ЭССЕ
Тақырыбы: «Тарих пен тіл тамырлас жер су атаулары»
Нұрсұлтан Назарбаев 1998 жылғы 17 наурызда республикамыздың шығармашылық
зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде: «Ономастикалық саясатты» босаңдатуға
болмайды. Жалтақтай беретін ештеңе жоқ. Отаршыл заманды еске алып, халықтың
намысына тиетін атауларды да, тілдің өзіндік заңдылығын, табиғи үндестігін бұзып
тұратын атауларды ауыстырмаса болмайды…Ендеше ештеңеден қысылмастан
халықтың ұлттық рухын көтеретін, Қазақстан мемлекетінің мемлекеттілігін
танытатын ұлттық атауларды беріп, елді мекен атауларын өзгертуден еш
қымсынудың қажеті жоқ деп есептеймін. Ата-бабаларымыздың жүріп өткен әрбір
жолы, әрбір қазған құдығының атауы бар, ал атау – тұнып тұрған тарих, соны
зерттейік, жинастырайық…тарихты қайта қараңдар…» деген болатын.
Тіл – елдігіміздің белгісі, атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра,
ұлттық рух пен болмыстың алтын қазығы, тарихымыздың тамыршысы. Тіл –
білімнің кілті, тәрбие негізі. Халқымыздың бар болмысын, рухани дүниесін
тіл арқылы жас ұрпақтың бойына сіңіреміз.
Тіл – ұлттың ұлттық сипатын ерекшелейтіні белгілі. Тілі жоқ халықтың ұлты
да жоқ болатыны дау тудырмайтын ақиқат. Мысалы жер-су, елді мекен
атауларының ана тілімізде жазылуы маңызды. Себебі ана тіліміздің дамуы
атаулармен тығыз байланысты.
Қазақ халқы мыңдаған жылдар бойы байтақ Еуразия кеңістігін игеру
барысында аумақтық жер атауларын өз тіліне тән атаумен қалдырды.
Қазақстанның жер-су атаулары ұлттық тіл мен этникалық мәдениеттің
құрамдас бөлігі ретінде танылып, халықтың тарихи жадынан үлкен орын
алуы тиіс.
Менің байқауымша, ең басты мәселе тәуелсіздік алған жылдары жер-су
атауларын ауыстыруда, жаңғыртуда және тыңнан атау беру кезінде бірқатар
олқылықтар орын алды. Карталарда көрініс табатыны олардың жазылуы мен
айтылуын қажет етеді.
Қандай да болмасын географиялық атау сол жердің көрінісін нақты
айқындайды.
Болашақта Қазақстанның жер атауларын реттеп, жинақтау керек.
Қазіргі кезде еліміздің топожүйесі аймақ-аймақ бойынша зерттеліп болды
деуге болмайды. Бұл көп ізденісті зерттеулерді талап етеді.
Қорыта айтқанда, қазақ топонимдері – ана тіліміздің айнасы. Жер-су
атаулары ұлттық таным мен салт-дәстүрлеріміздің белгісі. Сондықтан ұлттық
тілдің көрінісі болып отырған топонимдерге ерекше мән бере қарауымыз
керек. Әрбір Қазақстан азаматы, мемлекетік тілге жанашырлықпен әрі
құрметпен қарап, мемлекеттік тілде айтуы тиіс.

You May Also Like

Август Хорьх, эссе

эссе Тақырыбы: Август Хорьх Август Хорьх Германияда темір ұстасының отбасында дүниеге келген.…

Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз. эссе

«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық…

Қазақстандағы экологиялық проблемалар, эссе

                       ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР  Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы,…

Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазу, эссе

Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз! Заты даңқты, тумысынан текті,…