Кәсіпорынның қаржылық жағдайының теориялық негіздері

1.Кәсіпорынның қаржылық жағдайының теориялық негіздері
2.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оны бағалаудың маңыздылығы мен әдістемелері

  1. Қаржылық жағдайды бағалаудың ақпараттық базасы

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  деп оның  өз іскерлігін қаржыландыру мүмкіндігін айтады.Ол кәсіпорынның  ағымдағы іскерлігінің дұрыс жүруі үшін қаржылық ресурстардың жеткіліктілігімен,оны қолданудың тиімділігімен,оны орналастырудың мақсаттылығымен,басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық қатынастары,төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты,тұрақты емес және дағдарысты жағдайда болады.Кәсіпорынның уақтылы төлемдерді төлеп тұруы,өз іскерлігін қаржыландыруы  кең мағынада оның қаржылық жағдайының жақсы екенін көрсетеді.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық іскерлігінің нәтижесіне байланысты.Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар жақсы орындалып жатса,онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсер етеді және керісінше,өнімді өндіру мен оны сату жоспарының орындалмауы оның өзіндік құнының өсуіне,пайданың түсімі мен сомасының азаюына,осының әсерінен кәсіпорынның қаржылық жағдайы  және төлем қабілеттігінің төмендеуіне әкеледі.

Тұрақты қаржылық жағдайы өз кезегінде өндірістік жоспардың орындалуына және өндірісті қажетті ресурстармен қамсыздандыруға  оң әсер етеді. Сондықтан қаржылық жағдай шаруашылық іскерліктің негізгі бөлігі ретінде ақшалай қаражаттардың  жоспарлы түсуімен шығындалуын қамсыздандыруға,есептік тәртіптің орындалуына,меншікті және тартылған қаражаттың рационалды арақатынасы мен оның тиімді қолдануына бағытталады.

Нарықтық экономика жағдайына төтеп беру және кәсіпорынның банкротқа кетуіне жол бермеу үшін,қаржыны қалай басқаруды,капиталдың құрылу көзімен құрамының қандай болуы керектігін,яғни қанша бөлігін тартылған,ал қанша бөлігін меншікті қаражат алатынын жақсы білу қажет. Нарықтық экономиканың келесідей түсініктерін де білген жөн,оларға-іскерлік белсенділік,өтімділік,төлем қабілеттілік,кәсіпорынның несиелік қабілеттігі,рентабельділік шегі,қаржылық жағдайдың қоры,тәуекел дәрежесі, қаржылық тұтқа нәтижесі және тағы басқалармен оларды талдаудың әдістемесін білу керек.

Сондықтан қаржылық талдау қаржылық менеджменттің және аудиттің маңызды бөлігі болып табылады.Тәжірибеде қаржылық есепті қолданушылардың барлығы қаржылық талдаудың әдістерін өздерінің мәселерін шешу мақсатында оптималды шешімдер қабылдау үшін қолданады.

Меншік иелері қаржылық есепті капиталдың табыстылығын  және кәсіпорынның тұрақтылығын арттыру үшін талдайды.Кредиторлар мен инвесторлар қаржылық есептілікті өздерінің қарыздарымен салымдары бойынша тәуекелдерін төмендету үшін талдайды.Қабылданатын шешімдердің сапасы шешімнің аналитикалық негізінің сапасына тікелей тәуелді деп нық айтуға болады.Соңғы жылдары қаржылық талдауға арналған көптеген басылымдар шыға бастады.Шетел тәжірибесі де белсенді түрде қолданылуда.

Талдаудың мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап бағалау ғана емес оның ілгері басуына бағытталған жұмыстар кешенін жүргізу.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы іскерлікті қандай бағыт бойынша жүргізу керектігін анықтап,кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы әлсіз және күшті жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.Осыған сәйкес талдаудың нәтижелері кәсіпорынның іскерлігінің белгілі бір мерзіміндегі қаржылық жағдайын жоғарылатудың негізгі әдістері қандай деген сұраққа жауап береді.Бірақ талдаудың негізгі мақсаты болып қаржылық іскерліктің қателіктерін уақытында анықтап оларды жою және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттігін жоғарылатудың жаңа көздерін табу болып табылады.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштердің жүйесі қолданады-

1.капиталдың пайда болу көздеріне байланысты құрылымы

2.оны қолданудың тиімділігі

3.кәсіпорынның төлем қабілеттігі мен несиелік қабілтеті

4.оның қаржылық жағдайының қоры

Көрсеткіштер кәсіпорынмен экономикалық қатынастағы барлық субьектілер оның қаншалықты сенімді әріптесі екеніне және бастысы онымен қарым-қатынасты жалғастырудың қаншалықты тиімді екеніне жауап бере алатындай болу керек.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы біріншіден салыстырмалы шамаларға сүйенеді,оған инфляция жағдайындағы баланстың абсалютті көрсеткіштері жатады.

Талдаудың негізгі мәселелері:

  1. қаржылық іскерліктің қателіктерін уақытында анықтап оларды жою және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттігін жоғарылатудың жаңа көздерін табу.
  2. Нақты шаруашылық іскерліктің нақты жағдайына негізделе отырып мүмкін болатын қаржылық нәтижелерді, экономикалық рентабельділікті  болжау,меншікті және тартылған қаражаттың болуы,ресурстарды қолданудың әр түрлі нұсқаларында қаржылық жағдайдың әдістерін өңдеу.
  3. қаржылық ресурстуарды қолданудың тиімділігін жоғарылатуға және кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған нақты бағдарламалар дайындау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауымен тек қана басшылар ғана емес,сонымен қатар кәсіпорынның сәйкес қызметкерлері,оның құрылтайшылары,ресурстардың қолданылуының тиімділігін зерттеу мақсатында инвесторлар,несиелеу жағдайын және тәуекелін бағалау үшін банктер,төлемдерді уақтылы алу үшін жабдықтаушылар бюджетке төлемдердің төленуі үшін салық инспекциялары және т.б айналысады.

Бухгалтерлік есептің шоттарының жаңа жоспарын жүргізу,бухгалтерлік есеп берудің формаларын халықаралық стандарттар талабына сай келтіру қаржылық талдаудың нарықтық экономикаға сай жаңа әдісін қолдануды талап етеді.Мұндай әдіс іс жүргізетін серіктесіңді,кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының дәрежесін анықтау,іскерлік белсенділікпен кәсіпорын әрекетінің тиімділігін бағалауға негізделген таңдаманы жасау үшін керек.

Кәсіпорынның қаржылық әрекеті туралы негізгі ақпарат көзі ретінде бухгалтерлік есеп саналады.Нарықтық экономикадағы кәсіпорынның есептілігі қаржылық есеп ақпаратын жалпылауға негізделеді және кәсіпорынды қоғаммен және кәсіпорын әрекеті туралы ақпаратты пайдаланушы-серіктестер арасында байланыстырушы буын болып табылады.

Кейбір жағдайларда қаржылық талдаудың мақсаттарын іске асыру үшін бухгалтерлік есеп пайдалану жеткіліксіз болып табылады.           Пайдаланушылардың кейбір топтары мысалы басқарушылар мен аудиторлар қосымша ақпарат көздерін (өндірістік және қаржылық есеп ақпаратын) тартуға мүмкіндігі бар.Сонда да жылдық және тоқсандық есептілік сыртқы қаржылық талдаудың бірден-бір көзі болып табылады.

Қаржылық талдау әдістемесі 3 өзара байланысты блоктардан тұрады:

1.кәсіпорын әрекетінің қаржылық нәтижелерін талдау

2.қаржылық жағдайды талдау

3.қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау

Қаржылық жағдайды талдау үшін негізгі ақпарат көзі ретінде кәсіпорынның бухгалтерлік балансы қолданылады,оның маңызы өте жоғары,тіпті оны кейде баланстық талдау деп атайды.Қаржылық нәтижені талдау үшін ақпарат көзі болып қаржылық нәтижелермен олардың пайдалануы туралы есеп табылады.

Қаржылық талдау әдісі ретінде шаруашылық үдерістердің құрылуы мен дамуын зерттеудің әдістемелік жолы танылады.

Әдістің өзіне тән ерекшеліктеріне :көрсеткіштер жүйесін пайдалану,олардың арасындағы өзара байланысты анықтау мен өзгерту жатады.

Қаржылық талдау үдерісі кезінде бірнеше арнайы әдістермен тәсілдер қолданылады.

Қаржылық талдауды қолдану әдістерін шартты түрде 2 топқа бөлуге болады: дәстүрлі және математикалық.

Бірінші топқа: абсолютті салыстырмалы және орташа шамаларды қолдану;салыстыру,жинау және топтау тәсілі,тізбелі топтау тәсілі жатады.

Қаржылық есептілікті талдаудың негізігі әдістеріне:көлденең және тікелей талдау,трендтік,қаржылық көрсеткіштер әдісі,факторлы талдау жатады.

Көлденең талдау-әрбір позицияны өткен кезеңмен салыстыру.

Тікелей талдау-есептіліктің әрбір позициясының жалпы нәтижеге әсерін анықтай отырып,соңғы қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау.

Трендтік талдау-Есептіліктің әрбір позициясын өткен мерзіммен салыстырып,график құру арқылы трендін анықтау.Трендтың көмегімен болашақтағы мүмкін мәндері қалыптасады, сәйкесінше перспективтік талдау жүргізіледі.

Салыстырмалы көрсеткіштік талдау-есептіліктің жеке позициялары арасындаға немесе есептіліктің басқа түрлерінің позицияларының арасындағы қатынасты есептеу,көрсеткіштердің өзара байланыстылығын анықтау.

Салыстырмалы талдау-бұл шаруашылық ішіндегі және шаруашылық аралық талдау жасау.

Факторлы талдау-жеке факторлардың жалпы нәтижеге әсер етуіне детеминирленген және стохастикалық әдістерді қолдану арқылы талдау жасау.

Көптеген математикалық әдістер:корреляциялық талдау,регресиондық талдау және т.б аналитикалық өңдеулер кірді.

Жоғарыда аталған әдістердің барлығы талдаудың формальді әдісіне жатады.Ал формальді емес әдістеріне: экспорттық бағалау, сценарилер, психологиялық және т.б олар логикалық деңгейде талдау жасауға негізделген.

Бүгінгі таңда  қаржылық талдауда бұрын қолданылмаған  әр түрлі тәсілдермен әдістер қолданылады.

Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі мақсаты-ол кәсіпорынның ағымдағы жағдайын есептеу ғана емес, сонымен қатар  негізгі қаржылық көрсеткіштердің өзгерістерін,әлсіз позицияларды анықтау,осы көрсеткіштерді жоғарылатуға бағытталған шараларды жүргізу.

Зерттеу барысында негізгі статистикалық әдістер қолданылады: топтық, орташа және қатысты шамалар,графикалық,индекстік, салыстырма әдіс.

Қаржылық жағдайға талдау жасауда негізгі орынды :

-белгілі бір көрсеткіштің құрылымын зерттеу

-көрсеткіштің динамикасын сипаттау

-негізгі көрсеткіштердің өзгеруіне әсер ететін факторларды зерттеу және бағалау.

Қаржылық жағдай талдауының методикасы кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқаруды қамтамасыздандыру және нарықтық экономика жағдайында іскерлік серіктестерінің қаржылық жағдайын бағалауға арналған.Оған ішкі және сыртқы талдау элементтері кіреді.

Әдістемеге талдаудың келесідей блоктары кіреді: есепті мерзімге кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын бағалау мен оның өзгерісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына талдау;кәсіпорынның балансының өтімділігініне,іскерлік белсенділігі мен төлем қабілеттігіне талдау.

Салыстырмалы аналитикалық баланс бойынша есептік мерзімге қаржылық жағдайды бағалау мен оның өзгерісі,сонымен қатар қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің талдауы қаржылық жағдай талдауының қорытынды блогының қисынғы түрде дамуына итермелеуші пункт болып табылады. Баланс өтімділігінің талдауы ағымдағы төлем қабілеттілікті бағалау және болашақтағы қаржылық тұрақтылықтың сақталуы мүмкіндігіне қорытынды беруі қажет.Салыстырмалы аналитикалық баланс пен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері қаржылық жағдайдың негізі болып табылады.Баланс өтімділігі қаржылық жағдайдың сыртқы көрінісі. Есептілік ақпараттары негізінде талдауды тереңдету ішкі талдауға жататын мәселелерге алып келеді. Қаржылық тұрақтылықтың факторларын зерттеу қорлар мен шығындарға ішкі талдау жасауды қажет етеді, ал баланс өтімділігін бағалауды анықтау дебиторлық және кредиторлық берешектің жағдайына ішкі талдау негізінде жүзеге асады.[1, 18-22 беттер ]

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау дегеніміз-ұйымның іскерлігінің әр жақтарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жиынтығын  бағалау,  интерпретациялау және есептеу.

Талдаудың мақсаты-басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет ақпараттарды алу.Яғни,ішкі қолданушылар оны кәсіпорынның қаржылық саясатына түзетулер енгізу үшін,ал сыртқы қолданушылар дәл осы кәсіпорынға қатысты нақты жоспарларды(сатып алу,инвестициялау,келісім шарт жасау және т.б ) жүзеге асыру үшін талдау жүргізеді.

Талдауда алға қойылған мәселелердің айырмашылығы  ақпаратты ішкі және сыртқы қолданушылардың басқарушылық шешімдерін анықтайтын көрсеткіштердің айырмашылығында.Әрине екеуіне бірдей дәрежеде маңызды көрсеткіштерді бөліп көрсетсе болады, мысалы, өтімділік коэфиценті.Әйткенмен де көрсетілген топ қолданушылары үшін көрсеткіштердің жеке тобы қарастырылады.

Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын есептеместен бұрын бұл жұмыс кімнің көзқарасы жағынан есептелетінін анықтап алу қажет.

Қаржылық талдауды жасаудағы негізгі мәселелер:

-талдау мезетіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;

-талдау жасалатын уақыт кезеңіндегі кәсіпорынның дамуының  тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау;

-кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсер ететін фактілерді анықтау;

-кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоғарылатуға қолданатын резервті анықтау;

Талдаудың негізгі бағыттары:

-баланстың құрылымы мен таза айналым капиталын талдау;

-өтімділік және қаржылық тұрақтылық коэфицентін талдау;

-пайда және шығындар құрылымына талдау;

-ақша қаражаттарының айналымын талдау;

-рентабельділікті талдау;

-еңбектің тиімділігін талдау.

Көзделген мақсатқа байланысты талдау әр бағыт бойынша әр түрлі көлемде болуы мүмкін,бірақ қысқаша түрде барлық бағыт бойынша талдау жүргізу керек.Бұл көрсеткіштердің өзара тәуелділігімен түсіндіріледі:бір көрсеткіштің өзгеруі келесі бір көрсеткіштің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мысалы,рентабельділіктің төмендеуі көп жағдайда активтердің айналымдығының төмендеуімен байланысты.

Талдаудың негізгі әдістері:

-көлденең немесе үрдістік талдау,бұл әдісте көрсеткіштер басқа базистік мерзімнің көрсеткіштерімен салыстырылады.

-тігінен жасалатын талдау,бұл әдісте көрсеткіштердің құрылымын бөлшектенудің жоғары дәрежесінен төменгі дәрежесіне дейін зерттелді.

-факторлы талдау-кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне қаржылық іскерлігінің жеке элементтерінің әсерін бағалау

—салыстырмалы талдау-көрсеткіштерді осы саладағы бәсекелес кәіпорындардың көрсеткіштерімен салыстыру.

Қаржылық талдауды жүргізу үдерісі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуінің себептерін анықтауда белгілі бір қадамдардың кезектілігімен,осы көрсеткіштерді оптимизациялайтын тұтқаларды анықтау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы негізгі мәселелер тәжірибеде негізгі үш сипатта көрініс табуы мүмкін:

1.Ақшалай қаражаттардың тапшылығы;төлем қабылеттіліктің төмендігі

Мәселенің экономикалық мәні келесіде,кәсіпорынның жақын арада немесе дәл қазір өзінің міндеттемелерін уақтылы өтеу үшін ақша қаражаты жеткіліксіз.

Төмен төлем қабілеттіктің индикаторы болып өтімділіктің төмен дәрежедегі көрсеткіштері,несие бойынша міндеттемелердің уақтылы төленбеуі,бюджет,жұмыскерлер немесе басқа да несиелеумен айналысатын ұйымдардың  алдында нормадан жоғары мөлшердегі қарыз табылады.

2.Кәсіпорынға құйылған капиталдың қайтарымдылық дәрежесінің төмен болуы;төмен рентабельділік

Тәжірибеде бұл іскерлік иесі оның кәсіпорын жұмысына құйған ақшасын ақтамайтын шағын ғана пайда алатынын көрсетеді.Мұндай жағдайлардың мүмкін салдарлары келесідей-ұйымның менеджмент бөлімінің жұмысына теріс баға берілу,құрылтайшылардың біртіндеп кетуі.Қайтарымдылықтың төмен дәрежесінің негізгі белгісі болып-рентабельділіктің төмен дәрежесі табылады.Сонымен қатар қанағаттанарлық индикаторы ретінде меншік капиталдың көлеміне көп көңіл бөлінеді.

3.Қаржылық тұрақтылықтың төмен дәрежесі

Тәжірибеде төмен қаржылық тұрақтылық болашақта міндеттемелерді өтеуде мүмкін мәселелердің туындауымен,басқаша айтқанда кәсіпорынның кредиторларға тәуелдігімен,өзін-өзі қаржыландыра алмауымен түсіндіріледі.

Мұндай тәуекелдік жағдайдың туындауы автономия коэфицентінің төмендеуі,меншік капиталдың теріс таңбадағы көрсеткіші және капиталдың таза айналымының көрсеткіші төмендейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуіне келсек бұл жерде негізгі екі жаһандық себепті бөліп көрсетсек болады:

1.Қаржылық жағдайдың орташа жағдайын ұстап тұруға әлеуетті мүмкіндіктердің болмауы немесе алынатын пайданың төмен көлемі.

2.Іскерліктің нәтижелелерін рационалды түрде басқармау яғни қаржыны рационалды басқара алмау.

Төлем қабілеттікпен,рентабельділікпен қаржылық тұрақтылықпен мәселелердің барлығының тамыры бір:не компанияның іскерлігінің нәтижесі  қаржылық жағдайының  жеткілікті мөлшерін ұстап тұруға қанағаттанарлықсыз жағдайда,не компания қаражаттарын рационалды түрде қолдана алмайды.

Жоғарыда көрсетілген себептердің қайсысы екенін анықтау өте маңызды.Өйткені соған байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайын оптимизациялауға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдаудың бағыты анықталады.

Ал енді бірінші себепті,яғни кәсіпорынның алатын пайдасының оның қаржылық жағдайын ұстап тұруға жеткіліксіз болған жағдайды қарастырайық.Кәсіпорынның пайдасын құрайтындардың негізгілеріне-баға,өнімді өткізу көлемі,өндіру шығындарының көлемі,және іскерліктің жанама түрлерінен табыстар жатады.

Негізгі және жанама іскерліктің табыстары мен шығындарына талдау қаржылық нәтижелер туралы есептілікті,пайдалылық көрсеткіштерін және жинақталған капитал шамасын қолдану арқылы жүргізіледі.Тұрақты және айнымалы шығындардың көлемін бағалау және сонымен қатар қолданылатын ресурс бағасымен тауардың сатылу бағасы арасындағы қатынасты анықтау үшін маржиналды талдау жасау керек.

Әрине,тауардың сатылу көлемін бағалау бірінші кезекте жүргізіледі.Тауардың сатылу деңгейі төмендеген жағдайда бірден оның себебін анықтау қажет.Көптеген жағдайда ол тауарға деген сұраныстың болмауымен түсіндіріледі.Бірақ кейбір жағдайларда кәсіпорында өзінің тауарын өткізуге деген ынтасының төмендігі де байқалады.Яғни теле экранда жарнаманың болмауы,маркетинг бөлімінің тауарды нарықта жылжыту жолдарын іздеудің орнына тек келген тапсырыстарды ғана тіркеумен айналысуында.

Ал егер кәсіпорынның тауарына сұраныс аз болған жағдайда және ол қоғамның белгілі бір бөлігіне ғана арналған болса,онда тауардың жаңа түрін нарыққа шығару қажет.Бұл өз қатарында өткізу көлемін өсіреді,бірақ оған арналған жаңа құрылғыны сатып алуға қаражатты қажет етеді.

Кәсіпорынның тауарын жылжытуды ұйымдастыру жоғары деңгейде орындалсын,нарықта кәсіпорын мүмкін максималды дәрежені алды делік,бірақ сонда да пайданың көлемі төмен болған жағдайда оның себебі шығынның дәрежесі үлкен болуы мүмкін.Ол шығынды құраушыларға-шикізаттың,материалдардың қымбаттығы,жадықтаушылар ұсынатын қызметтердің бағасы табылады.Бұл жерде қызметті арзанырақ бағамен ұсынатын жабдықтаушыларды іздеу кәсіпорынның шығындарының көлемін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Шығынның дәрежесінің үлкен болуы тек жабдықтаушылардан емес,кәсіпорынның өзінен де болуы мүмкін.Оған жарықтандыруға,суға,жылыту жүйелеріне үлкен дәрежедегі шығындардың  бақыланбай жұмсалуы.Бұл әсіресе ірі кәсіпорындарда байқалады.

Ал шағын кәсіпорындар үшін телефон үшін төлемдер,іс сапар т.б шығыдар болуы мүмкін.Бұл жағдайда шығындардың көлемін қысқарту үшін телефонмен хабарласуды электронды жүйемен хат алмасуға ауыстыруға болады(әрине тек кәсіпорынның әріптестері арасында).

Кейбір жағдайларда шығындарды қысқарту үшін өндірістік қорлардың көлемін азайтуға тура келеді,бұл тұрақты шығындардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның тапқан пайдасы толығымен оның қолына берілмейді,оның бір бөлігі уақтылы төленбеген салықтар үшін айыппұлдарға,несие үшін төлемдік ақы өсімі,өндірістік емес сипаттағы шығындарға кетуі мүмкін.

Ал енді екінші жағдайға,кәсіпорынның өзінің қаражатын тиімсіз қолдануына тоқталайық.Мұнда негізгі үш құраушыны бөліп көрсетуге болады:айналым қаражаттарын(айналым капиталын),инвестициялық саясатты және қаржыландыру көздерінің құрылымын басқару.

Инвестициялық саясатты қарастырайық.Кәіпорын өзінің қаржылық мүмкіндігінен артық мөлшерде қаржылық салымдар жасауы мүмкін.Бұл жерде кәсіпорынның қаржылық мүмкіндігі деп-алынған пайданың сомасы мен тартылған ұзақ мерзімді несиенің көлемін ұғу керек. Кәсіпорынның қаржылық мүмкіндігінен жоғары мөлшерде инвстициялық салымдар жасау оның қаржылық жағдайының төмендеуінің себептерінің бірі болуы мүмкін.

Инвестициялық саясатты сипаттайтын таза айналым капиталының қозғалысы мен өзін-өзі қаржыландыру көрсеткіштерін есептеу және ақшалай қаражаттардың есептілігін талдау қажет.[2,32-41 беттер]

Бірқатар кәсіпорындар қаржылық жағдайының төмендеуінің себебі айналым қаражаттарын рационалды басқармауында,яғни кәсіпорында қалыптасқан басқарушылық әдістер қазіргі экономикалық өзгерістерге сай келмейді.

“Айналым қаражаттарын басқару” ұғымына материалды-техникалық қамсыздандыру,өткізу,кәсіпорынның клиенттері және жабдықтаушыларымен өзара есеп-айырысуға бақылауды орнату үрдістері біріктірілген.

Кәсіпорында қалыптасқан айналым капиталын басқарудың әдісін талдауда-баланс құрылысы,ағымдағы активтер мен пассивтердің айналым көрсеткіштері сонымен қатар ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептілік қажет.

Материалдарды сатып алудың периодын міндетті түрде дәл анықтап,сол қағиданы сақтау қажет.Яғни керек көлемнен артық мөлшерде алмау қажет,бұл кәсіпорынға арзан бағадағы шикізат тапқан кезде атып алу мүмкіндігінен айырады.

Және келесі ескеретін жәйт,қойманы дайын өніммен толтыруға болмайды,яғни сатылым дәрежесінен артық көлемде өндіруге болмайды.Міне осы жағдайдың барлығы айналым қаражатының бір орында қалып қалуына әкеледі.

Әрбір кәсіпорын шикізатпен оған толықтырғыштарды жабдықтаудың үзілмейтін үрдісін қамтамасыз ету қажет.

Кәсіпорын осы ережелерді сақтай отырып өзінің қаржылық жағдайын жоғарлататынын түсінуі керек.

Дебиторлық қарыздың үлкен көлемі-көптеген кәсіпорындардың мәселесі.Дебиторлық қарызды уақтылы талап ету қаржылық жағдайды оптимизациялаудың тағы бір жолы.Дебиторлық қарызды оптимизациялаудың ұйымдастырылған әдістеріне төленуге тиісті шоттардың тізімін жасауды жатқызуға болады(сатып алушылардың реестрі,шот жасалған дата,шотты төлеу датасы,сатып алушының төлемге жауапты тұлғасы).Дебиторлық қарызды оптимизациялаудың заңды тәсілдеріне келсек оған сату-сатып алу келісім шартына сатушының қоймасын инвентаризациялау немесе шоттарды уақтылы төлемегені үшін айыппұлдың қаралатыны туралы пункті қосу болып табылады.

Меншікті капиталдың рентабельділігіне қаржыландыру көздерінің құрылымының(пассивтердің құрылымы) әсерін бағалау-қаржылық тұтқаны талдау арқылы шешілетін мәселе.Оны келесідей мағлұмдаса болады: меншікті капиталдың рентабельділігін жоғарылататын пасссивтердің құрылымымен қаржылық тұрақтылықтың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың интегралды әдісіне тоқтала кетейік.Қаржылық жағдайды талдаудың көптеген есеп-қисаптар мен көрсеткіштердің жиынтығынан тұруы ұйымның қаржылық жағдайын бағалауды қиындатады.Сәйкесінше,қаржылық жағдайды талдау мен бағалауда белгілі бір басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін итегралдық көрсеткіштерді қажет етеді.

Интегралдық бағалау деп дәл осы уақыт мезетіне кәсіпорынның қаржылық жағдайын толық әрі нақты сипаттайтын бір ғана көрсеткішті есептеп шығаруды айтады.Оның мәнін қандай да бір өткен кезеңнің(тоқсан немесе жыл) мәндерімен салыстыра отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайының өзгерісін,себебін анықтап ұйымның қаржы-шаруашылық іскерлігін рационалды басқаруға болады.

Бірінші кезекте қаржылық жағдайды бағалаудың интегралды моделінде қандай көрсеткіштер қолданылатынын анықтап алайық.Оларға кәсіпорынның табысы,шығысы және оның кредиторлық берешегінің өзгеруі жатады.

Оның формуласы келесідей:

ИБ=(Д/Р)*(1-КЗк/КЗн)                                                                                        

Мұндағы:

ИБ-кәсіпорынның қаржылық жағдайын интегралды бағалау;

Д-Табыс;

Р-Шығыс;

КЗк-кезең соңына кредиторлық берешек көлем;

КЗн-кезең басындағы кредиторлық берешек көлемі;

Интегралдық көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса,соғұрлым кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды қаржылық тұрақтылықты талдаудан бастаған жөн,ал ол өз қатарында өзіне келесі элементтерді біріктіреді:

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының өзгерісін талдау;

Баланс активтерінің құрылу көздерінің құрамыы мен құрылымын талдау;

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін абсолютті және салыстырмалы талдауы;

Баланс тиімділігін талдау;

Кәсіпорынның несиелік және төлем қабілеттілігін талдау. [3,32-36 беттер]

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының өзгерісін талдау кәсіпорының барлық мүлігінің салыстырмалы және абсолютті азаюының немесе өсуінің көлемін анықтауға мүмкіндік береді.Активтердің өсуі(азаюы)кәсіпорынның іскерлігінің кеңейгенінің(тарылғанының) белгісі.

Қаржылық есептіліктің басты элементі болып табылатын активтерге талдау жасағанда олардың бар болуы, құрамы,құрылымы және онда орын алған өзгерістер зерттеледі.Активтердің жалпы және жеке топтары бойынша құрылымын талдау олардың қаншалықты рационалды орналастырылғанын анықтауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі кәсіпорынның жұмысының оң жүріп жатқанын білдіріп,оның одан әрі дамуына кепіл бола алады.[4,334-359 беттер]

Бірақ кәсіпорынның мүлкінің бағасының өсуінің себептерін талдауда,инфляцияның әсерін де ескеру керек.Отандық тәжірибеде негізгі құралдардың баланстық құнын қалыптастыруда ғана инфляцияны ескереді.

Активтерді талдауда олардың орналастырылуына,кәсіпорынның өндірістік потенциалына,мүліктің өтімділігіне үлкен көңіл бөлу қажет.Ол үшін ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының мәнін білу қажет.Көптеген әдебиетттерде оны анықтаудың бірнеше әдістері бар.Бір әдіс бойынша оның құрамына негізгі қорлардың құнын,өнгдірістік қорларды,аяқталмаған құрылысты,ауыл шаруашылығы саласы бойынша асыраудағы малдың да құнын қосады.

Екінші бір әдіс бойынша жоғарыдағыларға аяқталмаған капитал салымдары және орнатылмаған құрал-жабдықтың құны қосылады.Осы әдіс кәсіпорынның даму үрдісін және оның материалды-техникалық базасын толық,анығырақ көрсетеді.А.Д.Шеремет және Р.С. Сайфулин  жазуы бойынша өндірістік бағыттағы мүлік коэфицентінің мәні:Кn>0.5 Көрсеткіштің мәні көрсетілген шектен төмендеген кезде өндірістік бағыттағы мүліктің көлемін көбейту үшін кәсіпорынның қаржылық іскерлігінің нәтижесі мүліктік активтерді толықтыруға жетпесе,ұзақ мерзімді қаражат тартқан дұрыс.

Келесі қадам баланс валютасындағы ағымдағы активтердің үлесін анықтау-ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлігінің құнына қатынасымен анықталатын,кәсіпорынның активтерінің мобильділігінің коэфицентін жоғарылату.Ол қарыздарды жабуға арналған қаражаттардың көлемін сипатттайды.Коэфиценттің мәні неғұрлым жоғары болса,соғұрлым кәсіпорын өзінің ісінің үзіліссіз жүріп тұруын қамтамасыз етіп,кредиторлармен есеп айырысуға мүмкіндігі жоғары.Қаржылық тұрғыдан алып қарағанда оның өсімі мүлік құрылымына оң әсер етеді:мобильділігі жоғарылайды,ал ол өз қатарында оның айналымын жоғарылатып,оны қолданудың тиімділігінің жоғарылағанының кепілі болады.

Кәсіпорынның активтерінің орналаластырылуының тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш мобильді және имммобильденген қаражатттарының арақатынасының коэфиценті.оның мәні кәсіпорынның қандай салада жұмыс істеуіне байланысты.Өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін кәсіпорын үшін бұл көрсеткіштің мәні 0,5-тен кем болмауы керек.

Кәсіпорынның негізгі құралдарының құны кәсіпорынның балансының 50 %-дан көп бөлігін құрауы керек.

Тәжірибеде маңызы зор элементтердің бірі-активтердің қозғалмалы(жұмыс машиналарының құны,өндірістік құрал-жабдық,транспорт) бөлігін анықтау.Оның көлемінің жоғарылауы негізгі құралдарды қолданудың тиімділігін көрсететін қор қайтарымдылығының жоғарылауына әкеледі.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипатттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып-төзімділік коэфиценті табылады.Ол негізгі құралдардың тозуының сомасының оның бастапқы құнына қатынасымен анықталады.

Келесі кезең баланс активтерінің қалыптасу көздерін талдау болып табылады.Кәсіпорынның мүлкін қалыптастыру қатынасы оның қаржылық тұрақтылығын анықтайтын тартылған және меншікті қаражаттың есебінен жүретінін ұмытпаған жөн.

Нарықтық қатынастар заманында кәсіпорынның іскерлігі және оның дамуы өзінің қаражаты,яғни меншік қаражат есебінен жүреді.Тек олардың көлемі жетіспеген уақытта ғана қосымша қаражат тартылады.Бұл жерде кәсіпорынның сыртқы қарыз көздеріне тәуелсіздік деңгейіне көп көңіл бөледі,бірақ сыртқы қарыз көздерінсіз істі жалғастыру мүмкін емес.Сондықтан қаржылық есептіліктің ағымдағы активтерінің қалыптасу көздерін шектеу қажет.Оның минималды бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін меншікті айналым капиталынан құралады.Белгілі бір периодтарда қажеттілік туындайтын ағымдағы активтерді банктердің қысқа мерзімді несиелері немесе коммерциялық несиелер,яғни тартылған қаражат есебінен жабады.

Активтердің қалыптасу көздерін талдауда меншік және тартылған қаражаттың нақтылы көлемі анықталады,есепті периодтағы олардың өзгеруіне әкелген себептері анықталып,сәйкесінше бағаланады.Меншікті қаражаттардың қоры-қаржылық тұрақтылықтың кепілі болғандықтан,басты назар меншікті капиталға аударылады.

You May Also Like

Қазақ әдебиетінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.

Символика желтого цвета  в произведении  Ф.М.Достоевского «Преступление и наказание»

Актуальность исследования. Цвет во все времена всегда имел у людей важное значение…

Компютерлік желі дегеніміз не?

Компютерлік желі деп әр-түрлі ресурстарды, мысалы, программаларды, құжаттарды, және принтерларды бірігіп пайдаланатындай…

Экзаменационные вопросы по ИКТ

Экзаменационные вопросы по ИКТ ООН мыңжылдық декларациясы және «Ақпараттық Қазақстан – 2020»…