Тақырыбы  Туған өлкем-туған жерім.

Кіріспе.

Туған өлкем-туған жерім, атамекенім. Қасиетті шаңырақ, өмірге келіп, ес жиғанда, ең алғаш қадам басып, қаз тұрғанда  табанымды тіреген тұрағым да, ғажайып мекен жұмағым да осы туған жерім.

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі- еліміз бен жеріміздің тарихын білу. Себебі қазақ халқының тарихи даму үрдісіне зер салатын болсам, әр ғасырдың өзіндік құндылығы бар.

Қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыдан танып- біліп, рухани мұрасына қасиетпен қарау  міндетіміз. Міне осындай мұраларды зерттеп, оларды қастерлей  білу     менің            басты ұстанымым  болып отыр.  Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті  қыры»- бағдарламасына    орай  туған өлкенің тарихын, «Ұлы Жібек Жолы» бойындағы  қалаларға  тоқталамын.

«Өткенін  мақтан тұтып, бүгінін  нақты бағалай білу   және  болашаққа  оң көзқарас таныту еліміздің  табысты  болуының  кепілі  дегеніміз осы»       Н.Ә.Назарбаев.

Түркістан облысы бойынша 802 тарихи және мәдени ескерткіштер, соның ішінде  528 археологиялық, 42 тарихи, 226 архитектуралық, 11 монументалды     ескерткіштері  бар.     Біздің    аймақ тұтастай тарихи, архитектуралық ескерткіштер мен бағалы қор мұраларына  бай.    Туған өлкеміздің тарихын біліп, қазіргі   кездегі    туризмге мән беріп,    оны дамыту  жолдарын қарастырамын.

Бұл жоба бойынша менің мақсатым- туған өлкемнің тарихын зерттеп, туризмін  дамыту. Шымкент республикалық маңызы бар үшінші қала болып, халқы миллионнан асып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер» жобасы бойынша бірнеше іс-шаралар өтуде.

Шымкент қаласының туристік кластерін және инфрақұрылымын  дамыту мақсатында бірнеше нысандар, мәдени– туристік демалыс орындары  ашылды. Еліміздің тарихы тереңде жатыр, кейбір тарихи жерлеріміз аз зерттелген. Осындай жерлерімізді толықтай зерттеп, жаңалықтар ашсақ, өз  үлесімді қоссам менің арманым орындалады.

Негізгі бөлім.

1932 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы құрылып, орталығы Шымкент қаласы болып белгіленді. 1864 жылы қыркүйекте Шымкентке Черняев бастаған орыс әскерлері шабуыл жасап, оның соңы Ресейге қосылуымен аяқталды.1914 жылы 23 – қыркүйекте қаланы осыдан 50 жыл бұрын жаулап алған патша генералы Черняевтың құрметіне, патша әмірімен Шымкент Черняев қаласы  болып өзгертілді.

1921 жылы Чимкент аталып, 1991 жылдан Шымкент атауы қайта берілді. Шымкент атауы шыммен қоршалған жасыл қала дегенді білдіреді. Қалашықта қазба жұмыстарынан табылған қыштан жасалған заттарға қарап, оның 9 -11ғасырларда пайда болғанын жобалаймыз. Әдеби еңбектерде Шымкент атауы тұңғыш Шараф- Ад-Дин –Яздидің «Зафер  наме» (Жеңіс кітабы)  кездеседі. Шымкент қаласы 12 ғасырда Ресей, Орталық Азия, Батыс Сібір, Қытаймен сауда байланысын жасаған. Қала 42 градус солтүстік ендік, 69 градус шығыс бойлықта, теңіз деңгейінен 506 метр биіктікте орналасқан. Жерінің аумағы  300 км.кв (облыс аумағының 0,3 пайызын құрайды), тұрғыны 1 млн– нан асты. Қазіргі Шымкент қаласы Қазақстандағы дамыған ірі өнеркәсіпті және мәдени орталық. Республика бойынша Астана мен Алматыдан кейінгі 3-ші мегаполис, халқы миллионға жеткен миллионер қала. Еліміз бойынша ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз, дініміз сақталған аймақ. Шымқаламыздың ауа– райы да жанға жайлы, жылы мекеннің бірі. Жазымыз ұзақ болатын, бау– бақшаға бай, ақ алтыныздың отаны, түсті металлдар көптеп кездесетін орын.

Шырайлы Шымқаланың символы – қызғалдақ. Түлкібас ауданында, Қаратау, Өгем жоталарында көптеп кездесетін  ерекше гүлдердің отаны. Шымкенттегі өнеркәсіпті құрайтын кәсіпорындары: Химфарм, Оңтүстік тоқыма, Шымкент қорғасын зауыты, Восход, Эластик, Шымкент мақта акционерлік қоғамдары бар.

Шымкентте демалыс аймағын көл, ипподром, стадиондар, хайуанаттар бағы, түрлі бағытта ашылған саябақтар құрайды. Оңтүстік аймақта 1997 жылы саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу мақсатында Қасірет мемориалы тұрғызылды.

Дендросаябақ негізі 1978-1985  жылдары қаланып, партия комитетінің бірінші хатшысы болған Асанбай Асқаровтың есімімен  аталды. Жалпы көлемі 117 гектар алқапты алып жатыр, онда 260 түрлі 98426 жасыл желек  жайқалып тұр. Әлемдегі әр түрлі  декоротивті өсімдіктер отырғызылған.

Шымкент хайуанаттар саябағының негізі 1980 жылы қаланды. Жалпы алаңы 54 гектар, онда 3,5 мыңға тарта декоративті, 50 түрлі жеміс ағаштары, 10 түрлі раушан гүлдері отырғызылған. Бұл жерде  тірі табиғат бұрышы  коллекциясында 1,5 мың жануарлар мен құстардың 200-ден аса түрі ұсынылған. Қызыл кітапқа енгізілген сирек және жоғалып бара жатқан түрлері де кездеседі.

Ипподром 26 гектар жерді алып жатыр, 170 атқа 4 ат қора, 48 орындық жабық мінбе және 7000 көрерменге ашық орындық құрылған. Қоршау, кіріс жолдары, төреші мұнарасы, басқа да ғимараттар бар. Ветеринарлық пункт, асыл тұқымды аттарға арналған бассейн, жалға берілетін аула бар.

Кейінгі жылдары Шымкент қаласының келбеті көріктеніп, көркейе түсті. Әсіресе, соңғы 7-8 жылдың ішінде  кереметтей өзгерді. Алыс және жақын шетелдерден қонақтар келсе, көріп тамашалайтын,  серуендеп сейіл құратын көрікті жерлер мен арнайы орындар  баршылық.

Шымкент қаласы– Түркістан облысының  әкімшілік орталығы. Орынбор-Ташкент және Түркістан– Сібір халықаралық көлік магистральдарының түйіскен торабында орналасқан. Қала теңіз  деңгейінен 506 биіктікте жатыр.

Орта Азия аймағындағы  тарихы терең, мәдениеті биік ежелгі қалалардың бірі осы Шымқаламыз.Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан «Шым шахар».

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050» бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Шымкенттің ірі қалалар агромерациясына енгізіліп, заманауи   орталыққа айналдыру туралы тапсырма берген. Яғни таяу болашақта қаламыз  халықтың және  инвестициялардың шоғырлану орталығына, ғылым мен білімнің  ордасына айналатынына сенімім мол.

Елбасымыз 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады, біздің аймақта  жастарға арнап көптеген іс- шаралар жүргізілуде.. Туған елім Шырайлы  Шымқалам күннен– күнге  дамып жатыр.

Қорытынды.

Бұл  жобамды қорытындылайтын болсам мұндағы талқыланып жазылған түрлі мәліметтер мен мәселелер қазіргі таңдағы туризм жағдайы туралы айтылады. Туған өлкемнің тарихы мені қатты ойландырады. Бұл жобамның тақырыбы «Туған өлкем- жұмақ мекен», жұмыстың жоспары  кіріспе мен негізгі бөлімнен  тұрады. Содан кейін қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер  тізімін  жан- жақты әрі  мазмұнды етіп жүйелі түрде  бағдарламаларға сай етіп жаздым.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тақырып мақсаты жазылды. Негізгі бөлімде туған жерімнің тарихи орындары, ежелгі қалалары мен сол жердегі әсем ескерткіштер туралы мәліметтер  жазылды.

Басқа дамыған елдердей туризмді дамытып,  одан көптеген пайда көрсек, шет елдерге халқымыз шықпай, өз туған өлкемізде  болып сол жерлерді басқа халықтарға көрсетсек.

Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап, отаншылдық рух пен туған өлкеге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Меніңше әрбір қазақстандық өз елінің картасына  көз салып қараса, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтса деймін.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Отырар қаласы қалпына келтіріліп, туристердің көзайымына айналатыны баса айтылды. Тарихи сананы жаңғырту мәселесін көтеріп, алты бірдей жобаны ұсынып отыр. Алты жобаның ішінде Ұлы даланың ежелгі өнеріне, технологиялар музейін құрастыру идеясы ерекше назар аударады. Бүгінгі жастар болып біз осы айтылған идеяларға баса назар аударып, ары қарай дамытсақ. Менің туған өлкем сырға толы, тарихын ішке бүккен, зерттеуі бітпеген аймақ болып тұр.

You May Also Like

Еңбегі елге мұра Ақпан ата, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Еңбегі елге мұра Ақпан ата»  Орындаған: Бертағы Інжу Мазмұны…

Үй жануарларының дене температурасының реттелуін зерттеу, ғылыми жоба слайд

Ең үздік ғылыми жоба «Жер тынысы тарылып барады»

Ең үздік ғылыми жоба «Жер тынысы тарылып барады» Дайындаған: Кадирова Г.А Менің…

Төрт-түлікті бағу – Ата кәсіп, ғылыми жоба

«ТӨРТ ТҮЛІКТІ БАҒУ-АТА КӘСІП» (ғылыми жоба) Бағыты: Төрт түлік малдың қадір-қасиетін ашу…