Менің туған жерім

«Сенде көктем,сенде алма ағаш гүлі бар,

Аспанында аяулы   елдің  жыры бар.

Ақсұңқарың қанша биік ұшса да ,

Саған келер,саған келіп жығылар.

О,туған жер,қадіріңді кім білген,

Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген.

Сенде өткізген артық екен бір күнім,

Басқа жерде той тойламаған мың күннен.» -деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай туған елден,туған жерден асқан байлық жоқ.Ата- бабамыз туған жерімізді қасық қаны қалғанша қорғап,болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған.Осынау қастерлі Отанымызға жыр арнамаған ақын,шығармасына қоспаған жазушы жоқ шығар!

Туған жер-адам өмірінде жеке орын алады.Сағынатын,ұмытпайтын,есте қалатын ыстық жер.Қазақта «Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде  ұлтан бол»-деп бекер айтылмағанды. Өз елі мен жерін қорғап қастерлеу әрбір азаматтың міндеті екенін жадымызда сақтауымыз керек.

Отанымыздың табиғаты бөлек, ауасы таза, үні құлаққа ерекше жағымды жанға жылу сыйлайды.Қазіргі  бейбітшілік заманда табиғатты аялау,яғни қоқыс тастап ластамау, көгеріп өскен гүлдерді суару, шөп өсіп тұрған алаңды таптамау арқылы жеріміздің көркеюіне үлес қоса аламыз. Бұрыңғы заманда батырларымыз жауға шапқанда бір уыс топырақты мойындарына байлап тұмар етіп таққан.Туған жердің топырағы оларға күш-жігер беріп, әрдайым жеңіспен оралған. Мен үшін аса қымбат, ыстық жер Қарабөгет ауылы. Қасында Жетісудың жеті өзеннің бірі Лепсі өзені орналасқан.Үлкен үш қабатты мектеп, жаңа мәдениет үйі, Жеңіс саябағы, керемет алма бағы бар. Жанға жайлы, тыныш, адамдары кеңпейіл ауыл. Мен туған ауылыммен мақтанамын!!!

You May Also Like

Жамбыл Жабаевтың шығармаларының маңыздылығы, эссе

Эссе Менің білуімше,Жамбыл-ұлы ақындардың бірі.Біздің сөз өнері ғасырлар бойы үш түрде өмір…

С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз. эссе

Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің бірі…

Менің сүйікті ұстазым, эссе

Қош келдің, Әз-Наурыз! эссе

Қош келдің, Әз-Наурыз! Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде 5000 жылдан астам уақыт бойы…