Жапырақ неге сарғаяды?

Күз. Жалпы дана халқымыз күз мезгілін бірнеше бөлікке бөліп айтқан. Күздің бірінші айын алтын күзге теңеген. Сағыныштың символы болған күз мезгілі келгенде жапырақтар сары алтын түске енеді. «Сарғайып сені күттім», «сағыныштың сары шекпені» деген тіркестер де күздегі сары жапырақ пен сағынышынан туса керек. Екінші айын қоңыр күз деген. Олай айтуының себебі жиын – терім, ескерткен сияқты жауын – шашын белгі бере бастайды. Ал, соңғысы – қара күз. Осы бір кезде Дана Абайдың :

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан, – деген жолдарын еріксіз есіме аламын. Енді жапырақ не себепті сарғаяды? Осы жайында ойланып көрдіңіз бе?                                                                                                                                            Ғылыми зерттеулердің айтуы бойынша, жаз мезгілінде жапырақтар хлорофилл пигментінің әсерінен жасыл түсті болады. Өсімдік көп мөлшерде суарылғанда одан негізгі қант – глюкоза бөлінеді. хлорофилл дәндері күн көзінен қуат алып, жапыраққа жысыл рең береді. Мұны биология ғылымында фотосинтез үдерісі деп атайды.                                                                                                Күз келгенде күн сәулесі азайып, хлорофилл бұзылады да орнына ксентофилл және каротин түзіледі. Осы нәрселер жапыраққа сары, қызғылт түс береді. Хлорофиллдің өз күшін сақтап тұруы ауа райы жылы болып, күн шуағы молынан түсуіне байланысты. Сонымен, бірге, жапырақ хлорофиллден атом магниі арқылы қоректенеді. Демек, құрамында хлорофилл пигменті бұзылғандықтан жапырақ сарғаяды.                                             Міне, мынадан-ақ бәрін түсінсе болады.                                                     Көктем келді. Ағаштарда жапырақтар көбейді. Олар күннің көзіне жылынып өсе берді. Бір күні жапыраққа хлорофилл келді:                                                   – Жапырақ, көмектес маған. Менің мекенім, тұратын үйім жоқ. Мені өзіңмен қоса алшы,- деп жалынды.                                                                                             – Жоқ, сен маған керек жоқсың. Мен сенсіз-ақ өмір сүремін, сенсіз де әдемімін,- деп хлорофиллді қуып жіберді. Хлорофилл жылап әрі қарай кете береді.                                                                                                                                   Біраз уақыт өтеді. Жапырақтың түсі өзгеріп, бозарып кетіпті. Әлгі әдемі, жасыл түсінен түк те жоқ. Оған сонда ағаш айтады:                                          – Сен өткенде бекер хлорофиллді қуып жібердің.  Онсыз сенің түсің бозарып, сарғайып кетіпті. Қазір күз емес қой. Сонда жапырақ біраз ойланады да хлорофиллге барып кешірім сұрайды.                                                                 – Шырағым, хлорофилл, кешірші мені. Менің сенсіз күнім жоқ екен. Кел, екеуміз бірге өмір сүрейік.                                                                            Содан бастап хлорофилл жапырақпен бірге өмір сүріп, оған әдемі, жасыл түс береді екен.                                                                                                                  Күндерден күн өтіп жатады. Міне күз мезгілі де келді. Жаз бойы күннің жылуына еркелеген жапырақ күннің көзіне зар бола бастайды. Себебі күзде күн суытып, жаңбыр жиі жауа бастайды. Бұның салдарынан хлорофилл де әлсізденіп қалады. Бір күні ол жапыраққа былай дейді:                                                            – Жапырақ, міне күз келді. Күннің көзінің қызуы азайды. Мен де өз еліме қайтайын. Келесі көктемде біз міндетті түрде кездесеміз, – деп қоштасып кете береді. Ал жапырақ хлорофиллсіз жасыл түсін жоғалтып, сарғайып, қурап қалады. Осы әңгімені оқып отырып:                                                                                                 Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. – деген Ұлы Абайдың өлең шумағы дәлел секілді.

Білесіз бе?! Адамдар да сол ағаштың жапырағы іспеттес. Көктем кезінде ағаштар гүлдеп түрлі түске боялады, адамдар да жастық дәуренінде сұлуланып кемелденеді емес пе?  Дүниеге шыр етіп келген кезі көктем, адамның көңілі де жапырақ сияқты. Оның тамырына бағбан секілді күтім жасап баптаса әрі қарай әдемілене береді.

 

You May Also Like

Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуге қолданған ақының көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз. эссе

Балуан Шолақтың өмірінде үлкен орын алатын адамның бірі Ғалия. Өткені, Балуан Шолақтың…

Абай шығармашылығы Эссе, Works by Abai Essay, Произведение Абая Эссе

Абай шығармашылығы Эссе Абай Құнанбайұлы— ұстаз,ақын, ағартушы,қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, философ,…

Мамандығым – мәртебем, эссе

«Мамандығым – мәртебем!» «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен…

Меркурий эссе

Күн жүйесі Күн жүйесі –Күнді айналып жүретін планеталар «әулетінің» атауы. Планеталармен қоса…