Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза табады. 1838 жылы 12 шілдеде орыс әскерімен шайқаста, Исатай қаза табады. Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері туады. Орынбор түрмесіне қамалады.

Исатай жолдасын мақтап нағыз ер бейнесін жасайды. Ақынның әр өлеңінде ел үшін, жұрт бақыты үшін қан төккен, сол мақсатқа бел буған ерлер бейнесі жасалса, Исатай ─ сол ерлерді бастаушы, халық үшін жанын қиған батыр, әрі соғыстағы ерліктің, жүректілік пен өрліктің символы да. «Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны ─ ай» өлеңдерінде тұтастай ел бастаған ер бейнесі сомдалады. Егер жыраулар поэзиясы XV ─ XVIII ғасырлар шежіресі, сол заман батырларының ерлік дастаны десек, Махамбеттің Исатай туралы өлеңдері ─ сол жыраулар дәстүрінің жалғасы. Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар Абылай, Бөгенбай, Қабанбай бейнелерін сомдаса, Махамбет Исатайдай ердің биік тұлғасын үлгі етті.

Ақын толғаулары Бөкей ордасы жер аумағынан бастап, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Астрахань өңірлерінде көп тарап, жиі айтылған. Оны Махамбет мұрасын зерттеп, жинаушылардың ақын өлендерін қай өңірде жүйелі әрі мол кездестіргенінен де байқауға болады.

Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті.

Жәңгір ханда үрей қалмады. Ол көтерілісшілермен келіссөз жүргізуге көшті. Ханның қолына жаңа талап-петиция табыс етілді. Онда, егер

ханға қойылып отырған талаптар орындалмайтын болса, көтерілісшілердің бүкіл ауыл-аймағымен Ішкі Орданы тастап, көтеріле көшіп кететіні ескертілді. Оған халық арасында ықпалды 300 рубасы мен старшын және батырлар қол қойды. Бұл жағдай Жәңгір ханның жағдайын күрт нашарлатып жіберді. Патша үкіметінің әкімшілігі де қатты алаңдады. Көтерілісшілер Жайықтан бұзып-жарып сыртқы бетке көшетіндей күн туа қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл шаралар қабылдауға кірісті. Шекара бекінісі күшейтіле бастады.

Исатай Тайманұлы ханмен екі арадағы шиеленісті жағдайды бейбіт келіссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкімшілігін сендіруге тырысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсіп Жайықтың мұзы қатқан бойда оның сол жақ бетіне көшіп кетпек болды. Ал бұл екі арада Орынбор әкімшілігі мен Жәңгір хан қазақтардың әскери күштерін шұғыл түрде топтастырып үлгерді. Жазалау шараларын жүзеге асыратын Жәңгір хан жасақтары да әзір болды. Сөйтіп қысқа мерзімнің ішінде көтерілісшілерге қарсы 1000-нан астам адам шоғырландырылды.

Махамбет жырлары- асқақ рухтың үні.

Білмеймін жел ме,сел ме,

Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме…

Әділетсіз дүниенің қабырғасын

Махамбетсіз сөгер жан кездесер ме…

Ф.Оңғарсынова.

Иә,әділетсіз өмірдің қабырғасын аямай сөккен Махамбет-ұлт азаттығы үшін күрескен тарихи тұлға.Біздің тәуелсіздігіміздің бастау көзі. Оның өлеңдерінің негізгі тақырыбы- теңдік,бостандық,әділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсы күрес болып келеді.Сол күреске шығар ер қазақтың бейнесін жасады. Махамбет өлеңдері күрескер халқының өр намысының белгісіне айналды. Сондықтан оның жырлары әрқашан жігерлі, асып-тасып жатқан рухпен көмкерілді.

1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтерілістің жаршысы, ақиқаттың ақ алмасы Махамбет-асыл сөздің кені,көркем тілдің ұстасы,ерліке үндеген жалынды үгітші,дауылпаз ақын.

Махамбет- Ақ Жайықтың ары,Нарынның нары болып елім деп еңіреген ерлерді соңынан ерте білді. Уытты сөзімен олардың намыс шоғын үрледі. Елді артына ерткендегі сөз сыры қандай еді? Талдап көрелік.

«Еділдің бойына ел толтырып,атқа мінгендегі» арманы-тәуелсіздік

.Тәуелсіздік жолында намысты ту ғып ұстайды.Намыс жолында жалындап,ұран тастайды. Қашанда өлеңдерінде ел тағдыры,қиын қыстау кезеңнің ащы шындығы суреттелген.

Азамат ердің баласы,

Намысына шыдай ма?

Жаттан көмек сұрай ма?»-деп,қара нар жігіттерге үлкен міндет қоя білді.

«Тар қамау»-деген өлеңінде қабырғасын қаусатып,сөксе де шыдайтын ер керектігін дөп басып айтады. Жан-жағынан анталаған жауын көрсе де,нағыз белсенді,күрестің адамы болатын жігіт іздеді. Таланып жатқан малын,шабылып жатқан елін,тұтқынға түскен қарындасын ойлады.Қамауда қалдық-ау деп жасымады.

-Қас үлектен туған қатепті,

Қара нар керек біздің бұл іске» -деп, ел жүгін көтерер азаматты армандады. Жігіттердің намысын қайрап,елі үшін жан пида ету керектігін айтқан. Махамбет өлеңдерінде «қара нар» «қыдырып шалар аруана» деген жолдар көп кездеседі. Ол- халық қазынасының, тілінің нағыз суретшісі.Екі-ақ ауыз сөзбен шебер жеткізеді. Қара нар,аруана бір орнында тұрақтамайтын жануар.Оның бұл әрекетін ереуілдеп жүретін қазақ жігітімен салыстырады.

1938 жыл.12 шілде батырдың жан серігі,досы Исатай өмірден озды.Ақын тілімен айтсам,ту жығылды,туырлық туралды,бағаналы терек жарылды,үкілі үміт,арман адыра қалды.Осындай кезеңдерде ақын жүрегінен азалы жырлар туды.Жалаң қайғырған жоқ,қазақ даласының ауыр халінің айнасын бере білді.Махамбеттің көңіл күйін танытатын элегиялық шығарма- «Қызғыш құс» өлеңі.Бас аяғы 17-ақ жол өлең.Алайда бұл 17 жолда оның бар өкініші, жығылмайтын асқақ рухы көрініс тапқан.

1840 жылы 7-наурызда Махамбет тұтқынға түседі.Оны жер ауып жүргенде бақылау мақсатында Атай мен Матай құмына жібереді. «Қызғыш құс» өлеңін осы кезеңде жазған. Бұл өлеңде Махамбет- Исатайдан айрылып,құсалық жолына түскен адам. Қызғыш құс- ерте көктемде қаратоғай,бозторғаймен бірге ұшып келетін қағілез құс.Қызғыш пен Махамбеттің ұқсастығы ап-айқын.Махамбет-ердің сойы болса,қызғыш-жыл құсы.Екеуі де намысшыл.

Махамбеттің барлық өлеңдерінен сол кездегі қазақ халқының ауыр халін көрдім.Ел тағдырына қабырғасы қайысқан ақынмен бірге жыладым.

Таудан мұнартып ұшқан тарланын бірге іздеп,арманына медеу болғым келді.Оның ой-сезімі ап-айқын. Көңілі-өр. Қазақ болғанына мақтана білетін,өзін-өзі сипаттаған рухты жан.

«Еңселігім екі елі»өлеңін оқығанда Махамбеттің « менін» көрдім.Батырдың бар болмысы,мүсіні көз алдыма келді.Тартынбай сөйлер хас асылдың баласы екенін ұқтым.

Қорыта келгенде, қара қазан,сары бала қамы үшін атой салып ақырған Махамбеттің өлеңдері менің жүрегімнен мәңгі орын алады.Себебі алты алаштың бағы үшін,аламанның ары үшін өз жанын пида етті.

Қаройда бас кесілгенімен,тіл кесілген жоқ.Туырлық тұл емес,түбіне ту байланды.Махамбеттің ізінде қалған қара нарлардың көңілі жай.Себебі егемендік туы желбіреп тұр. Ұлт азаттығын ойлаған Махамбеттей ақын атамыз біздің жүрегімізде мәңгі от боп жанып тұрады.

Бүгінгі таңда елімізді қорғайтын,тәуелсіздігімізді мәңгі ететін жігіттер де Махамбет айтқандай, «қас бәйтерек,жез қарғылы құба арлан,ақсұңқар құстың сойы,құлжадай айбар мінезді» болса екен деймін.

You May Also Like

Мінез туралы жалпы түсінік, эссе

ЭССЕ Мінез туралы жалпы түсінік Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай…

Менің әкем-ең жақсы адам, эссе

Менің әкем-ең жақсы адам! Менің әкем-менің өмірім, Менің әкем-менің қамқоршым. Менің әкем-менің…

Тіл –халық тағдыры, эссе

1.Тіл –халық тағдыры.Эссе . Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына…

Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу, эссе

                   “Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу”   Қазақ сәбиін: Ақын болар…