілік қасиетін түп қазығы ете білген Бексұлтан Нұржекеев шығармалдарындағы әйелдер бейнесін ғылыми тұрғыдан салыстыра қарас-тыру – ғылыми  жұмыстың негізгі объектісі болмақ. Өз шығармалары арқылы әйелдердің адамгершілік болмысын шынайы қалпында эстетикалық қуаттылықпен танытып, оқырманына ғибратты үлгі беруге ұмтылған Бексұлтанның көркем туындылары арнайы зерттеуге әбден лайықты дүниелер.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті:

Қыздар бойындағы қайсарлық пен өжеттілікті айқындау.

Ұлттық тәрбиенің қыздар болмысында ерекше орын алатынын дәлелдеу.

Әр қазақ қызының бойына «қазақ қызы» атауына сыйатын қасиеттерді сіңіру; ғылыми  жұмысының алдына Бексұлтан Нұржекеев шығармаларындағы әйелдер бейнесінің   Осыған  байланысты төмендегідей міндеттер туындады:

Бексұлтан Нұржекеев шығармаларындағы әйелдің жан дүниесін, рухани ізденістерін шынайы қалпында суреттеу шеберлігін таныту;

Бексұлтан Нұржекеев қаламынан туған әйел образының өзіндік психологиялық ерекшеліктерінің бар екенін дәлелдеу;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы

Бұл ғылыми жұмыста Бексұлтан Нұржекеев шығармаларында әйел бейнесі және оның жасалу ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан қарастырылды. Сол арқылы Бексұлтан шығармаларындағы адам концепциясы оның ішінде әйел бейнесін даралап суреттеудегі авторлық ұстанымы, дүниетанымы жан-жақты зерделенді. Қазақ әйелінің ұлттық болмысы, ішкі рухани әлемі, кейіпкерлердің оқиғалар аясындағы сомдануы, характерінің ашылуы принциптері қарастырылды.

Әдебиет – адамтану ғылымы. Адам күрделі жұмбақ. Өлім–жұмбақ емес, өмір–жұмбақ күрделірек. Әдебиеттің мұраты – эстетикалық идеялды ұлықтау. Эстетикалық идеал – әйел. Ол бүкіл көркемдіктің, сұлулықтың, махаббаттың символы.

Тақырыптың зерттелу деңгейі:

Ұлттық  әдебиеттану ғылымында қазақ әдебиетінің табиғатына сипаттама беріп, поэтикасын, көркемдік қасиеттерін талдап қарастырған М.Қаратаев, С.Қирабаев, З. Қабдолов, З.Ахметов, Ш.Елеукенов, Ж.Дәдебаев, Т.Сыдықов, Т.Жуыртбай, Р.Тұрысбек т.б. ғалымдардың монографиялық еңбектері бар, ал әйел образын бөле-жара қарастырып, авторлық ұстаным мен көркемдік ізденіс сипаттарына үңілген еңбектер аз. С.Тойшыбаеваның, Ө. Тыныбаева-ның, А.Әбуталиеваның, А.Кенжебаеваның диссертациялық еңбектері бар, алайда олар біз қарастырмақшы проблеманы зерттеуді мақсат еткен жоқ. Ал, басқа ұлттар әдебиеттануы ғылымында жалпы тарихи шығармалардағы әйел образының жасалу эволюциясы мен сыр сипатына тоқталған еңбектер баршылық. Оған Д. Мордавцевтың, С.Нарзуллаеваның, К. Ризаеваның, Н.Рубашевтың, Ш.Капашвилидің ғылыми зерттеу еңбектері дәлел. 1

Зерттеу жұмысының нысаны

Бексұлтан Нұржекевтің «Әйел жолы жіңішке» кітабы, «Бейтаныс әйелдің құпиясы», «Кінәлі махаббат», «Ой ұшқын», «Бір өкініш, бір үміт» романы кітабы алынды.

Ғылыми жобаны жазу барысында салыстырмалы талдау, жүйелілік, жинақтау, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс міндеттеріне сай жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиет-

тер тізімінен тұрады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: зерттеудің теориялық және әдіснамалық өзегі Қазақстан мен шетел ғалымдарының көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, авторлық тұжырымдама, ұстаным жайлы жазылған еңбектеріне негізделген. Қазақ әдебиеттанушы ғалымдар: М.Әуезов, З.Ахметов, Қ. Жұмалиев, М.Қаратаев, Ш.Елеукенов, С.Қирабаев, З.Қабдолов еңбектеріне, ал, жалпы әдебиет теориясы көркем шығарманың поэтикасы жайлы еңбек жазған Аристотельдің еңбектерін негізге алдық.

1  Қазақ халқы ертеден – ақ адамгершілікті ардақтап, ұлттық әдепті жоғары бағалай білген. Отбасында ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейтінін, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейтінін сезінген. Өткен ғасырда өмір сүріп, ұлт тарихында елеулі із қалдырған, халқына ақ тілек жолында бар ғұмырын арнаған абзал  аналардың болғандығын  сарғайған құжаттар дәлелдеп отыр. Халқымыздың ғасырларға созылған  азаттық үшін күресіне өр мінезді аналардың, өжет қыздардың да қатысқандығын, «тәуелсіздік» деп аталатын қасиетті ұғымға үлес қосқандығын деректер арқылы бүгінгі ұрпақ санасына жаңғыртып, жаңартып сіңіру және болашаққа жеткізу борышымыз. Өз  әдебиетімізге  деген құрмет пен сүйіспеншілік қағидасын бойға сіңіруге үйрету және үлгі алуға үндеу тарихи тұлғалардың өмірбаяндары мен қызметтері арқылы туған халқы мен Отанына адал да риясыз  қызмет ету үлгісіне айналып жүрекке ұялайды. Олардың ойы мен армандарын қазіргі жас тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасында жүзеге асуда. Барлық тарихтағы сияқты қазақ  тарихында да  аталған есімдердің бірін алға шығарып, екіншісін кесіп тастауға болмайды. Олардың арасында  тарих өз ризашылығымен бағасын беріп, еліміздің  дамуына  бар саналы ғұмырын арнаған, саясатқа ерлермен бірдей араласқан,   аналық тұлғасы мен іскерлік көрегенділігін көрсеткен Гауһар   Бопай, Назым, Айғаным, ханымдарды мақтанышпен атап өтуге болады. Жобамымыздың кейіпкерлері ІІІ-ХІХ ғасырдың қазақ арулардың тұлғасы арқылы тарихқа құрмет көрсету, елдің азаттығын сақтау, әулеттің бірлігі мен татулығын  көз қарашығындай қорғау,туыстық қатынастар желісін үзбей ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру сияқты  қасиеттерді  үйренудің  бүгінгі уақытта маңызы.  Ғылыми жоба жұмысында  қазақ  әдебиетінде   елеулі орын алатын, ел  өмірінің сынға түскен күрделі кезеңінде үлкен көрегенділік танытқан, еліміздің тәуелсіздікке  жетуіне, ұлттық құндылықтарды бойына толығымен сіңіре білген «қазақ қызы» деген атауға лайық, өзінің барлық саналы ғұмырын арнаған қазақ арулардың есімін кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Олардың өмірі мен өнегелі істері қазақ   тарихында өз орны бар және бүгінгі жаһандану заманда үлгі болатын тұлғалар екендігі анық.

Халқымыздың  есімдері ескірмейтін ұлы  перзенттерінің қатарындағы аналардың  қоғамдық-саяси қызметтерін насихаттау, өркениетті әлем қатарына ену жолында төл   тарихымыздың өткен тәжірибесін жинақтау арқылы келер ұрпаққа үлгі ету, ғылыми құжаттар көшірмелері, ғалымдар пікірлерінен сілтемелер жасау, ізденіс нәтижесімен  өзіндік зерттеу   жұмысын жүргізіп, ұсыныс дайындау. Қазақстандық қоғамның жаңа тарихының рәсімделулерінде  қазақ қыздарының өнегелі істері мен өткен өмір жолы, ұстанған ұстанымдары мен мінез ерекшелігін үлгі ету арқылы қыз бала бойында жауапкершілік сезімін арттыру, ұлттық құндылықты жоғары ұстаға тәрбиелеу. Жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де осы жастарға тікелей байланысты. Қазақ жастарының іс-әрекетіндегі біздің ұлттық болмысымызға дақ түсіретін жақтары, яғни маскүнемдік, нашақорлық, балалар үйіндегі жетім балалар, қарттар үйіндегі үлкен ата-әжелерімізді көрген кезде әркімнің жүрегі ауыратыны белгілі. Неге мұндай кеселдер пайда болды? Сондай ықылым заманнан бері жетімін жылатпаған, қариясын қаңғыртпаған ел неге бүгінгі таңда осы дертке шалдықты?Өткеннен сабақ алып, бүгінгі күнде заман талабына сай сол игілігіміз бен құндылығымызды жоғалтпауымыз керек. Әссіресе қыз бала тәрбиесі – ұрпақ тәрбиесі деп бекер айтылмаған, тарихтағы ару қыздарымыз жайлы көп білсек, соған ұқсағымыз келсек, олардың ерлігімен өмірі, ұстанған ұстанымдарын үнемі естіп, көріп, оқып отырсақ біз жас қыздар келешекте ғасыр дертіне айналған жамандықтардан бойымызды аулақ ұстайтын боламыз.

Қазақ халқы-данагөй, сөзге шешен , қызын аққудай мәпелеп өсірген , аталы

сөзге тоқтаған , үлкенге құрметін, кішіге кішіпейілділігін көрсетіп

қызға қырық үйден тыйым» деген қағиданы ұстаным қыз өсірегн халық.

Қыз қылығымен жағады» демекші қазақ халқы біріншіден қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қыздарын бала кезінен қатал ұстап , бірақ бетін қайтармай,даланың ерке елігіндей өсірген. Әрбір қазақ , бай болсын, кедей болсын өз қызын ибалы да өнегелі ,ақылына көркі сай, жолдасыеа серік бола алатындай етіп тәрбиелеген. Екіншіден қыз болмасы. Қазақ қызы десек бұрымы ұзын , күлімдеген сүйкімді де ұяңды жанды елестетеміз. Қыз қуыршақ, ұл құлыншақ» демекші қазақ қызы елді келбетімн емес , жан сұлулығымен тәнті еткен. Қазақ қызының болмысы дегенде Қыз Жібекті еске аламын. Қыз Жібек үшін Төлеген күндер мен айларды , қиыншылықтарды бастан өткерді . Сәті туып ,ақырында екеуі танысыады . Қазақ халқының салт- дәстүріне орай екеуі қосыла алмады. Бірақ мен бұл жыр дастанды оқи отырып Жібектің образына тәнті болдым . Таус  құсы қауырсынын кеңінен жайып , арлы берлі қадам жасағандай ерекше көңілімде қалды. Сіз қандай да бір аңыз әңгімелерді не болмаса әдеби шығармаларды оқыған боларсыз. Сол әрбір шығармада  қазақ қызының бейнесі , қылықтары айқын бейнеленеді. Мысалы Ыбырай Алтынсаридың Қара батыр атты ертегісінде бір жас қыздың сыпайы да терең ойлы сөз айтқаны туралы кездеседі. Әйел бейнесі әр шығармада ойып тұрып орын алатын образ.

XX ғасырдың бастапқы кезеңіндегі қазақ прозасында әйел теңсіздігі тақырыбы мүмкіндігінше кеңінен, терең қамтылғаны бәрімізге аян. Әр санаттағы эпикалық туындылардың бастапқыда «Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Шұғаның белгісі» аталуының өзінен тақырыптық-идеялық сипаты аңғарыла түсетін.  Әсіресе, Ғабит Мүсірепов ұлт әдебиетіндегі ана бейнесін ашуда өлшеусіз еңбек сіңірді. Отбасының ұйытқысы саналатын, жылы жүректі әйелдің, ананың болмысын боямасыз етіп жасауда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Қаламгердің әдеби-шығармашылығының шыңдалуына Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой секілді орыс классиктері мен батыс классиктерінің әсері мол болғаны анық. Өз дәуірінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық шығармалары баурап алды. Гуманист жазушының аяулы тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі туралы жазған шығармалары Ғ. Мүсіреповтің жігерін жаныды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ақлима», «Ананың анасы», «Әмина», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ер ана», тақырыптарындағы әңгімелерін жазды.

Негізгі бөлім

Қазақ әдебиетіндегі қыздар болмысы қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі  ұшан – теңіз. Әсіресе қазақ қоғамында аналардың алар орны ерекше болған. Сонау ерте замандардағы наным – сенімдердің түп – тамыры да Ана. Ата бабаларымыз аспанда Тәңірі, жерде Ұмай ана деп табынатын. Ұмай ана- қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, жанұя, отбасының пірі. Ауызша тарих пен жазба деректер қазақ тарихындағы аналар мен қыздардың өзіндік орны, атқарар рөлі жоғары болғандығына дәлел бола алады. Аналарымыздың қоғамдағы орнын қалыптасқан ру-тайпалық қатынастар, дәстүрлі шаруашылық, тамыры тереңнен бастау алатын діл, салт-дәстүр, әдет-ғұрып анықтаған. Қыздарын болашақ ана ретінде санаған халық «Ұл туса-ұрпағым өседі, қыз туса-ұлтым өседі»,-деп қыз баланың дүниеге келуін ерекше қуанышпен күткен. «Қыз аз күнгі қонақ» деп тазаны кигізіп, дәмдіні жегізіп, төрінен орын берген. Алысты жақын, жатты жекжат етер, ел мен елді таныстырып, табыстырар дәнекер көріп құрметтеген. Киімнің асылын қыз бала киетін, алтын, күмістен жасалатын өте қымбат сәнді әшекейлер де, өте әдемі және қымбат ер-тұрмандар мен жүрісі жайлы жорғалар, әдемі сәйгүліктер, парлар жеккен пәуескелер бойжеткенге арналатын.» -деген қазақ халқының белгілі ғалым-этнографы Х.Арғынбаевтың тұжырымы айтқанымызды растайды. Яғни бар асылын, қымбаттысын мен әдемі жасауларын тек қыз балаларына арнай білген. Оның астары терең. Бүгінгі қыз бала, ереңгі ана, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын тұлға. Қазақ қызын “қыздың жолы жіңішке” дей отырып, жан – жақты тәрбиелеген, еш уақытта оны кемсітіп, төмендетпеген. Қайта қыз баланың бойына әдептілік, инабаттылықпен бірге дала әдебіне сәйкес өткірлік, қайсарлық, шынайы намыс тәрізді қасиеттерді қоса дамытып отырған. Сондай- ақ тәлім – тәрбие, күш – жігер зая кетпеген. Қазақ әдебиетін жоңғарларға атойлап шапқан Қабанбай батырдың қызы – Назымды, бірнеше шешуші жорықтарда көзге түскен Абылай ханның қызы – Гауһарды, талай ақтық шайқастарда ерен ерлік көрсеткен Айтолқынды, найман жұртшылығының батыр қызы – Жанқайды жадында сақтап, ұрпаққа дәріптейді. Бұлардан өзге ақылдылығымен, әулиелігімен аты шыққан Бегім ана, Бұланбай батырдың жары Айбике, Кенесарының қарындасы, 500 сарбазды басқарып, Ресей отаршылдарына қарсы соғыста ғажап ерлік көрсеткен Бопай, Шоқанның әжесі, бірнеше шығыс тілдерін білген, өз халқының мұң – мұқтажы туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азиялық департаменті мен үкіметінің Сібір комитетімен хат алысып тұрған Айғаным ханша тәрізді ел арасында беделі жоғары әйел аналар аз болмаған.

Әлемдегі кез келген халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірген еңбегі зор. Тарихта есімдері алтын әріптермен өрнектелген – Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, Айша бибі, Абақ ана, Домалақ ана мен Қыз ене, Қасым ханның анасы Жаған бике, қолбасшы Бопай ханым, ел билеген Айғаным мен Ұлпан секілді аналарымыз ұлт  тәрбиелеп, халық қалыптастырып, мемлекетімізді баянды етуге мол үлес қосты.

Түркілер әйел-ананы отбасының құты мен ырысы, ұйтқысы мен жылуы деп таныған. Сондықтан да болар түркі дүниесін терең зерттеген тарихшы – ғалым Лев Гумилев «Көне түріктер» деген іргелі зерттеуінде «Түркілер әйелдерді сал-серілердей қатты құрметтейтін. Баласы үйге кіргесін әуелі шешесіне иіліп, тәжім еткен, содан кейін барып әкесіне сәлем берген. Орхон жазуында да апа-қарындастары қалып қойып, оларға ажал қаупі төнгенде, Күлтегіннің оларды жанқиярлықпен қорғап қалғаны зор шабытпен жырланады. Түркілерде анасының шыққан тегіне айрықша мән берген.»- деп жазған. Қазақта «Жігіттің жақсы болуы нағашысынан» деген сөз бар. Оның түп мәніне үңілсек, ата-бабаларымыз аналарының, жұбайларының қадір-қасиетіне, оның шыққан тегіне ерекше мән берген. Мұның өзі қыз баланың ұрпақ өрбітудегі орнының жауапты екендігін айшықтайды.

Қазақ халқының осындай ерекше тәлімді тәрбиесін, қыздар мен аналардың

ұлылығын өз кезегінде ел арасында болған орыс ғалым- зерттеушілері жоғары бағалап, пікірлерін жазып кеткен. Мәселен, ХІХ ғасырда зерттеуші А.К. Гейнс көзімен көргенін хатқа түсірген. Расында да әдемі қыздар аңыз – әңгімелердің, ертегілердің мазмұнын құрап, тартымды оқиғалардағы көркем арулар талайларды тамсандырған. “Айдесе аузы, күн десе көзі бар” сұлулар туралы ертегілер үнемі жақсылықпен аяқталып, оның кейіпкерлері мұраттарына жетіп отырған. Мысалы, ертегілер “ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы бөртеде бір бай болыпты, оның бір асқан сұлу қызы болыпты. Қыздың сұлулығын көрген адам есінен танып қалады екен. Қыз сұлулығымен қатар ақылды болыпты»… деген ертегілер ауыз әдебиетімізде көптеп сақталған. Осындай аңыз ертегілерді естіп өскен ұрпақтың әдемілікке ұмтылары хақ. Қазақ әйелдері ұрпақ тәрбиесінен өзге қоғамның барлық істеріне тікелей болмаса да қатысып, өздерінің көзқарастарын танытқан. Хандар мен сұлтандардың, батырлар мен билердің ақылшы, кеңесшілері ретінде кең далаға танылған. Мұндай жайт өзге халық өкілдерінен шыққан зерттеушілердің назарынан тыс қалмаған. Мысалы, зерттеуші ғалым А.К. Гейнс пайымдаған.

Қазақ әйелдерінің қайталанбас қасиеттері жыр дастандарда ғана емес ғылыми зерттеулерге де арқау болған. Сондықтан да болар қазақ қыздары, әйелдері туралы бірқатар этнографиялық, тарихи, т.б. іргелі еңбектер жарияланды.

“Қызға қырық үйден тыю” деген дана философиялық қағидаға орай ата -бабаларымыз қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. “Қыз өссе елдің көркі”дегенге сай болу үшін оны адамгершілікке, парасаттылыққа, еңбек сүйгіштікке,әдемілікке баулыған. “Қыз жат жұрттық” деп айтылып, өмірден сабақ ала білген,бабаларымыз бөтен елде қыздарының тәрбиелігімен, көргендігімен дараланғанынқалады. Сол үшін де ата салттың мәнін өзгертпей, оны қатаң сақтап, келесі ұрпаққажеткізіп отырды. Нәтижесінде қазақ қыздары адами киелі қасиеттерді бойына жинап, өзге халықтардан ерекшеленді. Әсіресе қыздардың еңбексүйгіш қасиеттері оларды отбасыны, сондай – ақ бүкіл дәстүрлі шаруашылықтың ұйытқысына айналдырды. “Киргизки (казашки – автор) далеко превосходят киргизов (казахов) в трудолюбии.Они отправляются все домашние хозяство, на них лежит половина попечениии о скоте, они сверх того занимаются рукоделиями и приготовлением одежды себе и детям, они же должны заботиться обо всем нужном для мужей своих, даже иногда сделать им лошадей и сажать их верхом. … К трудолюбию киргиз казачки присоединяются свойственные полу их добродушие, чадолюбие и сострадательность. Бывшие у киргизов в плену отзываются о них гораздо лучше, нежели о мужчинах…” – деген орыс зерттеушісі А.И. Левшиннің тұжырымы – қазақ ауылының тұрмыс- тіршілігімен етене таныс болған сырт көздің бұлтартпас дәлелі.

Қазақ ауылында әйел отбасының берекесі ретінде саналып, оның алар орны баға жетпес құндылықпен парапар болған. Көшпелі шаруашылықта киіз үйді тіккенде шаңырақты ер азаматтар көтеріп тұрған, ал үйдің керегесін керіп, уығын шаншитын, туырлық үздігін жабатын әйелдер болған. Қазақ қоғамында ерлер әйел – аналардың осындай артықшылықтарын көріп, даланың жазылмаған заңдары арқылы қорғап отырған. Отбасында, әулетте әрбір әйел ананың өзіндік орны болған.

Көріп отырғанымыздай, бұл – әйел – ананың бір қыры ғана. Қазақ тарихындағы қыздар тіршіліктің көзі, себебі “Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді” деген ұлағатты сөз текке айтылмаса керек

  1. Бексұлтан – тереңдікпен кеңдіктің, тазалық пен адалдықтың жазушысы

Кез келген жазушының кез келген шығармасында автор өмірінің ұшқыны бар. Тіпті, Мұхтардың «Көксерегінің» өзінде ұлы жазушының жан дүниесі мен сезім түйсігінің  серпіні жатқанын аңғарамыз. Ал Бексұлтан шығарма-ларында өз өмірінің үзектері дәл табылып жатады, әсіресе «Кінәлі махаббат-та», «Бір өкініш, бір үміт» романында. [5 ]

Жазушының екі томдық таңдамалы шығармалар жинағына «Күтумен кеш-кен ғұмыр», «Бір өкініш, бір үміт» романдары, «Кінәлі махаббат», «Арыз», «Жайлаудағы жиырма күн» повестері және «Не үшін?», «Қиын сұрақ», «Жолтөбелес», «Күләштің соңғы көктемі» секілді әңгімелері енген. Олардың тақырыбы әр түрлі болып келеді. Бақыт пен бақытсыздық, үміт пен өкініш, қуаныш пен қайғы заман тынысы арқылы да, адам тағдыры арқылы да жа-зушының аса терең бойлап суреттейтіні осындай мәңгі мен бақидың өзі сияқ-ты ежелден келе жатқан тақырып, көненің көзіндей мәселе дегенмен де жазу-шы оларды бұрын-соңды ешкім айтып, ешкім жазбағандай түрге түсіріп, мағыналық-мазмұндық тұрғыдан жаңа биікке көтереді. [1. 6-7 ]

«Ұлттық әдебиетіміздің көркемдік дамуын да өзіндік қолтаңбасымен дара-ланып, қазақы сөз өнеріне өлшеусіз үлес қосқан қарымды қаламгеріміздің өзгеше өрнекті жазушы, айрықша дарынды, сергек сезімді суреткерекендігіне оның шығармаларымен сусындаған кез-келген оқырман дау айта алмаса керек». [3. 63 ]

Сонымен қатар Б.Нұржекеұлының жазушылық шеберлігі күрделі зерттеу жұмысына нысан болмаса да, қаламгер шығармашылығына көркемдік деңгейі, жазушылық шеберлігі, тіл айшығы туралы баспасөз бетінде бірқатар әдеби сын мақалалар жарық көрген. Ол еңбектерде қаламгер шығармашылы-ғының біраз қырлары сөз болып, байыпты талғамдар айтылған. Солардың ішінен  Ж. Дәдебаеваның, О.Исмайловтың, С.Балғабаевтың, Ғ.Құлахметов-тің,  Д.Исабековтің,  Т.Әлпейісовтің, Ш.Елеукеновтің, Қ.Керейқұловтің, Т.Мамасейітовтердің және т.б. мақалаларын атап өткен орынды.

Жазушының шеберлігін зерттеу, негізінен, оның көркемдік тәсілдері қолданудағы ерекшеліктерін, сюжет, композиция құру, характер ашудағы жаңа ізденістерін, стильдік даралығын айқындауға келіп тіреледі. [3. 64-б]

Асылы, Бексұлтан Нұржекеев тәрізді суреткердің барша тұлғасы мен қуа-

тын, ерекшелігі мен дербестігін осынау таңдамалы екі томдықтың аясында қарастыру бір орайда, әрі оңтайлы, бір орайда әрі қиын. Дегенмен, осы аспектіде- осы ракурста қарастырып, бір ғана сөйлеммен түйіп айтар болсақ, онда сөз жоқ. Сиқыр Сезімдер Симфониясы немесе Махаббат Монодуализміне Монумент деуімізге тура келетінін ашық айтуға тиіспіз. Мұның өзі мейлінше елпілдегендіктен емес, қайта керісінше, мейлінше сүйсінгендіктен. Суреткер сезімдеріне сыншы сезімдерінің бас июі, тәшін қалуы десек құба-құп. Өйткені көшелі суреткер туындыларының өнбойындағы сиқыр сезімдер симфониясының әрқашан күретамырға, ой-санаға, жүйке-құлыққа, іс-әрекетке біртұтас айналып кеткен дара табиғатына бас имеу, тәшін қалмау мүмкін емес.

Сонымен, әр жылдарда осынау Сиқыр Сезімдер Симфониясының әралуан үзіктерімен, әуен-ырғақтарымен, мөлтек мақамдарымен етене жақын, етене сырлас, етене мұндас болып келген қалың оқырман қауымның Бексұлтан Нұржекеевпен қайта қауышуы, жаңа жүздесуі жайында әрі Парыз және әрі Қарыз мақалаға нақты көшейік.

Ең алдымен таңдамалы шығармалардың сүйегіне-құрылымына көз салсақ, онда бірінші – “Күтумен кешкен ғұмыр” романы және  “Кінәлі махаббат”, “Арыз”, “Жайлаулағы жиырма күн” атты повестері; екінші – “Бір өкініш бір үміт” романы және “Не үшін?”, “Қиын сұрақ” , “Жолтөбелес”, “Күләштәң соңғы көктемі” атты әңгімесі енген.

Біз осынау таңдамалы екі томдыққа енген туындылар арқылы әуелде қаламгерліктен үміткер болып, алғаш қадам басқан Бексұлтан Нүржекеевті; содан соң өсу-қалыптасу үстіндегі ізденістерімен шарқ ұрған талантты жазушы Бексұлтан Нүржекеевті; қажырлы таланттың тоқмейілсу орнына толассыз да табанды еңбекқорлығы арқасында бүгінде жалпақ жұрт алақанына салып аялауға ұмтылатын көшелі суреткер Бесұлтан Нүржекеевті қайта көреміз. Бұл орайда таңдамалы екі томдық өз міндетін ақжарылқап атқарып, біздің қолымызға тиіп отыр. Біз енді таныс-бейтаныс замандас-тарымызбен, солардың қым-қиғаш, өмірдің өзі өрген тағдырларымен, осының баршасының алтын өзек лейтмотивімен – мәңгілік махаббат әралуан күйлі – мұңлы – сырлы  небір әуендерімен яғни, сиқыр сезімдер симфониясымен қайтадан бетпе-бет жүздесеміз, біртіндеп етене күйде сырласамыз, біртіндеп етене күйде табысамыз, біртіндеп бір-бірімізді қимайтын қимас жандарға айналамыз. Сондықтан шығар көшелі суреткердің өзекжарды тебіренісін енді өздеріміз тебіренісімізге қалайша айналдырып алғанымызды бүкпесіз айтуға, мақтанышпен айтуға тиіспіз.

Асылы, суреткер өз туындылары арқылы әр буын оқырманын әрқашан қайран қалдыра алса, ал әр буын оқырман сол шығармаларға әрқашан өз-өзінен қайран қалып жатса екі жақтың да асқақ мұраттарының нақты орындалғаны ғой. Біз, әлбетте тек осындай сүйегі асыл кітаптардың автор мен оқырман арасындағы дәнекерлігі де,  қызметі де, нысанасы да, сайып келгенде, әрқашан осындай мұраттардан ғана туындайтынын ешқашан жоққа шығармаймыз. Қайта осындай абырой үдесінен шыққан кітаптар жайында үнемі ақтарыла жазғың, үнемі сүйсіне жазғың келіп тұратын құштарлығыңды бүкпесіз білдіргеннің өзі ғанибет емес пе?

Жазушыны туған жер тарихы, өскен ел тағдыры ертеден-ақ ойланта бастаса керек. Өйткені шекаралы өңірде дүниеге келген, есейе келе жазуға, жазушылыққа ден қойып, естіп-біліп, көріп-түйгенін көкейіне тоқып жүретін зерделі көкіректі небір аумалы-төкпелі алмағайып замандарды, әсіресе, көкірек кешетін шекаралық аймақтың тарихы.

Қаламгердің тұңғыш кітабы «Күй толғақққа енген» “Не үшін?” және “Қиын сұрақ” атты екі әңгімеге назар аударып көрейік. Бұл екі туынды – жас қаламгердің 1972 жылы шыққан “Күй толғақ” атты жинағында жарық көрген. Автордың әдебиеттегі өз соқпағын табу жолындағы алғашқы әрекеттері мен соны жүзеге асыру барысындағы қаламгерлік аяқ алысы бірден байқалады. Мәселен, бұған біз балаң қаламның жігерлі пафосын, бейнелі тілін, сюжеттік желідегі тартыс пен драманы адамгершілік мұраттар тұрғысынан тереңдетуге, күшейтуге, ойландыруға, таразылауға, салыстыруға ұмтылатын көзқарастарын, принциптерін жатқызар едік. Ең бастысы, әлемдік прозаның парасаты мол тағлымынан, суреткерлік стильдер машығы мен мәдениетін үйренуге ұмтылған қажыр-қайраттың зая кетпегеніне, қайта өзіндік жеміс бере бастағанына екі әңгіменің екеуі де толық дәлел бола алады. Сондықтан шығар бұл әңгімелерді оқып отырып, автордың «нені болсын, неліктен болсын, неге бұлай, неліктен бұлай» тәрізді өмір мен тағдыр сыбағаларына өзін де, оқырманын да байыппен зер салуға жетелей-тінін кәміл аңғарамыз. Ол бұл мәселелерге тым селқос немесе жеңіл – желпі қарауға, немесе «әй, бәлем сол керек» -деп біржақты, әрқашан өзіңнің өреңе сәйкес, пайымыңа лайық шолақ үкім айтуға, оп-оңай кесіп –пішуге түбегейлі қарсы екендігін өзінің суреткерлік қарымымен мейлінше нанымды, мейлінше ұтымды жеткізе біледі. Екі әңгіменің екеуі де – бір кездегі жас қаламгердің шығармашылық сапарының тек қана бастау бұлағы емес, сонымен қатар күні бүгінге дейін көшелі суреткердің шығармаларында жалғасып, көтеріліп келе жатқан әлеуметтік- көркемдік проблемалардың, мотивтердің әу бастағы прог-раммалық сипаттарын анық та айқын танытатын шымыр дүниелер.

Мәселен, «Не үшін?» атты әңгіме тұңғыш кітапта «Бауырлар» деп аталған. Шамасы, автор да, кітап редакторы Дүкенбай Досжанов та цензураның қара қасап қайшысынан сескенген не сақтанған болу керек. Бұған әңгіме атының таңдамалыда өзгертіліп берілуі мен бір абзац үзіндінің  қайта қосылғаны дәй-ек. Өйткені, қырағы көздер көбінесе мазмұнға терең бойлап жатпағанмен, шығарманың атауына, жанрлық айдарына аса сақтықпен қарайтын. Соның бір көрінісіне – әңгіменің «Бауырлар» деп аталуын айтамыз. Тым қарапайым, тым момын екендігі ешқандай күмән тудырмайды. Ал «Не үшін?» – деген атаудың өзінде қаншама зіл, қаншама өкініш, қаншама сауал андыздап тұр десеңізші. Әңгіменің әлеуметтік – көркемдік жүгін көтере түсуде бұл атаудың елеулі роль атқарып тұрғанын көрмеу, сезбеу, білмеу мүмкін емес.

Бүгінде егеменіміздің арқасында бар шындықты бүкпесіз, жалтақтамай айта алатын болдық. Ал мына әңгіме сол кездің өзінде құлағы құнтиып, мұрны шұнтиып, қиқаланып шықса да, зерделі оқырманды үлкен тебіреніске түсіргені анық. Жалпы, жан- дүниелері шындық деп шырылдайтын қаламгер-лердің сол шектеулі  кезеңнің өзіде де ретін тауып, орайын келтіріп, «айтуға болмайтын шындықты» ишарамен астарлап жеткізіп отырғанын көзі ашық, көкірегі ояу оқырман теріс дей алмаса керек.

Аталмыш әңгімеде осы шекаралық өңірдегі ел басына түскен аласапы-ранды оқиғалардың бір шындығын көреміз. Бірге туған бауырлар – Әбікен мен Жұмекеннің бір-біріне жау болып, бір-біріне оқ атуы не үшін еді?! Иә, не үшін? Бұл сұрақты өте-мөте бүгін өкіне айтып отырған жоқпыз ба? Сол Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары бірге туған бауырлар ғана емес, бүкіл жалпық ел екіге бөлініп, бір-біріне жау болып оқ атпады ма? соның зардабын сорлы қазақ әлі тартып келеді. Ешкімнің ала жібін аттамаған, айранын ұрттап, қойын құрттап, басы аман, бауыры бүтін өзімен -өзі жүрген халықтың арасына жік салып, алатайдай бүлдіріп, біріне-бірін жау етіп, атыстырып, шабыстырып қою Кеңес өкіметіне не үшін керек болды дейсіздер? … Оның ақыры неге ұласты? Немен тынады? … Мінеки, әңгіме осындай салмақты ойларға жетелейді. Еріксіз «соның бәрі не үшін еді, бауырлар-ау, бір-біріңе не үшін оқ аттыңдар» деп күрсінесің.

Дегенмен, әңгіме идеялық – көркемдік жағынан өткір де байсалды, мейлінше ұстамды шыққан. Бауырлар – Әбікен мен Жұмекен баррикаданың екі жағында тұрған жандар. Әбдікен –көпшіл, қоғам мүддесін биік санайтын, әділеттің алдында ғана жығылатын көзі ашық, көкірегі ояу, күрескер азамат. Езілгендердің еңсесін көтеруге келгенде неге болсын мейлінше құмбыл, мейлінше әрекетшіл. Кеңес өкіметінің орнығып, неғұрлым баянды болуы үшін өзін-өзі құрбандыққа шалуға әрқашан әзір, ақыл мен мінезге бай, халыққа ұнайтын абзал жан.

Ал, Жұмекен бұған мүлде кереғар полюсте. Әбдікен жұртын от болып жылытса, ол жүрген жерін мұз болып қарытатын, қан қақсататын, жыртқыштық іс-әрекеттімен белгілі болған атышулы жан. Алайда, екеуі бір-біріне емшектес бауыр. Бауырлардың қақтығысуы көп те, табысуы аз. Екеуі бірін-бірі өз жағына тартуға ұмтылады, бірақ нәтижесі жоқ. Жұмекен кеңес үкіметінің орнағанына мүлде қарсы. Тіпті қиналса шекара асып кету оған түк қиын емес. Міне, енді колхоздастыру басталды. Ол бұған кіруге тағы қарсы. Әбдікен Жұмекенді көп қатарына қосуға, колхозға кіруге әрекет жасайды. Бірақ, тоңмойын Жұмекеннің ойы мүлде басқа. Осы арада ағалі-інілі бауырлардың арасы бұрынғыдан да алшақтай түседі. Ата-ана да Жұмекен жағында. Жұмекеннің бар есіл-дерті, бар мақсаты – тек аң аулау мен қыз- келіншектерге «берсе оңынан, бермесе жолынан» дегендей, озбырлықпен болсын қырындап жүру. Тау тағысындай еркін жүруді, аң атып күнін көруді ешнәрсеге айырбастағысы келмейді.

Осы қамын, осы тірлігін сақтап қалуды пейіштен де, ерліктен де әсте кем көрмейді. Баймұқан мен Әбдікен екеуінің осыны түсінбейтініне таң. Жұмекенді ерегістірмесін, Жұмекенді жауықтырмасын. Көресіні сонда көреді. Ол жолына көлденең тұрған жанды аяп көрген емес. Оған саяқ жүру, еркін жүру әуелде пендешілік эгоизм болғанмен,  келе-келе өзіндік дүние-таным көзқарасына айналған, күнделікті тіршілігі мен күресінің мақсатына айналған. Еркіндігіне қол сұққан жанды өмірем қаптырудан әсте тайынған емес. Жұрт оны аттың құлағына ең сала білетін мергендігінен, аңшылық жарындылығынан, пендешілік қорқаулығынан бір жағы сескенеді, бір жағы қолпаштайды. Қаныпезерлігі, қатыгездігі сонша, шекараның қылкөпір жартасына бауырына оқ атудан жүзі жанбаған. Не Әбдікен, не Жұмекен. Екінің бірі. Үшінші жол жоқ. Баррикада екеуіне де осындай шешім қабылдауға мәжбүр етті де, екі мылтық қатар-қабат атылды. Жаралы Жұмекеннің оғы мүлт кетті. Әбдікеннің оғы дәл тиді.

Жас қаламгердің әңгімесі социалистік реализмнің идеялық талабы мен эстетикасына толық жауап бере білген әрі сол жылдардағы күрес барысында өріс алған қарама –қайшылықты да, ширыққан драматизм мен өршіген трагизмді де бүкпеген. Қайта идеялық тартыс апофеозының қаншалықты қымбатқа, қаншалықты қиынға түскенін де көркем жеткізген.

Әңгіменің таңдамалыдағы нұсқасында қалпына  келтірілген мына жолдарды оқып көрейікші. «Шалқалай артына бұрылып, әлденені сұрағысы келген

адамша алақанын жая беріп, шыр айналып барып жығылды.

Әбдікен ес – түссіз. Көзінен жасы қалай ытып кеткенін білмейді. «Не  үшін аттың? Не үшін? Кім үшін?»- деп алақанын жайып Жұмекен орнына тұра сап жүгіретін сияқтанды. Жарасты құшқан жансыз дене соншалық ыстық, қимас көрініп, бір өксік қылғынта буындырып, булықтырып барады. Туыстық сезімнің жегісіне шыдай алмай, көз жасын қолымен сілкіп, бесатардың ұңғысын өзіне қаратты. Көз қиығы қарсыдан қараң еткен адамды шалды. «Ойпыр-май, екеуімізді Үмбет атты деп жүрер ме екен?».

Үмбет өзінің қалай өлмегеніне аң-таң? …

Осынау шағын абзац 1972 жылы шыққан  «Күй толғақ» кітабында қысқарып қалған. Таңдамалыда қалпына келтірілген нұсқаның көркемдік болмысы қай тұрғыдан болсын жас автордың позициясын, қаламгердік қуатын мейлінше жете тануға елеулі үлес қосып тұрғаны кәміл.

Бұл қысқартуға, әрине, не цензураның, немесе қосүрей редакторының  септігі тигеніне күмін жоқ. Ал, автордың сол шешімге  келіспеуінің реті еш келмейтін. Әңгіме – идеялық тұрғыдан «осылайша жонылып, осылайша әрленіп, осылайша жылмағайланып» шыққанымен де, бәрібір көркемдігін сақтай алған сипатымен құнды болса керек. адамгершілік сезімнің идеялық сезімге құрбандыққа шалынғанын қай-қайсымыз болсын сол кезде дұрыс деп таптық. Автор да, редактор да, цензура да белгілі бір системаның қызметшісі болғандықтан осылай етуге міндетті еді. Өйткені, өз қолыңды өзің кесе алмайсың. Ал, кескен күнде де нәтижесі бәз-баяғыша болатынын талай көрген жоқпыз ба   .    Сонымен «Кінәлі махаббат» повесі және «Бір ғана махаббат» әңгімесі. Зерен сұлу бастан кешкен жағдайлар – іңкәрлік, құштарлық, өкінішке, мұңды сырға, қызық, қайғыға толы тағдырына ортақтасқан оқырман бейжай қала алмайды. Әйел жанының нәзік қалтарыстарын, ішкі сезім пернелерін дөп басып суреттеуде жазушы айрықша шеберлік танытқан.

Қаламгер осы Әтіке мен оны ғұмыр бойы күтумен өткен Қайныкештің аяулы тағдырларын қым-қиғаш тартысқа құрып, ел мен жер тағдыры, адамдар арасындағы жақсылы-жаманды қарым-қатынастар туралы толғаныс-тарын, кейіпкер іс-әрекеттеріне үйлестіре отырып, көркемдік, психологиялық тұрғыдан шымыр да шынайы көрсете алған.

Жазушы шығармашылығындағы негізгі күретамыр екі сала ( туған жер, ел

тарихы мен бүгінгі өмір тынысы) осы «Күтумен кешкен ғұмыр» романында өзара кіріге жымдасып, шығарма сюжетін ширықтыра түскен.

«Күтумен кешкен ғұмыр» романының басты сюжеттік желісі елден асқан әнші-сазгер Әтікенің жастық өмірі мен әншілік ғұмырына қатысты оқиғаларға құрылған. Туған жер, жастық дәурен туралы әндерімен ел-жұртқа танылып, ел – жұрттың сүйіктісіне айнала берген шағында Әтікенің басына қара бұлт үйіріледі. Аламсапыран заманның ауыр соққысы оның өмірін өшіріп, өнерін өксітіп кетеді. Әншінің не оққа ұшып өлген хабар шықпайды, не арғы жаққа өтіп, тірі жүрген хабары жетпейді елге. Ата-ана жалғыз ұлдың өлі-тірісін біле алмай, өмірін әуре-сарсаңмен өткізіп, арманда көз жұмды. Он сегізге жаңа толған ғашық жар Қайныкеш – қуаныш- қызығынан қапылыста көз жазып, бақытты  дәурені көрген түстей болып ол қалды.

Өмірінің қанша ауыртпалығын көрсе де, Қайныкеш Әтікені өлдіге қимай, бір хабары болама деп оны ғұмыр бойы күтеді. Қырық жылдан астам уақыт өтіп, бойынан әл, жүзінен әр кетіп, қартайған шағында ғана ол бір хат алады. Онда да Әтікенің өзі емес, әнінің хабары жетеді.

Әтікенің бұдан қырық жыл бұрын өзіне, туған жеріне арнап айтқан әнін енді сондағы ырғақ, сондағы әуенмен, тіпті сондағы сезіммен елжіреп тұрған күйінде тағы тыңдағанда, Қайныкештің күтуден, сағынудан, зарығудан сарғайып біткен жүрегі он сегіздегі шаттығын қайта тапқандай оқыс бұлқынып қалады да сүйікті әуенінің, қырық жыл бойы ізлеп, күтіп келген сырлы саздың әлдиінде әлсіреп, талмаусырай береді. ғұмырын күтумен кешкен ғазиз жүрек сүйіктісінің өзін көре алмай, оның әнімен табысып жатып тыным табады.

2   «Әйел » деген әлем бар

2.1  «Әйел жолы жіңішке» кітабы

Қазақ қызы десек бұрымы ұзын , күлімдеген сүйкімді де ұяңды жанды елестетеміз.Бексұлтан Нұржекеұлының «Әйел жолы жіңішке» (1998 ж ) атты әңгімелер жинағы суреткер қаламының қазіргі таңдағы көркемдік биігі болып табылады. Бүкіл кітап күнделікті тіршіліктегі әйел жанының бүкіл спектрін жан-жақты көрсеткен ғажайып әңгімелерден тұрады.

Бүкіл кітап, шын мәнінде, әйел жанының антологиясы тәрізді әсер қалдырады. Суреткердің бұл шеберлікке көтерілуіне оның бұған дейінгі туындыларының баспалдақ болғаны даусыз.

Барлық гәп –  Бексұлтан Нұржекеұлының ақтарылған сырды жеке бір жанның мол қатпарлы өмірлік тағдырын әсерсіз, қоспасыз, әшкересіз, мүсіркесіз түрде көркем жеткізгенінде.

Қалам ұстағандар, осы махаббат  дертін адам атаулыға тән, әркім басынан әрқилы деңгейде кешер осынау мөлдір сезім туралы жазып жүр ме? «Алуан- алуан жүйрік бар, әліне қарап шабатын» демекші, әр қаламгер өз қуат –

қарымы жеткенше ғана жазады.

«Түскенде сен есіме сенер болсаң,

Қолында асасы жоқ дуанамын», –

деп бабаларымыз, ата-әкелеріміз қара өлеңге қосса, Тұманбай ақын:

« Жолықтың қашан ғана бұл азапқа,

Бір өзі қасірет те, ләззат та» –

деп жырлайды. Жырлап та, жазып та жүр. махаббат мәңгі болса, оны жырлауда мәңгі.

Бексұлтан Нұржекеұлының «Әйел жолы жіңішке» атты кітабы әсерлі әуезімен, сиқырлы әлемге жетелеп, қилы-қилы күй кешкізеді. Біздің туған әдебиетте М.Горький мен Ғ.Мүсіреповтің тамаша дәстүрлері дамып, қыз-келіншектер мен әйелдер бейнелерінің небір әйгілі галереясы жасалғаны айтқан абзал. «Алып анадан» болса, ту көтеретін ғажайып халықтың қадір-қасиеттердің ұйытқысы да солардың бекзат бойларынан шашырап тарап жатары хақ» (Аян Нысаналин, ақын, сыншы).

Бексұлтан сезім тақырыбына тым сергек қарап, жиі-жиі оралып жүрген жазушы. Ол әлеуметтік жағдай, кісілік қарым-қатынас, қоғам алдындағы міндет парыз – қай тақырыпқа қалам тербесе де көп түйінді осынау махаббат сезімі арқылы шешуге күш салады, сол арқылы-ақ кісілік келбеттің ішіне үңілуге ұмтылады. Бексұлтанның кейбір әңгімелері болмаса негізінен тың және кіл сүйіспеншіліктің азапты ләззатын сезінгендер мен бақай есепке саламын деп өмірде опық жегендерді хикаялайтын туындылар. Бәрі де өзі айтқандай: «Бір өкініш, бір үміт».

Кітаптың беташарына берілген «сағынғаным- айды» оқыған сәтте кейіпкер Ержанмен бірге сарымсақ тере барасың, Ержанмен бірге – «мә, осы гүлдей аппақ қыз бол!» деп Көкен қызға гүл ұсынамыз. Сонымен бірге толқып, сонымен бірге шалқимыз. Себебі, білемін, бәріміздің де көкірегімізде қонақтаған алғашқы балаң да тым ұяң сезімдеріміз бар, бәріміздің де ұйқысыз түндер өткізіп, алас ұрдырған өз Көкендеріміз бар. Еш бүкпесіз, риясыз таза «бала ғашық» күндер сағыныш болып, жылдар қатпарларының арғы жағынан мен мұндалайды. Дәл осындай алғашқы бүр жарған өз сезіміңді жазып, айтқың әркім өмірден өз Төлегенін, өз Жібегін жаңылмай табуды армандағанмен өмірдің өз қағидасы бар. Жар таңдау атты ұлы жолда-ғы сәл қателік – өкініші мол тұтас өмір. Жазушы Зияштың (жастың жыл құсы емес), Күлдәрінің (Құпия махаббат), Үбәйдің ( Өш алудан өршіген әдет), Бегеннің (Күю) өмір жолдарын, бір сәттік алдамшы күйдің тауқыметін тартқан өкінішті тіршіліктерін баппен баяндай отырып, жастарға өнеге айтады. Көркем шығарманың да алға қояр басты мақсаты – өзгенің өмірі арқылы  өнеге айту болса керек.

Бексұлтан Нұржекеұлының диалог құруға, әсіресе, қыз бен жігіттің жарасымды әзіл- қалжыңын жазуға келгенде, кәнігі жүйріктей көсіле жөнелтетіні сүйсіндіреді. Соншалықты табиғи, кәдімгі қазақы қалжың. Әр кейіпкерлері әр сөзге астар беріп, ақылды ой айтады. Мысалы: «Кәріс қыздағы»:

«Маған қарамай өзің шаныла бер,- дедім өйтпейтініне сенбесем де… Арамдығымды біліп қойғандай нәлли басын шайқады.

Ол қулығыңыз жүзеге аспайды…

Қайтейін енді, менен гөрі бала ғой, алданып қала ма десем.

Әйел ешқашан алданбайды, алданып қалғансиды».

Немесе «Осы адам- жақсы адам» деп біреуге сену сол жақсыны жақын білу, онымен бірге жүру, көру, сөйлесу – жер бетіндегі жақсылықтың жеңісі аға. «Немесе қырғыз келіншектегі» Тұрсынбүбінің «Қыз сезімдегі» Ләззаттың ойлы, ойнақы сөздеріне риза болып отырасың.

Автордың барлық әңгімелерінде жігіттері әркімге бірқұмартып, сүйіспеншілік дертіне жиі шалдығып жатады. Қыз – келіншектер де олардан қалысып жатқан жоқ. Бір-бірімен еселесіп, бірімен егесіп жүргендей. Ал сонда  махаббат деген киелі ұғым қайда? Бексұлтанның өзі жазып отырып, өзіне, кейбір кейіпкерлеріне тіпті барша оқырманына қояр сауалы да, барлық шығармасында көз жазбай бақылап отырар жалғыз жүлгесі де осы. Автордың кредосы, бүкіл шығармашылығының арқалаған жүгі  -«бір адамның ғұмыры бір махаббаттың тарихы» дегенге саяды. Қателіктер, жазбасулар – соған жеткенше немесе соны тапқанға дейінгі табиғи құбылыс қана.

« Күләйхан, ояншы, бір нәрсе айтамын.

Не, керегі жоқ.

Жоқ, тыңдашы! Мен махаббаттың біреу- ақ болатынын түсіндім»

Ылайым, осылай болғай.

Кітаптің аннотациясында: кімнің де болсын өмірінде орын алып келе жатқан, ғашықтық сезімін нәзік сезімталдықпен қозғайды ,-  делінген.

Сонымен қатар Бексұлтан Нұржекеұлының «Күләштің соңғы көктемі» ерекше бөліп айтуға болады. ол атақты бұлбұл көмей әйгілі әнші Күләш Байсейітова өмірінің бір өлі арасындағы жайлар туралы сыр шертеді. Нақты деректер негізінде құрылған Новелла үлкен тұлғаның ішкі сезімдерін терең ашып көрсетеді. Дуайпат қара дауыл шың басындағы шынарды, жайлап кеткелі тұр. Не уәжіп? Қаламгер сол құбылысқа немқұрайды қарамай, сәулелі сүйіспеншілікпен өз көзқарасын білдіреді. Өйткені, сүю сезімі – жан жұмбағы тәңірия тылсышы, адам рухы қазынасының құпиясы.

Суреткердің «Сағынғаным-ай!», «Беу қыз дәурен»!, «Жастық жыл құсы емес», «Қыз сезім» және басқа әңгімелерінде уыз махаббаттың күйініші мен сүйініші, тәңсәрі мен аңсары, мастығы мен жастығы әр тараптан бейнеленеді. Көңілге қанат бітіреді, санаңа сәуле жүгіртеді. Әр әңгіменің кейіпкерлері өткір ұстараның жүзімен жүргендей сан қилы тағдыры бастан кешеді. Өкінеді, өксиді, саүйініп – сүйсінеді, бөркешіктік танытады, кейде шарболаттай шыңдалады. Өмір шырғалаңында шыңнан құлайды. Ең бастысы тағдыр тәлкегіне ұшыраса да үнжарғасын түсірмеген жандар ежелгі танысындай көзге тым ыстық ұрады. Шара мен Көкен, Зияш пен Үбәтай, сол сияқты асыл сезім иелері күйкентайдай күйрек емес, күрескер іс-әрекетімен есте қалады.

«… Адамның адамшылығын өсіретін – жақсыны сағыну. Бәріміздің, сірә,

бақыт деп жүргеніміз – жақсыға жолығу. Жолығуын жолыққан болармыз –

ау, қу тіршіліктің күйбеңімен жүріп, қаншасын жоғалтып алғанымды айтсаңшы!» дейді автор.

Қырғыз келіншек, «Кәріс қыз бен Мұнтаздай Мұмтаз»- әңгіме жанрының ауыр жүгін көтеріп тұрған шығармалар. Бұндағы оқиғаларды шендестіріп берудегі жазушы шеберлігін мойындатқызбай қоймайды. Әсіресе, соңғы әңгімедегі шешім шынайы да тосын шыққан. Туындыгер Жапаншах пен Мұмтаздың мөлдір махаббатын майын тамыға айта келіп, Нұртаң мен Үбәтайдың бір-біріне деген ыстық ықыласына құлай отырып, тобықтай түйінге анау бір кездегі Әсияны араластырады. Тағдыр таңдау мен талғау үстіндегі тұлғаларды осылай тоқайластырады.

«Әйел жолы жіңішкенің» негізгі тақырыбы – махаббат. Оны бар нәзіктік және бар нәшімен әр қырынан суреттеу  оңай емес. Бексұлтан Нұржекеұлы-ның адам сүйіспеншілігін жан-жағынан қазбалай келіп, үлкен әлеуметтік – қоғамдық ой қозғайды.

«Әйел махаббат, сезім – осы тақырыбыңыздан өмір бойы аумай келесіз». Бұл жазушы Бексұлтан Нұржекеұлының Үбәйда атты кейіпкерінің сөзі: Өзіне қарата айтылғандай. Өз кейіпкерінің ғана ойы емес, өзгелердің де пікірінен хабар беріп тұр.

«Әйел жолы жіңішке» – кітабіндағы әңгімелер әр жылдарда жазылса да әр шығарма бір үлкен тақырыпты жан-жақты жарқырата ашу үшін топтасты-рылғаны аңғарылады. Тіпті, кейіпкері Ержан: «Он бестегім, он бес күн өткен-дей есімде» дейтін «Сағынышым- ай» дейтін шығарма мен «Темір қақпаның» арасында табаны күректей отыз жыл жатыр. Сезім қартаймайтынын, бірақ жасқа жас қосылған сайын ұлы сезім – махаббаттың да алуан қыры ашыла түсетінін, белгісіз бір құриялар сырына қанықтарытынын, тіршілікте тұңғыш ашылған аралдай таңырқататынын мойындайсыз. Мәжнүн хал кешіп, күйіп-жанғандармен бірге күрсінесіз, үңілесіз. Дүниеде еркек үшін әйел жанының құпия, тылсым иірімдеріне үңілуден, әйел тәнінің сұлулығына табынудан артық ғажайып магнит өрісі жоқ шығар деп ой түктесіз.

Кітаптағы «Бейтаныс әйелдің құпиясы» атты шығарма Стефан Цвейгтің өзінің атақты навелласында австриялық жазушы белгісіз әйелдің жан дүниесін оның хаты арқылы ашады. Мұнда да сол көркемдік тәсіл қолданылған.

«Кәріс қыз», «Қыз сезім», «Қырғыз келіншек» шығармалардан, «Мұнтаздай Мұмтаз», «Темір қақпан», «Өш алудан өршіген әдет» туындыларының тұрпаты басқаша. Алғашқыларында таза романтикалық  леп басым болса, кейінгілерінде өмірдің өзіндей күрделілік, ұлы сезімнің жолындағы мың сан көңіл құбылулары, өкініш, алдану, опасыздық, жақсы көру, жабырқау, құлазу, қайтадан сол сиқыр сәулені іздеудің сапары аңғарылады. (Әділғат Қайырбек).

Жанның кілті не?

Сүю. Жақсы көре алу.

Демек, жанның дауасы да осы ғой?

Иә.

Адам байғұс бәрінен де жалығар- ау. Бірақ сүю мен жақсы көруден неге жалықпайды екен осы? Сүю мен күюдің азабына түссе де, мазағына ұшыраса да, қорлығын бастан кешсе де шекесіне тимейтіні несі? Әй, енді шекесіне тиген –ақ шығар! десең  де әлгі кісінің сүюдің сиқырлы қармағына қайта түсетіні, жақсы көрудің қилы тауқыметін қайта бастан кешіп жатады. Өйткені жанның кілті, жанның дауасы – сүю, жақсы көре алу. Жазушы Бексұлтан Нұржекеұлының «Әйел жолы жіңішке» атты кітабін оқып шыққаннан кейін, осындай қорытындыға келеміз.

Шын жазушы қиындыққа ұмтылады. Қиын түйіндерді шешеді. «Что все выразимое – не истинно, а все истинное – невыразимое»- дейді Достоевский. Осылай деген Достоевский ғұмыр бойы «невырозимоелерді» яғни адам жанын сөзбен жеткізу мүмкін емес, дерлік тұңғиық құпиялары мен ақиқаттарын ашып берді емеспе. Бексұлтан Нұржекеұлы да адам жанының тек сезінуге ғана болатын, бірақ сөзбен суреттелуі өте қиынға түсетін жіңішке, түкпіш нәзік құпиялаларын шеберлікпен өрнектеп береді.

Бексұлтан Нұржекеұлының қаламынан екі құнды қасиет байқадым. Бірін-шіден, жазушы қазақ қаламгерлері көп ұрынатын моральшылдыққа (морали-заторство) ұрынбайды. Екіншіден, тағы қазақ жазушылары жиі ұрынатын қуушылықтан бойын аулаққа салады, өзін де алдамайды (Әмірхан Меңдеке).

Оның «Бейтаныс әйелдің құпиясы» әңгімесінде де автор ұтқын формаға жүгіне білген. Ол өзінің ішкі шындығын, өзі ізерлеп жүріп тапқан ақиқаттарын рәсуә етпей, төкпей-шашпай, өнін өзгертпей, бұрмаламай толық жеткізу үшін өз әңгімесін бейтаныс әйелдің күнделігі ретінде берді.

Күйеуі бар жас әйелдің, қазақы ұғыммен айтқанда, үйлі –баранды келін-шектің егде тартқан бір еркекке он сегіз жар қыздай құлай ғашық болуына қарап, әйелдің жаны мен жаратылысы туралы талай маңызды, мәзмұрлы сырға қанықтырады. Он мегіз жасар қыздың махаббаты, сүйіспеншілігі мөлдір, таза, аал болатын шығар. ал мына нексе келіншектің сүйіспеншілігі – қалай тұңғиық, қалай бай-байтаққа, қалай терең әрі дегбірсіз, әрі парасатты, әрі арсыз, әрі арлы, әрі нұрлы, әрі өкінішті – өксікті.

Сонымен қатар жинақтағы аса бір бағалы, дәмді, құнды әңгімелердің бірі – «Кәріс қыз». Бұл әрі деректі, әрі көркем әңгіме. Тұла бойы түгел сезімнен тұратын М.Мақатаевтің ақындық жаратылысына, ақын жанының қылдай нәзік иірімдеріне бойлауың байыптау жасаған мұндай әңгімені, тек Бексұлтан жаза алады. Сыршыл, аса сезімтал, кісі мінезіне көңілі жүйрік қаламгер ғана  Бунинше айтқанда, «интимный, внутреннй писатель» ғана жаза алады.

Бексұлтан Нұржекеұлының «Кәріс қыз» әңгімесіндегі Нэлли да ә дегенде әсершілдеу, жеңілтектеу көрінеді. «Автор жеңілтек қыздың қылтың-сылтыңына, әуре – әуеніне сонша төңкерілгені несі?» деп ойлауыңызда мүмкін…

2.2  Бексұлтан Нұржекеұлы шығармаларындағы әйел образының бейнеленуі

Қашанда әйел жанының нәзік иірімдері мен қалтарыс- қабаттарын, тылсым құпияларын, өзгеше жаратылыстың өзіндік жұмбақтарын ашуды, сол арқылы әскемдіе пен сұлулықты әңгімелеуді мақсат тұтқан қаламгер Бексұлтан Нұржекеұлы шығармашылығ айрықша эстетикалық көркемдігімен көзге түспек.

«Күтумен кешкен ғұмыр», «Күй толғақ», «Бір ғана махаббат», «Өзендер өрнектеген өлке», «Ерлі- зайыптылар», «Бір өкініш, бір үміт», «Әйел жолы жіңішке» атты жинақтардың авторының әйел сезімін өзек етіп, махаббатты жырлайтын «Мұнтаздай Мұмтаз», «Кәріс қыз», «Бір ғана махзаббат», «Құпия махаббат», «Қырғыз келіншек», «Күләштің соңғы көктемі», «Кінәлі махаббат» шығармаларының барлығын да нәзік жыныстылардың рухани әлеміндегі алапат өзгерістер мен аласапыран дауылды сәттер көктем күніндей мамыражай тыныштық пен сырлы сезім әуендері шынайы кестеленеді.

Әйелі, ұлы бар Жақыптың махаббат, тағдыр туралы толғаныстары бас кейіпкердің өз атынан, яғни бірінші жақтан баяндалып, нанымды суреттеледі. Бозбала күнінде жазған күнделігі байқаусызда әйелі Күләйханның қолына түсіп қалып, онысы өзіне таяқ боп тиген Жақыптың жан сезімдері таза да шынайы. Оның өз әйелінің мінез –құлқы  мен қылықтарына кешіріммен қарауы, кез-келген мәселені түсіністікпен шешуге ұмтылыс жасауы ер адамдардың бойындағы ерекше қасиет.

Сөйлемдер аяулы қыз бен жігерлі бозбаланың арасындағы асыл сезімнің қайнар бастауларын байқатады. Әңгімедегі Бикен мен Ақжол досы сезімдер-дің ары қарай жетіле түсуіне, биік белестер мен асқақ асуларды бағындыруына іштей тілектес, мұраттас, жандары таза, рухтары биік кейіпкерлер. «көркем әдебиет жастар тірлігін суреттегенде сыры мен сымбаты үйлескен жаны сұлу, мұраты асқақ жігіттер мен қыздардың барша ұнамды қасиеттерін жинақтап, нанымдылық дәрежеге жеткізе көрсетуі, ол үшін суреткерлік шыншылдық, психологтік жітілік, ең бастысы шаттыққа бермес мұң, әдемі үміт, кәусәр мөлдірлік керектігі, сонда ғана көркем образдың табиғи, таза болмысы бағалы екені мәлім деп белгілі әдебиеттанушы ғалым Б.Майтановтың атап көрсеткеніндей Бексұлтан Нұржекеұлы қаламынан туған Жақып, Зәбира, Ақжол, Бикен т.б. жастар бейнесі жандарының тазалығымен, биік те асыл  арман – мұраттарымен оқырман қауымға әсер ете отырып, жазушының психолгтік жітілігін, өмірге деген реалистік көзқарасын танытады.

Әңгіме кейіпкерлері Жақып пен Зәбираның арасындағы қарым-қатынасы-ның сәтсіз аяқталуына, екі жас жеткіншек арасындағы көзге көрінбейтін нәзік жібек жіптің жіңішкеріп барып үзілуіне бірден бір себепкер болған сынып жетекшісі Күлиман тәтейге де: «Күлиман тәтей біраз уақыт ағытылды. Жайдан –жай ұрыса беретін кісі еді, Марат қолына мынадай факті түсірген соң несіне тоқталсын деп мінездеме беріледі. «Мінездеме кейіпкер-дің қылықтық психологиясының қасиеттерімен таныстыратын, кейіпкердің жүріс-тұрысымен, мәдени-рухани жақтарының басқа да түрлерімен таныстыратын сипаттама болса, Бексұлтан Нұржекеұлы характерді толық елестете алу үшін олардың мінездемесін бірден түсінікті етіп, сезімталдық-пен жеткізе біледі. Демек, мінездемелер әр характерлі дәл, нанымды етіп жасауға көмектескен.

Әңгімедегі Күлиман, Күләйхан, Зәбира бейнелері бір-біріне қайшы келетін әр алуандылығымен ерекшеленеді. Осылардыңм әрбірінің ішкі мінез қалтар-ыстарын ашып, оларды әрі даралап, әрі жинақтап жаза білуі – жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы еңбегінің жемісі.

Қаламгер шым-шытырық оқиғаны бейнелеу барысында, тек талантқа қойылар талап деңгейінде көрініп, шеберлік үлгісін танытады. Ең бастысы, әрбір тақырыпша бір-біріне мазмұн жағынан да форма жағынан да ұқсас. Шығарманың композициясының өзі басты тақырыпқа қызмет етеді. Ал, тақырып, композиция, сюжет шығарманың идеясын ашуға толық мүмкіндік береді. жазушының кейіпкерлерді бейнелеу, сюжетті ширату, романтиканы үдету, әзіл –оспақты пайдалану шеберлігі әлем әдебиеті үлгілерінен бір де бір кем түспейді.

Бексұлтан Нұржекеұлы шығармаларында суреттелген алуан түрлі адам тағдырының арасынан қазақ қыздарының, асылдың көзіндей аналардың сүйкімді бейнелері елеулі орын алады. Көркем шығармадағы аналардың бейнесі өмір шырағданы, тіршіліктің тірегі ретінде суреттеледі емес пе? Бексұлтан Нұржекеұлы өмірдің бұлжымас осы бір заңдылығын өте жақсы ұғынған жіне соны өз шығармалары арқылы дәлелдей алған, нанымды суреттей алған жазушы деп білеміз. Оның сомдауындағы әйелдер – өмірдің өзінен алынған тірі тұлға, рухы биік өнегелі қазақ қызы, бүкпесіз шындық иелері болып көрінеді. Соның өзінде олар жалаң қылыш, қатқыл қару асынғандар емес, қазақ тіршілік ыңғайында пісіп жетілген аналардың табиғи болмысы. Олар қалай тіршілік етсе, Бексұлтан Нұржекеұлы шығармаларында да солай әрекет етіп, өмір сүреді. Әйел бейнесін суреттегенде қаламгер бояуды қалың жағып, ұзақ-сонар тәптіштеп баяндап жатпай, өзінің стилінен ауытқымай қысқа мінездеп, келте қайырады.

Өз қатарласы, тұстасы, замандасы Д. Исабековтің қаламгердің шығармашылық ізденісі көп ретте амалсыз тіршіліктің толып жатқан күйбеніңе, семьяға, балаларға жұмсалып жатқанын айта отырып, «Оның алғашқы туындылары махаббат, мораль мәселелеріне көп арналады. Сондықтан да болар оның жетпісінші жылдардағы шығармалары қалың оқушының, әсіресе жастардың сүйікті кітабына айналды» деуі Бексұлтан Нұржекеұлы шығармаларына берілген шынайы баға десек те болады.

Бүгінгі біз еткелі отырған «Бір өкініш, бір үміт» романының желісі Шегеннің балалық шағынан жігіт ағасы – жазушы болғанға дейінгі өмірбаянына құрылған. Романның тақырыбы жастар өмірінен алынып, шын мәніндегі ғашықтық нәтижесінде туатын ұлы махаббатты өнеге ету. Романда Шеген есімімен қатар айтылатын бас кейіпкердің бірі –Бүбіш.

Әр халықтың өз ұрпағын тәрбиелеудегі дәстүрі әр түрлі. Қазақ халқының қанын сіңген адамгершілік, сыпайылық, инабаттылық, батырлық, ақылдық ұлт мәртебесін асқақтау алғашқы сатыда тұрады. «Әкеге қарап ұл өсірген, шешеге қарап қыз өсірген» халқымыз бала тәрбиесіне үлкен жауапкерші-лікпен қараған. Сонымен қатар ұл-қыздарын салт-дәстүрге сүйеніп тәрбиелеген ұлы болса ұлықтымен, қаза болса қылықтымен ауыл болған. «Халқын ойлаған ұрпақ, салтын жоймайды» деген қағиданы ұстанған халқымыз ата-баба дәстүрін ұрпақ бойына ананың ақ сүтімен сіңірген.

Романда екі ғашық арасындағы сезім ұлттық тәрбие арқылы көрініс тапқан. Қазақ салтында ұрын келген күйеуге алғаш қалыңдығын көрсетіп, қолын ұстатып кәде алады, мұны «қол ұстатар» дейді. Күйеуінің кәде бергені болашық жарын, қайын жұртын сйылағанның белгісі. Шығармада осы салт Шеген мен Бүбіш арасындағы ұлттық ойын түрінде көрініс береді. оны мына диалогтан көреміз, мәселен:

Баян, былай шығып, жылқыны көздеп келейікші!- деп, Қозы – Шеген. Баян – Бүбіштің қолынан ұстады. Баян Қозыға қарап күлімсіреді.

Көрпеш, қолыңызды тартыңыз! – деді Сақып – Таңсық қатқыл үнмен. – Баянға жақындау үшін әуелі маған сыйлық бкруіңіз керек. – Шеген мен Бүбіштің ұстасқан қолын Сақып қоярда –қоймай қайта ажыратып жіберді.

Сіңілісіне бағынып, Бүбіш бір түрлі жаутапң етіп жазықты қылықпен үндемей қалды. «Осы қыздың айтқаны болсыншы, әйтпесе ойнатпай жүрер», – дегендей ыңғай аңғартты.

Таңсықжан –ау, саған не берсем екен? –деді Шеген қалталарын ақтарып жатып. Қылығының Қозыдан гөрі атасынікіне ұқсап тұрғаны өзі, әрине, байқаған жоқ. – Е, міне, мә! Осымен ойнап тұршы, біз қазір келеміз.

Ойбай, қыз балаға асық береді ме екен, орамал береді.

Өй, жоқ болса, енді нені береді? Жүр, Қозы кеттік! – деп, Бүбіш Шегенге қолын созды. Жөпелдемеде Сақып не деп қарсылық айтарын білмей қалды.

Қызды қолынан тартып, Шеген тұра жүгірді. Бүбіштің қолын алғаш ұстағанда бала сезәмән автор әрбір жанның басында бола бермейтін, тек кейдесінде сезім оянған жанның тілімен шебер суреттеген. Басынан ба, әлде көкірек тұсынан ба, әйтеуір, қайдан басталып, қайдан бітетіні белгісіз рахат бір ыстық толқын өне бойын ду-ду аралап өтті.

Адам баласы айырылысарда, тағы жолығысатындарына бірін бірі кәміл сендіріп, бірін бірі сонымен жұбатысып жатады. Сөйтіп, қазіргі өкініштерін болашық үмітпен ұмыттыруға тырысады. Сегізден асқан Шеген мен онға шыққан Бүбіш те сөйтті. Сүйегі ірі, бойшаң Шегеннің қасында нәзік, аласа бойлы Бүбіш сырт көзге қарандасындай.

– Бір-бірімізбен тағы жолығысуымыз үшін, кел сен менің көзімнен сүй! – деді қыз. Ол ырымды қыздың қайтсе де бір сенімді адамдардан ұғынып қалғанын біліп, соған шынымен сеніп, Шеген Бүбішті көзінен сүйді. Мұңайып қоштасты. Іштей Баян мен Қозыға ұқсауға тырысты. «Келесі жылы кездесерміз!» – деді бәріне көзі жетіп тұрғандай нық. Батырларшы сенімді айтты. Сенгенде де басқаға емес, ырымға –көзінен сүйгеніне-сенді.

Қазақтың ұлттық ойынының бірі – «Жасырынбақ». Шығармада бұл ойын Шеген мен Шәзия арасындағы махаббатты  шындаушы аспалы көпір. Шәзияда дәмесі бар Ғали өз мүддесін ойлап, жасырынбақ ойнайық деген қолқа салады. Бала күнінен таныс ойын кімді де болса қызықтырмай қоймайды. Бірақ осы ойынды ұйымдастырарда өзгенің бақытына себепкер боламын деген Ғалидың ойына келмеген сияқты.

«Шәзияны қолынан жетектеген күйі ілгері жүгіріп кеттім. Келесі көшенің қиылысындағы дәу ағашқы келіп бірақ ентігімізді бастық. Кеудем дүрсілдеп, ырсылдап тұрмын. Шәзияның қолы әлі алақанымда. Сол қолымды босатып, бітпе-бет бұрылғанымда демі өне бойым күйіп, жанып жөнелді. Жауыры-нынан  қысып, қызды «Жаман қыз!» – дедім алқына сыбырлап. Бетіне бетімді басып, ерніммен ернін іздедім. Әлденеден қорқып, сәбидей бауырыма тығылып, жүзін жай шайқалта берді».

Мұндай ұлттық тәрбие арқылы бір-біріне ынтызар екі жүректің байланысы Б. Нұржекеевтің «Күтумен кешкен ғұмыр» романында көптеп кездеседі.

Романының басты сюжеттік желісі суан елінің әнші-сазгер жігіті Әтікенің жастық өмірі мен әншілік ғұмырына байланысты оқиғаларға құрылған. Қилы заманның зардабынан өспей жатып өшкен өнерлі жігіт Әтіке тағдырдың талқысына түсіп, ақырында не оққа ұшқанын, не арғы жаққа өтіп кеткенін білмей өмірлерін күтумен өткізген ата-ана, ғашық жар Қайныкеш жайында. Ата- анасы арманда болып, көз жұмды, ал Қайныкеш болса Әтікенің өзін емес, өзіне арналып жазған әнінің хабары жетіп, ғұмырын күтумен өткізген Ғазиз жүрек сүйіктісінің өзін көре алмай, оның әнімен табысып жатып тыным табады.

Осы шығармада арқау болған әр түрлі тағдырлы әйелдер. Қайныкеш Әтікенің ғашық жары. Жамалхан Әтіке мен Қайныкешті таныстырушы, та-

быстырушы. Қайныкештің сырлас жеңгесі. Әуес әнші Әтікенің бір көріп ұнатып қалған ашынасы, Қайныкештің рулас апасы. Бүбіш Әтікенің жолдасы Сейбаттадың ұнатқан қызы. Осылардың бәріне ортақ қасиет тән парасат-тылық, байыптылық, әсемдік пен пәктік. Осындай биік қасиеттерді қыздар бойына сіңіріп, жүректеріне ұялата білген біздің аналарымыз. Әр уақытты ата-аналар ұл-қыздарын ұлттық салт-дәстүрлерге сүйене тәрбиелеген. Қай халықтың болмасын жас ұрпақты тәрбиелеу дәстүрі сол халықтың  мінез-құлқына, сана-сезіміне, салтына және дүниетанымына байланысты болған.

Жамалханның өзін  былай таныстырады: «Танадай көздері тіпті тайсалатын емес, жалт қарағанының өзі кісіні тайсақтатады, әйтеуір жанарымен сөйлеп тұрған жан. Бидай өңі де бірқыдыру сұлу» десе, енді оның қимыл-қозғалысын былай суреттейді: «Келіншек сылқ-сылқ күліп, білегін билете үйіріп әкеп алақанымен аузына басты. Келісті күлкісіне сай келіншек қылмың ете қалды. Қылықтарына дауа жоқ: бет қызылы мен көз жанары жарыса ойнап, қылт өзгерісі өзіне жараса кетті. Әзілі астарында әйелдің қай сыры жатқаны күңгірт».

Жамалханға берілген осы мінездемеден түйеріміз: ретіне қарай мінезі де өзгеріп отыратындығын, бойында ептеп те болса өмірге деген өкпесі барлығы байқалады. Кезінде Жамалхан Кәдірбекке айттырып отырған жерінен өзі ұнатқан теріскейдің бір жігітімен көңіл қосып, қашып кетеді. Аларын алып қойған ағасы  ештеңеге қарамай, екі түн түнеген қарындасын жылатып-еңіретіп алап келіп, Кәдірбекке қосқан, содан кейінгі өмірінің барлығы таяқ жеу, отырса опақ, тұрса сопақ болып өтіп жатады. Жабыр-қаған көңілін кейін Сейітбатталмен ашына ретінде жасырын кездесіп басады. Жамалхан ұзатылғалы отырған қайынсіңілісі Қайныкешке екі ұшты ақыл айтуы. «Қосылғандарың қате болады. Құдайдың бұйыртқаны шығар батаңды бұзба!» – десе, «енді бірде» Күйеуімнен өзгенің құшағын көрмей өтем бе десең, ұзатылғанша ойнап-күл, – деуі әрине, жан ашырлық емес. Қыз бала тәрбиесіндегі жауапсыздық жауапсыздық кімді болса орны толмас өкінішке ұрындырары хақ. Өйткені үй-ішінің, ағайынның, тіпті бүкіл халықтың өсіп-өрбуі, тәлім-тәрбиесі, негізінен әйелдің білілігіне, біліміне, көргендігіне байланысты. Сондықтан да халқымыз бойжеткен болымысына, қыз баланың тәрбиесіне айрықша мән берген. Қыз баланы аз күндік қонақ ретінде сыйлап, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп тақиасына үкі тағып үлпілдетіп өсірген. Әлемдегі әсемдік атаулыны, адалдық пен пәктікті қыз баланың бойынан іздеген. Ал Жамалхан болса осының бәріне жеңілдеу қарайтын сыңац да танытатын көздерін байқатып қалады. Жамалханның «Шынымды айтсам, мен не көрді дейсің, қайным. Көрсем, еркектердің құлығы мен құлқынын көрдім. Ақылдым екеуіңнін жағдайларыңы менің ой өрем онша жетпейді» деп өзі де мойындайды. Жамалханның басынан мұндай ғашықтық сезім өтпеген де болар. Қазақ салтымен ұнатпаған адамына зорлап, бақытсыз етіп қосақтап, кейін келе өзінің ұнатқан адамымен табысуы да өмірдің заңдылығы іспетті.

Сонымен бірге намысшылдық та Жамалхан бойынан көрініп жатады. Ағасы Байтудың әйелі Әуес пен Әтікенің шатысқанын естіп, оны кек тұтуы. Әтікенің Қайныкешті алып қашатын күнін және қай жолмен жүретінін ағаларына астыртын хабар жеткізуі. Намыстың ақыры Қайныкештің бақыт-сыздығына әкеліп соқтырады. Кейінен күрмелген жіптің шешуін тағы да Жамалханның өзі шешуі. Есебін тауып, «кіммен қарайсаң, сонымен ағар», – деп Байтуға баруына да себепші өзі болды. Ал енді Қайныкешті Байтудан қашып тартып алып қашып келген күні, аяқасты Жайтудың баласының өлімін Әтікелерден көріп, үш әскермен Жайту Әтікені ұстауға келе жатқанын тағы да осы Жамалхан бала жіберіп хабарлайды. Жүрегінің түбінде екі жастың қосылып, бақытты болғанына бірден-бір тілектес те осы –Жамалхан. Бірақ тағдыр түрлі шытырман оқиғаға орап, өз дегенін асап жатады. бата бұзған адамның бақытты бола қалуы не ғайбыл деген ойға әкеліп тірейді.

Жалпы шығармада Жамалханның жинақталған портреті жоқ. Шығарманың өне бойында, іс-әрекет үстінде шашыраңқы күйде берілген.

Әтікенің өміріндегі ұмтылыс тағы бір оқиға оның  Үмбетей қажының ұзатылған қызы сұлу Әуеспен ойда жоқта алғашқы әрі соңғы кездесуі. Автор Әтіке мен Әуестің алғаш бірін-бірі көргенін бізге былай таныстырады. «Тойды ауыл. Әтіке отырған үйге қымыз, бауырсақ, май-құртын сықай толтырып қажының тоқалы дастархан көтеріп кірді. Соның артынша үйдің ішіне аппақ нұр деп етіп ақтарылып кеткендей көрінді: қолында күміс ожау, күлімсіреп, сұңғақ, мөлдіреген ақ келіншек имене басып келіп қымыз құюға отырды. Мықынынан озған қос бұрымын шынтағымен ғана ысырып арқасына қарай итерді. Аппақ бұғағының астынан ақық маржандар жалт-жұлт шағылысты. Келіншек көз суырғандай сұлу. Үйдегі май шамдардың бірінен сәуле, бірінен көлеңке басымырақ түсіп, бет пішінде ақ пен құба құбылып ойнайды: мөлдір судың түбіндегі тасты қолмен тербеткендей. Демін ішіне тартып, Әтіке келіншекке сұқтана қарады. «Қажының ұзатқан қызы бар, керемет сұлу», – дейтұғын, соған жорыды.

Үстінде үлде мен бүлде. Киіміндегі әшекейлерінің өзі бір кісінің құнындай. Камзолының алды- арты маланған өрнек, тағынған жылтылдақтар. Өңіржиегіндегі алтын, күміс жалатқан салпыншақ сәнді шынжырлар, түрлі- түсті шашақтар жалт-жұлт шағылысады. Сол жалқылдақтың бәрін келіншек- тің жанар оты басып кететін сияқты: тостанға қымыз құйып жатып бір сәт жалт қарағанында, Әтіке жүрегі суырынып кете жаздағандай сезінді. Өрт шарпығандай, тұла бойы ду ете қалды. Бірде бетіне шауып, бірде жұмыр бұтағына түсіп, кей сәт лып жоғалып кетіп, келіншектің жүзіндегі қызғылт шырай да тұрақ таппады. Сірә жүйрік сезімдер келіншекті де жан-жаққа жетелеп отырған тәрізді.

Әуестің портреті толық жинақталып берілген. Келіншекке біткен оқшау сұлулығымен оның өзіне жарастырып киген киімін жарастыра суреттейді. Бірақ осының барлығы бір көргенге ғана, сырты бүтін, іші түтін жағдай. Сөйлесе, сырласа келе бұл да сол кездегі барлық әйелдердің басында кездесіп жатқан жүрегі жаралы қоғамның, атаның, ескі салттың құрбаны болып жүрген бақытсыз жандардың бірі.

Бір көргеннен сұлу келіншекке аңсары ауған Әтіке оңаша жолығудың ыңғайын ойластырды. Екеуі де бірін-бірі іштей түсініп отыр. Келіншектің әр қимылын аңдып отырған Әтіке домбарының құлағын келтірген болып, ақырын ғана ыңылдады:

Жолықшы бір, жан қалқа, жұрттан аулақ,

Аттандыршы ауылыңнан көңілімді аулап!

Көзін төңкеріп келіншек күлім етті.

Өңіне лып еткен алау жігіттің тұспалын түсінген тәрізді…

Ақыры екеуі ебін тауып, ел ұйқыға кірген кезде уәделескен жерінде кездесті.

Сыртқа келбеті қандай жалт-жұлт етіп, әсер етсе, ғашықтығының яғни құмарлығының да ғұмыры қысқа болды.  Жанталасып өртеп бара жатқан ыстықтан сая іздеген ессіз құштарлық соңы ел арасына үлкен дау, кешірілмес өкпе, тек туғызды.

Осы шығармадағы Жамалхан болсын, Әуес болсын өз жүрегімен теңін таппағын, сол заманның ырқына өз бақыттарын байлаған бақытсыз жандар. Ешкіммен жарасып жұрт көзінше жүре алмаған, сәл қуанышын жарықта емес, таса мен түнекте ғана ықызықтаған жандар. Сондықтан да даулы жағдай болған кезде қайнағаса Жайту намыстанып, төркініне тастап кеткен Әуестің ешқандай қиналмауы, кейін ұнатқан жеріне, өзінің теңіне кетуі, Байтумен аты шығып қалып, үйде отырған немере сіңілісі Қайныкешті ойлап шешесін жіберуі, сол кездегі өз тіршілігін жасаған әйелдер бейнесі.

Бірін –бірі іштей ұнатып, ғашықтық сезімдерін тек ым-ишарамен түсініскен

екі жастың махаббаты бұрынғыдан да берік, тереңдей түскен тәрізді. Тәрбие-лі өскен қыз балаға тән әдептілік пен аға көңіліне қояу түсіріп алмайын деп сезімді ақылға жеңдірген Бүбіжан да, ағасымен жолдас бола жүріп, дастарханының адал асын бірге ішіп жүрген Сейітбаттал да, айрандай ұйып отырған отбасына басы артық сөз ілеспеуіне тілектес жандар. Екеуінің бойындағы адамгершілік барлық жастарға үлгі болатын жай. Әредік жасырын кездесіп, үйлену туралы да сөз болады. бірақ тағдыр бұл үміттерін ерте үзген. Әредік жасырын кездесіп, үйлену туралы да сөз болады. бірақ тағдыр бұл үміттерін ерте үзген. Әтікенің жағдайымен үлкен дауға ілігіп, қуғыншылар мен жазалаушылардың қолынан оққа ұшып өледі. Жанбай жатып сөнген махаббат Бүбішке де оңай тимейді.

Ал, осы шығармадағы басты кейіпкердің бірі –Қайныкеш. Атыстырылған жері дәуеттегі, өзі қатарлы жігіт. Әтікені көргеннен бері күрсіну, күйзелу үстінде. Алғашқы Әтікемен танысқан кезін автор былай суреттейді:

«Қыз күлімсіреп амандасты. Қысылса да қылымсымады. Онша ұяң еместігін үнінің орнықтылығын да аңғартты».

Қайныкеш бойындағы бірбеттілік, өз дегенін іске асыратын мінезін Әтіке екеуінің алғашқы рет оңаша сағынысып кездескен кезінде алапат сезімге беріліп, дөрекілік мінез көрсетіп алған Әтікеге: «Менің де жайымды түсінсеңізші!» Онсыз да ғұмыры қысқа қыз күнімді аз уақытқа қимаймысыз. Күнәсіз деп сеніп, алақандарына сап әлпештеп отырғанда, шімірікпей әкем мен шешемнің бетіне қайтіп  қараймын. Өйтер болсаңыз, енді үйіме қайта кіргізбей, осы бетімде алып кетіңіз!, немесе, алып қашып бара жатқан кезде Әтікенің өтінішіне қарсылық білдіріп, анасының он сегіз жыл бойы құлағына құйып келген: «Әйелдің адалдығы да, еркегі екеуінің татулығы да алғашқы төсектен басталады, сондықтан оны куәсіз кірлетпе, қасиетің таяды» деген анамның бір айтқанын орындамай, өзіңе рұқсатсыз қашып келем, енді тым құрыса сол айтқанын орындайыншы! деп  өтінуі, Қайныкеш бойындағы атадан балаға, анадан қызға, келінге берілген, келер ұрпақ саналы түрде өз бойына дарытуға тиіс тәрбиелік мәні бар ұғым болса керек. халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерді жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмысқа үйретіп, оның бойына сіңіріп отырған. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасын, іс-әрекет, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниета-нымы мен сана –сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. Ғашықтық сезімді адамгершілікке жүгіндіру арқылы қыз баланың тәрбиесіне ерекше қарау, оның қоғамдық мәнін жастарымызға түсіндіру, ұлттық ерекшелігімізді ескеру, бүгінгіміздің де келешегіміздің де міндеті сияқты.

Шұрайлы тілмен өрнектелген кейіпкерлер болымысы, ашу мен ақыл, тынымсыз ой мен шиыршық сезімдер, сойқандық пен адалдық сияқты қарама –қарсы ұғымдар авторлық баяндау мен суреттеулер арқылы шарпысып отырады.

Жазушы замана шындығын кейіпкерлердің бітім-болмысы, ішкі жан- дүниесі, әрқилы тағдырлары арқылы терең танытуға ұмтылған.

2.3. Әйел жанына адалдық немесе қаламгер зердесінің өткірлігі

Бексұлтан Нұржекеев әйел табиғатын, әйел жан дүниесін өзі ұғып қана қоймай, өзгелерге де ұқтыру жолында талай жыл тынымсыз еңбектену әркімнің қолынан келе бермейтінін біз жақсы түсінеміз. Әйелдер туралы жазу- сүйіспеншілік, махаббат туралы жазу, сырлы сезімдер сиқырына бойлау, демек, сүйсінуге, жазуға тұратын тақырып.

Кеңес өкіметі кезіндегі бір кинофильмде болашықтағы «әйел мүсінін» үндіні алтын қолды Шива құдайына ұқсатып қойғаны есіңізде болар. Жетпіс жыл бойы «Әйелді ерлермен тең құқықты етеміз»деп шуылдасқандағы жетістігіміз осы. Әйелге әйел деп қарау даңғаза ұрандардың астында мүлде өзгеше арнаға түсіп кетті. Әйелді еңбекшіл есекке, қызықшыл маймылға, жүк тартқыш жануарға теңеген қалжың әңгімелер шыға бастады. Әйел жаратылысын ондай хайуандар тұрмақ, өз жартысы еркекпен салыстырудың өзі обал екенін түйсінетін жандар өркениетті елдердің өзінде де мыңнын бірі шығар. Әйелді әйел деп танығын еркек қана онымен дұрыс қатынас жасай алады. Ол жас па, кәрі ме, сұлу ма, жоқ па – әйел жаратылысының ерекше-лігін түсінетін жан ғана оны шығармашылығына арқау етіп алып, тұщымды ой, толғанысты пікір айта алса керек.

Бексұлтан бір дастархан басында сексендегі қарт анамен, алты жасар қыз баламен бірдей қалжыңдасып, әрқайсысына өз жасына лайық сөз бен көңілін тауып, еркелетіп, сол арқылы өзінің де еркелеп отырғанын көріп, оның табиғатын, шығармашылығының сырын түсінгендей боламыз. Мұның өзі жасанды емес, туа біткен қасиеті екендігін ұғынамыз. Тіпті кейде біреулердің өзі ұнатпаған қылығына да «әйел бала ғой» деп кеңшілік пен жұмсақтық танытып отыруы – әйел жаратылысын терең түсіне білгендігінің көрінісі. Бексұлтан тек қана әйел тақырыбында емес, жалпы шығармашылығында сезімді басты бағдар етіп ұстанады. Өйткені жазушы өзі сезімтал болмаса, сезімді ойдан құрастырып жазу мүмкін емес. Сондықтан да Нұржекеевтің жазғандарында шынайылық басым, көбіне кәдімгі өмірдегі өзін кейіпкерлері-ның тіршілігін ажырата алмай жатады. «Жүрегіңе қара да жаза бер» деген осындайда айтса керек.

Бексұлтан өз әңгімелерінде әйел бойындағы жасырын сұлулықты бір қылығынан не бір сөзінен тани қоятын сұңғылығы әр кейіпкерге қайталанбас даралық береді. «Құрбаққасын- ау» деп, етегіне сүріне-қабына жүріп, отбасына береке- татулық ұялатып, шалының қабағын бағумен өткен өміріне мақұл мейірімді Бәтжан апа, кең ойлап, мол пішіп, алды-артын түгендеп отыратын Ілескүлдей ақылды әйел, «Беу қадірін білмеген қыз дәуренім-ай» деп өзегі өртене күрсінген жартыкеш көңіл Гүлбаршын сияқты әрі сезімтал әрі ұяты мол кейіпкерлері – құрымтай сомдалғандай – салиқалы тұлғалар. Әйел өзін сынаған, түсінген жанға қашанда адал дос, қамқор әпке, ілтипатты қарындас қалпын сақтап қала алады. Бексұлтан – өзгелер жасырып- жауып, қымтаймын деп жүргенде тұншықтырып алғандарын сезбей қалатын асыл се-зімдерді жарқыратып, жайып салып, «бәрі өткінші, өнер ғана мәңгілік» деп түсінетін пайымы. Бексұлтанның әр әңгімесінде әйелді жаңа бір қырынан танып, өзінің де жаңа бір қасиетін де танытып, тапқанынын тапқандай оқырманға ұсынумен келеді. Орыс жазушысы Константин Симонов: «жас жазушы, үлкен жазушы деген болмайды. Жазушы не бар, не жоқ. Қалғаны тәжірибемен келеді» – деген екен. сол айтқандай Бексұлтанның ең алғашқы туындысы «Кінәлі махаббат» повесінде –ақ: «Әйел адасса, ақ жолынан тайса, оған оның жаратылысы емес, тек бағына бермейтін махаббат кінәлі», – деген ой түйеді. Ақылға бағына бермейтін махаббат есін алмаса, біреуге еркелегісі келгені, жанына жылу іздегені үшін жас әйелді кінәлай салу – оңайдың оңайы. Ал Бексұлтан ондайдан аулақ – әйел осалдығын оның тәрбиесінен, мінез-құлқынан іздемей, жан қалтарысында бұғып жатқан шын себебін табуға тырысу – міне оның әдеби шындығы осыдан бастау алған. Бұл күрделі міндетті жан-жақты ашып көрсету жолында жылтарақты алтынға балап адасу, күйзелу, торғығу – бәрі де болуы даусыз. Бірақ Бексұлтанның мазсатына адалдық үнемі басым түсіп отырған. Сүрінген жерде  бойын тіктей сала, алға ұмтылу, жаңа әсер арқылы жан-жарасын емдеуге тырысу, өзгеше мінез-құлықты қайткенде ақтап алып, қандай жағдайда да шығарма-шылығының  алтын арқауы – әйел жанын түсіне білуден айнымау оның кейіпкерлеріне ортақ басты қасиет. Әркімнің –ақ пір тұтатын шағын Отаны – туған жері бар. Жаны жабырқаған сәт кім-кімнің де ауылыны тартып кеткісі келіп тұрады. Жер анасына тәні тигенде, жүз есе жаңа күш дарып түрегелетін грек аңызындағы Антей батыр сияқты, өнер адамдары үшін өскен жердің қадірі ерекше. Әсіресе тауда туып, тауға қарап өскен жандардың мінезі де тау сияқты түсініксіз болып көрінеді. Біз үшін мызғымас алыптай сезілетін таудың өзінде үлкен өзгерістер өтіп жатады. Мүжімді,  астынан су жүріп, шөгеді, тасы күннен, судан тозып, үкімді деген сияқты. Тауға қарап өскен жандар да өстіп сыртқа білдірмей, іштей күйрейтін мінез иелері болуы керек. бексұлтанның кейіпкерлерінің арасында да мұңды мұңға жалғап, іштей мүжі-ліп, күдік-шүбәні көп ойлайтын секемшіл, «менің нәзік жанымды кім түсінер» күйреуік жандар көп кездесетіні де оның тауға қарап өскен балалы-ғының әсері болар.

Осы орайда Бексұлтан Нұржекеевтің «Күтумен кешкен ғұмыр» романын ерекше атап кетуге болады. ол –босқа сүрген өмір секілденіп, көңілде аяныш тудырады. Қайныкештің өмір бойы тілін тістеп өткен «әттең-ай» өкініші ешкімді бей-жай қалдырмастай тағдырлы.

«Көкірегінде қыз күнінде қылтиып өнген сол көктесінді ешбір күш әлі күнге жұлып тастай алай келеді. Әтіке екеуінің арасындағы қатыныстар айтылып бітпеген тәрізді; арада қырық жылға жуық уақыт өтсе де, көңілі шіркін алаңдап, соның соңын әлі іздейді». Отыз тоғыз жылдан кейінгі Қайныкештің күйі осындай. Тәлкеп түскен тағдырын өз ақылымен өзге арнаға салып, үрім- бұтақта,  өнегелі отбасының ардақты анасына айналып отырса да, Қайныкештің ішкі алаңы әлемет. Ай бетінде де дақ бар дегенмен, Әтікенің Әуеспен ойынынан тұтанған өрттің жазықсыз құрбаны болған Қайныкеш жайлы өзмшіл жігіт көңіліне қобалжу түсіргені анық-ты. Туған жерін шексіз сүйген, аласа шоқысының өзін асқар тауға балап, «Баркөрнеудей» әдемі ән шығарған, арулардың көз құрты ардагер жігіттің кек жолымен болса да қолын қанмен бояуы оқырманды еріксіз тітіркендіреді. Осыдан кейін де оның ән шырқап, қызға ғашықтық сөзін айтып отыруын санақ қабылдай алмайтындай. «Жақсы өліпсің, япырмай» дегендей, сонша-лықты мөлдір махаббаттың осылай аяқталатындығы автордың шебер тапқырлығы деп бағалауға лайық. Әтікенің бір хабарын естуді армандаумен жүрген Қайныкешке ақыры күткені Әтікенің қайта оралған «Баркөрнеу» әні түрінде жетеді оған. Сол сәт Қайныкеш дегеніне жеткен жандай, бұдан арғы тірлігінде қызығар ештеңе қалмағандай, дүниеден баз кешеді. Күтумен өткен ғұмыры енді ғана мағынаға ие болғандай бізде жеңілдік  сезінеміз.

Бұл романның алтын өзегі –махаббат. Арсыздық пен намыс, жауыздық пен адалдық, өнер мен қараулық арасындағы тартыстар бұл жолы қара күштің үстем түсуімен аяқталады.

Алайда, екіжүзділік, аярлық, жауыздықтың бәрі «Баркөрнеудей» ән қасын-да түкке арзымай қалады. Қара ниет қазірше үстемдікке ие бола тұрғанымен, өнер мен әділеттің бәрібір жеңетіндігіне сенім пайда болады. осындай ұлағатты ойларды оқыған сайын әйел жанын өзіндей түсіне білетіндігіне ризашылық кернейді. Осыдан кейін адам қанын ұрттап ішсе де беті бүлк етпейтін арыстан жүрек ерлерін ақылымен, қылығымен, сұлулығымен табыдарған, өз ырқында ұстай білген әйелдер образын сәтті шығаруда заңды. Кейде қаһарлы ханды да бір күнінің құлына айналдырған тылсым махаббат құдіреті Бексұлтан қаламынан көп қырлы алмастай сан қырымен құбыла құлпырып танылуда. Оттан алып, мұзға салған, тас қараңғы түнді демде жарқыраған күнге айналдырар махаббат жөні міне осы. Моральдық тұрғыдан кіршіксіз кейіпкер сомдауды басынан -ақ мақсат тұтпаған. Жазушылық танымын сергек сезімге суарып, «жүрек түбіне терең бойлау» арқылы тапқан асылын жарқыратып ұсынумен келеді. Көркем әдебиеттің басты міндеті тек қана шындықты айту және адам жанына үңіле зерттеу болса, ол осы екеуін де темірқазық етіп алған жазушы. Оның басты мақсаты – тек шындықты жазу. Шындықтан ауытқымау. Өйткені шындықтың қашан да ойып алар орны бар. Сондықтан ол болған нәрсені баямасыз баяндауға ұмтылады. Оны кім қалай қабылдайды, қандай қорытынды шығарады – үнемі оқырманның үлесіне қалдырып отырады. Жазушының бүкпесіз шындықты жазғанын сезген саналы оқырманның оның шығармашылығына деген ілтипаты арта түседі.

Қорытынды

Бексұлтан Нұржекеев – болмыстағы оқиғалардың  қалың тобының ара-сынан таңдап, талғап алған шындық құбылысты өзінің ғана емес, қалың орман жұрттың да жүрегінелжіретіп, сезімін дірілдетіп отырып суреттейтін жазушы.

Ол – сезім мен ойды, пайым мен парасатты тең ұстап, оларды өзара тұтастырып, бірін-біріне ұластырып толғауды сүйетін, сүйіп қана қоймай, мұның өзін өнерінің өзегін түзетін басты машыққа айналдырған, сөйтіп дара шығармашылық мәнер тапқан қаламгер.

Жазушы шығармаларының тақырыбы мен проблематикалары әртүрлі болып келеді. Бақыт пен бақытсыздық, үміт пен өкініш, қуаныш пен қайғы – заман тынысы арқылы да, адам тағдыры арқылы да жазушының аса терең бойлап суреттейтіні осындай мәңгі мен бақидың өзі сияқты ежелден келе жатқан мәселелер болып табылады.  Ертеден келе жатқан тақырып, көненің көзіндей мәселе дегенмен де жазушы оларды бұрын-соңды ешкім айтып, ешкім жазбағандай түрге түсіріп, мағыналық- мазмұндық тұрғыдан мүлде

жаңа, шырқау биікке көтереді. Оның шығармаларындағы адамның ойы мен сөзінің, ісімен келбетінің шындығы өмірдегі шындықтың өзгерген немесе өнделген түрі емес, өскен, өнген, болымсыз белгілерінен толық тазарып, арылған, сөйтіп саф алтынның өзіндей жарық шашқан асыл шындық. Бексұлтан Нұржекеев жазған әдеби шығармалар ол жасаған Қайныкеш, Әтіке немесе Бәтжан мен Мәмет секілді әдеби тұлғалар ой мен сезімдегі, мінез бен мүсіндегі осындай жан –жағына жарығын шашыратқан «самородный сары алтындай» асыл шындығымен бағалы.

Шын суреткер жалқы туралы толғана отырып, жалпыға тән шындықты айтады, жеке адам бейнесін жасай отырып, халық тарихын пайымдайды, халықтың үміті мен өкінішін, қуанышы мен қайғысын, арманы мен алданы-шын көрсетеді. Халықтың мұңымен, халықтың зарымен астаспаған мұң мен зарда мән болмайды, халықтың үміті мен өкінішінен тыс тұрған үмітте де, өкініште де опа жоқ. Халық тілегінен алшық арман да, алданыш та мұратқа жеткізбейді. Бексұлтан Нұржекеев жеке адамның тағдырталайын суреттей отырып, халықтың шындықтың сырын толғайды, халықтың арманы мен тілегін, үміті мен өкінішін, қуанышы мен қайғысын суреттейді.

Бексұлтанның шығармаларында адам мінезі, оның танымы үнемі даму, жетілу, баю үстінде сараланады. Алуан түрлі қарым-қатынас барысында кісінің өзі туралы да, өзге туралы да ұғым-түсінігі үздіксіз толығып, толысып отырады. Жазушы шығармаларында адамның өзін -өзі немесе өзгені түсінуі иә түсінбеуі, бұдан туындайтын өзара келісім, не тартыс сырлары ерекше сыршылдықпен, терең лиризммен суреттеледі. Автордың кейіпкерлері ой те-реңдігімен, сезім бавйлығымен дараланады. Ой –мұраттың биіктігі, сезімнің байлығы мен тазалығы олардың қай –қайсысын да қолда бар, шылауды жүрген қаракөлеңкелі, күйкі тірлікке қанағат тұтқызбай, арманды өмірге, армандай ғұмырға жетелейді, сольарманды өмірді, армандай ғұмырды тануға сол өмір, сол ғұмырға құштар күй кешкен өз жайын, өз жанының сырын ұғуға, өз жүрегінің түбіне өзінің бойлауына алып келеді. Жазушы суреттеп отырған адам өмірі, халық тағдырының ғибраты, жазушы кейіпкерлерінің жан байлығы мен сезім тазалығының қайнар көзі осында.

Халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген. Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі. Пәрәнжі-сәтір кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара жігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздар қазақта болған.

Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау-ежелгі дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған. Ендеше, қазақ қыздары қазақ әдебиетінде сомдалғандай ұлттық болмыстан ажырамас екен деймін.

You May Also Like

Ағылшын тілін қалай тез үйренуге болады? ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Секциясы: этномәдениеттану Тақырыбы:Ағылшын  тілін қалай тез үйренуге болады ? Мазмұны…

Тылсымға толы таңбалы тас. Маңғыстау өлкесі тарихи орындары, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Тылсымға толы таңбалы тас.Маңғыстау өлкесі тарихи орындары»        …

Абай шығармашылығындағы сын

«…Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ,барды ертегіден термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі…

Туған өлкем-туған жерім – Шымкент, ғылыми жоба

Тақырыбы  Туған өлкем-туған жерім. Кіріспе. Туған өлкем-туған жерім, атамекенім. Қасиетті шаңырақ, өмірге…