ЭССЕ

Мінез туралы жалпы түсінік

Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.  Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бəрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мəндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда даудамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, түрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы əр адамның ойлау, сезiм, ниет, əрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жанжақты қамтыған қоғамдық шарттар мен əлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы əртүрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға тəуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен бiрге тұлғаның отбасындағы абройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгерiске түседi. Жоғары деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мəндi де ұнамды бiтiстерiнiң қалыптасуына оң əсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дəреже, деңгейiн арттыра түседi. Мiнез ерекшелiктерi адам қызығуларымен тығыз байланысты, бiрақ оның бұл қызығулары мəндi əрi тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар үстiрт, тұрақсыз болған жағдайда, дербестiгiнiң кемдiгi мен тиянақтылығы болмағанынан жеке адам елiктегiш келедi. Қызығулар ұқсастығы мiнез теңдiгiн аңдатпайды. Мысалы, өнертапқыштар арасында көңiлдi не мұңды, кiшiпейiл не өзiмшiл тұлғаларды айыруға болады

Мінез –әр адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы.Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.Ол көп қасиеттердің бірлігі,түрлі ерекшеліктердің қосындысы,жеке тұлғаны әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез – өте кең мағыналы ұғым . Онда түрлі сапалар тоғысып жатады . Мінездің моральдық жағынан тәрбиелігі , бірқалыптылығы , толықтылығы , күші мен айқындығы , салмақтығы – оның негізгі сапалары болып есептеледі . Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады . Адамның іс – әрекеті сол іске деген қатынасымен қатар ерік – жігеріне , көңіл – күйіне , зеректігіне , ақыл – ойына да байланысты болады .
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез – құлық тұрғысынан да , оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады . Коллективизм , гуманизм , адамдарға деген қамқорлық , жолдастықты қадір тұту , жұртшылық пікірімен санаса білушілік , өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық – мінездің осы сапасының негізгі компоненттері . Рухани дүниесі бай , қажеттері мен қызығулары , талғамы мен ой – өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді . Мінез сапаларының бірі – оның бірқалыптылығы . Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды , оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі . Ал , мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады

Мінездің қалыптасу ерекшеліктері
Жеке адамның мінезінің қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен, әсіресе, адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етеді және оның рөлі өте маңызды. Мінез қалыптасуына сензитивті кезең екі-үш жастан тоғыз-он жасқа дейінгі кезең болып табылады, себебі осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсенді қатынасқа түседі. Осы кезеңде баланың сеніміне кіре отырып, мінез-құлықтың керекті формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерімен әсер ете алу мүмкіншілігі жоғары. Баланың мектепке дейінгі кезеңінде мінездің келесі қырлары қалыптасады: ақ көңілділік, көпшілдік, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзімшілдік, мейірімсіздік, байыпсыздық. Ал бастауыш сынып кезінде адамдармен қарым-қатынаста көрінетін қырлары қалыстасады.
Егер баланың мінезіндегі белгілі бір қырлары отбасында қалыптасып, ол мектеп кезінде қолдауға ие болса, бұл мінез қыры одан әрі қарай дамып, қалыптасады. Жасөспірімдік шақта мінездің ерікті қырлары, ал жастық шақта адамгершілік, жауапкершілік ауысады. Мінез адам өмірінің барлық жолдарында қалыптасады және өзгереді. Адам мінезінің қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтанда мінез басқа да тұлғаның қырлары сияқты іс-әрекет кезінде қалыптасады. Адамның мінезінің өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа салаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және оның объективті фактор екендігі еш дау тудырмайды.

Мектептің негізін салушы Джон Уотсон бақылау және эксперимент арқылы мінез-құлық заңдылықтарын ашу мақсатын қойды. Адамның мінез-құлқы толығымен сыртқы ортамен басқарылады деген постулат қойылды. Адамның неге талпынатынын және неден қашқақтайтынын –  осы сыртқы орта белгілейді. Адам мінез-құлқының құрылымы белгілі мөлшерде сыртқы орта құрылымының көшірмесі болып табылады.
Қазіргі бихевиоризм өкілі Беррис Скинердің ойынша, адам мінез-құлқы генетикалық қаныққандық, физикалық орта және әлеуметтік ортамен байланысты. Адамның ішкі жағдайы терістелмейді және мінез-құлықты талдау үшін қажет екендігі ескеріледі.                                                                                                              Беррис Скинердің тұжырымдамасы: «Адам қоршаған басқарылады, бірақ…. орта толығымен адаммен қалыптасады», яғни, мінез-құлық өзінің нәтижесімен қалыптасады және тұрақталады.       Егер әрекет нәтижесі адам үшін маңызды болса, ол адамның мінез-құлқын басқарады. Әрекет нәтижесінің келесі мінез-құлқына әсер етуі, «нығайту» деп аталады.  Адамға әлеуметтік орта әсер етсе, әлеуметтік ортаны өзгерте отырып, адамға әсер етуге болады. Қоршаған ортада адамға әсер ететін оң бағыттау көп болуы қажет.

You May Also Like

Мен заманауи сынып жетекшімін, эссе

ЭССЕ.  Мен заманауи сынып жетекшімін «Адам білім үшін емес, білім , тәрбие…

Махамбет жырларында Исатай бейнесін сомдаудағы ақынның тіл шеберліктерін мысалдар арқылы талдап жаз. эссе

Аумалы төкпелі заманда, қара бала қара қазан қамы үшін дүйім жұртты артынан…

Мен-топ жетекшісімін, эссе

«Мен–топ жетекшісімін» «Ұстаз–ұлық емес, ұлы қызмет» Халқымызда «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деген…

Тарих пен тіл тамырлас жер су атаулары эссе

ЭССЕ Тақырыбы: «Тарих пен тіл тамырлас жер су атаулары» Нұрсұлтан Назарбаев 1998…