Ұлы жеңістің мұрагеріміз!

Шығарма.

ІІ. Негізгі бөлім:

  • Ұлы Отан соғысы жайлы, Ұлы Жеңіс туралы мағұлматты жинақтауым.
  • Соғыс – тек қана қайғы-қасірет әкелетін зұлмат.
  • «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды.

ІІІ. Қортынды:

  • Бейбітшілік сүйгіш елдің ұланымын.

Мен, Амангелді Жанасыл 2005 жылдың 9 мамырында, бүкіл елдер Ұлы Жеңістің 65 жылдығын тойлап жатқан уақытында туылғанмын. Жанұям, бүкіл туыстарым: «Соғысқа кетіп, хабарсыз кеткен бабам, Жидебаев Байділдәнің орнын толтырған ұрпағы келді»,-деп қатты қуаныпты. Ол кісі Ұлы Отан соғысына аттанғанда, атам Амангелді 3айлық іште қалған бала екен, сол кісіден тараған ұрпақпыз. Осыдан – ақ соғыс кімге қандай уайым – қайғым әкелгенін түсіне аламыз. Ұлы Отан соғысы жайлы кітаптардан оқимыз, кинолардан көреміз, үлкен кісілердің әңгімесін тыңдаймыз. Содан ой түйгенім, бұл соғыста талай жанұяның, бірінің әкесі, бірінің баласы, бірінің бауыры қаза тауып, хабарсыз кетіп, жаралы оралып, соғыс салдарынан көз жұмғанын әжем айтып отырады. Ол кісінің өзі – сол зұлмат жылдардың аяғында өмірге келген адам. Әжем айтатын, үйреткен бір әннің сөздері санамда жаңғырып тұрады. Ол сөздер:

«Жойылсын, жалғыз сөз «Соғыс» деген,

Жойылсын, мәңгіге жойылсын!

Бомбаның орнын тегістеген,

Күректер музейге қойылсын!

Кел достарым, ән бастадым.

Көтеріп, жаңғыртып даланы

Баласын ана, даласын бала,

Жоқтамасын мәңгілік!»

Осы жолдардан қанша қасіретті түйсінеміз. Сөйте тұрсақ та, осындай жанкешті соғыста ештеңеден тайсалмай, жауды жеңуге ерлік көрсете отырып, Ұлы Жеңісті жақындатқан бабаларымызды мақтан етемін. Себебі халқының саны жағынан өте аз болғанмен, сол уақытта Совет Одағында өмір сүрген

Мен бабалар ерлігіне мақтанамын. Қасық қаны қалғанша отаны үшін  шайқасқан жанын қиған бабаларға тағзым етемін. Жеңістің оңайлықпен келмегенін түйсінемін. «Енді ондай соғыс болмаса екен»-деп тілеймін. Өйткені әр жерлерде кішігірім соғысып жатқан жерлер бар. Соғыс еш  халыққа  жақсылық акелмейді. Ал соғыс құмарлар өз пайдалары үшін бәрін де таптап өткілері келеді. Өз басым еліме –тыныштық, бейбітшілік ашық аспан тілеймін. Биыл Ұлы Жеңіске 73-жыл толып отыр. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қаншама өмірді жалмады. Бірақ біздің бабаларымыз қайсарлықпен тойтарыс та бере білді өмірлерін қиды, кейінгі ұрпақтың бақытты өмір сүруіне жол ашты. Еш кімде, ешқашан да ұмытылмайды-деген қағиданы ұстаған ұрпақ та, бабалар алдындағы парызын ұмытпайды. Оған дәлел таяуда ғана Польша жеріне барып, сонда жерленген бабалары Молдабаев Қуанышбайдың туған жерден топырақ апарып, гүл шоқтарын қойып қайтқан, оның зиратынан топырақ әкеліп, шешесінің, інісінің зиратына салған ұрпақтарына алғыс  айтып қалай қуанбаймыз. Сөйтсе, ол кісіні, соғыс аяқталуға жақын қалғанда, 1945 жылдың 25 ақпанында, Польша мен Германия шекарасында қаза тапқан екен.

Осындай құрбандықтармен келген Ұлы Жеңісті әр жылы ардагерлерімізді құрметтеп, еске алып елімізде қадірлейді.  Елімізге амандық, бейбіт заман, жұртымыз тыныш болсын деп тілеймін! Бойымыздағы күшімізді Отанымыз –Қазақстан үшін  еңбек етейік! Бейбітшілік сүйгіш елдің ұланымыз!

You May Also Like

Интернетсіз бір күн, эссе

Интернетсіз бір күн Қазір ХХІ ғасыр, ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезі.Біз…

Alphabet холдингі, эссе

«Alphabet холдингі»   «Біз басында ақылға қонымсыз болып көрінетін жұмыстар істедік.  Қазір біздің…

How I spend my birthday, эссе

How I spend my birthday Birthday is a private holiday for everyone.…

«Жамбыл мен Құлмамбет айтысының» идеялық-мазмұндық жағынан айтыстың ерекше түрі екенін дәлелдеп жазыңыз. эссе

«Жамбылдың халықтың ақындық дәстүрлерін сақтаушы ретіндегі зор таланты, оның айқын дүниетанымы қазақ…