ЭССЕ.  Мен заманауи сынып жетекшімін

«Адам білім үшін емес, білім , тәрбие адам үшін ұстанымын басшылыққа алып, оқу – тәрбие барысын жетілдіріп, дамыту арқылы ғана білім мен тәрбиенің беделін артыруға болатынын уақыт өзі дәлеледеп отыр. Еліміздің ертеңі – бүгінігі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында екені айқын. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі»- деп әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы ғалым Әл – Фарабидің айтқан пікіріне қазақтың маңғаз ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Жас бала – жас шыбық, жас күнінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйі қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең сындырып аласың» деген асыл сөздерін оқушыға тәрбие негізін қалайтын әрбір сынып жетекші өз ұстанымы ретінде қабылдауы керек. Мектеп табалдырығын аттаған пәк сезімді, адал ниетті, өмірге деген құмарлығы артып тұрған бүлдіршінді сапалы білім мен саналы тәрбие соқпағынан сүріндірмей алып өту сынып жетекшінің міндеті. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Бәсекеге лайық маман тәрбиеле, бәсекеге лайық ұлт жаса» деген бастамасының өзі стратегиялық негізгі құралға айналып отырғандығы сондықтан. Бұл президентіміздің тәрбиеге ерекше мән беруі әрбір сынып жетекшісіне ой салып, тәрбие бағытын қазіргі заман талабына сай жүргізуге ықпал етуі керек.

Қазіргі кезде заман талабына сай мектептегі тәрбие жұмысының құрылымы жас ұрпақтардың бойына ұлттық игіліктерді сіңіру арқылы оларды нарықтық – экономикалық бәсекеге қабілетті ой – өрісі жан – жақты дамыған жеке тұлға етіп тәрбиелеуге бағытталған. Тәрбие барысында баланың ақыл ойын, іс – әрекетін, танымдық қабілетін дамыту сынып жетекшінің міндеті. Әр оқушыға сенім арта біліп, жеке тұлға ретінде қалыптастырсақ, тәрбие бағытындағы тасымыздың өрге домалағанын, болашаққа барар жолымыздың айқын екенін көреміз.

Адамзат өмірінде ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялардың дамыған кезеңі. Жаңа үрдістегі техника тілін білетін, оны жақсы меңгеретін, егемен елімізідң ертеңі – жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір жаңашыл сынып жетекшінің міндеті.Ал мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, ол – сынып жетекші. Бүгінгі толғандырып отырған тақырып өзегі «Қазіргі сынып жетекшісі қандай?» мен осы орайда осы сұрақ айналасында ізденіс жұмыстар жүргіздім. Менің ізденісім бірінші мектебімдегі озық тәжірибелі сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстарымен танысудан басталды. Екіншіден, Республикалық білім мен тәрбиеге арналған баспа беттерінен еліміздің әр түкпіріндегі сынып жетекшілердің тәрбие, қазіргі уақыттағы сынып жетекшінің атқаратын жұмыстары туралы жазылған ой – тұжырымдарын қарастырдым. Үшіншіден, «Қазіргі сынып жетекші қандай?» сұрақ арақылы өзімнің жетекшілік етіп жүрген сыныбымдағы атқарып жүрген тәрбие жұмыстарымды, тәрбие бағыттарымды ой елегінен өткізіп сараладым. Мен осы үш бағыттағы ізденіс жұмысымнан түйгенім, қазіргі жаңару кезеңінде қоғамның алға даму үрдісінде қазіргі заман талабына сай сынып жетекші болу үшін сынып жетекші – жан – жақты тәрбие беруші , оқу –тәрбие процесін жүйелі ұйымдастырушы, ізденімпаз, жаңашыл, инновациялық технологиялармен қаруланған, адамгершілік қасиеті мол, еңбекқор, тәрбиесіне назар аударатын оқушымен жұмыс жүргізе алатын, қарапайым мінезімен, мейірімге толы жүрегімен, оқушы жанын баурап алатын, электрондық оқулықтармен жұмыс жасай білетін, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыратын, ата – аналармен, мектеп әкімшілігімен, қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен біріге отырып, бала тәрбиесіне ықпал жасайтын, бойына ұлттық болмысымыздың барлық қасиеті жинақталған, тәрбиенің барлық салаларынан хабары бар, жүріс – тұрысы, киімі, сөйлеу мәнері әр балаға үлгі болатын, көп мәдениетті нарықтық – экономика жағдайында бәсекеге қабілетті, табысқа жетелейтін, жоғары деңгейдегі кәсібилік пен жан – жақтылықты меңгерген, бала жанның бағбаны бола білетін болуы керек деп ойлаймын.

Кейбір ұстаздар сынып жетекшілік етуден қашады. Баланы тәрбие нәрімен сусындату, сынып жетекшілік ету, алдыңа келген бүлдіршіндермен жұмыс жасау – мен үшін үлкен бақыт. Сынып жетекшілік ете жүріп талай жетістіктерге қол жеткіздік. Атап айтар болсам, «Алтын күз», «Тіл білгірлері», «Кім жүйрік», «Абай – дара, Абай – дана қазақта», «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» атты көркем сөз оқу сияқты сайыстардан бас жүлдені иеленді. Мектептің қоғамдық жұмыстарына өзім жетекшілік ететін  сыныбым да белсене араласып отырады. Осы 8В сыныбыммен әрдайым тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырамын. Мектепте жүргізілетін өзім ұйымдастырған «Ұлттық дәстүр» үйірмесі арқылы өз оқушыларыммен бірге, басқа сыныптардағы оқушыларды біріктіре отырып, жұмыс жүргіземін. Жұмысымыз нәтижесіз емес.

Бала тәрбиелеу – нағыз өнер, ал бұл өнердің бастауы – бала мектепке келетін отбасыдан басталады. Отбасыда баланың тұлғалық жеке қасиеттері, өзгелермен қарым – қатынасы, белгілі бір мінез бен әдеттері қалыптасады. Әрбір баланы тануға, оны жақсы көріп, оның қызығушылықтарын оятуға әрбір сынып жетекші тиісті. Мектеп – бұл: бала+ ата – ана+ сынып жетекші. Сондықтан ата – анамен байланыс – менің жұмысымдағы ең маңызды буын.

Басты байлық – денсаулық. Осыны ескере отырып, сыныпта салауатты өмір салтын ұстану мақсатында түрлі сайыс, шаралар ұйымдастырамын.

Тәрбие ісінде басқалардың жеке басынын өнегесі де өте зор қызмет атқарады. Ертеде Рим философы Сенеке «Адамды ақыл айтумен қайырымдылыққа тәрбиелеу қиын. Жеке бастың үлгісімен тәрбиелеу әлдеқайда оңай» – деген екен. Мұндай қасиет біздің ұлтымыздан да байқауға болады. Мәселен, біз ұстаз бола тұрсақ та, өзімізге жақсы жағынан ұнаған ұстаздарға еліктейміз.

Тәрбие сағаттарын өткізу үшін күні бұрын әр балаға тақпақтар, жұмбақ, мақалдар таратып, кейбір балаларға ән айтқызып, би билетіп келеміз. Осындай жұмыс түрлері балаларды жалықтырып жібермесе екен деген ой туындайды. Сондықтан тәрбие сағаттарына да жаңа технологияны кіргізіп, өзгешелеу етіп өткізсек, балалардың ойлау қабілеті, шығармашылық қасиеттері және әр баланың бойындағы өзіндік ерекшеліктері байқалып, әр баланы жеке тұлға ретінде танимыз.

«Білім мен тәрбие» егіз. Тәрбиесіз берілген білім оқушыларды ізгіліктен тайдырып, жауыздыққа, озбырлыққа, өзімшілдікке, өктемдікке жетелейді. Сондықтан әрбір ұстаз, балалардың жүрегіне ізгілікті ұялатуды, ұлттық өнегені, өнерді үйретуді ұмытпау керек. Оқыта отырып тәрбиелеу – бұрыннан қалыптасқан әдіс – тәсілдің бірі. Еліміздің президенті Н. А. Назарбаев өз жолдауында былай деген еді: «Білім жүйесінде түбегейлі кадрлық өзгерістер жүргізілуі тиіс. Дәстүрлі оқытушы (қажет білімдерді беруде және тәржімалауда монополист) сахнадан кетеді. Педагог – тәрбиешінің жаңа бейнесі жасалмақшы: ол зертеуші, тәрбиеші, кеңесші, жобалар жетекшісі болуы тиіс».

Заманауи сынып жетекші – бұл қырағы, шығармашыл, ертеңіне сенімді, ғылыми – танымы жан – жақты дамыған заман талабына сай тәрбиеші деп түсінемін.

Уақытпен бірге қарыштау үшін үздіксіз өз – өзін жетілдіріп, мақсатқа жету жолында ерінбей еңбек етуіміз керек. Себебі, бала – бұл сенің ой – қиялың, сенің ерік – жігерің, сенің шабытыңның сусындап өсетін дән.

Адамдарға кемшіліктері жөнінде көп айтыла беретін болса, онда олар өздеріне деген, өз күштеріне деген және өз мүмкіншіліктеріне деген сенімдерін жоғалта бастайды» Я, кемшіліксіз адам болмайды. Біздің ұжымда өз күшіміз бен мүмкіншіліктерімізге деген сеніміміз күн сайын артып, өз жұмысымызға деген махаббатымыз нығайып келеді.

Мен оқушыларымды, өз мектебімді сүйемін және де ол сүйіспеншіліктің оқушыларымның жүрегінде де бар екеніне қуанамын.

You May Also Like

Сепсис. Клиникалық көрінісі, диагностикасы, емдеу әдістері. Бет тамырының медиастениті, тромбофлебиты. Клиникалық көрінісі,диагностикасы, емдеу әдістері, ЭССЕ

Сепсис. Клиникалық көрінісі, диагностикасы, емдеу әдістері. Бет тамырының медиастениті, тромбофлебиты. Клиникалық көрінісі,диагностикасы,…

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз, эссе

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы Ескендір қандай адам? Ақылдылығымен, айласымен, көрегендігімен, талапшылдығымен, мақсат…

Ұлы жеңістің мұрагеріміз эссе

                              Ұлы жеңістің мұрагеріміз! Шығарма. ІІ. Негізгі бөлім: Ұлы Отан соғысы жайлы,…

Майлықожаның жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі табиғат пен адамзат тіршілігінің бейнеленуі. эссе

Жыраулар поэзиясының сапа жағынан да, мазмұны мен тақырыбы жағынан да жаңа сатыға…