ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ  БЕРУ  НЕГІЗІНДЕ, ҚАЗАҚ  ТІЛІ  МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ

«Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да жақсырақ етіп жасауға болады».

Генри Форт

Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген.

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті  пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі шиыршық  қағидатпен берілуі.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығы мен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсіл мен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуін ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдер де пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылым мен айналысуына ықыласын туғызады.Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі біроқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

Оқушы білімін бағалау  жаңа білім беру мазмұнында  бес балдық бағалау емес, критериалды бағалау арқылы бағалануы – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты  айқындалған,  бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға  негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара  байланысына негізделген.Бұл бағалау жүйесінің оқушы үшін ерекше екендігін тәжірибе барысында байқадым.

  • Қалыптастырушы бағалау шынайылыққа бағытталады.
  • Оқушының өз бетімен жұмыс жасап, тұжырым жасауына ықпал етеді.
  • Мұғалім үшін қай оқушының қандай деңгейде екендігін байқауға мүмкіндік береді.
  • Оқушының өзара бір-бірін бағалауын қалыптастырады.
  • Ата-ана өз баласының қай оқу мақсатынан төмендігіне көз жеткізіп , сол бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік жасап отыр.
  • Әр мұғалім қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасау арқылы өздерінің кәсіби бағытта дамуына қол жеткізетіндігі.

Шығармашылық –бұл адам іс-әрекетінің түрі,бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігімен сапалы, дәлелді шешімдер кезінде қабылдай білуге үйренуі керек.Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.мұндай күрделі  мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып табылатын бастауыш мектептің алатын орны ерекше, өйткені бастауыш мектеп:

1.Оқушылардың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамытуға өзінің қызығушылықтарымен бейімділіктерін іске қосуға жағдай жасайды.

2.Жеке адамдық сенімдерін қалыптастыруға жағдай жасайды.

3.Ұжымдық және жеке іс-әрекеттертәсілдеріне үййретеді.

Баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімнің болуына жағдай жасайды.кіші жастағы баланың оқуға, оқу арқылы қабілеттерінің дамуына көп мүмкіндіктер бар.

Ұстаз үшін ең маңызды мақсат-әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу.Оны жүзеге асырудың бір жолы –оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып келген, оқушылардың білім сапасын көтеруге жағдай жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға,  сабақ уақытын ұтымды пайдалануға,  оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – эссені қолдана білу. Өз пәнімде эссені жиі қолданымын, оқушылардың өзіндік шығармашылық ойлау және сол ойды жазбаша бере білу дағдылары дамиды.Эссе -жеке көзқарасты білдіретін шағын көлемдегі, еркінкомпозициялық прозалық шығарма.  Эссе жазудың нақты мақсаты: Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;

Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;

Оқырмандарды ақпараттандыру;

Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;

Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;

Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;

Іс-әрекетке түрткі болу.

Эссе жаза отырып оқушылар  басқа адамның көзқарасын білу, іскерлік қарым-қатынас жасау, қоғамдық ойға пікір білдіру, өз жаңалығын жүзеге асыра, табысқа қол жеткізе алады. Қазіргі кезде эссе жазуға оқушылар төселіп келеді. Оның нәтижесін де көріп отырмыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне арналған облыстық «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты сайыста 7- сынып оқушысы Әділхан Жұпар бас жүлде иеленгенін атап көрсетуге болады.

Мен  жаңа сабақты  проблемалық ой тудыра отырып хабарлаймын, оқушы жаңа сабаққа ерте еніп, ұмтылып жауап іздейді, талпынады, қызығушылығы артады.Үнемі сұрақ  қою жүйесімен жұмыс жасау білімді меңгерту барысында оқушы деңгейін шығармашылық сатыға көтереді.Бұл – сабағыма жан бітіріп, шығармашылық серпіліс тудырды.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін қосымша әдебиеттерді шығармашылығы дамитындай етіп пайдаланып отырдым.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарымды мынадай жолдармен өткіземін:

1.Сабақта АКТ-ны тиімді  пайдалану;

2.Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, кестелер мен сызбаларды пайдалану;

4.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда мынадай нәтижеге жеттім:
1.Өз бетімен оқуға,жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады. Жаңартылған  білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Қазіргі күні оқу процесінде «ең бірінші тыңдаймыз»   деп оқушылардың тыңдалымға  дағдылануына баса назар аударып отыру  оқушыда өз бетімен тыңдауға назар аудару дағдысын қалыптастыруда. Күнделікті  сабақ басталмас бұрын бүгінгі сабақтың  мақсатын таныстыру  оқушыда өз алдына мақсат қоя білуге, сабақ соңында бүгінге мақсатқа қол жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз нәтижесіне  саралау жасауға мүмкіндік беру бұл да жаңа білім беру мазмұнының  жаңа бір қыры деп айта аламын..

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың оқу  сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.

Шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың  міндеті. Сондықтан  заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей,  мақсатқа сай,нәтиже аламыз деп сенемін.

You May Also Like

Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері, мақала

Қазақ мысының Қарашаңырағы -Қарсақбай, мақала

Математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі, мақала

Есепті тек түсініп қою жеткіліксіз, оны шығарам деген талап-тілек те болу қажет.…

Жастар жылы – Жас ұстаз, мақала