Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы

Әртүрлі үй жануарлары мен жабайы аңдар және теңіз жануарларының
ӛңдеуге жарамды терілерін тері шикізаты деп атайды. Сүт қоректі
жануарлардың тері жабынының құрылысы негізінен ұқсас болып келеді.
Алайда әртүрлі жануарлардың терілері құрылысы, химиялық құрамы,
қалыңдығы, пішіні, салмағы, кӛлемі (аумағы), топографиялық бӛліктерінің
ара қатынасы, жүн жабынының қоюлығы (нығыздығы), жүн талшығының
жуан-жіңішкелігі мен ұзыңдығы т.б. қасиеттері бойынша ӛзара
айырмашылықта болады.
Сонымен қатар бір түрлі жануар терілерінің ӛзі тауарлық қасиеттері
бойынша тұқымы, орналасқан ӛлкесі, бағым күтім жағдайы, азықтануы,
жынысы, жасы, сойылған мерзімі қатарлы ықпалдың әсерімен ерекшеленеді.
Сондықтан тері шикізатын ӛдірісте ӛңдеген кезде жоғарыдағы
айырмашылықтар мен ерекшеліктері бойынша жіктеп енгізу арқылы
технологиялық процесстерді сәйкестендіру (үйлестіру) кӛзделеді.
Тері шикізатының негізгі түрлеріне сиыр, жылқы, қой, ешкі, шошқа
және жабайы тұяқты аң терілері жатады.
Терінің ӛңдеу тәсілі мен ӛндірістік мақсатын анықтау оның сапасы мен
тауарлық қасиеттеріне негізделеді. Мысалы сиыр терісі әдетте аяқ киім,
техникалық және ер-тұрмандық мақсатта пайдаланылады, ал қой терісі
негізінен киім-кешектік максатқа арналып ӛңделеді.

Сиыр терісі

Сиыр терісі ӛте беріктігімен, тері ұлпасының нығыздығымен және
тауарлық – технологиялық қасиеттерінің құндылығымен ерекшеленеді. Бұл
оның гистологиялық құрылысының ӛзгешелігіне байланысты. Эпидермис
қабаты ӛте жұқа, терінің жалпы қалыңдығының небәрі 1-2 пайызын құрайды.
Дерманың емізікті қабаты едәуір нығыз, әртүрлі бездер (тер және май) мен
жүн (талшық) дорбашықтары сирек орналасқан, торлы қабат күшті дамыған,
ересек малда тері қабатының 2/3, жас малда ½ бӛлігін иеленеді. Сиыр
терісінің торлы қабатының қалындығы жас ұлғайған сайын қалындай түседі,
емізікті қабаты ӛзгере бермейді. Торлы қабат жуан әрі берік коллаген
талшықтары мен шоғырларынан тұрады. Коллаген талшықтары ӛзара әртүрлі
бағытпен нығыз ӛрілген. Шел қабатының дамуы әлсіз. Торлы қабат пен шел
қабатының аралығындағы талшық шоғырының ӛрілімі сирек болып келеді.
Дерманың емізікті қабаты торлы қабаттан едәуір жұқа, тері аумағының
барлық бӛлігінде біркелкі қалыңдықта. Ал терінің жалпы қалыңдығымен
салыстырғанда әрбір топографиялық бӛлік сайын әрқилы болып келеді.
Мысалы сиырдың жон арқасында емізікті қабат терінің жалпы
қалыңдығының 30%, бауыр бӛлігінде 50% иеленеді. Емізікті қабаттың
коллаген талшығының шоғыры торлы қабаттың коллаген талшығының
шоғырынан кӛп есе жіңішке.
Эластин талшығының кӛпшілігі емізікті қабаттың сыртқы жағына
орналасқан. Тер безінің түтікшесі жіңішке, талшық дорбашығына ашылады.

Сиыр терісінде май безі күшті дамымаған. Осы себептерге байланысты
ӛңделген терінің беткі жағы нығыз, берік (мықты) болады.

Дерманың торлы қабатының коллаген талшығының шоғыры берік және
қалың. Коллаген талшығының шоғырының ӛрілу ерекшелігіне байланысты
торлы қабаттың құрылысын негізінен бес түрге (класқа) бӛледі.
Коллаген талшығының шоғыры тік, жазық және қиғаш бағытпен ӛзара
нығыз ӛрілім ромбы (кереге кӛз) тәрізді ӛрім түзсе мұны бірінші класқа
жатқызады.
Коллаген талшығының шоғыры кӛбінесе қиғаш орналасып ромбы
тәрізді ӛрім түзсе екінші класқа жатады. Бірақта мұндағы ромбылар
біріншідегідей дұрыс пішінде емес, ӛрімі де онша нығыз емес, жатық болып
келеді. Үшінші кластың ерекшелігі коллаген талшығының бірлі жарым жуан
шоғыры қиғаш бағытта орналасқанымен дұрыс ромбы жасамайды,
кішкентай,жіңішке шоғырлар жатық ӛрілген.Ӛрімі нығыздау болғанымен
біркелкі емес.
Коллаген талшықтарының жіңішке де қысқа шоғырлары кӛптеген ұсақ
ӛрім жасап орналасқан болса тӛртінші класқа жатқызады.Мұнда қиғаш
шоғыр жоқ. Бесінші класстың коллаген талшықтарының шоғыры жатаған
қалыпта сирек ӛрім жасайды. Осылайша бірінші класс торлы қабаттың
беріктігін айқындайтын болса бесінші класс бостығын (әлсіздігін) кӛрсетеді.
Былғары шикізат ГОСТ 28425-90 техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс.
Осы стандарт бойынша былғары шикізаты жануарлардың түріне және терілердің
салмағына байланысты ұсақ, ірі және шошқа терісі шикізаты болып бӛлінеді.

Ұсақ былғары тері шикізаты тобына бұзаудың, құлынның, ботаның (10 кг),
сонымен қатар қозы және лақтың тері түрлері жатады.
бұзау терісі:
жылбысқы (склизок) – тумаған немесе ӛлі туған бұзау терілері (үлпек жүнді
бұйымдарды жасауға жарамайды, галантереялық былғары жасауға қолданылады)
бұзау былғарысы (опоек) – түлемеген, алғашқы жүні бар бұзау терілері
(аяқкиімнің үстіңгі бӛлігін жасауға)
ӛскін тері (выросток) – бұзаулардың түлеген жүні бар терілері, 10 кг-ға дейінгі
(аяқкиімнің үстіңгі бӛлігін жасауға)
Ірі былғары шикізатына салмағы 10 кг-нан асатын терілердің барлық
түрлері:
жартылай былғары (полукожник) – салмағы 10-13 кг, ірі қара мал баспақтары
мен еркек тана терілері,
ӛгізше терілері бұқашық (бычок) – салмағы 13-17 кг ӛгізше терілері
(аяқкиімнің үстіңгі бӛлігін жасауға, ұлтарақтық және юфть жасауға)
қысыр сиыр терісі (яловка) – сиыр терілері, салмағы: жеңіл -13-17кг, орташа –
17-25кг, ауыр 25кг-нан жоғары (аяқкиімнің үстіңгі бӛлігін жасауға, юфть, ұлтан,
ұлтарақ, ер-тұрмандық, техникалық және иленбеген шикі қайыс шығаруда)
ӛгіз терісі (бычина)- кестірілген ӛгізше терілері, салмағы: жеңіл – 17-25 кг,
ауыр 25кг-нан жоғары.
бұқа терісі (бугай) – бұқалардың терілері, салмағы: жеңіл – 17-25 кг, ауыр
25кг-нан жоғары (аяқкиімнің тӛменгі бӛлігін ұлтан жасауға, иленбеген қайыс,
техникалық былғары, жеңіл теріден ұлтарақтық былғары шығарылады)
ГОСТ 12859-67 «Жылқы және ірі қара малдары қылы» бойынша ірі қара
малы қылдары жұмсақ қылыға жатқызылады, құйрық және құлақ ішіндегі
қылдарға бӛлінеді. Олар кӛбіне жиһаз, матрац ішін толтыру, сурет
қаламдарын дайындауға жұмсалады.

5 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Ауа-райын және қауіп-қатерді болжаудағы жан-жануарлардың мінез-құлқы, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбым: «Ауа-райын және қауіп-қатерді болжаудағы жан-жануарлардың мінез-құлқы» Зерттеу жұмысының мақсаты.…

Cүт және сүт өнімдерінің пайдасы, ғылыми жоба

«Cүт және сүт өнімдерінің пайдасы»                                    Пікір Ол өз жұмысында сүт және…

Үй жағдайында слайм жасау және оның пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Секциясы: Жаратылыстану Жобаның тақырыбы: «Үй жағдайында слайм жасау және оның пайдасы мен…

Қазақ халқының салт-дәстүрлері, ғылыми жоба

Жоба тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері  Бағыты: этномәдениеттану Аннотация Зерттеу мақсаты:    Қазақ халықының ұлттық салт-дәстүрін ұрпақ­тан-ұрпаққа жалғастыра білетін, ұлттық рухпен қаруланған тұлғаны қалыптастыруға  мүмкіншілік беру. Халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерді  дұрыс жеткізе білсек,  осы  жолды насихаттайтын игі іс …