Эссе

Тәуелсіздік -мәңгілік елдің тұғыры! 

Атырып Тәуелсіздік ақ таңдарын,

Мен бүгін қазағыммен мақтанамын!

Кей елдің 100 жылда алған белестерін,

Біздің ел 20ақ жылда аттағанын.

Көркіне таңқаламын Астанамның!

Сарыарқа төріндегі бас қаламның.

Көңілімді қуаныш пен шаттық кернеп,

Қазақ боп туғаныма мақтанамын!

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді.. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.

Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген,өзім тұратын қаламдағы, Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық. Бұл үлкен жетістік!

Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз!

Тәуелсіздіктің ең басты жемісі – еркіндік. Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде бүгін Астанадай алып шаһарымыз бой көтеріп әлемдік аренадан көрінсе, кешегі ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 7-қысқы Азия ойындары, ЭКСПО-17 көрмесі тәуелсіздігіміздің тамаша жетістіктері емес пе? Қазақ тарихында жорықсыз өткен күн бар ма? Кешегі қазақ хандығы болып құрылғаннан бастап, егемендікке жеткенге дейін қуаныш пен жоқшылықты, мұқтаждық пен жақсылықты бірдей көрсе де, қайсарлығымен мойымай, көп бейнетті көрген қазағым емес пе?! Қазақ халқы «Бейнет түбі – зейнет» деген қағида сөзді естен шығармай бүгін тәуелсіздікке қол жеткізді.

Қазақстан жетістіктеріне тоқтала кетсем:

1991 жыл:

– 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

– 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.

– 2-қазанда Байқоңырдан «Союз-ТМ-13» кемесімен ғарышқа қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ұшты.

– 29-тамызда ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.

1994 жыл:

– Талғат Мұсабаев «Союз ТМ6» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.

– Наурыз айында ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

– ҚР парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» заң жобасын қабылдады.

1995 жыл:

– ЮНЕСКО шешімі бойынша ақыл-ойдың данышпаны қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы атап өтілді.

– 1-наурызда Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты.

– 30-тамызда еліміздің Ата Заңы жаңа Конституция қабылданды.

1996 жыл:

-25 мамырда Қазақстан Республикасы және Рессей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.

– ұлы ақын,жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жылы деп аталып өтті.

1997 жыл:

– Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы болып саналды.

10-желтоқсан Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.

– ҚР «Тіл туралы» заңы қабылданды.

– Білім заңы қабылданды.

– 11-желтоқсан Қазақстан халқына «Қазақстан 20-30» жолдауы қабылданды.

2002 жыл:

– Елімізде денсаулық жылы болып жарияланды

– «Астана-Бәйтерек» монументі салынды.

– Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит өткізілді.

– Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.

2016 жыл:

– Тәуелсіздікке 25 жыл толды.

– Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл

– Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы аталып өтті

– Қазақстандықтар олимпиадада барлығы 17 медаль (3 алтын,5 күміс,9 қола) алып, ел спорты тарихында жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.Қазақстан спортшыларының мәртебесі өсті. 

4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес болып келеді.

Біз қастерлі Тәуелсіздіктің отыз жылдығына қадам басамыз. Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі. Сондықтан, мен келесі жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияладым. Өткен әрбір он жылдық атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр.   Алғашқы он жылдық егемен Қазақстанның өз дербестігін қалыптастыру кезеңі болды. Екінші он жылдықта еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітті.  Үшінші он жылдықта мемлекетіміз шын мәнінде кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озды, – деді.мемлекет басшысы президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев мырза.

Тәуелсіздік – кез келген халықтың ең үлкен құндылығы. Өйткені тәуелсіздік жоқ жерде еркін даму мүмкін емес деп ойлаймын. Бүгінде әлемге ықпал жүргізіп отырған озық елдер осы дәрежеге тәуелсіздіктің арқасында жеткені белгілі. Сондықтан Тәуелсіздікті қадірлеу, оны бағалай білу, сақтай білу – баршамыздың басты парызымыз деп білген жөн.

Менің ойымша адам, тұтастай алғанда, ұлт өз бақытының ең биігін Тәуелсіздігінен көреді. Өзінің еркін ел, тәуелсіз мемлекет екенін сол арқылы дәлелдейді. Осыған жеткен біз, әрине бақыттымыз. Бақытты елдің ұланымыз Жандүниеміздегі жаңғырып жатқан жасампаздықтың рухани қуатымен өркениетті өмірге бет алып бара жатырмыз. Ең басты мұраты – Тәуелсіздікке жеткен елдің ең басты сенімі – ертеңі. Өмірде болып жататын қат-қабат, қилы-қилы табиғи құбылыстардың қай-қайсысында да сол сенім арқылы абыроймен алға баса береміз, ол үшін біз келер ұрпақ мықты білім алуымыз керек.

Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз дей келе мына өлең жолдарымен шығармамды аяқтаймын.

Семейім-ұлылырдың мекені ғой,

Атағы шартарапқа жетеді ғой.

Атақты Абай, Мұқтар, Шәкәрімдер,

Болашаққа аңыз болып кетеді ғой.

«Невада-Семей» болып аттанғанбыз

Полигонды жауып тастап шаттанғанбыз.

Рухани Астанамыз-Семей деген,

Елбасының сөзін естіп мақтанғанбыз!

Таланттан ешқашан да тарықпаған,

Бибігүл бұлбұл болып қалықтаған.

Мәдениет Болат пенен Жәнібектер

Ешқашан ән салудан жалықпаған.

Сыйластық тыныштық бар мекененімде

Өзіңді жырға қосып өтемін де.

130 ұлт тату тәтті өмір сүрген

Ешбір ел біздің елге жетедіме?!

Тәуелсіз  елдің менде бір ұланымын.

Жүрегімнен азырақ жыр  арнадым.

118 жылдық тарихы бар колледжде

Бақыттымын бүгінде білім алған.

You May Also Like

Картины зимы, эссе

Эссе. Картины зимы. Чем пахнет зима? Чудом! Ведь в ней все сказочно……

Адамның 3 жақсы 3 жаман қасиеті эссе

Адамның 3 жақсы 3 жаман қасиеті Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа…

Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз. эссе

Адам  бойына  біткен  сараңдық, өзгені қойып, дүние-байлығын өзіне қимай құл етеді. Қазақтың…

Махамбет өлеңдеріндегі көңіл-күй танытатын жолдар, эссе

Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі»)…