Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………………………………………3

I Кәсіпорынның негізгі және айналым қорлары…………………………………..4

1.1 Айналым қоры және оның мәні………………………………………………………4

1.2 Кәсіпорынның негізгі және айналым қорлары оның мәні маңызы…..8

1.3  Айналым капиталын қаржыландыру көздері………………………………….10

II Айналым қорларының құрлымы

1.3  Кәсіпорынның негізгі және айналым қорларын бағалау  көрсеткіштері………………………………………………………………………………………..11

III  Экономикалық есептеу бөлімі……………………………………………………………17

Кіріспе

   Үздіксіз  өндірістік  үдерісті  қамтамасыз  ету  үшін  негізгі  өндірістік қорлармен  қатар  оған  заттармен  материалдық  ресурстар  қажет. Еңбек заттары  еңбек  құралдарымен  бірге   үдерісіке  қатысып, олардың  құны өндірілетін  өнімнің материялдық  негізін  жасап,  өнімнің  өзіндік  құнын құрайды.

Өнеркәсіпте айналым қаржылары негізгі екі топқа бөлінеді: айналым қорлары және айналым  құралы. Айналым қорларының құрамына жөнелтілген дайын өнім,  бірақ ақысы  әлі төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі есеп – шоттардағы, кассадағы ақша, есептесіп бітпеген  жердегі ақша қаражаттары жатады.

Кәсіпорындарда айналым  қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен  өзгеріп те отырады. Әрбір нақты  кәсіпорын айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік  сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезегінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және тағы басқаға байланысты болады.  Айналым қорын тиімді пайдалану көпшілігінде  олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады.

Ұзақ мерзімді айналым  қорындағы негізгі капитал және өндіріс алды шығындар  деп екі инвестицияға бөлуге болады. Қысқа мерзімді айналым қоры  кәсіпорынды құрғаннан кейін қаржыландыруға, кейін жұмысына жұмсалады. Айналым қор келесі активтерді біріктіреді: тауарлы – материалдық қорлар. Төлем есептері несие талаптары бойынша, яғни шикізат, материалдар мен басқа қызметтер белгілі мерзімге беріліп уақытты келгенде төленеді. Мұндай төлемдер мерзімін ұзарту арқылы айналым қоры бағасын қысқарта алады.  Ұзақ  мерзімді қордағы сұранысты негізгі  капитал және өндірісалды шығындар деп екі инвестицияға  бөлуге болады.

Негізгі қордағы  инвестицияның типтік капиталы мыналар:

– Жер учаскесін алу және оны игеру;

– Алаңдар мен ғимараттар салу немесе игеру;

– Өндірістік және көмекші машиналар, жабдықтар алу;

– Тазаланған ғимараттар салу;

– Жобалы – конструкторлық жұмыстар.

Өндірісалды шығындар құрамына өндіру алдында жұмсалған шығындар келеді. Олар мыналар:

  • Компания жасаумен байланысты шығындар;
  • Өндіріске дейін жалданған қызметкерлер мен оларға төленетін ақы
  • Арендалық төлемдер;
  • Іссапар және байланыс шығындары;
  • Кеңесшілерге төленетін ақы;
  • Жинақтар мен салықтар;
  • Банк қызметіне кеткен төлемдер;
  • Түрлі қызметтерімен келісім үшін шығындар;
  • Байқап көру шикізаты;
  • Кәсіпорынға жатпайтын білім үшін төлем;
  • Өндірісалды маркетингтік ұстам төлемдер
  1. Кәсіпорынның негізгі және айналым қорлары

1.1Айналым қоры және оның мәні

Айналым қорын тиімді пайдалану оның айналымдылық көрсеткіштерімен өлшенеді. Айналым қорының айналымдылығы дегеніміз – қордың өндіріс пен айналымның жеке кезеңдерін тізбектеп өту ұзақтығы.

Айналым қорының айналымдылығының келесі көрсеткіштері қолданылады:

2) айналымдылық коэффициенті;

3) айналым құралын жүктеу коэффициенті;

4) бір айналымның ұзақтығы.

Айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның айналым қорының орташа қалдығын көтерме бағада сатылған өнімнің көлеміне қатынасына тең:

Кайн = Өс / Қорт

Мұндағы, Кайн – айналым қорының айналымдылық коэффициенті, айналым;

Өс – сатылған өнім көлемі, тг;

Қорт – айналым қорының орташа қалдығы, тг.

Айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның айналым қорының белгілі кезең ішіндегі (жыл, тоқсан, ай) жасаған айналым саны немесе айналым қорының 1 теңгесіне шаққандағы сатылған өнімнің көлемін көрсетеді. Формуладан көрініп тұрғандай, айналым санының артуы, не айналым қорының 1 теңгесіне шаққандағы өнімнің шығарылуын арттырады, не өнімнің осы көлеміне аз айналым қорының сомасын жұмсау керектігін көрсетеді.

Айналым қорын жүктеу коэффициенті айналымдылық коэффициентіне кері көрсеткіш. Ол сатылған өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы айналым қорының сомасын көрсетеді.

Кжүк = Қорт / Ө

Мұндағы, Кжүк – айналым қорының жүктеме коэффициенті.

Айналым қорының ең негізгі функцияларының бірі оларды пайданың өндіріс активі ретінде пайдалану. Осы қордың (капиталдың) аты айтып тұрғандай, айналымдағы олардың маңызы өте зор. Осы мақсатта айналым қорының көлемін белгілі кезең ішіндегі олардың айналымдылық санын бағалайды және кәсіпорынның қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін қор көлемі неше күнге жететіндігін анықтайды. Жалпы бір айналымның ұзақтығын күн есебінде мына формула бойынша анықтаймыз:

Т күн = С / Кайн

Мұндағы, Ткүн – күн есебіндегі қор көлемі;

С – кезеңдегі күн саны (360, 90, 30).

Ал шикізаттың, материалдың, дайын өнімнің және т.б. қорын талдау, жоспарлау және бақылауды ұйымдастыру мақсатында қор көлемін күн есебінде мына формуламен анықтаймыз:

Ткүн = Қі / Ші

Мұндағы, Ткүн – күн есебіндегі қор көлемі;

Қі – натуралды өлшем бірліктегі қажетті ресурс түрінің (і) қоры;

Ші – сол өлшем бірліктегі қажетті материалдың (і) орташа күндік шығыны.

Әрбір кәсіпорында қордың орташа мөлшері мәліметтер екі датаға берілген жағдайда орташа арифметикалық әдіспен және мәліметтер үш және одан да көп датаға берілген жағдайда орташа хронологиялық әдіспен анықталады.

Қорды басқару жағдайын бағалау үшін олардың айналымдылығын күн және рет есебінде мына формулалармен анықтаймыз:

Тайн = Σ Ā / Шкүн

Мұндағы, Тайн – күн есебіндегі айналымдылық;

Σ Ā – белгілі бір кезең ішіндегі орташа тауар қоры, сомада;

Шкүн – сол кезең ішіндегі бір күндік шығын, сомада.

Трет = Vсат / Σ Ā

Мұндағы, Трет – рет есебіндегі айналымдылық;

Vсат – белгілі кезең ішіндегі сатылған көлем;

Σ Ā – сол кезең ішіндегі орташа қор.

Орташа айналымдылықты есептеу дегеніміз – бірдей бағадағы қордың орташа көлемінің сатылған өнімнің өзіндік құнына қатынасы.

Күн есебіндегі айналымдылық көлемі ликвидтік көрсеткіштің бірі болып табылады, яғни ол қордың ақшаға айналу жылдамдығын анықтайды.

Айналым қорының айналымдылығы азайған сайын немесе сол сатылған өнімнің көлеміндегі олармен жасалған айналымдылық саны артса, айналым қоры соғұрлым аз қажет болады, және керісінше, айналым қоры көп айналым жасаған сайын, оларды пайдалану соғұрлым тиімді болып келеді.

Қазіргі жағдайда кәсіпорынның алдыңғы қатарлы мәселелерінің бірі айналым қорының айналымдылығын жылдамдату болып табылады. Оған мынадай жолдар арқылы қол жеткізіледі:

1)өндірістік қордың қалыптасу кезеңінде – қордың экономикалық негізделген нормасын енгізу; шикізат, жартылай фабрикаттар, қосалқы бұйымдар және тағы да басқалардың жабдықтаушыларын тұтынушыға жақындату; жабдықтаушы мен тұтынушы арасындағы тікелей байланысты ұзақ, кеңінен пайдалану; материалдық-техникалық қамтамасыз етудің қоймалық жүйесін кеңейту, сондай-ақ көтерме сауданы материалдар мен жабдықпен қамтамасыз етуді жетілдіру; қоймадағы арту-түсіру жұмыстарын кешендік механикаландыру, автоматтандыру.

2) Аяқталмаған өндіріс кезеңінде – ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату (аз қалдықты және қалдықсыз прогрессивті техника мен технологияны енгізу); стандарттауды, унификациялауды, типизациялауды дамыту; өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру, анағұрлым арзан құрастырғыш материалды пайдалану; шикізат пен отын-энергетикалық ресурсты үнемді пайдалануды экономикалық ынталандыру жүйесін жетілдіру; жоғарғы сұранысқа ие өнімдердің үлес салмағын арттыру.

3) Айналыс кезеңінде – өнімді тұтынушыларды, оларды дайындаушыларға жақындату; есеп айырысу жүйесін жетілдіру; тікелей байланыс бойынша тапсырыстарды орындау, өнімді мезгілінен бұрын өндіру, үнемделген материалдан өнімді өндіру арқылы өнімді сату көлемін арттыру.

Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны береді. Ол айналым қоры  мен айналыс қорынан тұрады. Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айрысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде корінеді. Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі -ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету. Сонымен, айналым капиталы деп өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын айтамыз. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті көлемде айналым капиталының болуы қажетті алғышарт болып саналады.Демек айналым капиталы өндірістің үздіксіз жұмыс атқарауын қамтамасыз етеді.Ең бастысы, мына мәселені анықтауы қажет: кәсіпорын айналым қоры мен айналыс қорын мейлінше тиімді пайдалану үшін не істеу керек және өнімнің материал сыйымдылығын төмендетіп,айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету үшін қандай шаралар қолданған жөн деген мәселеге қатты көңіл бөлу керек.Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт-қолда бар айналым қаражаттарының болуы.Айналым қоры-бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.Айналым қорының мәні -ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Айналым қорлары — бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі.Әдетте,өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.Айналым қорларының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады.Кәсіпорындардағы айналым қорларының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.Кәсіпорында айналым қорларыныің құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

(Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:

  • өндірістік айналым қорлары;
  • айналыс қорлары;

Кесте-1. Айналым қорлары

Айналым қорлары Айналыс қорлары
өндірістік запастар Аяқталмаған өнадіріс Болашақ кезең шығындары Қоймадағы дайын өнімдер Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар Есептеулердегі ақша құралдары Ақша және т.б. қаражат айналымы
Нормаланған Нормаланбаған

Өндірістік айналым қорлары — өндірістік процессте бір рет қолданылады және өзіндік құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен металл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.Өндірістік айналым қорларына шикізат, негізгі және қосымша материалдар, комплекттік бұйымдар, өндірісте аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.

Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:

  • Өндірістік запастар. Оларға — шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.
  • Аяқталмаған өндіріс.Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
  • Болашақ кезеңдердің шығындары — жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге кеткен шығындар.

Айналыс қорлары — запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.

Сонымен, айналым қорлары — бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.

Айналым қорларын қаржыландыру көздері:

Тузілу көздеріне қарай айналым капиталы меншікті және несиелік болып екіге бөлінеді. Меншікті айналым капиталы — бұл үнемі кәсіпорын иелігінде болатын және өз ресурстары (пайдадан және т.б.) есебінен құралатын қаражаттар болып саналады. Қозғалыс үдерісі негізінен меншікті капитал қатарына уақытша бос тұрған еңбекақы төлеу үшін жиналған қаражаттар кіруі мүмкін. Бұл қаражаттар меншікті капиталға теңестіріледі немесе тұрақты пассивтер деп аталады. Несиелік айналым капиталы деп банк несиесі, несиелік қарыз (коммерциялық несие) және басқа да пассивтерді атайды.Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының жалпы көлемін (норматив) жоғарғы басшылар бекітеді және ол бір жыл ішінде тек кәсіпорынның өндірістік жоспары өзгерген жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Өндіріс жоспарын орындауға, өнімді өткізуге, сондай-ақ төлемақыларды белгіленген мерзімінде төлеуге қажет кәсіпорынға бекітілген аз мөлшерлі меншікті айналым капиталын құру үшін норматив белгіленеді.

Жыл сайын кәсіпорындардың және бірлестіктердің қаржы жоспарында меншікті айналым капиталының нормативінің өсімі,ең алдымен, жеке ресурстар (пайда және т.б.) есебінен құралады.

1.2 Кәсіпорынның негізгі және айналым қорларының маңызы

Өндіріс тиімділігін арттырудың   елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар мен тағы басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.

Өндірістің нәтижелілігін  арттыру жөніндегі шараларды  белгілеген кезде кәсіпорындардың  өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға  кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.

Айналым қаржылары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды.

Бірінші сатыда кәсіпорын  ақша  қаражаттарын   еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған  қорлары өндіріс процесіне  тікелей өтіп, әуелде өндіріс қосалқы қорларына және шалафабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процессі – дайын өнімге айналады.

Үшінші  сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып,  жаңа ауыспалы  айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға  жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады.

Шаруашылықты  жүргізудегі  нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оның айналым қаражаттарымен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.

Айналым  қаражаттарының  айналымдылығын сипаттайтын бірнеше  көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең  қарапайымы – айналым қаражатының  айналымдылығының коэффициенті.

Айналым қорын  тиімді пайдалану көпшілігінде олардың  қажеттілігін дұрыс  анықтау  болып  табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде  жоспарланған  пайданы ең төменгі  мөлшердегі шығынмен  табуға  үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның  тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің  іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан  өндірістің пайдасы мен көлемі төмендейді.

Кәсіпорында айналым  қаражатының қажеттілігін анықтау  кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының системасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке қаражатының   қажеттілігін есептеген  кезде мыналарды еске  алған   жөн.

Кәсіпорындардың іс – әрекеттерін  қамтамасыз етудегі міндетті шарты   қолда бар айналым қаражаттарының  болуы.  Айналым қаражаттары –бұл өндірістік  айналым қорларын құру, пайдалану  және  үздіксіз өндірістік процестер  мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.   Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процестердің  қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға  қарағанда айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және   өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің  құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Айналым қаражаттарының  құрылымы деп – барлық жиынтығындағы олардың  бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау  жасау және оны жетік білу маңызды   мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, Дебиторлық  берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының  нашарлағанын білдіреді. Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты  өндірістік қосалқы қорларды сатып  алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға  түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждық бұл дейінгі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен  тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатының  қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды – орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және  басқа да несилегерлер.

Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.

Айналым қаражаты  ретінде  кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып оның іс – әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.

Орнықты пассивке жататындар:

  • Жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және ауыспалы сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен  қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы.
  • Ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспеегендігі фактурасы жоқ  жеткізушінің  және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша  жеткізуге берешегі.
  • Аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі.
  • Салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.

1.3Айналым қорларын қаржыландыру көздері

Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың   уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның айналым   қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:

-өндірістің маусымдылығы;

-тауар – материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;

-қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және тағы басқалары.

Айналым қорын тиімді пайдалануды арттырудың бірқатар резервтері сол кәсіпорынның өзінде. Кәсіпорын айналым қорының қозғалысын оңтайландырудың ішкі резервін пайдалана алады. Айналым қорының құрылымын ескерудегі маңызды резерв – өндіріс қорын тиімді ұйымдастыру жүйесінде. Өндіріс қорын қысқартудың негізгі жолдарына мыналар жатады: оларды оңтайлы пайдалану; нормадан тыс материалдар мен қорды ликвидациялау, шаруашылық айналымға нормадан тыс және артық қорды қатыстыру; өндірісті қамтамасыз етудің материалдық-техникалық жүйесін жетілдіру, соның ішінде жабдықтау келісімінің нақты жағдайының тәртібін бекіту, олардың орындалуын қамтамасыз ету; нормалауды жетілдіру; тікелей шаруашылық байланысты оңтайландыру мен кеңейту; жабдықтаушылардың тиімдісін таңдау; транспорттық жүйенің тиімді жұмысы және басқалары қойма шаруашылығын ұйымдастыруда анағұрлым маңызды нәтижелер береді. Аяқталмаған өндірістегі айналым қорының қатысу уақытын қысқарту өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, негізгі қорды пайдалануды жақсарту жолымен, қолданылып жатқан техника мен технологияға, айналым қорын қозғалыстың барлық кезеңінде үнемдеу арқылы қол жеткізуге болады.

Айналым аясындағы айналым қорының айналымдылығын жылдамдату дайын өнімнің кәсіпорын қоймасында болу кезеңі мен тұтынушылардың оның төлем ақысын төлеу кезеңін минимизациялау арқылы жүзеге асырылады. Айналым қорының айналымдылығын жылдамдатудың негізгі алғышарттары – келісімдік және төлемдік тәртіпті сақтау, кәсіпорынның тиімді маркетингтік стратегиясы, есеп айырысудың прогрессивті

формаларын қолдану, құжаттаманы дер кезінде толтыру мен оның қозғалысын жылдамдату.

Айналым қорының айналымдылығын жылдамдату ауқымды соманы босатуға мүмкіндік береді. Ол соманы қосымша қаржыландыру көздерін іздестірмей-ақ өндіріс көлемін арттыруға жұмсауға болады, ал босатылған құралды кәсіпорын қажеттілігіне сәйкес пайдалануға болады.

  1. Айналым қорларының құрылымы

2.1 Кәсіпорынның негізгі және айналым қорларын бағалау көрсеткіштері

Кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады (капитал). Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды – орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.

Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.

Айналым капиталының қалыптасу көздері маңызды дәрежеде олардың тиімділігі қолданылуын анықтайды. Шаруашылық субъектідегі қордың айналымының арналымды ерекшеліктермен шарттасқан меншікті және тартылған қаражаттардың оптималды сәйкес келуі басқарушы жүйесінің маңызды мәселесі болып табылады. Айналым капиталдарын қалыптастыруды басқару процесінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарды рационалды және тиімді пайдалану жауапкершілігімен бірге құқықтары қамтамасыз етілуі қажет. Меншікті және қарыз қаражаттарының жеткілікті минимумы айналымның барлық кезеңіндегі айналым капиталының қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуі қажет, бұл өндірістің ақша және материалды қаражаттарға қажеттілігін қанағаттандырады, сонымен қатар жабдықтаушылармен, бюджетпен банктермен және басқалармен уақтылы және толық есеп айырысуды қамтамасыз етеді.

Қалыптасу көздерінің құрамындағы маңызды рөлді меншікті айналым қаражаттары ойнайды. Олар рентабельді кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті кәсіпорынның мүліктік және оперативті өзіндігін қамтамасыз ету қажет. Меншікті айналым қаражаттары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының дәрежесін, оның қаржы нарығындағы деңгейін куәландырады.

Меншікті айналым қаражаттары запастарды, яғни нормаланатын айналым қаражаттарын жабудың көзі ретінде қызмет етеді. Олардың бастапқы қалыптасуы компанияның құрылуы кезінде және оның жарғы капиталының жасалуы кезінде болады. Бұл кездегі меншікті айналым капиталының көзі құрылтайшылардың инвестициялық салымдары болып табылады. Кейіннен кәсіпкерлік қызметтің дамуымен меншікті айналым қаражаттары алынатын пайда, бағалы қағаздарды шығару мен қаржы нарығындағы операциялар, қосымша тартылатын қаражаттардың есебінен толықтырады.

Қазіргі кездегі шарттармен қарыз қаражаттары айналым капиталының қалыптасу көздеріндегі маңызды және негізгі мән-мағынаға ие болуда. Қарыз қаражаттары кәсіпорынның ақша қаражаттарына уақытша қосымша қажеттілігін жабады. Қарыз қаражаттарын тарту өндіріс сипатымен, нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болған қиын есеп айырысу қатынастарымен, меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіз мөлшерін толтыру қажеттілігімен және басқа да объективті және субъективті себептермен шарттасқан.

Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды. Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі мәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез келген жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады және ақшалай қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.  

                    III.  Экономикалық есептеу бөлімі

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты кең таралған бәсекелестік пен жеке кәсіпкерліктің дамуына, кіші және орта кәсіпорындардың ұйымдастырылуына үлкен мүмкіндіктер жасауға

бағытталған, себебі, олар жергілікті шикізаттарды тиімді игеруге және

жұмыс орындарымен қамтуға кең мүмкіндіктер туғызады.  Кез-келген дұрыс ұйымдастырылған кәсіпорындардың негізінде жоспарлау жатады. Қазіргі кездегі технологиялардың тез өрлеуінде, тұтынушы үшін, өнімнің сапасы үшін күресте, бәсекелестіктің өсүінде кәсіпорындарға барлық басқару жайлы туындаған сұрақтарға жаңаша көзқараспен қарауға мәжбүр етті. Бұл жерде бизнес-жоспарға үлкен мән беріледі, себебі ол жоспарлаудың ең маңыздысы болып табылады. Бүгінгі кезде, қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты, кәсіпорындар көптеген қиыншылықтарға тап болады. Соған қарамастан олар өздерінің әулетті серіктестеріне өндірген өнімдерін қажетті мөлшерде, қажетті мезгілде және жоғары сапамен нақты өндіру үшін бизнес-жоспар құрулары қажет.

Бизнес-жоспар дегеніміз – ол бәсекелестікке төзімді өнімді өндірудегі жаңа технология мен техниканы енгізудегі, өндірісті және еңбекті жаңаша басқарудағы жоспарлы және жобадағы шешімдердің  технико-экономикалық түсініктемесі болып табылады.

Сол себепті, болашақтағы жеңіл өнеркәсіптің мамандарына бизнес-жоспардағы жобаланатын өнімдерінің технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтай білулері қажет.

Бұл бөлімде тұтынушыларға қызмет көрсетулердің ұйымдастырылуының негізгі бағыттарын, қызмет көрсету кәсіпорындарында маркетингтік тұжырымдамаларды болашақта іске асыру, маркетингтің әлеуметтік  идеялары мен ательеде коммерциялық жетістіктерге жетудегі артықшылықтары мен кемшіліктерін, ателье (бөлшектену бағаларымен

өндірушілердің мамандандырылған деңгейі бойынша) жұмыстарын ұйымдастырудағы негізгі ұсыныстарды көрсету қажет.

жобаны орындау кезінде оқушылар өндіріс шығындарын, бағаларды, пайда мен рентабельділікті өте жақсы меңгереді.

Курстық жұмыстың экономикалық бөлімі мына есептеулерден тұрады:

  • жобаланған өнімнің өзіндік құны;
  • жобаның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері.

Өнімнің өзіндік құны – бұл өнімді өндіріге және өткізуге жұмсалған шығындардың  ақшалай мөлшері.

Бір дана өнімнің  өзіндік құнын  шығындардың баптары бойынша есептеуді калькуляциялау дейді.

Шығындар баптары деп өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар өздерінің экономикалық мазмұны бойынша тапсырылуын айтамыз. Шығындар баптарына өндіруге жұмсалған шығындар мен қатар өнімді өткізуге жұмсалған шығындар да кіреді.

Калькуляция – шығын түрлері (калькуляция баптары) бойынша өнім өлшемінің өзіндік құнын есептеу. Өндірістің ерекшелігіне байланысты шығындар тапсырыс бойынша әдіспен калькуляцияланады.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау – ол өнімдерді өндіруге және өткізуге, сонымен қатар жұмыстар мен қызметтерге жұмсалған шығындардың ақшалай құнын есептеп шығару болып табылады.

Жобаланған өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы.

Тігін өндірісінде калькуляциялық бірлікке нақты модельдің бір данасын есептеуге алынады.

Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның өндіріске және өнімді өткізуге жұмсаған шығынның ақшалай көрінісі.

Тігін өндірісі өнімінің өзіндік құнының есебін келесідей шығындар баптарымен  анықталады.

Кесте 1. Жоспардағы өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы

Жас қыздарға арналған корея ұлттық көйлегі

Шығындар баптарының аталуы Шығындар сомасы, теңге
1. Негізгі және көмекші материалдар.  5310
2. Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы  5527.34
3. Өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы.  552.7
4. Әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар.   668.8
5. Өндірісті дайындауға және игеруге жұмсалған шығындар. 276.367
6. Жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындары. 829.101
7. Жалпы өндірістік шығындар. 1381.83
8. Жалпы шаруашылық шығындар.  552.73
Өнімнің өндірістік құны 150.98
9. Өндірістен тыс шығындар. 15098.89
Толық өнімнің өзіндік құны 15249.8

Негізгі және көмекші материалдар.

Бұл бапқа негізгі мата, астарлық мата, өңір астарлықтары және түймелер кіреді. Шығындар нормасы өнімнің калькуляциялық бабының шығындар нормасы (негізгі  болып есептеледі) технологиялық бөлімнен алынады. Көрсеткіштер 2-ші кестеге жазылады.

Кесте 2. Негізгі және қосымша материалдар шығыны.

Материалдың аталуы Өлшемі 1 өнімге қажет шығын нормасы Біреуінің бағасы, теңге Шығындар сомасы, теңге
1 2 3 4 5 6
1. Негізгі мата

Тафта(пиджак)

Тафта(жаға,жең)

Белдемше(атлас)

 

М

М

М

 

1,3

0,3

3

 

1400

1400

600

 

1820

420

1800

2. Жіп(вычыбка)        дана         1      1000 1000
3. Жіп        дана         3       80 270
барлығы 5310

1 жылда 365 күн бар, соның ішінде 15 күні мемлекеттік мейрам, 4 күні құрал-жабдықты  жөндеуге арналған күн және  52 демалыс күні.

1 жылда 294 күн жұмыс күні

1 айда орташа сағат саны (294/12)*8 = 196 сағат,

Шығындарды материалдардың бір өнімге кеткен калькуляциялық шығын нормасына және де бір бірлігінің бағасына байланысты анықталады.

Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы.

бұл жерде Ен – өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы,

∑Бнақ – сомалық нақты бағалау, теңге.

Сомалық нақты бағалауға пішуге, тігуге және өңдеуге кеткен нақтылы бағалау кіреді:

Бп  Ст.п × Ес.п,

Бп.пиджак = 212,26 × 1,7 = 360,84 теңге

Бп.белдемше = 212,26 × 0,63 = 133,72 теңге

Бп = Бп.пиджак + Бп.белдемше = 360,84 + 133,72 = 494,56 теңге

Бт  Ст.бр.ж. ×Ес.т,

Бт.пиджак = 230,93 × 12,7 = 2932,81теңге

Бт.белдемше = 230,93 × 2,6 = 600,41 теңге

Бт = Бт.пиджак + Бт.белдемше = 2932,81 + 600,41 = 3533,22 теңге

Бө.пиджак = 1500 теңге

Бп + Бт + Бө.

Бнақ = 494,56 + 3533,22 + 1500 = 5527,78 теңге

бұл жерде Ст.п. – пішушінің ставкасы, теңге

Ес.п. –  пішудің еңбек сыйымдылығы, сағат, 3-ші кестеден анықталады, иықты киімнің әрбір қиындатушы элементіне 0,1 сағат және белдемшелерге 0,08 сағат қосылып отырады.

Ст.бр.ж. – бригада жұмысшыларының ставкасы, теңге

Ес.т.– тігудің шартты-фактілі еңбек сиымдылығы, сағат, 4-ші кестеден анықталады, егерде       қиындатушы элементтер 4-ші кестедегі көрсеткіштерден не көп, не болмаса аз болса, онда әрбір қиындатылатын элементке 1 сағат қосылады, не болмаса алынады.

Ес.ө. – өңдеуші жұмыстарға кететін шығындар (өңдеу қызметінің құнын 1 нормо/сағаттың құнына бөліп анықтайды).

Кесте 3. Минималды қиындықты өнімді пішуге кеткен еңбек сыйымдылығы (қиындатылған элементтерсіз).

Өнімнің аталуы Пішуге кеткен уақыт,сағат, ательеде
жоғарғы разрядтағы бірінші разрядтағы
Қыстық пальто 3,24 2,20
Күздік пальто 3,06 2,15
Жакет 2,28 1,70
Пиджак 2,78 1,70
Шалбар 1,02 0,68
Белдемше 0,04 0,63
Көйлек 2,20 1,50

Кесте 4. Өнімнің негізгі түрлерін тігуге кеткен еңбек сыйымдылығы.

 

Бұйым түрі

                             Ательенің разряды
Жоғарғы Бірінші
Қиындатушы элементтер саны кететін уақыт, сағат Қиындатушы элементтер саны кететін уақыт, сағат
орташа өнеркәсіптік жақсы тігінші топтарында Орташа өнеркәсіптік тігу процесстерінің бригада топтарында Жақсы тігінші топтарында
1 2 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Әйелдерге арналған күздік пальто 5,5 25,7 19,4 5,1 18,8 17,4 14,5
Әйелдерге арналған қыстық пальто 5,0 30,8 25,5 4,5 21,6 20,0 15,0
Пиджак 2,1 27,5 24,4 2,1 16,6 15,5 14,0 12,7
Ерлердің күздік пальтосы 2,6 30,2 24,9 2,5 17,2 16,0 14,4 10,9
Ерлер шалбары 1,0 6,4 4,0 1,0 4,1 3,8 2,6
Әйелдер көйлегі 6,7 14,5 12,4 5,9 8,9 8,5 6,1

Ескерту: Еңбек сыйымдылығына өнімді киіп көруге дайындық уақыты және киіп көргеннен кейін тігуге , әрлеуге кеткен уақыт кіреді.

Мына көрсеткіштер негізгі этаптарды есептеуге қажет, олар:

  1. қажетті ассортименттегі минималды қиындықты  өнімді (өндірген кезде қосымша еңбек шығындарын қажет етпеуші) және минималды қиындықты өнімнің өндіру құнын анықтау.
  2. Қиындатушы элементтерді анықтау (минималды қиындатылған өнімге кірмейтін).
  3. Қолданылатын материалдардың тігу және өңдеу кезіндегі күрделілігін анықтау.
  4. Өңдеу-декоративтік жұмыстардың құнын анықтау (кесте, өңдеу тігісі, желбіршек және т.б.)
  • «Прейскурант №Б-01(01-15) тігін өнімдерін тұтынушының тапсырысы бойынша дайындау» регионалдық қызмет көрсетудің бағасына байланысты түзетуші коэффициенттерін енгізу.

Ес.п. – пішушінің ставкасы мына формула бойынша анықталады:

Ес.п.  Ес.мин. ×ТКп. (пішушіге)

Есп = Есmin × ТКп  = 116,63 × 1,82 = 212,26  теңге

Ст.бр.ж.  Ес.мин. ×ТКорт.,

Ст.бр.ж.  116,63×1,98 = 230,93 теңге

бұл жерде Ес.мин.- мемлекет бекіткен минималдық жалақы алатын жұмысшылардың сағаттық тарифтік ставкасы, ол минималдық жалақыны 1 айдағы орташа сағат санына бөлумен анықталады ( 1 айдағы орташа сағат саны сол жылдағы жұмыс уақытының балансынан анықталады: номиналды жұмыс уақыты қорын 12 айға бөлумен анықтайды).

Ес.мин. = 22,859 / 196 = 116,63 теңге

ТКп.,ТКорт. – жұмыстың разрядына байланысты пішушінің тарифтік коэффициенті мен бригада жұмысшысының орташа тарифтік коэффициенті.

Пішушінің жұмысы 5-ші разрядпен тарификацияланады.

Бригада жұмысшысының орташа разряды  5 , 7 деп алынады.

Әрлеу жұмыстарының разрядын жұмыстың қиындығына қарай 4 немесе 5 деп алуға болады.

Кесте 5. Сағаттық тарифтік ставкаларды анықтауға арналған тарифтік коэффициенттер.

Тарифтік разряд 1 2 3 4 5 6
Тарифтік коэффициент 1,39 1,49 1,59 1,70 1,82 1,95

ТКорт. төмендегі формула бойынша анықталады:

ТКорт. ТКк.р. + (ТКү.р.  ТКк.р.)  (Рор. Рк.),

ТКорт.= 1,49 + (1,82 – 1,49)  (3,5-2) = 1,98 теңге

Бұл жерде ТКк.р. және ТКү.р. – орташа разрядтың екі жағында орналасқан одан кіші және одан үлкен разрядтардың тарифтік коэффициенттері.

Рор. жәнеРк. – орташа разряд және оның жанында орналасқан одан кіші разряд.

Жобаланған модельдің ательеде тігілуінің құнын анықтау үшін, алдымен жобаланған модельдің суреті мен сипаттамасына қарай оның тігу құнын анықтайды.

Ательеде бұйымды тігу құны төмендегі формула бойынша анықталады:

Ққ. прейскурант бойынша тігу құны  Кб.ұ. + Кәрл.,

Ққ. = 10000  0,98 + 1500 = 11300 теңге

бұл жерде Ққ. – қызмет құны,

Кб.ұ. – бағаны ұлғайту коэффициенті,

Кәрл. – әрлеу жұмысының құны тапсырыс берушімен келісіліп анықталады.

Калькуляцияның №3-9 баптарының шығындарын есептеу үшін 7-ші кестені қолдану ұсынылады 

3.Өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы.     = 552,77 теңге

4.Әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар.

         =     = 668,86 теңге

5.Өндірісті дайындауға және игеруге жұмсалған шығындар.

= 276,38 теңге

6.Жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындары.

= 829,16 теңге

7.Жалпы өндірістік шығындар.

=   = 1381,94 теңге

8.Жалпы шаруашылық шығындар.

= 552,77 теңге

9.Өндірістен тыс шығындар.

=  (5310 + 5527,78 + 552,77 + 668,86 + 276,38 + 829,16 +1381,94 + 552,77) /100% = 15099,66 / 100% = 150,99теңге

Кесте7.Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясының кейбір баптарының шығындарын есептеуге қажетті көрсеткіштер («Шикі зат пен материалдар» және «Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы» деген баптарынан басқа).

Калькуляция баптарының аталуы Шығын мөлшері,%
Өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы. «Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы» шығындар бабынан 10% алынады.
Бірегей әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар. «Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы» және «Өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы» шығындар баптарының қосындысынан 11% алынады.
Өндірісті дайындауға және игеруге жұмсалған шығындар. «Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы» шығындар бабынан 5% алынады.
Жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындары. «Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы» шығындар бабынан 15% алынады.
Жалпы өндірістік шығындар. «Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы» шығындар бабынан 25% алынады.
Жалпы шаруашылық шығындар. «Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы» шығындар бабынан 10% алынады.
Өндірістен тыс шығындар. Өндірістік өзіндік құннан 1%  алынады.

Барлық есептемелердің нәтижелері 1-ші кестеге енгізіледі.

Пайда бұл тауарлар мен көрсететін қызыметтерді сададан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан алып түсуі.

Өнімнен пайда:

П  Тө.ө.қ. – Ққ.

Тө.ө.қ = 15099,66 + 150,99 = 15250,65 теңге

П =15250,65 – 11300 = 3950,65 теңге

Ққ.- қызмет құны (ательеде тігу),

Тө.ө.қ.- толық өнімнің өзіндік құны.(7-ші кесте).

Қ.қ.  =  10000 * 0,98 + 1500 = 11300 теңге

Рентабельділік – бұл кәсіпорынның қызыметінің тиімділігін комплексті сипаттайтын көрусеткіш.

Рентабельділік (Р,%):

Р   ;

Р = 100% = 25%

1 теңге қызмет көрсету үшін шыққан шығындар:

Шө.ө.1теңгесіне     (теңге);

= = 0,34 теңге

бұл жерде Шө.ө.1теңгесіне – өндірілген бұйымның 1 теңгесіне кеткен материалдық шығынды көрсетеді;

Мш – материалдық шығындар, теңге;

Тб.қ. – бұйымның толық өзіндік құны

Қорытынды:

Бұл бұйым жас қыздарға арналған корея ұлттық көйлегі.Бағасы 15250,65 теңге. Ұсынылған баға бойынша менің бұйымымның бағасы тапсырыс берушіге тиімді.

You May Also Like

Сүтті және сүт өнімдерін сақтауға арналған үй

Сүтті және сүт өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларда сүт өнімдерін өндіруге (дайындауға) қатысы…

Загадки поваренной соли

Исследовательский проект «Загадки поваренной соли» Содержание: Введение………………………………………………………………….стр. 3 1.Теоретическая часть ……………………………………………    стр…

Спутник топтық өлшеу қондырғысы

«СПУТНИК ТОПТЫҚ ӨЛШЕУ ҚОНДЫРҒЫСЫ» Соңғы уақытта шығарылатын топтық өлшеуіш құралдар «Спутник» газ…

Информатика пәнінен емтихан сұрақтары

Емтихан сұрақтары Логика негіздеріне, логикалық байланыстарға, ақиқаттық кестесіне түсініктеме беріңіз    …