Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы
Әртүрлі үй жануарлары мен жабайы аңдар және теңіз жануарларының
ӛңдеуге жарамды терілерін тері шикізаты деп атайды. Сүт қоректі
жануарлардың тері жабынының құрылысы негізінен ұқсас болып келеді.
Алайда әртүрлі жануарлардың терілері құрылысы, химиялық құрамы,
қалыңдығы, пішіні, салмағы, кӛлемі (аумағы), топографиялық бӛліктерінің
ара қатынасы, жүн жабынының қоюлығы (нығыздығы), жүн талшығының
жуан-жіңішкелігі мен ұзыңдығы т.б. қасиеттері бойынша ӛзара
айырмашылықта болады.
Сонымен қатар бір түрлі жануар терілерінің ӛзі тауарлық қасиеттері
бойынша тұқымы, орналасқан ӛлкесі, бағым күтім жағдайы, азықтануы,
жынысы, жасы, сойылған мерзімі қатарлы ықпалдың әсерімен ерекшеленеді.
Сондықтан тері шикізатын ӛдірісте ӛңдеген кезде жоғарыдағы
айырмашылықтар мен ерекшеліктері бойынша жіктеп енгізу арқылы
технологиялық процесстерді сәйкестендіру (үйлестіру) кӛзделеді.
Тері шикізатының негізгі түрлеріне сиыр, жылқы, қой, ешкі, шошқа
және жабайы тұяқты аң терілері жатады.
Терінің ӛңдеу тәсілі мен ӛндірістік мақсатын анықтау оның сапасы мен
тауарлық қасиеттеріне негізделеді. Мысалы сиыр терісі әдетте аяқ киім,
техникалық және ер-тұрмандық мақсатта пайдаланылады, ал қой терісі
негізінен киім-кешектік максатқа арналып ӛңделеді.
Ешкі терісі
Тері ӛңдеу ӛнеркәсібінде ешкі терісі маңызды орын алады. Одан аяқ
киім және ұсақ бұйымдарға арналған жоғарғы сапалы шевро (французша
chevream – ешкі терісі) ӛңдеуге болады. Ешкі терісін ӛндірісте сапалы ӛңдеу
ісі алғаш францияда 19 ғасырдың орта кезінен жолға қойылды.
Ешкі терісінің қой терісінен негізгі айырмашылығы дерма нығыз, берік,
жүні қатқыл, ұзынырақ болып келеді. Ешкі терісінен жасалған бұйымдар
берікітігімен, тығыздығымен, созылғыштығымен, әдемілігімен және
гигиеналық талаптар бойынша қой және басқа малдың терісінен
ерекшеленеді.
Тері аумағының әр бӛлігінде тері ұлпасының қалыңдық мӛлшері
әрқилы: ең қалың бӛлігі шоқтық, жон арқа, желке, жауырын, бүйір тұсы, одан
жұқарақ бӛлігі мойын, арқа мен қабырғаның ортасы, жұқа бӛлігі кеуде,
бауыр тұсы, ең жұқасы қарын үсті, қолтық, шап бӛлігі болып келеді. Ешкі
терісінің орташа қалыңдығы 1,4-2,5 мм, жас терінің салмағы малдың жасына
байланысты 1,5-4 кг, тері аумағы 60-90 дм2 , кейде 120 дм2
–қа жетеді.
Эпидермис қабаты жұқа, дерманың 1-2% –на тең. Терінің беткі қабаты
тегіс, жақсы дамығандықтан ешкі терісінен жасалған былғарының беткі
бӛлігі берік, қатқылдау болады.

Ешкі терісінің коллаген талшықтарының шоғыры нығыз ӛрілген,
жуантық, май және тер бездері аз, дермада май жоқ болғандықтан қой
терісімен салыстырғанда анағұрлым нығыз және берік болып келеді.
Дерманың емізікті және торлы қабаты айқын ажыратылады. Ұзын
қылшық баданасы (түбірі) біршама терең орналасқандықтан емізікті қабат
торлы қабаттан қалыңырақ, дерма қалыңдығының 50-60 % -ын иеленеді.

Ешкі терісі негізінен бұзау мен қой терісінің аралық қасиетін иеленеді.
Дерманың емізікті қабаты қой терісінен андыз, торлы қабаты ӛте берік,
нығыз. Дерманың беткі жағында эластин талшықтары кӛптеп
орналасқандықтан ӛңделген (шевроның) терінің бет жағы ӛте берік болады.
Тер бездері қойдікінен қарағанда кішкентай және аз, қылшық және түбіт
талшықтарының баданасы бұйрасыз, түзу болғанымен саны кӛп
болғандықтан емізікті қабат сирек те босаң келеді. Түк дорбашасы бір жерге
2-3 талдан шоғырланып, теріге 40-500 бұрыш жасап орналасады.
Ешкі терісінің бедері ӛзіндік ерекшелігімен сипатталады, сақа мал
терісінің бетінде біркелкі емес, қылшық жүннен болған жарты ай пішініндегі
топтасқан (5-8) тесіктер мен түбіт жүн талшығынан болған кішкентай
тесіктер қисық қатарлар түзеді. Бұл, сирек орналасқан бір-бір тесіктерден
тұратын қой терісінің беткі бедерінен ешкі терісін ажыратудың бірден бір
ерекшелігі болып табылады.
Былғары шикізат ГОСТ 28425-90 техникалық шарттарға сәйкес ауданы
24дм
2 және одан үлкен кӛлемді үй және жабайы ешкілердің терісі ұсақ былғарылық
тері шикізатына жатады.
Ешкі терісі:
Ешкі терісі нанды (хлебная) және далалық (степная) болып бӛлінеді.
Нанды ешкі терісін сүтті және сүтті-түбітті ешкілерден негізінен ТМД-ның
еуропалық бӛлігінде дайындайды. Далалақ ешкі терісі қысқа, сирек жүн
жамылғымен және берік, иілгіш, жұқа тері ұлпасымен ерекшеленеді.Терісі
сыпырылған жануардың жасына қарай үлпекті бұйым жасауға арналған ешкі және лақ терісі деп бӛледі. Лақтан шевро, лакталған шевро, астарлық, галантерейлік
былғары жасайды.
Далалық ешкі терісін ТМД-ның шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында
дайындайды. Далалық ешкі терісін түбітті, жүнді, қылшық жүнді ешкілерден және
олардың будандарынан алады. Күздік терілер түбітке бай болып келеді. Тондық
тауарларын жасауға қолданылмайтын далалық ешкі терісін шевро ӛндіруге
жібереді. Одан астарлық, галантерейлік тауарлар жасалады. Далалық ешкі терісі
қалың, ұзын, біртекті жүн жабынымыен және нандық ешкі терісіне қарағанда
беріктігі аз, қатқыл тері ұлпасымен ерекшеленеді.
Ешкінің түбіті мен жүні. Ешкінің жүні біртекті және әртекті болып
бӛлінеді. Әртекті ешкі жүні түбіттен, аралық талшықтан және қылшықтан
тұрады. Ондай жүнді ангор және советтік жүнді ешкі тұқымдарынан алады.
Ӛлі талшықтар кездеседі. Қылшық талшықтар тӛмен технологиялық сапамен
ерекшеленеді. Сонымен әртекті жүнді ешкілердің ең бастысы түбітін
пайдаланады. Ол тоқыма ӛнеркәсібі үшін бағалы шикізат болып табылады.
Ешкінің түбіті қойдікінен жіңішке. Талшығының жіңішкелігі 5-30 мкм.
Біртекті жүн негізінен аралық талшықтардан тұрады, аралық
талшықтың жіңішкелігі 30,1-52,0 мкм.
Қылшық талшықтың жіңішкелігі: жіңішке-52,1-75,0 мкм, орташа 75,1-
90,1 мкм, жуан 90,1 мкм-ден жуан.
Ешкі тұқымдарын олардан алынатын негізгі ӛнім бойынша түбітті,
жүнді, түбіт-жүнді және сүтті бағыттарға бӛледі. Малдың тұқымына және
ешкі жүннің технологиялық қасиеттеріне байланысты ешкі жүн екі топқа –
ұян және қылшық жүн болып бӛлінеді. Ұян жүн біркелкі не болмаса біркелкі
емес жүнге бӛлінеді. Біркелкі бағалы жүнді ангор және Советтік жүнді
ешкісінен алынады. Ангор ешкінің жүні ақ түсті, біркелкі, ӛрімделген,
жібектей жылтыр. Ең биязы жүнді бір жастағы жас ешкіден қырқады.
Советтік жүнді ешкісінің жүні де түбітті келеді. Қазақстанда ӛсірілетін
ешкілер жүні сапа жағынан ангор жүніне жақын, біркелкі, жылтыр
созылмалы болып келеді.
Ешкі түбіті меринос жүнінен де биязы. Олардан тоқылған бұйымдар әрі
жылы, әрі әдем шығады. Түбітті ешкілердің (Орынбор, Придон, Таулы Алтай
т.б.) түбіті тамызда шығып, күз айларында тез жетіледі. Қантардың аяғында
ӛсуін тоқтатып, ақпаннан бастап түлеп түсе бастайды. Ӛте биязылары ұсақ та
майда бұйраланып, созылмалылығы, мықтылығы олардың жылу сақтау
қасиетін ӛте жоғарылата түседі.ең сапалы, жоғары технологиялық қасиетті
түбітті орынбор ешкісінен тарап алады. Түбіттің технологиялық қасиеттері
дегенде ұзындығының біркелкілігін айтады. Түбіт дайындау үшін ешкіні дер
кезінде тарайды. Тарауға ыңғайлы уақыт, ақпанның басы, ешкінің түбіті
түлей бастаған кез. Түбітті ешкілерді екі рет – арасына 16-18 күн салып
тарайды.Қабыршақты қабатының жасушалар біртекті болмай бұжырланып,
кетікше болып келеді және осы ерекшелігіне байланысты түбіт басқа жүн
талшықтарына қарағанда бір-бірімен кірігіп, жақсы байланысады. Ешкінің
түбіт қойдың түбітімен салыстырғанда кӛп жіңішке. Түбіттің жіңішкелігі 13-
30 мкм, ұзындығы – 3,5-12 см.

Жуылмаған классталған ешкі жүні ГОСТ 2259-2006 («Шерсть козья
немытая классированная») стандартына сәйкес жіңішкелік тобы ластанған
түріне және түсіне байланысты класқа бӛлінеді.
Жіңішкелік тобы бойынша
Жіңішкелік тобы Сипаттамасы
Біртекті
1 топ Қатты жылтыр, толқындалған негізінен аралық
талшықтан тұратын тұлымды құрылымды. Тұлымның
түбінде қысқа қылшық талшықтар кездеседі. Аз
мӛлшерде құрғақ және ӛлі талшықтар кездеседі. Ақ
түсті, ұзындығы 100 мм-ден кем емес.
2 топ Жылтырлығы аз, аз толқындалған негізінен аралық
талшықтан тұратын тұлымды құрылымды. Тұлымның
түбінде қысқа қылшық талшықтар және аз мқлшерде
түбіт талшықтар кездеседі. Аз мӛлшерде құрғақ және ӛлі
талшықтар кездеседі. Жүннің түсі әртүрлі – ақ түстен
түрлі түске дейін, ұзындығы 100 мм-ден кем емес.
Әртекті ұяң
Жүнді ешкілердің
будандарынан
Жүнді ешкілердің будандарынан алынады. Әлсіз
жылтыр, ақ түсті, нашар толқынды, тұлымды
құрылымды. Ұзын түбіттен, аралық талшықтан және
қылшық талшықтан тұрады. Аз мӛлшерде құрғақ және
ӛлі талшықтар кездеседі. Ақ түс басымырақ кездеседі.
Түбітті
ешкілерден және
солардың
будандарынан
Түбітті ешкілерден және олардың будандарынан
алынады. Жүн толқынды иректі бұйрадан тұратын
тұлымды құрылымды. Қылшық талшықтан және одан
ұзын аралық, түбіт талшықтарынан тұрады. Түбіт жүн
салмағының 40 %-дан астамын құрайды. Ӛлі талшықтар
аз мӛлшерде кездеседі, сұр түсі басымырақ.
Әртекті қылшық
Жартылай түбітті Әртекті, тұлымды құрылымды, дӛрекі қылшық
талшықтан және түбіттен ( 25-40 % ) тұрады. Ӛлі талшық
кездеседі.
Қылшық жүнді Әртекті, тұлымды құрылымды, дӛрекі қылшық
талшықтан тұрады, түбіті 25 %-ден аз. Ӛлі талшықтары
да кездеседі.
Ескерту: Біртекті жүн талшықтарының талаптарына сәйкес келмейтін
ешкі жүні әртекті жүн ретінде қабылданады. Ұяң жүн талшықтарының
талаптарына сәйкес келмейтін ешкі жүні қылшық жүн ретінде қабылданады.
5
Түсіне қарай жүндер ақ, ақшыл сұр және түсті болып бӛлінеді.
Ақ. Ақ түсті жүн. Шайырына және минералдық қоспаларға
байланысты түрлі реңктер де кезедеседі.
Ақшыл –сұр – түсті ӛскіндермен ақ талшықты жүн.
Түрлі түсті – табиғи түстер (сұр, қара-сұр, әр түсті қоңырлар, сары
және қара).
Ескерту: Ақ түсті жүннің 1 кг-да түрлі түсті 5 талшықтар кездесуіне
рұқсат етіледі
Түсті талшықтар немесе түрлі түсті жүн бӛліктері бар ақ түсті жүнді
ақшыл сұр түске жатқызады.
Қылшық жүн түске жіктелмейді.
Ешкі жүні ластануына байланысты аз ластанған және көп ластанған
деп бӛлінеді.
Аз ластанған — ӛсімдік қалдықтары (шӛп, сабан, ошаған және
басқалары) жалпы жуылмаған жүннің 3 % ғана құрайды.
Көп ластанған — бұл топта ӛсімдік қалдықтары (шӛп, сабан, ошаған
және басқалары) жалпы жуылмаған жүн салмағының 3 %-дан артығын
қамтуға рұқсат етіледі.
Жуылмаған классталған ешкі түбіті ГОСТ 2260-2006 («Пух козий
немытый классированный») стандартына сәйкес жіңішкелік тобы ластанған
түріне және түсіне байланысты класқа бӛлінеді.
Ешкі түбіт жіңішкелігіне қарай келесі жіңішкелік топтарға бөлінеді.

Жіңішкелік топ Жіңішкелік тобына байланысты түбіттің сипаттамасы
Жіңішке (тонкий) Жіңішкелігі 19 мкм-ден жіңішке. Иілімді, жібек
жылтыр, ұзындығы 40 мм-ден ұзын, біртүсті
Орташа (средний) Жіңішкелігі 19,1-25,0 мкм. Жұмсақтығы, иілімділігі,
серпімділігі аз, ұзындығы 40 мм-ден ұзын, біртүсті
Жуан (грубый) Жіңішкелігі 25,1-30 мкм. 100-200 мм ұзын,
жылтырлығы, жібектілігімен ерекшеленетін,
бұрымының ұшы бұранда тәрізді, біртүсті
6
Ешкі түбіт жіңішкелігі, алу тәсіліне (тарау немесе қырқу) және қылшық
талшықтарының болуына қарай тӛрт классқа және классастына (подкласс)
бӛлінеді.
Класс Класс
асты
Жіңішкелі
к тобы
Сипаттамасы
I
1 Жіңішке Ешкіні тарау жолымен алынған, салмағының
10%-нан аспайтын қылшық талшығы бар
түбіт. Тарақпен тарап алған кезде түзілген
толқынды жұлма түрі болады. 1 кг түбітте 3
ӛлі талшықтың болуына рұқсат етіледі.
Жіңішкелігі 16,5 мкм-ден жіңішке.
2 Сипаттамасы бірдей. Жіңішкелігі 16,6-19,0 мкм.
1 Орташа Сипаттамасы бірдей. Жіңішкелігі 19,1-22,0 мкм.
2 Сипаттамасы бірдей. Жіңішкелігі 22,1-25,0 мкм.
1 Жуан Сипаттамасы бірдей. Жіңішкелігі 25,1-27,0 мкм.
2 Сипаттамасы бірдей. Жіңішкелігі 27,1-30,0 мкм.
II
1 Жіңішке Ешкіні тарау жолымен алынған, салмағының
20%-нан аспайтын қылшық талшығы бар
түбіт. Тарақпен тарап алған кезде түзілген
толқынды жұлма түрі болады. Аз мӛлшерде
киізденген түбіт кесегі, кездейсоқ ӛлі
талшықтың (1 кг-да 5 түйір) болуына рұқсат
етіледі.
Жіңішкелігі 16,5 мкм-ден жіңішке.
2 Сипаттамасы бірдей. Жіңішкелігі 16,6-19,0 мкм.
1 Орташа Сипаттамасы бірдей. Жіңішкелігі 19,1-22,0 мкм.
2 Сипаттамасы бірдей. Жіңішкелігі 22,1-25,0 мкм.
1 Жуан Сипаттамасы бірдей. Жіңішкелігі 25,1-27,0 мкм.
2 Сипаттамасы бірдей. Жіңішкелігі 27,1-30,0 мкм.
ІІІ – – Ешкіні тарау немесе қырқу арқылы алынған,
40%-дан аспайтын қылшығы талшық бар түбіт.
Аз мӛлшерде киізденген түбіт кесегі және ӛлі
талшықтар (1%-ға дейін) кездесуіне руқсат
етіледі.
IV – – Ешкіні тарау немесе қырқу жолымен алынған,
массасының 40%-нан жоғары, бірақ 60%-дан
аспайтын қылшығы бар түбіт. Киізденген түбіт
кесегі және ӛлі талшықтар (1%-ға дейін)
болуына руқсат етіледі.
7
Өсімдік қоспаларының болуына қарай түбіт қоқыммен ластанбаған,
қоқым-соқыммен аздап ластанған және күшті ластанған болып бӛлінеді.
Қоқыммен ластанбаған (свободный от сора) – тазартылмаған
(жуылмаған) күйде салмағының 1,5%-дай ӛсімдік қоспаларымен (сабан,
пішен, әр түрлі ошағандар және т.б.) кездесетін түбіт.
Қоқым-соқыммен аздап ластанған (малозасоренный) – тазартылмаған
(жуылмаған) күйде салмағының 3%-дай ӛсімдік қоспаларымен (сабан, пішен,
әр түрлі ошағандар және т.б.) кездесетін түбіт.
Күшті ластанған (сильнозасоренный) – тазартылмаған (жуылмаған)
күйде салмағының 3%-дан жоғары ӛсімдік қоспаларымен (сабан, пішен, әр
түрлі ошағандар және т.б.) кездесетін түбіт.
Түсі бойынша ешкі түбіті ақ, қоңыр-сұр, қоңыр-қызылқоңыр, ашықсұр
және аралас болып бӛлінеді.
Ақ – ақ түсті түбіт
Ашық-сұр – ашық-сұр түсті түбіт және қара қылшық талшықты ақ
түбіт.
Қоңыр-сұр – нағыз қоңыр-сұр түсті түбіт.
Қоңыр-қызылқоңыр – нағыз қоңыр-қызылқоңыр түсті түбіт.
Түрлі түсті – барлық басқа түсті және реңді, сонымен қатар аралас түсті
түбіт.

 

You May Also Like

Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдары

Жоспар 1.Кіріспе Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдары Негізгі бөлім 2.1 Әбу Насыр…

Лагерьдегі қауіпсіздік ережелері

Лагерьдегі қауіпсіздік ережелері Әрбір лагерге келгеннен кейін бірінші минуттан бастап лагерь дүние…

Кәсіпорын қызметін жоспарлау және бақылау

Кәсіпорын қызметін жоспарлау және бақылау 1.Кіріспе. 2.Жоспарлау кезеңдері. 3.Жоспарлардың жіктелуі. 4.Бюджет. 5.Қорытынды.…

Балалардың балабақшаға бейімделуінде кездесетін қиындықтар және олардан шығу жолдарына байланысты ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету.

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіргендіргіштерге біртіндеп бейімделуіне қарай өзгеріп, икемделеді. Бұл…