Адамның 3 жақсы 3 жаман қасиеті

Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Адамның ең жақсы үш қасиеті-имандылық, мейірімділік және ар-ұяттылық.

Себебі, имандылық адамды жақсы жолға жетелейді яғни, адам өз иманы арқылы Алланың алдындағы парызын орындай алады.Ал иманы жоқтан жамандықтан басқа  ештеңе күтуге болмайды.

Мейірімділік-адамды жаман ойлардан тазалап, жүрегіне мейірім мен қайырымдылық сыйлайды. Егер сен айналаңдағыларға мейіріммен қарасаң, олардың да жүрегіне жылу ұялап, ашушаң адамның көңілін басады. Мейірім бар жерде қайырымдылық, сыйластық  та қатар жүреді. Біреуге қайырымдылық жасасаң саған сауап жазылады және жақсылығың адамнан қайтады, адамнан қайтпаса Алла саған мол нәсіп беріп, жақсылығыңды екі есе қайтарады.

Ар-ұят – адамның жеке құндылығы десек те болады. Себебі, ар-ұждан адам  бойындағы жақсы қасиет ретінде бағаланады. Ұяты бар адам жамандыққа бармайды. Байырғы аталарымыз баласын жаман әдептен аулақ болу үшін «ұят болады» деген ырымдармен тәрбиелеген. Сондықтан ұят қазақ үшін ең қадірлі қасиет болған.

Адам өзінің өсекшілдігімен, жалқаулығымен, надандығымен өзінің бойына барлық жаман қасиеттерді жинайды.

Өсек айту және сөз тасу-адамды иманынан айырады. Өтірік сөз адамды тозаққа бір табан жақындатады. Біреуді айбаттау, жамандау, өсектеу – арсыздықтың белгісі.

Жалқаулық-адамды ештеңеге де қол жеткізбейді. Себебі,адам жата берсе оған ақшаны ешкім бермейді. Қазіргі заман-ақшамен шешілетін заман. Сондықтан адам өзі үшін не отбасы үшін аянбай тер төгу керек. Егер еңбек етпесең ештеңеге қол жеткізбей, ел қатарлы өмір сүре алмайсың.

Надан адам-қараңғыда өмір сүргенмен тең. Себебі, әріп танымасаң, сөйлеп жаза білмесең, хайуаннан еш артықшылығың болмайды. Жас ұрпақтың қазақша дұрыс жаза білуі, оқи алуы қазіргі кезде басты мәселелерге айналып бара жатыр. Бұл баланың сабаққа деген еш ұмтылысы жоқтығынан. Бірақ, кейіннен бұл болашаққа әсер етуі мүмкін.

Қорытындылай келе, адам тек жақсы тұлға болып өсуге ұмтылуы тиіс. Сонда ғана сен өз болашағыңды жарқын елестете аласың. Қазіргі уақыттан бастап жақсы қасиеттерге ұмтылуға тырыс, мейірімді, иманды, арлы бол. Бұл қасиеттермен сен жақсы адам бола аласың.

You May Also Like

Алико Данготе, эссе

Эссе. Алико Данготе өте қарапайым саудагердің отбасында дүниеге келген. Оны бірі білер…

Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік, эссе

«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» Тәуелсіздік! «Тәуелсіздік» дегенде әр адамның бойын мақтаныш кернейді. Тәуелсіздік…

My motherland, my Kazakhstan!!! эссе

Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазу, эссе

Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз! ХІХ ғасырда қазақ әдебиеті мен…