Мен және менің ұстаздық жолымдағы жетістіктерім

Мен өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандығын өз жүрек қалауыммен таңдадым. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден  үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.  Ендеше бізге ой өрісі жоғары- дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Мағжан  Жұмабаевтың «Алты алаштың баласы бас  қосса, төр-мұғалімдікі»  деген  ұлы сөзіне  лайықты болу үшін озық ойлы оқушы, шыңырау биікке көтерілген шәкіртті дайындау әр мұғалімнің  еңбегінің жемісі болмақ. Осы орайда   менің де  шыңырау биікке көтеріле алатын шәкірттер тәрбиелеуге қосқан үлесім бар деп айта аламын. Ұстаздық ұлы жолды адам қоғам мүддесіндегі орны үшін емес, еңбегінің жемісті болуы үшін таңдайды.    К.Д.Ушинскийдің  «Мұғалім – ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен  оның мұғалімділігі де тоқтайды» деп бекер айтпаған. Ұстаздық жұмыс  үрдісінде білімалушылардың сыни тұрғысынан ойлау  қабылеттерін қалыптастыруда интербелсенді  тиімді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру жолында еңбек етемін.

Мұғалім әрдайым даму үстінде сондықтан өзінің еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді. Жеке басы мен және кәсіби қызметінің өсуіне деген құлшынысы болса,онда, мұғалімнің кәсіби өсу деңгейі жоғарылайды. Химия пәні теориялық білімді практикамен тікелей ұштастыратын білім болғандықтан «Химиядан эксперименттік есептер шығару» тақырыбы бойынша авторлық бағдарлама жазып  Республикалық  «Үздік авторлық бағдарлама-2020» конкурсына қатысып, жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым. Бұл жетістіктер әрине терең және кәсіптік білімнің, білік[1]дағдыларымның нәтижесі.  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңесінің шешімімен «Химиядан эксперименттік есептер шығару» 10-сынып оқушыларына арналған қолданбалы курс бағдарламасы ретінде облыс көлемінде таратылды. Облыстық семинарда  “Химия пәнінде оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту”тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында “Химия пәнін оқытуда оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастыру” тақырыбында  баяндама оқып тәжірибе алмастым.

2019, 2020 жылдары Республикалық   «Педстарт»,  КИО олимпиадасының ІІ және ІІІ дәрежелі .облыстық химия пәні мұғалімдерінің арасында өткізілген олимпиаданың  2018жылы І дәрежелі және 2019 жылы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым. 2020ж  «Заманауи білім беру: мәселелер, трендтер және стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың І Халықаралық форумы аясында өткізілген педагог қызметкерлердің кәсіби байқауының І дәрежелі диплом иегері

Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсүде. Ұстаз қауымы алдында  жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын,әрі ұлттық рухта сусындаған білімді,дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр.  Дарынды балалармен жұмыс- бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады. Оқушыларым  республикалық, облыстық конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері. Атап айтсақ,  2016 жылы 10 сынып оқушысы Өкен Рауза облыстық пәндік олимпиадасынан ІІІ дәрежелі дипломмен, 2018 жыл 10 сынып оқушысы Кошкимбаева Аяжан- облыстық пәндік олимпиада -ІІІ дәрежелі диплом. 2020 жыл 10 сынып оқушысы Болатхан Ақбота – Облыстық пәндік олимпиада -ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. 2019 жылы  9 сынып оқушысы Қыдыралы Дінислам  халықаралық  қашықтық    «The international Olympiad   of   chinemistry-AURUM»    олимпиадасы І орын иеленді. Бірнеше оқушылары КИО жеңімпаздары. 2020 жыл  «Заманауи әлемдегі ғылым мен инновацияны дамытудағы жастардың ролі» атты ІІ  халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары және инновациялық жобалар байқауына қатысқан  10 – сынып оқушысы  Қазбекова Елдана- ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 жыл Республикалық  «Дарын» ғылыми-практикалық  орталығының ұйымдастыруымен  қашықтық онлайн-олимпиадасынан   9  сынып оқушылары  Отанбек Арайлым, Райымжан Айдана-І орын иеленді. 2020 жыл Әл-Фараби атындағы Халықаралық  олимпиада 10  сынып оқушысы- Отанбек Арайлым,  Райымжан Айдана-ІІ орын иегерлері атанды.

        Ұстаздықтың қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуімнің нәтижесі- аудандық мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналарының білімімді бағалай білуінің нәтижесінде «ҰБТ-ға дайындық» қосымша білім беру орталығында да  химия пәнін таңдаған көптеген оқушылармен жұмыс жасап мамандық таңдауына үлесімді қосамын.

Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-  жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді.  Биылғы тамыз кеңесі  қарсаңында білім беру саласындағы ерекше еңбегі  үшін «Қазақстан  Республикасының  білім беру  ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен  марапатталдым.

You May Also Like

Туған жерге сағыныш, мақала

Изучение влияния мусора на окружающую среду и выявление способов борьбы с ним.

Цель работы: изучение влияния мусора на окружающую среду и выявление способов борьбы…

Тәуелсіздік толғауы. мақала

Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі ғаламдық білім құндылықтарын сабақта пайдалану, мақала

Бүгінгі күн талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың уақыты»  Н.Ә. Назарбаев Жаңартылған білім…