Шұбат техникалық шарттары.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ

Шұбат. Техникалық шарттары.

ҚР СТ  117-97

Н 17 тобы

1.Өнімді тағайындау көрсеткіштері бойынша топтастыру

Қолдану мерзімі 01.01.1998ж.- 01.01.2008ж. дейін.

Стандарттың қолдану мерзімі Қазақстан Республикасы индустрия мен сауда Министрлігі техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2008 жылдың 6 наурызындағы № 142-НҚ бұйрығымен 01.01.2013ке дейін ұзартылған   (ИУС № 2, 2008ж.)

Қазақ ет және сүт өндірісін ғылыми-зерттеу конструкторлық институтымен дайындалған және енгізілген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандартының  17.06.1997ж. қаулысымен бекітілген және іске асырылған.

Бірінші тексеріс мерзімі 2002 ж.

Тексеріс мерзімділігі 5 жыл

Қаз ССР РСТ 117-91 орнына

  1. Пайдалану саласы

Осы стандарт сүтқышқылы бактериялары мен сүт ашытқылары дақылдарымен ашыту арқылы пастерленген түйе сүтінен алынатын және тікелей тағамға қолдануға тағайындалған шұбат тағамына таралады.

Берілген стандарттың 4, 5, 6, 7 тараулары міндетті болып саналады, ал басқа тараулардың талаптары ұсынымдамалық болып табылады

4.5, 4.56  бөлімдерінде тұрғындардың өмірі, денсаулығы үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шұбаттың сапасына қойылатын міндетті талаптар  мазмұндалған.   Стандарт сертификациялық мақсаттар үшін жарамды.

Сұрыпталым

3.1. Пісу мен ашыту мерзіміне қарай шұбат үш түрге бөлінеді:

Әлсіз-біртәуліктік, орташа- екі тәуліктік, күшті-үш тәуліктік.

А Қосымшасында берілген.

  1. Техникалық талаптар

4.1 Шұбат технологиялық нұсқау бойынша белгіленген тәртіпте сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар үшін ережелерін сақтау арқылы осы стандарттың талаптарына сәйкес дайындалуы керек.

4.2  Шұбатты өндіру үшін келесі шикізаттар мен негізгі материалдарды қолдану керек:

ҚР СТ 166 бойынша шұбатқа қайта өңдеуге түйе сүті;

Бекітілген тәртіппен тағайындалған сүт өнімдерін шығарушы кәсіпорындары үшін ашытқыларды пайдалану және дайындау бойынша нұсқауға сәйкес әзірленген  сүтқышқылды стрептококтардың таза өнімдеріндегі шұбат үшін ашытқы;

2.Өнімнің сенімділік көрсеткіші

Тасымалдау және сақтау

7.1 Шұбат  изотермиялық қорабы бар автокөлікте немесе авторефрижераторларда, тиісті көліктің түріне қатысты тез бұзылатын тағамдарды тасымалдау ережесіне сай тасымалданады.

Шұбаты бар себеттердің немесе ыдыстың  бетін брезентпен немесе оны алмастырушы материалмен міндетті түрде жабу керек болған жағдайда ашық автокөлікте тасымалдауға рұқсат етіледі.

7.2. Шұбат 6°С аспайтындай жерде сақталады.

  1. Дайындаушының кепілдемесі

8.1 Дайындаушы  шұбаттың тұтынушының сақтау және тасымалдау шарттарын сақтағаны кезінде осы стандартқа сәйкестігіне кепілдеме береді.

8.2. Сақтау кепілдік мерзімі мен жүзеге асыру мерзімі технологиялық үрдіс аяқталған мерзімнен бастап 48 сағаттан аспау керек, кәсіпорында- 18 сағаттан аспау керек.

3.Эргономикалық қөрсеткіштер

Органолептикалық көрсеткіштері бойынша шұбат 1-кестеде берілген талаптарға сәйкес болуы керек

1-Кесте

  Көрсеткіш атауы   Шұбат үшін сипаттама
  әлсіз   орташа   күшті
Дәсі мен иісі   Таза, сүтқышқылды, сергіткіш, жақсы сапалы өнімге тиісті емес дәмдері мен иісі жоқ табиғи шұбатқа тән дәмі бар
 Консистенциясы Сұйық, біртекті, газдалған, көпірмелі
Түсі Сүттей ақ, сарғыш реңі бар

4.Қор жинақтау көрсеткіштері

4.6. Шұбаттың  құрамындағы пестицидтер «Азық-түлік шикізаты мен азық-түлік тағамдарының медициналық-биологиялық талаптары және сапасының санитарлық нормаларында» тағайындалған деңгейлерден аспауы керек.

4.7. Шұбат шығарылуы тиіс:

МЕМСТ 15844 бойынша шыны құмыраларда, тип III,500 см3 салмақтық сыйымдылықта;

ТШ 6-09-5472 бойынша шыны бөтелкелерде 10 дм3 сыйымдылықпен, 10 дм3 аспайтын сыйымдылықта МЕМСТ 5037 бойынша металдық флягаларда және МЕМСТ 17151 бойынша алюминийлік бидондарда (сатушы ұйымдарменкелісім бойынша)

4.8. Шұбаты бар құмыралар СТБ 10-167 бойынша ағаш тығындарымен,  бөтелкелер – қиылыстырылған тығындармен бекітілуі керек.  Флягалар мен  бидондар МЕМСТ 1341 бойынша резеңкеден немесе пергаменттен жасалған төсеніштері бар қақпақтармен тығыздалып жабылуы керек.

4.9. Шұбаттың қаптамалық  әрбір бірлігіне иісі шықпайтын, өшіріліп қалмайтын  компостермен немесе бедерлеумен түсірілген таңбалауы немесе келесі белгілері бар затбелгісі болуы керек:

дайындаушы кәсіпорынның және (немесе) тауарлық белгінің атауы;

өнім түрінің атауы;

неттоның салмағы;

пайдаланудың соңғы мерзімі көрсетілген күні мен саны;

тағамдық ж»не энергетикалық құндылығы туралы ақпараттық деректер

осы стандарттың белгісі.

4.10. Бөлшектік сауда нүктелерінде шұбат  Б Қосымшасында келтірілген 100 г өнімнің  тағамдық (май, ақуыз, көміртектер) және энергетикалық  құрамы туралы ақпараттық деректерінің болуы кезінде ғана жүзеге асырылады.

4.11. Қапталған шұбат кәсіпорыннан көліктік ыдыста – ТШ 63-24-38 бойынша металдық себеттерде немесе СТБ 10-16 бойынша полиэтилендік жәшіктерде шығуы керек.  Шұбаттың барлық түрлерінің неттосы бойынша пайыздық мөлшерде ауытқулары болуы мүмкін:

500 см3 сыйымдылықтағы ыдыс үшін  +/- 4

10 дм3 см3 сыйымдылықтағы ыдыс үшін  +/- 1

Флягалар үшін +/- 1.

4.12. Көліктік таңбалануы -МЕМСТ 14192 бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Синапстық өткізудің ерекшеліктері, глоссарий

  ГЛОССАРИЙ Тақырыбы: Синапстық өткізудің ерекшеліктері Глоссарий  Аксон- нерв талшығының ұзын өсіндісі…

Ұлы даланың – ұлық тұлғасы

Ұлы даланың – ұлық тұлғасы! ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Ұлы ойшыл Әбу…

CASE технологиялар

CASE технологиялар CASE технологиялар күрделі программалық жүйелерді талдау, жобалау, жасау және сүйемелдеу…

Баланың жас ерекшеліктері туралы ұғым

Анықтамасы: Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас…