Менің әкем-ең жақсы адам!

Менің әкем-менің өмірім,
Менің әкем-менің қамқоршым.
Менің әкем-менің байлығым,
Менің әкем-менің бақытым.
Мен әкемді сондай жақсы көремін.Отбасындағы әкемнің орны ерекше.Біздің отбасымызда  әкем, анам,ағам,сіңілім, інім бірге тұрамыз.Әкем бәрімізге қамқоршы, мейірімді, адал. Мені үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға, сабақта үлгілі оқушы болуға көмектеседі.Ол кісі домбырада, гитарада, баянда ойнай алады, ән шырқайды. Суретті шебер салады, кез-келген тамақты да өте дәмді етіп дайындайды. Ал жұмысында еңбекқор адам.Адал еңбегімен көптеген жетістіктерге жетіп жүр.Мен әкемнің осындай жетістіктерін мақтаныш етемін.Болашақта мен де үлкен жетістіктерге жетіп, әкемді қуантып жүрсем деймін.Өзі сондай сегіз қырлы, бір сырлы адам.Әкем бізге  өтірік айтпауды, адал болуды, адамгершіліктің үйретті. Әкем анамыздың көңіліне қаяу түсірмейтін жан.Ол бәрімізге қамқор болып  жүреді. Менің ең жақсы көретін сәтім кешкі уақыттарда бәріміз жиналып отырып, ән салатынымыз. Әкем гитарада ойнайды.Сонан соң бәріміз ән шырқаймыз.

Мен әкемді өте жақсы көремін.Мен ата-анамның көңіліне қаяу түсіргім келмейді.Олардың үмітін ақтап, жақсы мамандық иесі болсам деймін.Менің ата-анам – баға жетпес байлықтарым.Әр күні ата-анама ұзақ ғұмыр, денсаулық тілеймін.Ата-анам әрдайым аман болса екен!

You May Also Like

Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз. эссе

Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы,…

Мақсат туралы эссе

ЭССЕ МАҚСАТ ТУРАЛЫ Біздің жасап жүрген іс-әрекеттеріміздің барлығы да мақсатты түрде жүзеге…

Весна, эссе

Эссе Весна Моё любимое время года – это весна. Это пора, когда…

My family, эссе