Баяндама

Тақырыбы: “Тұлға” ретінде – өзін-өзі бағалау

Мақсаты: Суденттердің қоғамдық ортада  өзін-өзі қалыптастыру, қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу   

  Жоспар

Кіріспе:

Жеке тұлға дегеніміз ге?

Негізгі бөлім:

Жоғары медициналық колледж студентінің  тұлға ретіндегі өсу кезеңдері

Қорытынды: 

     ТҰЛҒА дегеніміз өз өмірінің субъектісі, йесі. Ол сыртқы ортамен, яғни өзге адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы, әрі өзінің ішкі жан-дүниесіне бойлай отырып көптеген даму сатыларын бастан кешетін, өз өміріне деген жауапкершілікті сезінетін адам

ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСЫУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

Тәрбие, орта,тұқым қуалаушылық, жеке тұлға дамуына әсер ететін әлеументтік, биологиялық, психологиялық ықпалдар болып табылады.

Тұлғаның өзін-өзі дамытуы бір күйден екінші күйге өту процесі. Ескі сапалық күйден жаңа сапалық күйге өту,қарапаймнан күрделіге өту,төменен жоғарыға өту.

Қоғамның саналы мүшесі белгілі бір көзқарастары, қарм-қатынастары бар өзіндік психологиялық қасиеттері бар жан йесі.Осыдан келе жеке тұлға қалыптасады.

Жеке тұлга дегеніміз- адамның қоғамдық сипатын танытып оның өмірі барысында өзіне топтаган әлеументік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.

Жеке тұлға ретінде өсу – бұл

тұлғаның  тұтас әлемге, өзге адамдар мен жеке өзіне деген гуманистік құндылықтарға негізделген көзқарасы мен қарым-қатынасының дамуы

Жоғары медициналық колледж студентінің  тұлға ретіндегі өсу кезеңдері

КОЛЛЕДЖДІК ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУ

Колледжде оқуға бейімделу

Студенттік топқа бейімделу

Жатақханада өмір сүруге бейімделу

Болашақ мамандығына бейімделу

КҮШТІ ЫНТА (МОТИВАЦИЯ) МЕН ЫЖДАҺАТТЫЛЫҚ

Жеке басына лайықты баға беру (өзін өзі қабылдау)

Өзіне тұлға ретінде диагностика жасау

Мақсат қою (білім алу мен өзін-өзі дамытуға байланысты)

Құндылық бағдарларды игеру

Өзіне деген нық сенім (жетістікке жететініне сену)

Өз өміріне деген жауапкершілікті толықтай сезіну

ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ЖАН-ЖАҚТЫЛЫ ДАМУҒА ДЕГЕН МЫҚТЫ ҰМТЫЛЫС

Судент өз алдына нақты мақсат қоя білу.

Өзін жан-жақты дамыту

Жауапты жігерлі болу

КӘСІБИ БІЛІКТІ, ЖАН-ЖАҚТЫЛЫ ДАМЫҒАН ТҰЛҒА

Кәсіби білім алу

Өз мамандығын сүю

Өз мамандығы бойынша жан-жақты даму

Мақсатқа жету

Жоғары медициналық колледж студенттерінің тұлға ретіндегі өсу моделі К. Роджерстің концепциясына негізделген.  Яғни, бұл концепцияны оқу орнындағы тәрбие үдерісінде қолданар болсақ,  студенттің тұлға ретінде қалыптасуы мен өсуі үшін:

Оқытушылар шыншыл , конгруэнтті болуы тиіс, яғни студентпен қарым-қатынас орнатуда оқытушы жасандылықтан аулақ болып, өзінің табиғи шынайы қалпынан айнымағаны жөн;

Оқытушы әр студентті қайталанбас, өзіндік ерекшелігі бар тұлға ретінде қабылдап, әрқашан оң көзқарас танытуы қажет;

Студенттің ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерге түсіністікпен қарап, қажет кездерде студенттің жай-күйін түсіну үшін оқытушы өзін студенттің орнына қоя білгені жөн.

Колледж судентеріне жүргізілген әдістеме :

«Мен қандаймын?» әдістемесі

Мақсаты: суденттердің өзін-өзі бағалауын анықтау үшін қолданылады.

Нұсқау: жауап парағында 10 жеке даралық сапаларды бағалайтын қатарлар берілген, «иә», «жоқ», «білмеймін», «кейде» деген жауаптар көрсетілген.

Бірінші курс  117 “мейіргер ісі”тобының өзін – өзі бағалауын анықтауға арналған әдістемеге 24 студентке жүргіздім. Студенттердің өзін-өзі бағалауларының қорытындысы бойынша: 6студенттің өзін-өзі бағалауы өте жақсы, ал 10студенттің өзін-өзі бағалау көрсеткіші жақсы деңгейде, 6студенттің өзін-өзі бағалауы орташа, ал 2 суденттің көрсеткіші төмен деңгейді көрсетті

«Баспалдақ»әдістемесі

Мақсаты: суденттердің өзін-өзі бағалауын анықтау үшін қолданылады

Нұсқау: 10 сатылы баспалдақ берілген сол баспалдаққа өзіңізді қай жерге орналастырар едіңіз? Өзіңіз таңдаған баспаға О белгісін қойыңыз

1-ші курс суденттерінен 24 судент қатысты. Әдістеменің нәтижесі: 10 суденттің өзін-өзі бағалауы жоғары, 12 суденттің өзін-өзі бағалауы орташа, ал 2суденттің өзін-өзі бағалауы төмен деңгейді көрсетті.

Зерттеу жұмысының қорытындысы

Жұмысымыздың тақырыбы «Тұлға ретінде өзін-өзі бағалау » болғандықтан, біз студенттердің өзін-өзі бағалаумен оқу үлгерімін байланыстыра отырып зерттеу жұмысын жүргіздім. Зерттеу жұмысын жүргізбес бұрын ең алдымен осы тақырып жөнінде мәліметтер жинастырып, теория жүзінде қарастырдық. Студенттердің өзіндік бағасын анықтайтын әдістемелер жинастырып, оларды жүргізе бастадық. Зерттеу жұмысына 1 курс студенттері қатысты. Зерттеу жұмысына жалпы 24 студент, олардың 19 – ы қыз бала,5 – і ұл бала. Студенттердің өзін-өзі бағалауының оқу үлгеріміне әсерін, зерттеуде мына әдістемелерді қолдандық:

Әдістемелер бойынша қортындылай келе өте жақсы деңгейде -20%;

Жоғарғы деңгейде-60%; Орташа деңгейде-15%; Төменгі деңгейде-5% көрсетті.

Зерттеп отырған мәселе бойынша әдебиеттерді сараптай отырып, біз 1 курс студенттердің мұғалімдеріне өзін-өзі бағалауын     қалыптастыру     бойынша     ұсыныстар     ұсынамын:

1) Баға басты мақсат болуы керек – төменгі курс студенттердің оқу-білім қызметін белсендіреді және бағыттайды. Мұғалім студенттің  жұмысына мазмұнды баға беруі тиіс. Оқу-білім үрдісі баға оны үнемі жетелеп отырғанда ғана толыққанды болады, баға оқу-білім     үрдісінің     шегі    болмау    керек.

2) Оқу барысында шамамен қабілеттері бірдей, бірақ оқуға деген ынталарына байланысты әр түрлі нәтижеге жететін  студенттерді салыстырып     отыру     керек.

3) Өзара түйін жазуды пайдалану керек, онда кемшіліктері мен    жетістіктерін  атап  өту  керек,  бағаға  қатысты  пікір  білдіру керек. Түйін жазғаннан кейін жұмыс иесіне қайтарылып беріледі де, студенттер өз жұмыстарын өздері талдайды.

4) Студенттің өзін-өзі бағалауын  белсендіретін жағдаяттар қолдану керек,ол жағдаяттар өз жұмысының ерекшеліктерін түсінетіндей болуы     керек.

5) «Менің оқуым» деген дәптерлер енгізу керек, онда студенттер арнайы үлгі бойынша жазбалар жазады, өздерінің оқу барысындағы жұмыстарын талдайды және бағалайды, материалды меңгеру деңгейін және күрделілігін анықтайды,   қиындық тудырған жақтарын    жазады.

6) Өзін-өзі төмен бағалайтын  студенттерді мадақтап отыру   керек.

Қолданылған әдебиеттер:

Акимова М.К., Козлова В.Т. Индивидуальность учащегося и индивидуальный подход. – М.: Знание, 1992. – (Новое в жизни, науке технике. Сер. «Педагогика и психология»;№3) 80с.

  1. 2. Ананьев Б.Г. «Психология педагогической оценки» // Избранные психологические труды. Том 2. М., Просвещение, 1980.
  2. Ананьев Б.Г. «Человек, как предмет познания». Ленинград, ЛГУ, 1968
  3. Бодалев А.А. Личность и общение. – М.: Педагогика, 1983.
  4. Бернс Р. «Развитие Я- концепции и воспитания». М., Прогресс, 1986.

6.Бодалев А.А. «Восприятие человека человеком». Ленинград, ЛГУ, 1965.  7. Бударный А.А. «Преодолевать неуспеваемость» – Народное образование, 1963, №10.

You May Also Like

Римдегі отбасы құқығы

Римдегі отбасы құқығы. 1. Отбасы құқығы туралы жалпы ережелер. 2. Римдегі неке…

Протез тістің тазалығын қалай сақтау керек?

Егде жандарға салынатын жасанды тіске ерекше күтімнің қажеті шамалы. Ертеректе протез тісті…

Олар бейбітшілікті қорғады, біз оны сақтаймыз! шығарма

Олар бейбітшілікті қорғады , біз оны сақтаймыз! « Ата-бабаларымыз  аңсаған азаттық пен…

Эмпатия орнату тәсілдері

Жоспары: žЭмпатияның дамуы žЭмпатияның деңгейлері žЭмпатияның түрлері žЭмпатияның техникалық аспектілері žЭмпатия( лат. empatheіa ) –…