Бұзау еті мен түлкішек
Қажетті өнімдер: 100 г түлкішек, 100 г саумалдық, тұз, 100 гақ құрғақ шарап, 250 г бұзау еті, 100 г кілегей (33%), 20 г зәйтүн майы
Дайындалуы: түлкішекті 3-4 минут қуырып алыңыз. Саумалдықты қосып, тағы 1-2 минут қуырыңыз. Шарапты құйып, 1,5-2 минут буға айналғанша бұқтырыңыз. Кілегей, тұз және дәмдеуіштер қосып, 1-2 минут бұқтырып, оттан түсіріңіз. Етті дайындауға кірісіңіз. Етті бойлай ұзына бойы тілім жасаңыз. Тұздап, бұрыштаңыз. Енді фарштаңыз. Тісшұқығышпен біріктіріп, артық соусынан арылыңыз. 2-3 минуттан екі бетін қуырып алыңыз.
Қуырып алған соң, 180°С температура-да піскенше (10-12 минут) ұстаңыз. Духов-кадан алып, екіге бөліңіз. Тәрелкеге салып, талғамыңызға қарай сәндеңіз.
саумалдық – шпинат
түлкішек (саңырауқұлақтың бір түрі) -лисичка