«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік»

Тәуелсіздік! «Тәуелсіздік» дегенде әр адамның бойын мақтаныш кернейді. Тәуелсіздік ел болғанымызға міне 30 жыл болды. Азаппен келген азаттық, тәуекелмен келген тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейлі мерекесі Қазақстандықтар үшін аса құнды, әрі маңызды тарихи оқиғаның бірегейі. Тарихи маңызы зор мерей тойларды ерекше атап өтудің де мәні терең. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз тәуелсіздікті армандады. Міне, сол ата-бабаларымыздың аяулы мұратына 20 ғасырдың соңына қарай қолымыз жетті десек болады. 30-жыл тарих үшін қас-қағымдай ғана уақыт болғанымен, тәуелсіз Қазақ елі үшін ғасырдың жүгін аралаған кезең болды. Сол 30 жыл ішінде бұрын соңды көз көріп,  құлақ естімеген жетістіктерге жеттік. Тарихтың таңғажайып сыйы-Тәуелсіздікті баянды етуді басты мақсат санаған қазақстандықтардың еңбегінің, маңдай терінің арқасында ерен қиындық еңсерілді. 1991жылы Қазақстан егеменді ел болды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш ата заңы қабылданды. 2006 жылы мемлекетіміздің жаңа әнұраны қабылданды. Сонымен қатар Қазақстан бірнеше елдермен ынтымақтастық орнатып,саяси қарым-қатынасын жақсартты. Еліміздің ұйымшылдығы мен бірлігінің арқасында біз үлкен жетістіктерге жеттік. Өз жолымызды спортта да таптық. Қазақстанның атын шығарып жүрген керемет спортшыларымыз бар. Сонымен қатар білім сапасы жақсарып, елімізден дарынды жастар көбейді. Мәдениет, өнер жағынан да небір талантты жандар баршылық. Мен өзімді бақыттымын деп санаймын, себебі қасымда отбасым бар, тату елде, мейірімді адамдармен өмір сүремін. Міне, әр жыл сайын біз көптеген жетістіктерге жетіп отырамыз. Мен өз еліммен мақтанамын. Өз еліме, өз жеріме қызмет ету үшін мен әрдайым бар күш жігерімді саламын. Біздің маңдайымызға Тәуелсіз елдің азаматы болу жазылыпты. Әлбетте, бұл үлкен бақыт ғана емес, зор жауапкершілік. Сол жауапкершілікті мен сезінемін.

You May Also Like

Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкерлердің мінезін сомдаудағы ерекшеліктерін талдап жазыңыз, эссе

Әбдіжәміл Нұрпейісов Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі…

Мінез туралы жалпы түсінік, эссе

ЭССЕ Мінез туралы жалпы түсінік Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай…

Жас астроном эссе

Жас астроном Әлемнің   құрлысы жайындағы алғашқы түсінік. Ертедегі әлемнің құрлысы жөніндегі түсінік…

Мұғалым мектептің жүрегі, эссе

Мұғалым мектептің жүрегі Мектептың жүрегі мүғалым бұл сөз біз үшін ашиын бір…