Мұқағали Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?

Мұқағали поэзиясы – ұлттық сананы сілкіп оятатын қуатты дәру, жан–жүйеңе ізгілік нұрын шашатын энергия көзі. Құт-береке құюшы құндылық. Оны қара өлеңнің қарымы, мол мүмкіндігі арқылы танытып отырады. Қара өлең – Мұқағали үшін — қазына кені. Ананың ақ сүті, әкенің жасындай жарқылдаған жігері, қайрат -күші.

Мұқағали өлең әлемінде үңіле қарасақ бірде сезім сергелдеңіне түседі, шөл қысып құрдымға ұрынады, дерттенеді, кектенеді, тоқсан толғатып, адам деген — патшаның рухани азығын жасап, өлең перзентін дүниеге әкеледі .

Бір сом соғылған тұлға — “Дариға жүректегі” — Дариға. Алдымен Дариға айтулы сұлу, өр әрі тәкаппар жан. Шығарманың лейтмотивінде алынған “Аққудай еді көлдегі, Сұңқардай еді жердегі” халықтық өлеңнің қос жолы оның тікелей анықтамасы, өлеңдегі баламасы іспетті. Өте дәл әрі орнымен қолданылған теңеу. Дариғаның ажар -көркін, бітім -болмысын ақын:

Жолбарыс бақай білегі,

Құлан жон жанның бірі еді.

…Қос уыс бұрым арқада,

Қос жылан болып жүреді.

Егіз шың тұрған кеудеде,

Еңістің жатыр сілемі.

Қос жанар бірден жалт етсе,

Жарқ ете шыққан күн еді, — деп суреттеуі елден ерек, өз құралыптастарынан оқ бойы оқшаулығын танытарлық сипаттар. Дариға — сезімнің адамы. Дәлірек айтқанда, өзегі өртті, кеудесі дертті, жар қызығын қызықтамай жатып майданға аттандырған. Яғни базарлы да бақытты шағы басталмай жатып сөнген. Қызығы таусылмай, қызуы басылмай жесірлікке ұрынып қаралы шәлі жамылып, ауыр тұрмыстың қамытын киген. Сондықтан жалғыз-жарым қалғанда, мұңдас тапқанда ақтарар сыры, айтылар жыры, шер-шемені қисапсыз. Іштегі запыранын шығарғанда халықтың әнін жарына арнап “Аққудай еді көлдегі, сұңқардай еді жердегіні” сазына келтіре салатын. Бірте-бірте осы ән оның есіміне телініп, бүркеншік атына айналады. Оған тағы бір себеп санаттан жары келмеуі, ақ некесі соғыстан оралмауы. Төзуде-ақ төзіп, тосудай-ақ тосқан, амал қанша хат та, хабар да ұшты-күйлі жоқ. Күні бойы ауыр тіршілік илеуімен ешнәрсені елемейтін Дариға түн түсісімен әйелдігін сезініп, әдемі әніне басатын. Алдында ол сағыныш сазы боп көтеріліп, кейіндей келе күйікті дерт боп түнгі ауаны жаратын, атырапты аралап әркімге әрнені ойға оралтатын. Кішіні таңырқатып, кәрі-құртаңды тамсантып, жесірлерді шөлдетіп, жетім — жесірлердердің көз -жасын төккізіп егілтетін. Дариға сөйтіп тауға да, тасқа да, кең жайлауға да, айға да сырын ашып, мұңын шағумен жүрді. Бірақ кең дүние, кемел өмір селт етіп сезінбеді, елп етіп елірмеді. Мұңдыны мүсіркеп, көз жасын көрмеді. Жанына батты. Емін іздеді. Ол дертіне дауа табады. Ол “Жалған“ бөлімінің үлесінде. Екі ауыз диалог, шағын эпизодта өсек айтып отырған әйелдердің әңгімесі арқылы қыруар мәліметтер алдыға жайып салынады. Өрттей қаулаған өсек тегін болмапты, ары қарайғы желі — аузынан сүті арылмаған, жан- дүниесі ластанбаған “тентегінің “ сұмдықтың үстінен түсуімен, жеңгесінің құмарпаздық құрты құшағында жатқанын көзімен көруімен нақтыланады. Періште көңілі шошынып Дариға жеңгесі- жексұрындықтың бейнесіне енеді. Жеңгесімен бірге оның әні, сәні, күллі қоршаған орта — тау, өзен, арша, құсы мен жәндігі түгел ластыққа бөленіп, дүние біткен былғанышқа оранады. Сұлулықтың жалғандығы, тірліктің алдампаздығы аяндалған. Поэзия пәрмені елітіп, Дариға тағдырына елеңдей отырып, “Намыс пен муза “ бөліміне ден қоямыз. Дариға ар-намыс құрбандығы болып, өсек-аяңға шыдамай өз өмірін өзі қиған. Осының бәрін басы -қасында жүріп, сырласы мен мұңдасындай халдегі “тентегі” ой -санасына түйеді, көкірегіне тоқиды. Нәтижеде жан дүниесіне өлшеусіз өзгеріс енеді, жеті балдық сілкініс тұрады. Көзімен көргендері мен көңіліне түйгендерін ащы запырандай сыртқа шығаратын, зұлмат жылдардың зұлымдығын жеткізетін, жесірлер мен жетімдердің көз жасының өтеуін өлеңмен толтыратын, жоқшысы, іздеушісі боп шығады.

Дариға — трагедиялық әрі типтік образ. Оны трагедияға ұрындырған — қанқұйлы соғыс. “Аузы асқа тигенде мұрны қанады” дегендей, он екіде бір гүлі жаңа ашылғанда, жан жарынан айырылды, ауыр тұрмыстың тозақ отында өртеніп, қара қазанында қайнады. Қайғы құшақтап, қасіретке бауыр басады. Жалқындай жас өмір ләззатын татып, ер — азаматпен ойнап күлгісі келді, жастық ғұмырының жоқшысы — серігін іздеді, жар құшағын аңсады. Жанған жүрек, өртенген тәнге су сепкенде, өсек — аяңға таңылды. Қаңқу сөз, күндестік күңкіл жанын жеді, жан жарасын ұлғайтты. Ол аз болғандай бойына бала бітті. Бұл ұятын ұлғайтып, абыройын мүлде кетірді. Өзі паң, өзі асқақ, өр тұлғаны бұның бәрі жасытты. Жай оты жанына түсіп, тұла бойын күйік шалды. Күйкі тірлік , күлдібалам өмір аждаһа боп шағып, ажал боп торыды. Сондықтан өлімнен ұят күшті, өзіне — өзі өкім шығарып, жартастан ұшып, өмірін қиды. Дариға жүздеген, мыңдаған жас арулардың, өнбей жатып сөнген өртеңдердің, өксік жұтып өмірі өшкендердің, қартаймай–ақ шаштары аппақ қудай ағарып, жастығы жайрап жазым болғандардың прототиві .
Мұқағали мұрасы – ұлттың қоймаға қосылған асыл қазыналардың көмбесі. Ол өзінің қысқа ғұмырында әдебиет игілігіне қомақты дүние жасап кетті. Халқынан алды, халқына бере де білді. Ендігі жерде ақынның “сыр сандығын” ақтарып өсу мен өркендеудің ұлағатты үрдісіне сай пайдалану міндеті еншімізге тиіп отыр. Мұқағали мұрасына біршама баға берілді десек те әлі жеткіліксіз. Алдымызда Мұқағалитануды қалыптастыру міндеті тұр. Жоғары деңгейде ғылыми тұрғыда зерттеп, зерделеуге мүмкіндік ашылды. Кемімізді толтырып, төрт құбыламызды түгендеуге қазір жағдайымыз жетеді. Мұқағалиды дәріптеу қазақ әдебиетін, күллі қазақ өнерін, ұлттық құндылықтарымызды санада сақтау, қадіріне жетудің бір үлгісі болма

You May Also Like

Great poet-Abai Kunanbauev, эссе

Great poet-Abai Kunanbauev The great poet Abai kunanbayev was born in 1845…

Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы адамдар арасындағы тартыстың әлеуметтік тартысқа ұласуын дәлелдеп жазыңыз, эссе

Азамат соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру және ауылды ұжымдастыру дәуірінің шындығын…

Қарттар – елдің данасы эссе

Қарттар – елдің данасы Қартымыз бар еліміздің данасы, Айтқан сөзі біздер үшін…

Менің әкем ең жақсы адам, эссе

Менің әкем ең жақсы адам Қуан сен, қуана бер әкетайым, Мен сенің …