Кәсіпорын қызметін жоспарлау және бақылау

1.Кіріспе.

2.Жоспарлау кезеңдері.

3.Жоспарлардың жіктелуі.

4.Бюджет.

5.Қорытынды.

  1. Өндіріс процесін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олардың ішінде – жоспарлау мен болжау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.

Бұл бөлімде жоспарлау басқару қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастырылады, әрі басқарушылық бақылау процесінің бір бөлігі болып табылатын жоспарлау бойынша негізгі екі қызмет түрін бөліп қарастырады. Оның біріншісі – бағдарламаны әзірлеу – бұл қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі – бюджетті әзірлеу, тұтас кезеңдерге, әдетте бір жылға созылатын барлық ұйымдардың, оның жекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.

Жоспарлау кәсіпорынға белгілі бір кезеңде қол жеткізуге міндетті немесе мүдделі сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі кызметтің алдына мақсат қоюын ұйғарады

  1. 2. Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі – жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:
  • оперативті (ағымдағы) жоспарлау – бір жылға дейінгі кезеңге жасалады;
  • тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау – бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды;
  • стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау – үш жылдан аса көп кезеңге арналған.

Кәсіпорынға жоспарлау жүйесін енгізу мына міндеттерді шешуге тиісті:

  • кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру;
  • тұтас кәсіпорын мен оның жекелеген бөлімшелерінің мүдделерін ұштастыру және кызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету;
  • шаруашылық қызметтің әр түрлі нұсқаларына болжам жасау, талдау, бағалау және қабылданатын басқарушылық шешімнің негізділігін арттыру;
  • қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту.
  1. Оперативті жоспар – ұйымның оз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді өндіріс жоспарын айтуға болады.

Оперативті – күнтізбе жоспары кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, ырғақты жұмысын ұйымдастыру мақсаты мен тактикалық жоспардың көрсеткіштерін нақтылай түседі. Ол өндірістің техникалық әзірлігін, оның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, аса қажетті материалдық ресурстардың қорын құруды және қолдауды, өнім өткізуді және т.б. осылардың бэрін қосып, біртүтас өндіріс организміндегі ұйымның барлық элементтерін бір-біріне байланыстырады.

Әкімшілік (тактикалық) жоспары – ұйымдық құрылымды дамытудың және қолдаудың тактикалық жоспары. Оның мақсаты – орындаудың қалаулы деңгейіне жететін ұйым құру. Ол жыл сайын қарастырылатын орта мерзімді жоспарлар болып табылады.

Бірқатар кәсіпорындарда орта мерзімді жоспарлау жеңілдетілген түрмен біріктіріледі. Бұл жағдайда бірінші жылы оперативті жоспар деңгейіне дейін нақтыланатын сырғымалы деп аталатын үш жылдық жоспар жасалады.

Стратегиялық жоспар – бизнестің негізгі даму жоспары және ұйымдардың ұзақ мерзімді құрылымдық жоспары. Кәсіпорын стратегиясы жүйелі түрде қаралмайды, тек қажет болған жағдайда ғана қарастырылады. Мысалы, жаңа технология енгізілгенде, тұтынушылардың талғамы өзгергенде, жаңа бәсекелес пайда болғанда, міне осындай жағдайларда қарастырылады. Ол үш жылдан да ұзақ мерзімге (үш жылдық, бес жылдық және он жылдық жоспарлар) әзірленеді, ал кен өндіру және электр энергиясы өнеркәсіптерінде жоспар 20 жылға немесе одан да ұзақ уақытқа жасалады.

Стратегиялық жоспарлау арқылы бизнес саласындағы кызметті қалай кеңейту туралы шешім қабылданады, бизнестің жаңа саласын қалыптастырады, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру процесін ынталандырады, нарықтық сұранысты қанағаттандыру үшін кәсіпорын қандай шарттарды орындауы керектігін, қандай нарықта әрекет етуді, бизнесті қандай серіктестікпен жүргізуді және т.б. анықтайды. Стратегиялық жоспарлаудың нәтижесінде кәсіпорын алдағы кезеңнің мақсаттарын айқындап, оларға қол жеткізетін құралды жасайды.

Оперативті, әкімшілік және стратегиялық жоспарлар кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың, қызметкерлер санын ынталандырудың (мотивирования), нәтижелерді бақылаудың және олардың шаруашылық тұрғысынан да, қаржылық тұрғысынан да бағалаудың негіздері болып табылады.

Жоспарлау – ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы. Бүгінгі таңда кәсіпорын қызметін жоспарлау мыналарға байланысты күрделі мәселе күйінде қалып отыр:

  • жоспар және қаражат бұрынғыдай «жоғарыдан» түспейді, кәсіпорын нарық жағдайына өздігінен бағдарлануы (бейімделуі) керек;
  • жоспарлау процесі уақытты созатындықтан (яғни оның жасалуына уақыт кететіндіктен) ол оперативті басқарушылық шешім қабылдауға жарамсыз болады;
  • көптеген кәсіпорындарда нарық конъюктурасы тұратын, ағымдағы ресурстарға қажеттілікпен оны қаржыландыратын көздер туралы шындыққа жанасымды және уақтылы ақпараттар жоқ;
  • жоспарлау барысында баға белгілеудің шығын механизмі тән; бағалар нарықтық жағдайларды ескермей, толық өзіндік құндар мен пайдалылық нормативімен қалыптасады;
  • экономикалық жоспарлау жоспарлы құжаттарды дәстүрлі жолмен әзірлейтіндіктен олардың көбісі кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдауда жарамсыз
  1. Бюджет – кәсіпорынның қаржылық, инвестициялық, шаруашылық (операциялық) қызметтерінен түскен қаражат пен шығынды көрсететін операциялық қаржы жоспары.

Ол басшылардың сандық жобаларын сәйкестендіріп, нақтылайтын кәсіпорын қызметінің және дамуының жоспарын сандық тұрғыдан білдіреді; кәсіпорын қандай нұсқалар арқылы пайда түсіре алады деген сауалға жауап береді.

Бюджетті қолдану мына артықшылықтарды қалайды:

4.1. Стратегиялық тұрғыдан да, тактикалық тұрғыдан да жоспарлау өндіріс ахуалын бақылауға көмектеседі.

4.2. Бюджет басқарушылық бақылаудың құрамдық бөлігі болып табылады, тұтас ұйымның және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелерін бағалаудың объективті негізін қалайды.

4.3. Бюджет кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің кызметтерін үйлестіру құралына қызмет етеді.

4.4. Бюджет – жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалайтын бағаның негізі: менеджерлердің жұмысы бюджетті орындау туралы есеп беру бойынша бағаланады; бюджет деректерімен нақты нәтижелерді салыстыру менеджерлердің қызметін қай салаға бұру керек екенін көрсетеді.

4.5. Бюджеттің көмегімен ауытқудың талдауы жасалады.Бюджет (кірістер мен шығыстар сметасы) – мақсаттары есеп беру көрсеткіштерінде міндеттемелермен, яғни әрбір бөлімшенің осы мақсаттарға қол жеткізудің жауапкершілігімен өзара байланыстағы ақша түрінде көрінетін кәсіпорынның өндірістік қызметімен үндесетін белгілі бір кезеңге арналған қаржы жоспары.Есептік кезеңнің басында бюджет менеджердің сату, шығын және басталған кезеңдегі басқа да қаржы операцияларына қатысты болжамын қалыптастырушы жоспарды немесе стандартты білдіреді.Есептік кезеңнің соңында бюджет менеджерлерге ауытқуларды басқаруына мүмкіндік беретін өлшеудің рөлін атқарады: алынған нәтижелерді жоспарлы мен салыстырады әрі одан ары болатын кызметке түзету енгізеді.Басқарушылық есепте бюджеттер мына белгілер бойынша жіктеледі.Бюджет басқарушылық бақылау жүйесінің шешуші аспабы ретінде болады.Өте ұсақтарын қоспағанда барлық кәсіпорындар бюджетті жасаушы болып табылады.Көбінесе жылдық бюджет ретінде жауапкершілік орталықтарының табыс табуына арналған компанияның жоспарлы қызметін көрсететін пайда жоспарын қарастырады.Пайда таппайтын ұйымдардың барлығы да бюджетті жасаушылар болып табылады.Бюджетті жасау тұрақты, динамикалық процесс әрі ол тек бірінші тоқсан ғана ай бойынша нақтыланатын және әдетте тоқсан бойынша ірілендіріліп әзірленетін жылдық бюджетті қабылдаумен аяқталмайды.Жыл ішінде бюджет жағдайлардың өзгеруіне қарай өзгертілуі мүмкін.Нақты нәтижелерді салыстыру негізінде келесі бюджеттік кезеңге бюджет әлдеқайда дәл құру жүзеге асырылады.Әдеттен тыс немесе сырғымалы бюджетті қолдану кең тарап отыр.Оның мәні былай: ай немесе тоқсан аяқталғанда бюджетке жыл ішін ұдайы, былайша айтқанда, үздіксіз жоспарлауды қамтамасыз ететін келесі нақтыланған бюджет қосылады, яғни бюджет әрдайым бір жыл бұрын құрылып отырады.Тұтас кезеңдерге әзірленетін бюджет жоспарланған деректердің көлемімен және белгілі бір ұйымдардың қажеттіліктерімен анықталады.Бюджет бір жылға жасала ма немесе кәсіпорын сырғымалы бюджет негізінде жұмыс істей ме, осыларға қарамастан қызметті бақылау үшін айлық бюджет қолданылады.Жаңа өнім шығару, қосымша капитал жұмсауды қажет ететін жаңа технологияны немесе жаңа жабдықты енгізу сияқты елеулі өзгерістер болғанда бюджет бес жылға, тіпті одан да ұзақ жылдарға әзірленеді. Бюджеттік жоспарлау кезеңдеріне жататындар: барлық жауапты орталықтарды жоспарлау; қызметті бағалауда пайдаланылатын көрсеткіштерді анықтау; жаңа жағдайға байланысты жоспардағы ықтимал өзгерістерді талқылау; ұсыныстарды ескеріп жоспарға түзету енгізу

  1. Жоспарлау дегеніміздің өзі – кәсіпорынның проблемаларын алдын ала болжай отырып, асығыстық шешімге жол бермеу. Жоспарлау шешім қабылдаудың ерекше түрі ретінде барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтиды. Жоспарлаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның өндірістік-қаржылық операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау. Бюджеттендіру – бұл кәсіпорын бөлімшелерінің кызметін келісіп басқарудың жеке-жеке тарамдарға бөлінген жүйесі. Бюджеттендірудің шешуші сәтіне үйлестіру, адрестік және шығынды бағалау жатады. Бюджеттендіру бюджет жүйесіне негізделеді.
  2. Сундетов Ж. Планирование и прогназиравание в условиях рыночной экономики; Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2014ж.
You May Also Like

Махамбет тіліндегі тарихи сөздер

Махамбет тіліндегі тарихи сөздер        «Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті.…

Балалардағы тіс жарып шыққанға дейінгі тістің қатты тіндерінің тіс жегі емес ақауларының пайда болуы себептері.Алдын алу жолдары

Балалардағы тіс жарып шыққанға дейінгі тістің қатты тіндерінің тіс жегі емес ақауларының…

Бұзау еті мен түлкішек

Бұзау еті мен түлкішек Қажетті өнімдер: 100 г түлкішек, 100 г саумалдық,…

Күлкінің пайдасы, шығарма

Күлкінің пайдасы Таңертең айнадан өзіңізге қарап,жымисаңыз, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Күлкісіне қарап адамдардың қандай…