Психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Оқушылардың ғаламторға тәуелділігінің алдын алу және ата-аналарға психологиялық қолдау бағытында  жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру»

«Мазасыз көңіл-күй» жаттығуы

Балаға өзінің өткен,қазіргі және болашақтағы суретін салуды ұсыныңыз. Портреттерге қол қойғаннан кейін, үш суретке ат қоюды сұраңыз. Бала әр портретті атап, неге өзін солай салғанын түсіндіруі керек.  Баланың әңгімесінен оған қатысты көп жайтты аңғаруға болады.

«Мен – гүлмін» жаттығуы

Өзіңізді гүл түрінде елестетіңіз.

Сұрақтар:

1. Қандай гүлсіз?

2. Қайда өсіп тұрсыз, қашан гүл жарасыз?

3. Сізге кім сүйсіне қарайды?

4. Кімнің қолына түсесіз немесе Сізді кім жұлып алады?

5. Құлпырып өсу үшін сіздей гүлге не керек?

Бала жаттығу кезінде басынан кешкен барлық ой-сезімдерін суреттеп, айтып беруі керек.

«Сен өзіңді не үшін мақтайсың?»

Нұсқама: «Сенде қандай жақсы қасиет бар? Қандай жақсы мінез бар? Соңғы рет сені мақтан ететіндей қандай жақсы іс жасадың? Осы туралы айтып, өзіңді мақтап көрші, кәне? Сонымен, жалғастыр: мен өзімді мақтаймын, себебі…».

Соңында талдау: «Өз-өзіңді мақтау қиын болды ма, неге сондай сезімде болдың?»

«Өзін-өзі гипноздау» арт-техникасы

Нұсқаулық: Компьютердің алдында отырған қорқынышты жаратылыс иесін қағазға бейнелеп, суреттің үстін ашық қызыл түспен сызып тастаңыз. Содан кейін оны ескерту белгісі ретінде көрінетін жерге іліп қойыңыз. Жанына тағы бір парақты қосыңыз. Онда адамның суретін салыңыз, өз фотоңызды қойсаңыз да болады. Екі суретті салыстыра отырып, қайсысы үлгі болу керектігін анықтаңыз. Жақсы суретке (өз суретіңізге) позитивті энергия беретін күш ретінде қараңыз. «Мен осындай болғым келеді», «Мен осындай бола аламын» және т.б. сөз тіркестерін дауыстап айтып, өзіңізге-өзіңіз сенім ұялатыңыз. Ал беті қып-қызыл болып шимайланған құбыжыққа сіздің 53 дамуыңызды тежейтін, сеніміңізді жерге таптайтын жағымсыз бейне деп қараңыз да барлық жаман энергияны соған бағыттаңыз. Осы сызбаларға қарап, сіз өзіңізді саналы түрде басқарасыз (бұл жаттығуды үй тапсырмасы ретінде жалғастырыңыз).

Арт-техника: «Төрт сурет»

Мақсаты: өзі туралы айтып беру аспектілерін қаншалықты меңгергенін зерделеу

Нұсқаулық: Өзіңді төрт кейіпкер түрінде сал: өсімдік, жануар, жансыз зат және адам. Мен сенің суретті қалай салатыныңды тексергелі тұрғаным жоқ, бірақ сен туралы көбірек білгім келіп тұр.

Бала тапсырманы орындағаннан кейін кейіпкерлер туралы сұрауға болады (бұл не, қайда мекендейді, не істейді деген сияқты)

«Қауіпті инфекцияға қарсы арнайы қорғаныс» жаттығуы

1. Бір параққа өзіңізді мазалайтын ойлар мен сезімдерді бір минуттың ішінде жазып шығыңыз (егер көп болса, тағы бір параққа жазыңыз)

2. Осы сөздердің үстіне бактериялардың, вирустардың, дақтардың, жәндіктердің және т.б. суретін салыңыз (3-4 мин.)

3. Екінші парақты алыңыз, оған зұлым инфекциядан қорғанудың механизмі мен қорғаныс құралдарын, оны пайдалану туралы нұсқаулықтың суретін салыңыз.

4. Осы механизмнің көмегімен бірінші парақты тазалаңыз (нұсқаулыққа сәйкес)

5. Инфекциясы бар парақты өртеп немесе жыртып тастаңыз.

6. Қорғану механизмі бар парақты сақтап алыңыз.

«Қоқыс шелегі» жаттығуы

Көз алдыңызға қоқыс шелегін елестетіңіз. Сол қоқыс шелегі сіз үшін нені бейнелейді? Сізде өз өміріңізден еш қажеті жоқ, текке қоқыс болып жатқан артық дүниені лақтырып тастай аласыз. Ол адам, зат, мекен немесе сезім болуы мүмкін. Сол бір керексіз нәрсе сізден кетіп, қоқыс шелегіне түсіп бара жатқанын ойша елестетіңіз.

«Сезім ертегісіне саяхат» жаттығуы

Психолог ата-аналарды ішкі сезім әлеміне саяхаттауға шақырады. Осы «ертегі әлемінің картасын» қағазға түсіруді ұсынады. Қатысушылар саяхат маршуртын белгілеп, осы жолмен сезімдеріне ойша сапар шегуі керек және оны картада белгілеуі керек. Жан сезімінің қайсысы балаңызға арналған? Қай сезімді бастан кешкенде өзіңізді жайлы сезінесіз? Балаңыз екеуіңізге қандай сезімдер жақын. Сезімдерді өзгерту керек болса, қайсысын таңдар едіңіз? Қысқасы, ата-ана сезімдері туралы ойша ертегі құрастыруы керек.

«Қайсысы маңызды?» гештальт жаттығуы

Тренингке қатысушыларға мынадай нұсқаулар беріледі:

«Өз-өзіңізге сұрақ қойыңыз: сізге не маңызды? Шынайы өмір ме, әлде виртуалды әлем бе? Жақсылап ойланыңыз: себебі, осы жауабыңыз көп мәселені шешеді.Егер сізге нақты әлем маңызды болса, онда виртуалды әлемге неге көп уақытыңызды жұмсайсыз? Сізді виртуалды әлем неге қызықтыратынын, шынайы әлемнен неге үйрейленетініңізді қағазға жазыңыз. Жауаптарын түсіндіріңіз. дайындалған жауаптарға өз пікіріңізді білдіріңіз.

Кейде өз бетінше егжей-тегжейлі жауап бергеннен гөрі, «келісемін» немесе «келіспеймін» деп жауап беру әлдеқайда оңай.

«Ормандағы тыныштық» жаттығуы

Қатысушылар орындыққа жағалай отырып, көздерін жұмады. Айналада мүлгіген тыныштық орнайды. Жаттықтырушының бұйрығымен қатысушылар шыққан әрбір дыбысты тыңдап отырады. Жаттықтырушы «Болды!» деген кезде бәрі көздерін ашып, құлағына қандай дыбыс естілгенін әңгімелеп айтып береді.

«Екі есік» жаттығуы

-Сезімдермен жұмыс істеу

– Бұл жаттығу педагог-психологпен жұмыс істегеннен кейін өмірдің екі тармағын сценарий бойынша ойнауға мүмкіндік береді

-Бірінші жағдайда бала интернетте ұзақ отыру әдетіне қайтып оралмайды. Ол ата-анасымен, жақын туыстарымен жақсы қарым-қатынас орнатып, денсаулығы да жақсара түседі, әр күнді қуанышпен, үлкен үмітпен қарсы алады

-Екінші нұсқада бала өзін-өзі ұстауға әлі келмей, желіде ұзақ отыратын әдетіне қайта басса не істеу керек деген мәселені қарастырады. Оның өмірі қайтадан тозаққа айналады, өзінің шынайы өмірдегі орнын мән-мағынасыз көріп, жапа шегеді.

-Егер мәселе екінші нұсқадағыдай жалғасса, онда арнайы аурухана маманының көмегіне жүгінуге тура келеді.

«Жасырын проблемалар» ойыны

Алдын ала қорап дайындап қойыңыз. Балаға өзін мазалайтын проблемалар туралы жазып, осы қорапқа жасыруды ұсыныңыз. Кездесудің соңында баладан қораптағы жасырынып тұрған проблемаларымен не істейтіні сұраңыз. Егер бала жауап беруге қиналса, онда өзіңіз «лақтырып жіберу, жыртып тасау, өртеп жіберу» деген нұсқаларды ұсынып көріңіз. Бала осы нұсқаның бірін таңдаса, «міне, енді сенің проблемаң жоқ болы, мазасызданудың реті жоқ» деп баланың көңілін табуға тырысыңыз.

«Ауыспалы шеңбер» ойыны

Коммуникативті белсенділікті арттыруға көмектеседі.

Ойынға қатысушылар жұпқа бөлінеді. Ортада жұптардың санына қарай орындықтар қойылады. Жұптың бірі орындыққа отырса, екінішісі оның арқасында қолын түсіріп тұрады. Осылай қатысушылар ішкі және сыртқы екі шеңбер жасап тұруы керек. Шеңберде отырғандар бір-біріне ымдап, белгілі бір мимикалық белгілер береді. Мысалы, бір-біріне көз қысса онда: «орындарымызды ауыстырайық» деген сөз, т.б. Ал түрегеп тұрғандардың мақсаты – жұбының мимикасын дұрыс түсініп, оның иығына қолын қоюы керек (күшпен ұстамау керек). Содан кейін ойыншылар орындарын ауыстырады. Ойын қызықты, сондықтан қатысушылар қызығушылықпен ойнайды.

Ал жаттықтырушы ойын ережесі сақталуын, ойын кезінде өзгеріп кетпеуін қадағалау керек.

«Орынтаққа талас» ойыны

Қатысушылар шеңбер құрып, бір-бір орындықта отырады. Ішінен біреу жүргізуші болып, бір орындықты шеңбердің сыртына қояды. Сосын отырғандарға: «Орындарын ауыстырсын….ақ түсті жейде кигендер» немесе «шашы қысқа адамдар» деген сияқты нұсқаулар береді. Жүргізуші айтқан белгісі бар адамдар орнын ауыстырады. Ал тапсырманы айтқан адамның өзі бос қалған орындықтың бірін иеленуге тырысады. Шеңбердің ішінде қалып қойған адам ойынды әрі қарай жүргізеді.

«Отбасы құндылықтары» ойыны

Бір отбасының екі мүшесі – анасы мен баласы дуэт болып, «Отбасы ережесі» деп жазылған таблицаны толтыруы керек. Олар өз үйінде қандай ережелер мен жазылмаған заңдылықтар қалыптасқанын тізіп жазуы тиіс. Бұл – топпен емес, жеке жасалатын жұмыс болғандықтан қысқа да нұсқа болуы қажет, ең бастысы, отбасы мүшелері бір-бірін түсініп, не айтқысы келгенін жазбай тануы керек. «Бұл ережені кім енгізді?» деген сауалдың тұсына «автордың» аты-жөні жазылады. Келесі «Бұл ережелер кімге қатысты?» деген бағанға ережелерді сақтауға тиіс барлық отбасы мүшесінің аты айтылады. Ал «Бұл ережені қаншалықты сақтайсыз?» деген сауалға қатысушы топ ережені қаншалықты ұстанатынын, қалай орындайтынын, қайсысы ережеге бағына қоймайтынын тізуі керек.

Қорытындысында психолог сұрайды: отбасылық дуэт болу ұнады ма? Тапсырманың қандай пайдасы болды? Отбасындағы ереженің қайсысын жазу қиынға түсті, себебі? Жасөспірімге – анасын, ал анасы – жасөспірімді өз пікіріне үгіттеу оңай болды ма?

«Компьютерге тәуелді бала» рөлді ойыны (20 мин)

Жүргізуші 5 қатысушыны таңдап алады. Әрқайсысына рөл береді.

Компьютерге тәуелді баланың анасы – үй шаруасындағы әйел, әкесі – отбасын асыраушы, үнемі қыдыруға шақыратын досы, компьютерден шыға алмайтын баланың өзі және немересін ұзақ уақыт көрмеген, қонаққа келген әжесі. Қатысушылар сахналық қойылым қояды, қалғандары бақылап отырады. Соңында қатысушылардың бәрі қойылымды талқылап, компьютерге тәуелді баланың іс-әрекетіне байланысты туындаған жанжалды шешудің жолын қарастырады.

-жұмыстың аяқталуы

-алынған мәліметтерді талқылау және қорытынды шығару, кері байланыс орнату.

ТАБЫСТЫ БОЛУДЫҢ 11 ҚАДАМЫ

1-тапсырма

Өзіңнің бойыңда соңғы кезде пайда болған «жасанды, жағымсыз» мінез-құлықты байқадың ба? Ойлан да, жаз!

2-тапсырма

Сенің ойыңша өмір дегеніміз не?

3-тапсырма

Сенің өміріңнің шындығы қандай? Ойлан да жаз!

4-тапсырма

Қазақта «жүз жаса» деген әдемі бата бар, туған күнің мен жасыңды жазып, бүгінге дейінгі аралықты сызып қойып, өміріңдегі қуанған сәттеріңді белгілеп қойшы..

4.1.Жетістікке жетелейтін жеті қадам: Өмірге құлшындыратын себептер:

4.2.Мен кім үшін, не үшін өмірде жетістікке жетуім керек?

4.3 Мені жетістікке жеткізетін қабілеттерім қандай болуы керек?

5.Сенің қолыңан келетін қабілеттеріңнің бар екеніне сенімдімін.

Ойлан да, жаз!

6.Арман – адамды жетістікке жетелейтін басты қозғаушы күш. Барлық арманыңды тізіп жаз.

7.Қиялыңдағы арманыңды мақсатқа айналдырсаң ғана жүзеге асады.

7.1- тапсырма

1. Бір жылға арналған10 мақсат жаз.

2.Мақсаттарыңды осы шақпен жаз.

3.Мақсаттарыңды жазғанда өз атыңнан «Мен, Мақсат»деп баста.

4.Мақсаттарыңның орындалу уақытын белгіле.

5.10.Максаттардың ішіндегі өзің үшін ең маңыздысын таңда.

6.Осы таңдаған мақсатыма жеттім деп жаз.

7.Осы мақсатыңа жету үшінақты қандай қадамдар жасау керектігін ойланып жаз.

8.Мақсатыңа жеткен кезді көз алдыңа елестетіп, жан-тәніңмен сезін.

9.Күнде таңертең ұйқыдан оянғанда мақсатыңды есіңе түсір.

10.Күн сайын өзіңнің маңызды мақсатыңа жақындататын істерді жүзеге асыр.

7-тапсырма

Он мақсатыңды жаз. Арасынан өзің үшін маңыздысын таңда(бірнеше болуы мүмкін).

8 – тапсырма

Маңызды мақсатыңды іске асыру жоспарын құр.

9- тапсырма

Өміріңде туындаған қиын жағдайларды екі жақты қарастыр.

10—тапсырма

Өмірдегі құндылықтарыңды қарастырып, нақтылап жаз.

10.1Арманыңа жақындатар өмірлік құндылықтарың ең кемі 15 болсын.

10.2.Осы құндылықтарыңа сипаттама бер. Мысалы, айтқанымды уақытында орындаймын, берген уадемді уақытында орындаймын, т.б

11 – тапсырма

Өз-өзіңеөмір шыңынан құламауға, алған бетіңнен қайтпауға уәде бер.

Өз-өзіңе уәде беретіндігіңді өз қолыңмен жазып шық!

Сертіңді бұзба! 58

11.1.Өміріңді мағынасыз өткізгенше, дұрыс қадам жаса. Өкінбестей өмір сүруге бекін. Сонымен, қандай қорытындыға келдің? Берілген тапсырмалар туралы қандай ойың бар? Ойыңдағыны жаз.

Ұсынылатын психологиялық

ФИЛЬМДЕР

«Полианна»

«Чудеса уборки»

«Чудо»

«Дом, который построил Свифт» (жасөспірімдерге арналған)

«Копернаум»

«Перед классом» (мұғалімдерге арналған)

«Чудеса уборки» (қыздарға арналған)

«Сознание» (педагог-психологтарға арналған)

You May Also Like

Бақылау диктанты, сабақ жоспары

Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Сөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері, сабақ жоспары

Ғарышты игеру жетістіктері, сабақ жоспары

Қазақстан барысы (мультфильм негізінде) ашық сабақ