Туған өлкем 

Бағыты: Гуманитарлық пән бағыты бойынша

Секция:    қазақ тілі

Мазмұны 

Аннотация

Кіріспе   

Зерттеу бөлімі                                                                                          

1.1.Тарих – өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі

1.2. Тың өлкесі

1.3. Диқанның тағдыры

1.4. Өткен мен қазіргі туралы естелік- болашақ үшін

1.5. Естелікке толы жылдар…

1.6. Ер жолдасы – тәуекел

1.7. Мұражай- елдігіміз бен ерлігімізді танытады

1.8. Жаңарған өлкем

Қорытынды

Аннотация 

Бүгінгі  зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Туған өлкем»

Бұл жобаны алуымның негізгі мақсаты: туған ауылымның өткен тарихы мен бүгінгі күні, қалыптасуы мен дамуына  көз жүгіртіп, осы күнге жеткен жетістіктеріне тоқталып, өскелең ұрпаққа туған өлкеміздің  қадір-қасиетін ұғындыру. Тарих, өлкетану саласы туралы білімімді көтеру.

– Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және зерттеу мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Бұл жобаның міндеті: осы жоба жазу барысында  Елбасы  Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып, қазіргі Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылы (бұрынғы Целиноград облысы Жаңадала ауданының)  алғашқы тың игеру кезеңін, тарихын, оқып- білу, іздену, жетік білу,тарихи тұлғалармен кездесу, зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы өлкеміздің өткені мен бүгінгі күнін өз замандастарыма, мектеп оқушыларына насихаттау. Болашақта өз өлкемнің дамуына өз үлесімді қосу.

Зерттеу барысында:  ауылымыздың өлкетану мұражайы, осы ауылдың алғашқы тың игерушілерімен кездесу, ауыл әкімімен сұхбат жүргізу,  аулымыздың шығу тарихын анықтап, осы күнге дейінгі жағдайын зерттеп зерделеу.

Зерттеу нәтижесінде  туған жерімнің тарихы жайлы біраз мағлұматтар жинақтадым. Тасты-Талды ауылының ата тарихы, әріден бастау алатын, қасиетті мекен екенін түсіндіру , ауылымдағы  небір тарихи тұлғалармен кездесіп, талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол екеніне көзімді жеткіздім.  Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдары мен бірен – саранды жазбаларда ғана кездеседі. Ал осы еліміз жайлы сыр шертетін кітаптар жоқтың қасы. Өзі мекен етіп отырған елі мен жері жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Сондықтан осы жоба арқылы туған ауылым жайлы мұражайдан жинақтаған ақпараттармен бөлісуді жөн деп ойладым.

Мәселе: ауылымның тарихын зерттеу арқылы  ауыл қарияларына құрметпен қарау, ол кісілердің еңбегін құрметтеу, насихаттау, еңбек ардагерлерімен жүйелі түрде  кездесу ұйымдастыру, ақпарат құралдарына мақалалар жазу, сонымен қатар көше аттарын сол кісілердің атымен аталуына өз ықпалымды тигізу,осы жоба арқылы тарихи тұлғалар жайлы  мектепішілік, аудан көлемінде  іс-шаралар ұйымдастыру.

Abstract 

The topic of  my research work is «My native land» today. The aim of the work is to link the past and present of our native land, how our country has achieved success and in what way, everything will be clear to our generation. Enrich the knowledge of the generation of local lore and history.

Bring up love for the Motherland, patriotism, loyalty to the Motherland and interest in the profession of a researcher.

Task of the project: according to the program, «Rukhani janguru» of the first President of the country N. Nazarbayev, the history and the period of  virgin  land present Akmola region, Zharkayn district, Tasty-Taldy (previous Tselinograd region, Zharkain district )to acquaint children with historical figures and promote past and today.

During the study: meeting with the first rural virgin lands, interview with the mayor of the village, to explore the history of the village, to explore the life of the village in the present.

As a result of the study, I collected a lot of materials about the history of my native land. I was convinced that the village of Tasty- Taldy has a great history, that the historical figures of his native land live here, my land is a Holy land that brought up talented girls and boys.

Unfortunately, there are a few elders from whom we can hear the history of the village. And there is no literature that would reflect the whole history of my native land.

So, I decided to share with the materials about my native land which I collected thanks to the Museum.

Problem: exploring the history of the village to respect and appreciate the elders of the village, often organize meetings with veterans of labor, print articles in local Newspapers, affect the renaming of the streets of the village by the names of elders, the first virgin lands, organize project activities in the village and district.

Кіріспе

Маған бүгін керек емес ертегі,

                                                                               Ертегіні балам өзі шертеді.

  Тарих керек – іргетасы қазақтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі.

Қадыр Мырза Әлі

Атамекен…  Отан қасиетін білмейтін бақыр пенде жоқ шығар, сірә?!Әркімнің өз туған жері, өскен ауылы өзіне қымбат. Елім деп туған әр азамат өз ауылын қадірлеп, қастерлеп өтсе керек. Дүниеге шыр етіп келген күні кіндік қаны тамған, тал бесікте тербеліп, тынысын алған туған ауылға не жетсін, шіркін!
Адам тағдыры оның туған ауыл тарихымен ажырамастай біртұтас. Олай болса, туып- өскен алтын ұямыздың өткен ғасырдағы тарихына көз жіберіп, ой толғағанды жөн көрдім.

Осы мақсатта туған елімнің, өзімінің ауылымның, жерімнің қадір – қасиетін ұғындыру, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Зерттеу нәтижесінде туған жерімнің тарихы жайлы біраз мағлұматтар жинақтадым. Тасты-Талды ауылының ата тарихы, әріден бастау алатын, қасиетті мекен екенін түсіндіру , ауылымдағы  небір тарихи тұлғалармен кездесіп, талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол екеніне көзімді жеткіздім.  Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдары мен бірен – саранды жазбаларда ғана кездеседі. Ал осы еліміз жайлы сыр шертетін кітаптар жоқтың қасы. Өзі мекен етіп отырған елі мен жері жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Сондықтан туған ауылымның өткен тарихы мен бүгінгі күні, қалыптасуы мен дамуына  көз жүгіртіп, осы күнге жеткен жетістіктеріне тоқталып, өскелең ұрпаққа туған өлкеміздің  қадір-қасиетін ұғындыру. Оқушылардың тарих туралы білімдерін көтеру.

– Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және зерттеу мамандығына деген қызығушылығын арттыру менің негізгі мақсатым.

«Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы – халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық, елжандылық рухқа елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру»- деп айқын жол көрсеткен  Н.Ә.Назарбаев.

«Тарих – өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі» Н. Назарбаев

Менің туған жерім- Ақмола облысы, Жарқайың ауданы , Тасты-Талды ауылы. Менің ауылым аудан орталығынан 60 шақырым жерде,темір жол бойында орналасқан.

Мен өз жобамда ауылымның тарихы туралы жазбақпын, менің ауылым 1957 жылы алғашқы тың игеру кезінде «Градский» астық қабылдау пункті негізінде құрылған. Сонау 50-ші жылдарда Қазақстандағы тың және тыңайған жерді игеру мақсатында Қазақстанның солтүстік аймақтарында тың көтеру мәселесі қолға алынды. Кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен тың көтеруге жастар келе бастады. Жастар Украина, Беларуссия, Ресей жерінен көптеп қоныс аудара бастады. Сосын ішінде «Градский» астық қабылдау пунктіне де қоныстанды . Келген жылы ауылда ешқандай жағдай  болмаған . Сол кезедері  жалынды жастар солтүстіктің бораны мен жауын-шашынына,тіпті байланыстын жоғына  қарамастан  осы ауылда қала берді. Алғашқы жылдары олар палаткалар мен вагондарда тұрды . Алғашқы келген тың игерушілердің 18 –і  ғана өз еріктерімен осы жерде қалған, ол кезде 20 шақты палатка болған .

Сол жылдары тың игерушілер  қыстап шыққан соң, келесі жылы тұрғын үй құрылысы салына  бастады. Алғашқы көше Целинный көшесі деп аталды. 1964 жылы жақсы егін науқаны болған соң, элеватор тұрғызу туралы  шешім қабылданды. Ол  «Градский» астық қабылдау пункті деп аталды .

1969 жылдың сонына қарай құрылыс жұмыстары аяқталды.  100 мың тонна қоймамен элеватордың сыйымдылығы нан сақтаудағы барлық қиындықтарды Е. В Дегтяренко бастан кешірді, олар бірінші күннен бастап осы элеваторда еңбек етті.

Тың өлкесі

1969 жылы  28 мамырда  Қазақ ССР № 1733 УП  бұйрығымен Целиноград облысында Тасты-Талды станциясында Жаңадала ауданы құрылды. Бұл сол уақытта тың игеруге байланысты Цилиноград облысындағы төртінші жаңа аудан еді. Бұл ауданға сегіз совхоз және сегіз ауылдық кеңес кіріктірілді. Жаңадала ауданы сол уақытта ең ірі ауылшарашылық ауданы болды. Жалпы жерінің аумағы 591615 га, соның ішінде егістік 329707 га құрады.

1969 жылы 19 маусымда  Жаңадала ауданы бойынша алғаш бірінші аудандық коммунистік партия конферециясы өткізілді.

1970 жылы 23 қарашада  Қазақ ССР № 2935 VII бұйрығымен Жаңадала ауданы қайта  құрылған Торғай облысына берілді.

1988жылы 2 маусымда Қазақ ССР Жоғары Пезидиумы жарлығымен «Маңғышылақ және Торғай облыстарының жабылуы» сәйкес, Жаңадала ауданы Целиноград облысының құрамына енді.

1990 жылы 17 тамызда № 319  XV Жарлығымен «Торғай облысының қайта құрылуымен» Жаңадала ауданы қайтадан Торғай облысының құрамына енді.

Ауданның бірінші хатшысы болып –Нургалиев Хамит Нургалиевич,  аудандық атқару комитетінің төрағасы: Скориков Петр Миронович, ауылшаруашылық бөлімінің бастығы: Петров Михаил Васильевич тағайындалды.

Диқанның тағдыры

Ауылымызға тың игеру кезінде алғашқы келген Павловец Геннадий Емельянович 1938 жылы 27 сәуірде Беларуссияда дүниеге келген. 1944 жылы мектепті аяқтаған соң, ауылшаруашылық мамандарын дайындайтын техникумға оқуға түседі. Оқу орнын аяқтағаннан кейін, Қазақстанға жұбайы Максимова Зинаида Михайловна мен  Белларусиядан 1957 жылы 22 тамызда  қоныс аударған. Қазақстанға ол кісілермен қоса 10 шақты адам келген. Сол кездегі Ақмола облысынан жұбайы екеуін «Градский» астық қабылдау пункті Тасты –Талды станциясына  жолдамамен жіберілген.  Келген жылдары 18 жұмысшы ғана болған. Егін науқаны аяқталғаннан кейін, қыс түсе жұмысшыларға арнап 4 үй тұрғызылған. Алғашқы қызы осы астық өлкесінде дүниеге келді.

Өмір жолында Павловец Г.Е  ауылымыздың қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосып, электрик, бас энергетик, бас инженер маманы, директор болып 35 жыл еңбек сіңірген . Жұбайы болса байланыс саласында , радиотелефонист, радист,  элеватордың партиялық ұйымын басқарған.     1969 ж. Жаңадала аудандық комитеті аппаратының партиялық АҚАЖ бөлімін басқарды.

Павловец Г.Е  ауылымыздың өркендеуіне қосқан үлесі үшін төмендегідей марапаттарға ие болды: «За доблестный труд в ознаменование  100 летия со дня рождения Ленина» медалімен 1970 жылы; «Знак Почёта» орденімен 1976 жылы; «За трудовую Доблесть» медалімен 1981 жылы; «За эффективную работу в органах народного контроля» медалімен 1982 жылы.; «Ветеран труда» медалдарымен марапатталды.

Өткен мен қазіргі туралы естелік- болашақ үшін

Ауылымызда тың игеру кезінде алғашқы осы ауылда мектепке барған Мухамеджанова Е.А  тұрады. Ол кісінің әкесі 1956 жылы Державинск астық қабылдау пунктінде жұмыс жасаған ,ал 1957 жылы Ленинградтан өз отбасын Тасты-Талды станциясына көшіріп әкелген. Евгения Анатольевна ол кезде 7 жаста еді , алғашқы мектеп табалдырығын осы станциядан аттаған , бірақ ол уақытта мектеп болмаған станцияға мектеп ретінде вагон әкеліп койылған, алғашқы тың игерушілердің балалары сонда оқытылған.  Алғашқы мектепке барлығы 7 бала барған. Алғашқы ұстаз : Попова Анастасия Ефимовна болған. Ол кісінің әкесі- бухалтер , анасы –хатшы болып жұмыс атқарған .Өзі өмір жолында медбике және мұғалім болып жұмыс жасаған. Қазіргі таңда Мухамеджанова Е.А. Тасты-Талды орта мектебінің ардагер ұстазы,зейнеткер.

Тағы бір тарихи тұлға мектебіміздің ардагер ұстазы -Журавлева Т.Г. Татьяна Геннадиевна 1959 жылы алғашқы тың игерушілер: Павловец Г.Е мен Максимова З.И.  отбасында дүниеге келген. Тасты-Талды станциясының алғашқы тұрғыны, зейнеткер- ұстаз.

Естелікке толы жылдар…

Балқожа Оспанұлы.  Державин ауданы Далабай ауылында дүниеге келген. Балалық шағы ҰОС мен тұспа-тұс келген қария , өмір жолын еңбекпен бастады. Соғыстың ауыр жылдарында сол уақыттағы барлық балалар сияқты тылда еңбек етті. 1951 жылы Есіл элеваторында бухалтер, 1960 жылы Киров атындағы университеттің филология факультетін бітіріп, Державин ауданының  ревизоры,  Державин қаласының ауыл шаруашылығы техникасындағы бас бухгалтері,  Державин қаласының аудандық статистика бөлімінің бастығы, Братолюбовка селосының бас бухгалтері, Тасты-Талды селосындағы «Мемлекеттік сақтандырудың» бастығы қызметін атқарған. «1941-1945 жылдардағы ҰОС қажырлы еңбек үшін», соғыстың 50, 60, 65-жылдығы, «Тыл еңбеккері», «Еңбек ардагері», медалдарымен марапатталды.

Винокурова Татьяна Андреевна 30.08.1932  жылы Орынбор облысында дүниеге келген. 1941 жылы соғыс уақытында 1-ші сыныпқа барған. Балалық шағы  соғыс уақытымен тұспа-тұс келген. 1957 жылы  алғашқы тың игерушілер қатарымен Қазақстанға жолдама алып, еңбек жолын Жақсы ауданында есепші болып бастады. 1972 жылы Жаңадала ауданына көшіп келген.Өмірінің саналы ғұмырын еңбекке арнаған Татьяна Андреевна  42 жыл есепші болып  еңбек еткен. Үкіметіміз ол кісінің еңбегін бағалап  «Ветеран труда» медалімен, «За основоений целины» 25 және 50 жылдық медалдарымен  марапатталған.

Ер жолдасы – тәуекел

Ауылымыздың тағы бір тарихи тұлғасы , атақты жүргізуші- Пішенбаев Ақай Дюсембаевич.  Ақай 1938жылы 25 тамызда Баранкөл ауылында дүниеге келген. Ақай әкесінен ерте айырылады. Әкесі майданда қаза болғаннан кейін отбасының барлық  ауыртпалығы өзіне түседі, соғыстан кейін анасы екеуі ауылдың малын бағады. Мектеп оқушысы Ақай тың игерудің алғашқы жылдарында басқа балалар секілді ауыл маңындағы егістікке көмекке келді. Ең алғаш көлік тізгінін ұстаған Ақай  бұл өзінің нағыз сүйікті ісі екенін түсінді. Сол кезде небары он бес жаста еді. Ақай Баранкөл 9-жылдық мектебін  аяқтаған соң , Державин қаласындағы жүргізушілер даярлайтын мектепке оқуға түседі. Кейін жүргізуші болып жұмысқа орналасады. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген Ақай сол жерде газоэлектросварщик мамандығын алып шығады. Елге оралған соң өзінің сүйікті ісімен, өз ұжымына қайта оралады. Жалындаған жас жігіттің ойын сол уақыттағы автопоезд жасау эксперименті  мазалады. Ойын іске асыру жолында Ақай Дюсембаевичке  жұмыс орны   «ЗИЛ-164» екі тіркемелі көлігін сеніп тапсырады. Одан кейін «ЗИЛ-133» үш тіркемелі көлігін , одан соң «Урал-375» төрт тіркемелі көліктерінің тізгінін ұстайды, сөйтіп жүкті 40 тоннаға дейін жеткізді. Ақай ойын іске асыру жолында көп ойланады, сол кезде  ПТС-12 тіркемелерін бір-біріне жалғау үшін күні-түні көлік тұрағында жұмыс жасайды. Ақыры өз дегеніне жетіп, жол жағдайымен, көлігінің қуатын есепке ала отырып, бес  тіркемемен астық қоймасына120 тонна астық әкеледі. Ақайдың бұл тәуекелін барлық ауыл тұрғындары қолдады. Ұзақ та, қиын сапары Ақайдың есінде мәңгі қалды. Алғашқы автопоезд рейсі Ақайдың  өзіне деген сенімділік пен күш-жігерін одан сайын арттырды. Тумасынан қарапайым, салмақты, сабырлы тұлға бұл жолы да өз ісін мінсіз орындады. Жаңадала ауданына жұмысқа келген Ақай Дюсембаевич  «КрАз-256»көлігіне отырады. Ақай Д. аудан совхоздарынан барлығы 16850 тонна астық тасып, сол кездегі республикадағы жоғары көрсекішке ие болды.

Ақай Д. 1995 жылы 57 жасында дүниеден озды. Жолдасы Тиыштық екеуі үш бала тәрбиелеп өсірген.

Мұражай- елдігіміз бен ерлігімізді танытады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша туған өлкеміздің тарихын білу, түсіну, қастерлеу, құрметтеу негізінде Тасты-Талды орта мектебінде  «Өлкетану» мұражайы жұмыс жүргізеді. Мұражайда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қажетті заттар, зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқ секілді ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымынан жинаған заттар бар. Сонымен қатар ауылымыз бен мектебіміздің тарихын суреттейтін альбомдар, фотосуреттер, газеттер мен журналдарға толы. Мектеп мұражайын ұйымдастырушылар: мектебіміздің  тарих және география пәні мұғалімдері оқушылармен тығыз байланыста жүйелі түрде  жұмыс жасайды. Ауылымызда тұратын еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырып, сабақтан тыс уақытта оқушыларды мұражайға шақырып, ауылымызға қатысты альбомдар мен фотосуреттердің тарихы туралы мәліметтер жасайды. Пән мұғалімдері оқушыларды тарих, өлкетану, география сабақтарында мұражайға экскурссия жасап, сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді.

Мұражайымызда география пәні мұғалімі: Дуйсекина А.М. қолдауымен, алғашқы тың игеруші Павловец Г. Е.  кездесу ұйымдастырылды. Ол кісінің соғыс уақытындағы, соғыстан кейінгі, тың игеруге алғашқы боп келуі туралы әсерлі әңгімесінің куәсі болдық. Біз, оқушылар үшін ол- тарих деп есептеймін. Туған өлкеміздің тарихын кез-келген оқушы түсініп, айтылған әңгімелерді жадына сақтаса, болашақта елін, жерін, ауылын сүйетін жастар шығады деген ойдамын. Мектебімізде мұндай кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрса деп ойлаймын. Тамырын тереңге жайған менің ауылымның тарихы осындай. Мектеп оқушыларынан еріктілер тобы құрылса, олар ауыл тарихын жақсы білетін ақсақалдармен кездесіп, әңгімелерін тыңдап өссе деймін. Әлі де тарих қойнауының ашылмаған сырлары мол екеніне сенімдімін. Біз секілді өскелең ұрпақ  ауылымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосқан тарихи тұлғаларды білуі тиіс деп ойлаймын.

12

Жаңарған өлкем

1996-шы жылы ауданымыз жабылып, Жарқайың ауданына қосылды. Ауыл тұрғындары қиын күндерді бастан кешірді, ауылдағы мекемелер жабылып, аудан орталығына көшірілді, халық жаппай көше бастаған кездер де болды. Аудандық аурухана, Аудандық сот, Ішкі істер бөлімі т.б мекемелер жабылуға аз ғана қалды. Нағыз «сусыз, нансыз Тасты-Талдының» кебін кидік. Сол уақытта жан-жақтан халық та келіп қоныстана бастады.

Қазіргі таңда ауылымызда 1150-дей халық тұрады. Оның 57% қазақ ұлты құраса, қалған 43% өзге ұлт өкілдері құрайды. Ауылымыздың тұрғындарының 70 %  жұмыспен қамтамасыз етілген. Ауылда орта мектеп, аурухана, РЭС, Қазақстан теміржолы мен элеватор, жеке қожалық иелерінде   жұмыс көздері ашылған. Сонымен қатар халықтың жағдайын жақсарту мақсатында дәріхана, пошта, монша мен кафе де  бар. Элеватор науқан сайын астық қабылдап отыр. Биыл Арқалық- Тасты-Талды тас жолы да жөнделген.

Ауылымыздың халқы көп ұлтты болғандықтан, барлық атаулы мерекелер аталып өтеді. Ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысады.

Зерттеу барысында ауыл әкімі: Хамзин К.И.  жолығып, сұхбаттастым. Ол кісінің айтуынша жақын уақытта  ауылдағы  ескі ғимараттады жөндеу, ауыл көшелеріне жөндеу жүргізу, көше аттарын қазақша есімдерге ауыстыру сияқты көптеген жоспарларымен бөлісті.

Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Ауылымның тарихын келешек ұрпаққа жеткізіп,ауылымыздағы ұлы тұлғалардың есімін тарихта қалдыру-менің перзенттік парызым деп білемін.

                                                                           Міне , менің аулым – нұр мекенім,

                                                                         Әлдилеп, бесгімді тербеткенің

Сезбеппін – ау сезімнің менде екенін,

Білмеппін – ау , бақыттың сенде екенін.

Би билеуді үйреткен тал – тірегің,

                                                                   Бір өзіңмен сезіндім – дерегін,

                                                          Жер бетінің жұмағы сен екенсің,

                                                             Сенен артық мекенім бар ма менің! 

Еліміз егемендік алып тәуелсіздік салтанат құрған заманда ауыл көркейіп , гүлденеді деп сенемін. Үкіметіміз ауылды көркейтуге, жұмыс орындарын ашуға көптеп көңіл бөліп келеді. Тек ауылым деп атқы мінер азаматтар көп болса екен деп тілеймін. Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Келешекке үлкен сеніммен көз тастасам менің ауылым сәулеті асқан, дәулеті тасыған берекелі құт мекен болады деп сенемін.

Осы ғылыми жобамды жазу барысында өзімнің туған ауылымен тереңірек таныстым.

Менің негізгі мақсатым өзіміз тұрып жатқан өлкенің тарихымен жете танысып, еліміздің тарихына құрметпен қарау. Бұл тұрғыда зерттеген еңбегімде тарих, ана тілі пәндерге деген қызығушылығым артып, оқулықтарды, деректерді пайдалана отырып, іздеуімнің арқасында өзімнің ауылым туралы білімімімді толықтырдым.

Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларымыздың тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жамананан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс. Қазақтың бүкіл ерлігі де, жеңісі мен жеңілісі де, сүйегіне түскен таңба мен маңдайына тұтқан мақтанышы да-  туған өлкесі.

Сондықтан, қорыта келгенде тәуелсіз ел боламыз десең тілің мен тарихынды жадыңнан шығарма, құрметте және қастерлей біл дегім келеді.

Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Ауылымның тарихын келешек ұрпаққа жеткізіп,ауылымыздағы небір ұлы тұлғалардың есімін тарихта қалдыру-менің перзенттік парызым деп білемін.

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп,кірім сенде жуған жер
Жаратылдым топырағыңнан,сен-түбім.
Жалғаны жоқ,бәрі сенен жан-тәнім
, – деп Мағжан Жұмабаев атамыз туған жерін осылай жырласа, мен туған жеріме деген ыстық махабатымды осылай қорытындылағанды жөн көрдім.

Бақыт Гүлзаттың

«Туған өлкем» тақырыбына жазылған ғылыми жобасына пікір

-ғылыми жоба негізінде таңдаған «Туған өлкем» тақырыбы өте ауқымды жоба. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында таңдалған тақырыпты бүгінгі күнге өте өзекті деп санаймын. Жоба барысында оқушы өз алдына мақсат қойып туған ауылының өткені мен бүгінгі күніне өз деңгейінде зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Бұл тұрғыда зерттеген еңбегінде тарих, ана тілі пәндеріне деген қызығушылығы артып, оқулықтарды, деректерді пайдалана отырып, ізденуд ің арқасында өзінің ауылы туралы білімін толықтырған.

Бүгінгі жас ұрпақ  осындай жоба арқылы өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларымыздың тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жамананан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс деп ойлаймын.

Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Ауылының тарихын келешек ұрпаққа жеткізіп,ауылымыздағы  ұлы тұлғалардың есімін тарихта қалдыруды ол өзінің  перзенттік парызы деп біледі.

Жоба барысынды оқушы туған ауылындағы мектепті, мектептегі «Өлкетану» мұражайы, ауыл әкімшілігі, мектеп және ауылдық кітапханалардан, сонымен қатар ауылдың алғашқы тың игерушілерімен кездесіп, үлкен, ауқымды жұмыс жасаған. Ауыл әкімінен сұхбат  алып, ауылды дамыту мен көркейту үшін жасалып жатқан жұмыстар мен болашақтағы жоспарларымен танысып, өз ойын білдірген, ұсынысын айтқан.

Оқушының бойындағы отансүйгіштіктің, патриотизмнің бастауы – өз ауылының тарихы екенін жетік түсінген, өз ауылына жаны ашитын, болашағына алаңдайтын  осындай жобалар көбірек қолға алынса нұр үстіне нұр болар еді.. Бұл оқушы да, жоба да, ауыл жайлы  болашақта үлкен жобаларға  қатысатынына сенімдімін.

You May Also Like

ТҮСТЕРДІҢ АДАМ ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ, ғылыми жоба слайд

Компьютерлік мультфильмнің жасалу жолдары, ғылыми жоба слайд

Қымыз-пайдалы дәрумендер жиынтығы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Қымыз-пайдалы дәрумендер жиынтығы» Орындаған: Афанасьева Анастасия Қымыз –…

Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудегі ерекшеліктері, ғылыми жоба

Жұмыстың  тақырыбы:  «ИРРАЦИОНАЛ ТЕҢДЕУЛЕР МЕН ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ШЕШУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР» МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………….3 1        ИРРАЦИОНАЛ…