Тре нинг. Түстер әлемі

Түстер әлемі
(Психокоррекциялық тренинг)

Мақсаты: Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шаттық шеңбері:
Ауадан қуат алайық
Алақанға салайық
Күннен жылу алайық
Күннен алған жылуды
Жүрегімізге салайық
Жүректегі жылуды
Бір – бірімізге сыйлайық

1. Есте сақта және боя
Мақсаты: Түс туралы түсініктерін жетілдіру және көру арқылы есте сақтау қабілеттерін анықтау.
Балаларға үлестірме беріледі. Үлестірмедегі алмаларды суретте көргендей қылып бояйды.

2. «Атомдар және молекулалар» ойыны
Мақсаты: қысымды түсіру, топты біріктіру. Сонымен қатар, осы ойын арқылы балалардың өзара қарым – қатынасын бақылауға және көңіл – күйлерін көтеруге болады.
Балалар бөлмеде еркін қозғалады (билеуге де болады) Бірнеше уақыттан кейін психолог: Сендердің әрқайсыларың атомсыңдар, жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, сондықтан атомдар екіден бірікті содан кейін үштен және т. б

3. «Көбелектер әлемі»
Мақсаты: Баланы тыныштандыру және қиялын дамыту
Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады. Көздеріңізді жұмып, менің дауысымды тыңдаңыздар. Жеңіл әрі жаймен дем алыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күнінде шалғында жүргендеріңді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенін көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарын жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңіздерші! Сендердің
қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқанын сезініңіздер! Өздеріңізді жеңіл әрі керемет сезінудесіңдер! Алдарыңнан көздің жауын алатын әсем де керемет жайқалып тұрған гүлдер кездесті. Гүлдердің түсі әр түрлі. Қызыл, сары, көк, ақ. Өздеріңе ұнаған түске барып қоныңдар. Иісі неткен керемет! Оның жұпар иісімен дем алыңдар. Енді тобымызға қайтатын уақыт болды. Тобымызға қайта оралдық. Көзімізді жаймен ашамыз.
– Көз алдымызға көбелек елестеді ме?
– Сен қандай түсті гүлді таңдадың?
Олай болса өздеріңе ұнайтын түсті гүлге көбелектеріңді қондыра қойыңдар
Балалардың таңдаған түсіне байланысты көңіл – күйлері анықталады.
Қызыл – қуанышты көңіл – күй
Сары – жағымды көңіл – күй
Көк – жақсы көңіл – күй
Ақ – ашық көңіл – күй

4. «Шарларға баулар байла»
Мақсаты: негізгі түстерді топтастыруға балаларды үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру.
5. Қорытындылау. «Тілек шоғы»
Балалар бір – бір гүлден ұстап тұрып, тілек айта отырып, гүлін келесіге ұсынады. Гүл соңындағы адамға «шоқ гүл» болып келеді.
Ғажайып сәт. Балаларға белсенді қатысқандарына рахмет айтып, жүрекше таратады.

6 comments
  1. hey there and thank you for your information – I’ve definitely picked up anything new
    from right here. I did however expertise several technical issues using this
    site, since I experienced to reload the site many times previous to I could get it to load
    properly. I had been wondering if your web hosting is
    OK? Not that I am complaining, but sluggish loading instances times will very
    frequently affect your placement in google and can damage your high-quality score if ads and marketing
    with Adwords. Anyway I’m adding this RSS to my email and can look out for a lot more of
    your respective intriguing content. Ensure that you update this
    again very soon.. Lista escape roomów

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Тарих сабағында жаңа технологияларды пайдаланып,оқушылардың ойлау қабілетін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу, мақала

Тарих сабағында жаңа технологияларды пайдаланып,оқушылардың ойлау қабілетін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу  Білім…

Робот Ашық тәрбие сағаты

Ашық тәрбие  сағаты: Тақырыбы: «Менің үй роботым» Ашық тәрбие сағат тақырыбы: «Менің…

Мен және менің ұстаздық жолымдағы жетістіктерім, мақала

Мен және менің ұстаздық жолымдағы жетістіктерім Мен өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты…

Мінезі тұйық баламен жұмыс істеу және оны сабақ пен мәдени іс-шараларға белсенді араластыру тәсілдері. мақала