Ана

            Ана  деген біздің өміріміздегі ең қымбат адам. Отбасымыздың тірегі әрі жүрегі. Отбасындағы адамдардың барлығы қымбат, алайда ананың орны ерекше.

Бізді өмірге әкелген – ана. Алғаш білім беріп, оқуды, жазуды үйреткен, жақсы мен жаманды ажыратуға себепкер болған, тәлім – тәрбие берген де –  ана.

Өмірде ешкім де, ешқашан да,  ешбір бала анасын жек көреді деп айту –  мүмкін емес сияқты.

Ананың өмірде орны бөлек. Адамға да, жануарларға да, жәндіктерге де, барлық тіршілік иесіне ана қажет.

Біздің өмірімізде ана болмаса, біз қалай өмір сүрер едік? Ол мүмкін емес сияқты. Ал баласыз ана болады ма? Жоқ.

Ана мен бала арасында ерекше сезім, үлкен махаббат бар. Олар бір бірімен көзге көрінбейтін, қолға ұстатпайтын сезіммен байланысып жатыр.

Мен өз анамды өте қатты жақсы көремін. Ана деген асыл жан, біздің өміріміздің негізі.  Отбасында әкенің де өз орны бар. Алайда ана болмаса үйде береке болмайтын сияқты. Себебі сабақтан келген кезде анамыз бізге тамақ дайындап қояды, басымыздан сипип, еркелетеді. Сабақ қарауға көмектесіп,  ұйықтар алдында ертегі де айтып береді. Қиналған сәтте қолдау көрсетіп, бірінші көмекке келетін жан да – ана.

Анамызды жоғалтатын болсақ, оны кері қайтара алмаймыз.Сол себептен анамен өткен әрбір күнді бағалай білуіміз керек.

Әрбір балаға айтарым, аналарыңды сүйіңдер, құрметтеңдер, ренжітпеңдер, бар кезде бағалаңдар! Әр күні аналарыңды қуантуға тырысыңдар. Себебі ана өмірде жалғыз.

 

You May Also Like

Менің туған жерім, эссе

Менің туған жерім «Сенде көктем,сенде алма ағаш гүлі бар, Аспанында аяулы   елдің…

Махамбет Өтемісұлы өмірбаяны, эссе

Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы…

Тәуелсіздік бәрінен де қымбат қасиетті ұғым, эссе

«Тәуелсіздік бәрінен де қымбат қасиетті ұғым» «Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік»…

Мамандығым – мәртебем, эссе

«Мамандығым – мәртебем!» «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен…