ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР 

Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар, Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар,тарихи ластану,трансшекаралық мәселелер, әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.

Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық сынақ полигоны ауданында 450-ден астам жердің үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей полигоны ғана емес, соған жақын орнаалсқан үлкен аумақтарда  (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінен көпдеген тірі ағзалар және адамдар зардап шекті.Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды. Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, ол жер бүгінгі күнге дейін де өте қауіпті жер болып саналады. Не себепті? Себебі онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған.

Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда: экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы, мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі, осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы, аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды.

Бұл проблеманың тууына себепші болған – адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. азіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағыдыры – адам тағдыры» болғандықтан оны сақтап қалу қажет. Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдайлар Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Ал осындай үлкен экологиялық проблемалар болмау үшін, табиғатты сақтау үшін осы ережелерді ұстану қажет. Меніңше, өзен жағасында қоқыстарды жинау бойынша жасақтар құру қажет, көпшілік демалатын орындарда қоқыс жинауға арналған жәшіктер қою, жас ағаштарды отырғызу, қыста құстарға арналған астауларды ілу, кәсіпорындарда зиянды заттарды атмосфераға шығару кезінде сүзгілер қою, орманды кесуге болмайды, су айдындарын ластамау, атмосфераға зиянды заттарды шығармау, сирек аңдарды ауламау, «Қызыл кітапқа» енгізілген өсімдіктерді жыртуға болмайды. Жалпы айтқанда, «Табиғаттың адамсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші, қорғау біздің парызымыз.

You May Also Like

Менің әкем ең жақсы адам, эссе

Менің әкем ең жақсы адам Қуан сен, қуана бер әкетайым, Мен сенің …

А. Құнанбаевтың қарасөздерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігін талдап жазыңыз. эссе

Қазақ мәдениеті мен ақыл ойының заңғар биігі Абай Құнанбайұлынан кейін де талай…

Мой любимый предмет, эссе

Эссе Мой любимый предмет Может, удивительно, но это математика. Очень многие не…

М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазу, эссе

М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап…