Эссе

Тақырыбы: Тәуелсіздік тілегі 

Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге,

қуатын арттыруға, оның игілігіне халықаралық

Қауымдағы беделінің өсуіне қызмет етуге парызбыз

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан – біздің  ата қоныс мекеніміз , кіндік қанымыз тамған киелі жеріміз. Қазақ халқы ежелден ақпейіл, жомарт, достыққа берік. Негізінен ертеден егін егіп, мал шаруашылығын дамытқан халық. Жері құнарлы, шөбі шүйгін, ауасы таза.

Данышпан Қазыбек бабамыз жас кезінде қалмақ еліне барған сапарында:

Біз,қазақ деген –мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жерімізді ешбір жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз –деп қазақ елінің бірлігін, тыныштығын сақтауды көздеген болатын.

Ата-бабаларымыз даласын жаудан, халқын зорлық – зомбылықтан сақтап қалу үшін шығыс пен батыс арасында үдере көшумен болды. Ерте заманымыздың тарихына  көз жүгіртер болсақ, бұл даланың тауы күрсініп, тасы қақ айырылар еді. Не бір қиын жағдайларды басынан өткізді,  бұл дала?! Әріде Абылай ,Қабанбай,Бөгенбай батырлар мен Исатай,Махамбеттер елін , жерін жаудан қорғау жолында «Қара қазан, сары бала қамы үшін»,толарсақтан саз кешіп жүріп, қасық қандарын қиса, бертінде Алаш атын сақтап қалу үшін жұртына «Оян, қазақ!»деп ұран салып , маса боп ызыңдап , қараңғы халықтың санасын оятуды мақсат етіп, безек қаққан арыстарымыз М.Дулатов,А.Байтұрсынов, М. Жұмабаевтар арыстанша алысып жүріп өмірден өтті.

Осы қасиетті қазақ жерін бабаларымыз артында қалған ұрпақтары бізге аманат етіп қалдырған.

Иә, «Тақымымызға бір тисе» деп арман еткен тұлпардың қолымызға ер-тұрмансыз, ноқта – жүгенсіз түсіп, жалына ғана жалаң қолмен жармасқанымызды ұмытпағанымыз жөн. Осыдан 35-жыл бұрын 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы шын мәнінде, қазақтың ұлт тәуелсіздігі жолындағы ең соңғы күресі еді. Дүниені дүр сілкіндірген, бұл жастар көтерілісі,  еркіндікке, демократиялық жүйеге ұмтылысының беташары болды. Осы желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың отаны үшін ышқынған жан айқайы,  сонау замандағы алаш қайраткерлерінің қайрат-жігерінен кем түспеді.  Тәуелсіздік жаршысы, желтоқсан оқиғасының батыры Қайрат Рысқұлбеков: «Еркек тоқты-құрбандық, атам десең, атыңдар!»-деп қасқая қарсы тұрып, ар-намысын сақтап қалды. Сондай батыр ерлердің арқасында Қазақстан бүгінгі таңда ата-бабамыз армандап кеткен «Тәуелсіздік» деген қасиетті ұғымға ие болып отыр.Тәуелсіздігіміздің арқасында өзіміздің төл тіліміз қайта күш алап жаңғырды. Кеңес Одағының құрсауынан босап, әлсіреген қазақ халқы жаңа өмірге қадам басты. «Қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің арқасында, өзге елдермен бейбітшілік қарым-қатынаста бола отырып, тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттілігін қалпына келтіре алды» деген Елбасымыз

Тәуелсіздіктің таңы атқанына міне 30 жыл толып отыр, осы уақыт ішінде Қазақстан өзін күллі әлемге танытып үлгерді. Аз ғана мерзімде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Қазақстан Республикасының Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған сарабдал саясаты, даналығы, парасаттылығы, еліне деген ерең еңбегі-біз үшін үлгі-өнеге! Ең бастысы, халық тілегі мен тілеуі болып отырған бейбітшіліктің берік сақталуы, тұрақтылық, шет елдермен қарым-қатынастың нығаюы-бұл Елбасымыздың кемеңгерлігінің арқасы. Ол кісінің арқасында Қазақстан ядролық қарусыз әлем құру ісінде үлкен абыройға ие болып отыр. Экономикамыз айтарлықтай дамып, халықтың жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге жетті. Жастардың шет елдерде оқып, сол жерде алған білімдерін Отанымызға қолдануға мүмкіндіктер пайда болды. Осындай тыныш, тәуелсіз, ашық аспанды заманда өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Қазіргі бейбіт мемлекетте уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқанымыз тәуелсіздігіміздің арқасы екеніне тағы да көзім жетті. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ үшін тәуелсіздіктің маңызы ұшан-теңіз екендігі сөзсіз. Мен, Аптыкаева Карина,  биыл Аршалы №2 орта мектебінің  11 сыныбын бітіремін, менің алдымда ұшы қиыры жоқ шексіз және қызықты өмір. Тәуелсіздігіміздің арқасында менің мүмкіндігім шексіз. Мектептен алған білімімізді толықтыруға мүмкіндік зор. Жоғары оқуды бітіргеннен кейін «Болашақ» бағдарламасымен шет елден тәжірибемді шыңдаймын. Қанатым қатайғаннан соң өз еліме, туған Отаныма елеулі еңбегіммен пайдамды келтіремін. Біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып  жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын.

Бүгінде Қазақстан Республикасының еңсесі биік,тәуелсіз, басқа мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең егеменді мемлекет болып қалыптасты. Тәуелсіз еліміздің туы күннен-күнге биіктеп,халықаралық аренадағы беделінің күн санап артып келе жатқаны көңілімізге қуаныш ұялатып,қиялымызға қанат қақтырады.

Қорыта айтқанда, тарихымыз бай, бүгініміз баянды, ертеңіміз жарқын боларына кәміл сенемін. Тек қолға қонған бақыт құсын үркітіп алмай, жұмыла кірісіп, кеңесіп шеше білсек, болашақтың таңы жарқын! Ендеше, бүгінгі «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда аға ұрпақтың ерлік істерін жадымызда сақтап, «Отан» деген қасиетті мекенді, ата-бабамыздың көздің қарашығындай сақтап келіп, ұрпағына аманат етіп қалдырған кең байтақ жерімізді, ана тілімізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, аялап, қастерлей білу – біздің перзенттік парызымыз. Еліміздің дамыған елдермен терезесі тең болып қарыштап өркендеуі – жас ұрпақтың қолында.

Мен және мен секілді еліміздің жеткіншек жас түлектері туған Тәуелсіз елімізді құрметтеп,ата-бабамыз табыстаған аманатты абыроймен ұстаймыз. Өз еліміздің болашағы үшін еңбек етеміз.

You May Also Like

Азаттықтың ақ таңы, эссе

Азаттықтың ақ таңы  Эссе «Тәуелсіздік», «егемендік» –  әлемдегі ең құдыретті сөздер. Әр…

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз, эссе

Әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін қаламгердің бірі ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтап, жазба әдебиетіне…

Мое завтра начинается сегодня, эссе

Эссе на тему Мое завтра начинается сегодня Многие люди, к сожалению,не задумываются…

М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз. эссе

            Әже. Әже ата – ананың анасы, үйдің үлкені, мейірімі мол, құшағы…