«Қазақтың туыстық атаулары»

Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай. Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсете білген. Соның бір дәлелі, қазақта туыстық атауларға көп көңіл бөлген. Мен бүгін осы туыстық атаулар туралы оқып-білгенімді жазғалы отырмын.

Бір атадан тараған ұрпақты үрім бұтақ деп атаған. Ата – баба, ұлы ата, үлкен ата, арғы ата. Ата дегеніміз әкеміздің әкесін айтамыз. Ал әже болса әкеміздің анасы немесе оны басқаша үлкен шеше деп атаған. Ер жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайың жұрты. Өз жұрты – өзінің әкесі жағынан туысқандарды айтамыз. Ал нағашы жұрт деп отырғанымыз анамыздың туысқандары. Сонымен қоса, қайың жұрт деген де бар, ол әйелі жағынан туыстары. Бірақ анамыз болсын, басқа да туыстарымыз болса да, негізінен туыстық атаулар әкеміздің жағынан дұрыс деп есептеледі. Қыздан туған балаларды жиен деп атаған, ұлдан туған баланы немере деп атаған. Жиендерді ренжітуге болмайды. Немереден туатын баланы шөбере деп атаса, шөбереден туған баланы шөпшек, шөпшектен туған баланы немене, одан кейін туажат деп аталып тарай береді. Бір атадан тараған ұрпақты туысқан бауырлар деп атаған. Оларды басқаша аға, іні, әпке, қарындас деп те айтуға болады. Ал нағашы жағынан келген туыстарды нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы әпке дейді.

Әкемен тұратын үйді қара шаңырақ деп атаған. Ол қара шаңыраққа үйдің кенже ұлы ие болып қалады, ата-анасымен бірге тұрып, оларды бағады.

Ұлы Абай атамыз: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаз» дегендей, тәрбие де осылай қаланып ұрпақтан ұрпаққа таралып беріліп отырады.

You May Also Like

Жастар еліміздің болашағы, ертеңі презентация

Бөлме өсімдіктерінің түрлері

Бөлме өсімдігі. Алоэ.   Алоэ- суккулентті ылғалдылықты сақтай алатын арнайы  ұлпасы бар өсімдіктер…

Көпқабатты ғимараттардың түрлері

Көпқабатты  ғимараттардың түрлері Көпқаьатты, көппәтерлі  үйлерді  6 қабаттан жоғары  қылдырып  салады. Көлем-…

Қолдан жасалған гүлдер композициясы

Қажетті заттар: – қағаз майлықтан жасалған гүлдер; – қарапайым шыны қүмыра; –…