Эссе.

«Қыс көрінісі» 

Таиғаттың әрбір мезгілі мен үшін ерекше көрініс. Сол мезгілдердің ішінде маған қатты ұнайтыны қыс мезгілі. Қыс өзінің кіршіксіз аппақ қарымен, сықырлаған аязымен ерекше көрініс беріп тұрады. Қыс мезгілін әрбір адам асыға күтеді де ойлаймын.

Мен өзім Манадыр ауылында тұрамын. Мен біздің ауылға қыс түскен кезде ауылдың аппақ қар жамылған көрінісін тамашалап отырғанды жақсы көремін. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Біздің ауылда бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Достарымызбен дала жазығында сырғанақ, аққала жасайтын қызықты кездерде есте қаларлықтай сәттер естен кетпейді. Негізінде қыстың қаһарлы мінезін ұлы ақын Абай Құнанбай ұлыда өлеңмен сипаттап жеткізді.

Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды

Үсті басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

деп осылай өлеңмен жеткізген.

Өткен ғасырда өмір сүрген бабамыз қыс мезгілін халықтың тұрмыс-тіршілігімен тұтастыра суреттеді.

Ит жегенше Қандыбай-Қанай жесін,

Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

Қыс қатты болса, тебіндеп жайылатын жылқыға қиын. Қыс қатты болса жұт болады. Абай айтқан Қондыбай, Қанай кедей рулар, қыста ит-құсқа жем қылғанша әлсіз адамдарға қарайлас деп-тұр. Бұл қыс мезгіліндегі малдың жайын ойлау-тұрмыстық жағдай. Қазіргі кезде де мал баққан шаруа үшін, қыстың жайлылығы өте құнды. Мен-ауыл баласымын.

Жазда желілеп жылқы байлап, құрт, ірімшік, майды өзіміз жасаймыз. Бұл-үлкен еңбек.

Ата-анамыз жаздың ыстығына күйіп, қыстың суығына тоңып біз үшін еңбектеніп жатыр. Бұл ойдың бәрі Абайдың «Қыс» өлеңіндегі ойдан өрбіп жатыр. Сарыарқа өңірінің қысы қатал, жазы аптап.

Мағжан ақын айтпақшы:

Қысы-ақ кебін, жазы-сары,

Сарыарқа деген елім бар.

Неге екенін білмеймін.

Сол Арқамды сүйемін-деген екен.

Мен де өз Арқамды, Жаңаарқамды қысы қатал, жазы аптап болса да сүйемін.

You May Also Like

Мұқағали Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім? эссе

Мұқағали Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім? Мұқағали поэзиясы – ұлттық сананы…

Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуге қолданған ақының көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз. эссе

Балуан Шолақтың өмірінде үлкен орын алатын адамның бірі Ғалия. Өткені, Балуан Шолақтың…

М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма? эссе

«Бақытсыз Жамал» романы – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш рет роман жанрында анықтама алған…

The benefits and harms of the internet, эссе

The benefits and harms of the internet The internet is one of…