Бөлме өсімдігі. Алоэ.  

Алоэ- суккулентті ылғалдылықты сақтай алатын арнайы  ұлпасы бар өсімдіктер тобына жататын гүл.Шыққан жері Оңтүсік Африка аймағы болып саналады.Алоэ сөзі араб тілінен шыққан.Мағынасы «ащы» деген сөзді білдіреді.Сондай –ақ,емдік қасиетіне байланысты «Үй гүлдерінің королі» деген де балама атқа ие. Алоэнің етіп,семсер тәріздес жасыл,жалпақ әрі жуан жапырақтары бар.Жапырақтары гүл бойында су қорып сақтауға үлкен маңызға ие.

Алоэ дарақ (тал ) тәрізді өсімдік болғандықтан,өсу барысында жан-жағына өркен жаяды.Сол себепті де үлкен әрі биік болып өсуі ықтимал.Ол өзінің жасыл көйлегімен ғана емес,шипалық қасиеттерімен де қуантатын болады.Алоэ өте қарапайым,оның ылғал мен жарық жеткілікті болуы қажет.Оның көбеюі де қиындық тудырмайды,ұрықпен  де бұталармен де, сабақтармен де,тіпті жапырағымен де өніп кете алады.Алоэ жараларды емдеп,ұйқыны тыныштандырады. Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп,бактерияға қарсы күресе алады.Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып,оттегіні шығара алады. Сондықтан да оны ұйықтайтын немесе адам көп жүретін бөлмеге қойған жөн.Күйік шалғанда, іріңді жаралар пайда болғанда алоэны  қойып дәкемен таңып тастау керек және әр екі сағат сайын ауыстырып тұру керек.

Алоэ-адамдар дәрілік мақсатта қолдана бастаған алғашқы өсімдік. Күнделікті көріп жүрген алоэның осындай пайдалы қасиеттері бар екенін бірі білсе,бірі біле бермейді.Алоэ гүлінің пайдасы өте көп екен. Алоэ өмірдің бесінші немесе алтыншы жылдарында ғана гүлдейді. Бөлмеде алоэ сирек кездеседі,тек қысқы айларда. Ол мол суаруды жақсы көреді,бірақ табаға қалмауы керек. Гүл жақсы суланған тамырлармен жақсы таралады.

Бөлме өсімдігі.Фикус.   

Өсімдік өмір кепілі деген қағиданы ұстанамын.Фикус-кең таралған және гүл өсірушілердің сүйікті гүлдерінің бірі.Оның себебі әдемілігінде және күтімінің жеңілдігінде.Фикстың түрлері үй жағдайында фикустың көптеген түрі өсіріледі.

Жарық-Фикусты жарық жақсы түсетін жерге орналастыру керек.Қысты күндері фикустарға қосымша жарық қажет.Суық кездері фикустың жапырақтары түсе бастаса,оның басты себебі-жарық жетіспеуі. Фикус-жылуды сүйетін өсімдік.Ол үшін жайлы температура жазда 25-30 с құраса,қыста 16-20 с тең.Фикуста жел соқпағаны және топырағының салқындап кетпегені жөн.

Суару-дұрыс суару фикус күтудегі маңызды шарттардың бірі. Жазда фикусты молырақ,ал қыста орташа суару қажет.Фикустың топырағы суару арасында құрғауы керек.

Ауа ылғалдығы.Фикус жоғары ауа ылғалдығын жақсы көреді.Фикустың көпшілігі жапыағы үлкен болғандықтан,шаң жинағыш болады.Соның себебінен,ол дұрыс қоректене алмайды және әдемі көрінбейді.

Көбейту.Фикус сабақ арқылы жеңіл көбейе алады. Фикустар өте тез өседі, сондықтан олар жыл сайын қайта отырғызу қажет.Үйде фикустың көбеюі.Өсімдіктін бірнеше әдісі бар:

. кесу

. тұқым себу

.ауа және көлденең қабаттау. Фикус жапырағы қоңыр дақтар гүлдің су астында қалғанын көрсетеді. Бұл гүл оң әсер етеді. Гүлге су құйып,жапырағын сүртіп,су бүркегішпен су шашып,топырағын қопсытып,тыңайтқыш сеуіп тұру керек. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар.Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Қауызын ашқан әсем гүлдің барлығы денсаулыққа пайдалы емес. Сіздердердің де өмірлеріңіз гүлдей жайнап құлпыра берсін.

You May Also Like

Балдыркөк сабағынан жасалған салат

Қажетті өнімдер: – 300 г балдыркөк сабағы; – 300 г қияр; –…

Тығыздықты анықтау, физика пәнінен ашық сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.15 тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану…

Легирлеу процесін ұйымдастыру және жүруі, дәріс

№ 13 дәріс. Легирлеу процесін ұйымдастыру және жүруі Механикалық легирлеу негізінде қайталанатын…

Спутник топтық өлшеу қондырғысы

«СПУТНИК ТОПТЫҚ ӨЛШЕУ ҚОНДЫРҒЫСЫ» Соңғы уақытта шығарылатын топтық өлшеуіш құралдар «Спутник» газ…