“Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу”  

Қазақ сәбиін: Ақын болар ма екенсің?

Шешен болар ма екенсің? – деп арман шуағына бөлеп,

мәпелеп өсірген әке-шеше, ойы мен санасы жетілген шағында,  баланың

өзіндік бір тума-талантын байқап аңғарады. “ адамға ең бірінші білімді

тәрбие беру керек, себебі білімсіз берілген білім – адамзаттың қас жауы,

ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі ” – деген,әйгілі ойшыл әл-Фарабидің

айтқан сөзінің мән- мағынасы өте тереңде жатыр. Қазағымның ұрпағы қай

уақытта болмасын балаға бей жай қарамай, оның тәрбиесіне ерекше көңіл

бөліп, мән берген. Мағжан атамыз айтып кеткендей баланы тәрбиешісінің

дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық етіп шығару керек.

Қазіргі ХХI ғасыр заманының білім мен ғылым заманы екені жұртшылық

қауымға мәлім. Бірақ бар күшіміз бен ынтамызды тек білім менен ғылымға

жұмсап, тәрбиеге мән бермей, оны елеусіз қалдырсақ, баланың білімді

болғанымен тәрбиесіз болып өсетіні жайлы, ғұлама ойшыл, өзінің ойын

терең мағыналы сөздері арқылы біздерге жеткізді .Сол себепті, ең алдымен

тәрбие, содан соң басқа да білім, ғылым, әдебиет, мәдениет сияқты

қажеттіліктерді, баланың ой – санасына құю өте тиімді әрі ұтымды.

Мәдениет демекші, тәрбиелі ортаның мәдениеттсіз болуы мүмкін емес,

дәл сол сияқты білім тәрбиесіз болуы мүмкін емес. Ерте заманда ата-

бабамыздың берген тәрбиесі өте мықты болатын. Олар баланы 6 жасына

дейін өсіріп, одан әрі тәрбиесіне шыңдап кіріскен. Нәрестенің есі кірген

шағында, оның құлағына “ – сен ертеңгі шаңырақтың иесісің, отбасыңның

асыраушысысың , сондықтан да жақсыдан үйреніп, жаманнан жирен ” деген

сөздерді санасына құйып отырған.

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?!

Олай болса уысыңнан шығарма

Ұл мен қызын шалжаңдатса бетімен,

Тартар күйік, ет кескендей етінен.

Баланы тәрбиелегеннен соң оқуына, біліміне ой бөлген дұрыс. Дегенімен

оның біліміне ғана мән бермей, баланың армандарын және бойына берген

талантын да естен шығармау қажет деп санаймын. Алдына мақсат қойып,

үлкен белестердің биігін шыңдатуға талпынған баланың бетін қайтармай,

керісінше арғы уақытта көмектесіп жетілдіру керек. Егер балалардың

бойынан 8-9 жасынан бастап қандай да бір нәрсеге қызығушылығы мен

ерекше қабілетін байқаса, сол таланттың ұшқынын дәл сол салада әрі қарай

дамытып, баланың табиғатын, талантын тұншықтырмаған абзал. Бұл әрбір

қазақтың, атап айтқанда ата-ананың борышы не болмаса міндеті деп

есептеймін. Және баланы нағыз қазақы тәрбиемен жігерлендірсе тәрбие

менен білімнің, өркениеттің асқар таудай биік шыңына үлкен жол салынбақ.

You May Also Like

Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз, эссе

Елбасымыз «Тарих толқынында»  кітабында Қазақстандағы халық ағарту ісінің  тұңғыш абызы деп атады.…

Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкерлердің мінезін сомдаудағы ерекшеліктерін талдап жазыңыз, эссе

Әбдіжәміл Нұрпейісов Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі…

Мақсат туралы эссе

ЭССЕ МАҚСАТ ТУРАЛЫ Біздің жасап жүрген іс-әрекеттеріміздің барлығы да мақсатты түрде жүзеге…

Тәуелсіздік -мәңгілік елдің тұғыры! эссе

Эссе Тәуелсіздік -мәңгілік елдің тұғыры!  Атырып Тәуелсіздік ақ таңдарын, Мен бүгін қазағыммен…