Алма мен қарөріктен фуа-гра
Қажетті өнімдер: 200 г фуа-гра, 5 қараөрік, 70 г қызыл шарап, талғамыңызға қарай тұз, өсімдік майы, 1 алма, 30 г құрғақ шарап, 3 ас қасық құмшекер, ақ бұрыш, 50 г сарымай
Дайындалуы: фуа-граны тұздап, бұрыштаңыз. Өсімдік майына әр бетін 3-5 минуттан қуырып алыңыз. Алманың қабығын аршыңыз. Ортаңғы қатты бөлігін алып тастап, төртбұрыштап тураңыз. Қараөрікті ортасынан бөліңіз. Алма мен қараөрікті сарымайға қуырып алыңыз. Ақ шарап, құмшекер және дәмдеуіштер қосыңыз. Шарап тартылғанша бұқтырыңыз. Соус үшін қызыл шарапты құмшекермен (1,5 шай қасық) қоюланғанша отта араластырыңыз. Алма мен қараөрік гарнирін тәрелкеге са-лып, фуа-граны гарнирге қойып, соусты үстінен құйыңыз.