Тақырыбы: «Тәтті ауылы топырағының химиялық құрамы»

Секция: Химия – биология
Бағыты: «Дені сау табиғи орта – «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» – «Химия»

Жобаның мақсаты, негізгі көрсеткіштері  Білімалушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту;
Сайдың және қырдың топырағының химиялық құрамы жағынан айырма шылығын анықтау.
Топырақтың физико – химиялық қасиеттерін жақсарту дәрежесіне байланысты қажетті тыңайтқыш түрлерін қарастыру

Жобаның күтілетін соңғы нәтижелері Білімалушылардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін жүзеге асыру;
•Жаратылыстану циклі ғылымдарына қызығушылықтың артуы;
• Оқу міндеттерін шешуге қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу, шығару, жүйелеу, талдау және таңдау қабілеті;
•Ғылыми әзірлемелерді жобалау, презентацияларды дайындау дағдыларын алу

Жобаны жүзеге асыру мерзімдері Жоба 2020-2021 жылдар аралығында жүзеге асырылады
Теориялық бөлім сәуір-маусым 2020 ж
Практикалық бөлім қазан- желтоқсан 2020 ж
Диагностика қаңтар 2021 ж
Нәтижелерді өңдеу наурыз 2021

Мазмұны :
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Зерттеу нысандары мен әдістері
2.2 Топырақтың үлгісін алу уақыты
2.3 Топырақ үлгісін алу әдістері
3. Нәтижелерді талдау
3.1 Топырақ үлгісін кептіру
3.2 Топырақ үлгісін уатып анализге дайындау
3.3 Құрылымдық агрегаттық суға беріктігін анықтау
4. Топырақтың құрамындағы химиялық элементтерді сапалық анықтау
4.1 Топырақтың құрамындағы карбонат – ионды анықтау
4.2 Сульфат – ионды сапалық анықтау
4.3 Хлорид – ионды сапалық анықтау
4.4 Натрий – ионын анықтау
4.5 Индикатор қағазымен топырақтың рН – ын анықтау
5. Қорытынды
6. Ұсыныс
7. Қолданылған әдебиеттер.
8. Бақылау күнделігі

АННОТАЦИЯ
Жұмыстың өзектілігі: Топырақ-бұл халықтың негізгі байлығы. Біздің елімізде оның күйі үнемі бақыланып отырылады. Құнарлы, жыртылған және тың жерлерді зерттеумен ғалымдар және топырақ зерттеуші практиктер шұғылдануда.
Топырақ – табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болған екен.
Топырақтың химиялық қосылыстарының ішінде үлесі жағынан ең көбін кремний тотығы, содан кейінгі орындарды алюминий, темір, калий, натрий тотықтары иеленді. Карбонатты топырақтарда бәрінен де кальций мен магний тотықтары, ал сор топырақтарда – хлорлы калий және хлорлы натрий тотықтары көп болады. Топырақта өте аз кездесетін микроэлементтер: кобальт, мыс, марганец, бор, йод, фтор, бром никель, стронций, селен, молибден, мырыш, литий, барий, сонымен бірге микроорганизмдер әсерімен ыдырайтын өсімдік және жануарлар тектес органикалық қалдықтар болып табылады.
Жұмыстың мақсаты:
1. Сайдың және қырдың топырағының химиялық құрамы жағынан айырмашылығын анықтау.
2. Топырақтың өсімдік жүйесіне және қоршаған ортаға әсерін зерттеу.
3. Топырақтың физико – химиялық қасиеттерін жақсарту дәрежесіне байланысты қажетті тыңайтқыш түрлерін қарастыру.
Жұмыстың міндеті:
Топырақтың құрамын қарастыру;
Топырақтың ластану көздерін анықтау;
Жұмыс бойынша қорытынды жасау.
Гипотеза:
Егер топырақтың қышқылдылығы жоғары болатын болса ондағы тірі ағзалар жойылып кетуі мүмкін.
Зерттеу нысаны. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылы жерлеріндегі сай және қырдың топырақтары .
Зерттеу әдісі:
Әдебиетті талдау, салыстыру, жалпылау, бақылау.
Жұмыстың жаңашылдығы мен практикалық маңызы: зерттеу жұмысында топырақтың физико-химиялық қасиеттері айқындалып көрсетілген. Топырақтың құрамын құнарландыру мақсатында фосфорлы тыңайтқыштарды пайдалану көзделеді. Қоршаған ортадағы тірі ағзалар үшін қауіпті болып табылатын топырақтың құрамындағы негізгі иондардың: хлор, сульфат, карбонат, натрий және ортаның қышқылдылығы мен сілтілігі анықталды.

АННОТАЦИЯ
Актуальность работы.
Почва – одно из самых первых природных образований в геологической истории планеты Земля. По данным палеографических исследований, первая маломощная почва возникла в кембрийский период – более 500 млн лет назад.
Химический состав почвы представлен большим процентным содержанием оксида кремния, далее оксида алюминия, оксида железа (ІІІ), оксида калия и натрия. В карбонатных почвах в большом количестве содержатся соединения кальция и магния, а в солончаках – хлористые соединения калия и натрия, а также их окислов.
Микроэлементы, которые встречаются в составе почвы: кобальт, медь, марганец, барий, бор, йод, фтор, селен, стронций, молибден, цинк, литий, а также неорганическими соединениями, которые были образованы микроорганизмами.
Цель работы:
1. Определить сходство и различие химического состава почвы расположенных на низинах и склонах.
2. Исследовать влияние состава почвы на окружающую среду и растения.
3. Рассмотреть наиболее подходящие минеральные удобрения для улучшения физико-химического состава почвы.
Задачи работы:
1. Рассмотреть состав почвы;
2. Определить источники загрязнения почвы;
3. Сделать выводы по работе.
Гипотеза:
Если кислотность почвы повышена, то возможна вероятность исчезновения живых организмов.
Объект исследования. низменные и склонные почвы села Татты, Меркенского района, Жамбылской области.
Методы исследования:
Анализ литературы, сравнение, обобщение, контроль, наблюдение.
Научная новизна работы и практическое значение: в результате исследовательской работы были выявлены физико-химические свойства почвы. В целях улучшения плодородия почвы были предложены фосфорные минеральные удобрения. Были определены основные ионы в составе почвы, которые являются наиболее опасными для окружающей среды и живых организмов. Это ионы: хлорид- ионы, сульфат-ионы, карбонат-ионы, ионы натрия , а также определены кислотная и щелочная среда почвы.

The summary:

The urgency of the work.
The soil – one of the earliest natural formations in the geological history of planet Earth. According to paleographic studies, the first shallow soils arose in the.
The chemical composition of the soil by a large percentage of silicon oxide, aluminum oxide etc., oxide of iron (III) oxide, potassium and sodium. In calcareous soils contain a large number of compounds of calcium and magnesium, and salt marshes – chlorine compounds of sodium and potassium, as well as their oxides.
Trace elements that are found in soil composition: cobalt, copper, manganese, barium, boron, iodine, fluorine, selenium, strontium, molybdenum, zinc, lithium, as well as inorganic compounds, which were formed by microorganisms.
Purpose:
A. Identify similarities and differences between the chemical composition of the soil located in the lowlands and slopes.
Two. To investigate the influence of soil composition on the environment and plants.
Three. Consider the most appropriate fertilizer to improve the physical and chemical composition of the soil.
Objectives of work:
A. Consider the composition of the soil;
Two. Identify sources of soil contamination;
Three. Draw conclusions on the work.
Hypothesis:
If the acidity of the soil increased, the probability of possible extinction of living organisms.
The object of the study. low-lying and prone soils of the village Tattoo, Merke area Zhambyl region.
Methods:
Analysis of the literature, comparison, generalization, control, surveillance.
The scientific novelty and practical value: as a result of research work have been identified physico-chemical properties of soil. In order to improve soil fertility were proposed phosphorus fertilizers

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Топырақ-бұл халықтың негізгі байлығы. Біздің елімізде оның күйі үнемі бақыланып отырылады. Құнарлы, жыртылған және тың жерлерді зерттеумен ғалымдар және топырақ зерттеуші практиктер шұғылдануда.
Топырақ – табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болған екен. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған.
Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы – жас ғылым. Оның негізін салған 19 ғасырдың 80- жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев – топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.
Топырақ ол өсімдіктер тәрізді өздігінен қалыптаса алмайды. Сондықтан, біз адамдар оны құнарландырып, сапасының, құрамының жақсаруына аз ғана болса да көңіл бөлуіміз қажет.Бірақ, адамның жерді өңдеуінің нәтижесінде топырақ құрғақта, ылғалды да құнарлы не құнарсыз да болуы мүмкін.
Топырақтың химиялық қосылыстарының ішінде үлесі жағынан ең көбін кремний тотығы, содан кейінгі орындарды алюминий, темір, калий, натрий тотықтары иеленді. Карбонатты топырақтарда бәрінен де кальций мен магний тотықтары, ал сор топырақтарда – хлорлы калий және хлорлы натрий тотықтары көп болады. Топырақта өте аз кездесетін микроэлементтер: кобальт, мыс, марганец, бор, йод, фтор, бром никель, стронций, селен, молибден, мырыш, литий, барий т.б неорганикалық қосылыстардың көзі тек топырақ пайда болатын породамен шектелмей, сонымен бірге микроорганизмдер әсерімен ыдырайтын өсімдік және жануарлар тектес органикалық қалдықтар болып табылады.
Топырақтың пайда болуының, дамуының өзінше заңдылықтары бар. Топырақ – су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстарының үгілуі нітижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. Міне, осы факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады.
Топырақтың өзектілігіне қарай жұмыстың мақсаты айқындалды: Тәтті ауылының топырағының химиялық құрамын, айырмашылықтарын салыстыру.
Жұмыстың мақсаты:
1. Сайдың және қырдың топырағының химиялық құрамы жағынан айырмашылығын анықтау.
2. Топырақтың өсімдік жүйесіне және қоршаған ортаға әсерін зерттеу.
3. Топырақтың физико – химиялық қасиеттерін жақсарту дәрежесіне байланысты қажетті тыңайтқыш түрлерін қарастыру.
Жұмыстың міндеті:
Топырақтың құрамын қарастыру;
Топырақтың ластану көздерін анықтау;
Жұмыс бойынша қорытынды жасау.

Гипотеза:
Егер топырақтың қышқылдылығы жоғары болатын болса ондағы тірі ағзалар жойылып кетуі мүмкін.
Зерттеу нысаны. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылы жерлеріндегі сай және қырдың топырақтары .
Зерттеу әдісі:
Әдебиетті талдау, салыстыру, жалпылау, бақылау.
Жұмыстың жаңашылдығы мен практикалық маңызы: зерттеу жұмысында топырақтың физико-химиялық қасиеттері айқындалып көрсетілген. Топырақтың құрамын құнарландыру мақсатында фосфорлы тыңайтқыштарды пайдалану көзделеді. Қоршаған ортадағы тірі ағзалар үшін қауіпті болып табылатын топырақтың құрамындағы негізгі иондардың: хлор, сульфат, карбонат, натрий және ортаның қышқылдылығы мен сілтілігі анықталды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Әдебиеттерге шолу
Кіріспеде сай мен қырдың топырақтың химиялық құрамын анықтау, тақырыптың өзектілігін негіздеу, жұмыстың мақсаты мен оны шешудегі қолданылған әдістемеліктері, ғылыми жаңалықтарының нәтижелері мен олардың құндылығы, қорғалатын негізгі қағидалары қарастырылған.
2.Зерттеу нысандары мен әдістері:
2.1 Зерттеу нысандары. Меркі ауданнынан 42 км шақырым солтүстік шығысында орналасқан, жер көлемі 12377 гектар алып жатқан Тәтті ауылы. Ауылдың климаты салқын және жылы кезеңдерде ауытқушылықпен сипатталады. Абсолютті минимумы – 250С, ал абсолютті максимумы +400С. Желдің орташа жылдамдығы 5,8 м/с. Ең аз жауын –шашын жаз айларында, ал ең көп мөлшері мамыр айында жауады.
Топырағы. Ауылдың солтүстік шығыс бөлігі түрлі шөпті және жусанды- дәнді дақылдар өскен сортаң дақтары бар саз топырақтар, өзен аңғарлары бойынша шалғындық өсімдіктер, терек, бұталар өседі. Зерттеуге сай және қырдың топырақ үлгілері алынды.
2.2 Топырақтың үлгісін алу уақыты
Топырақ үлгісін ең дұрысы көктемгі немесе күзгі уақыттарда, өсімдіктер әлі жетіле қоймаған кезде, немесе егістен өсімдіктер жиналғаннан кейін алған жөн. Себебі, жаз айында топырақтың құрамындағы топыраққа құнар беріп тұрған элементтерді өсімдіктер сіңіріп, топырақтың құрамы өзгереді. Сол себепті біз де зерттеуге қажет топырақ үлгісін егістен өсімдіктер жигалғаннан кейін, яғни күзде алдық.
2.3 Топырақ үлгісін алу әдістері
Топырақ үлгісін алу – өте жауапты, әрі ауыр жұмыс. Оны күрекпен немесе топырақ бұрғысымен алады. Ол үшін топырақты жырту тереңдігіне дейін шұңқырлап қазып, топырақтың үлгісін курекпен алып, полиэтиленге салып кояды.

3. НӘТИЖЕЛЕРДІ ТАЛДАУ
3.1 Топырақ үлгісін кептіру және үгіту
Анализ барысы:
Біз топырақтың үлгілерін алғаннан кейін, оларды сай топырағы мен қыр топырағын бөлек қағазға жұқалап жайдық. Топырақтың ірі кесектерін уатып, кездескен ұсақ түйіршіктерді, тастарды, басқа да қоспаларды теріп алдық. Оны күн сәулесі түспеәтін , желдетілетін бөлмеге койдық. 4 күннен кейін топырақ әбден кепті. Кептірілген топырақты фарфор келіде мұқият ұнтап, тесігі 2 см електен өткізіп, қағаз пакетке салып, анализ үшін сақтап қойдық.
3.2 Топырақ құрылымын анықтау
Топырақ құрылымы деп, оның жеке бөлщектерге бөлінуі қабілетін айтамыз. Олардың формасы әр түрлі ( түйіртпек, призма, пластинка) болуы мүмкін.
Жырту қабатындағы топырақтың көпшілігі түйіртпекті немесе түйіршікті құрылымда болады. Мұндай құрылымдағы топырақ диаметрі 0,5 –тен 10 мм-ге дейінгі домалақ түйіртпекке бөлінеді. Кейде құрылымдық бөліктері жөнді байқалмауы немесе мүлде болмауы мүмкін(құрылымсыз топырақ).
Биз пышақпен топырақ үлгісін кесіп алып, оны күрекпен 1-2 рет сілкіген кезде үлгі құрылымдық бөліктерге ажыратылды. Топырақтың құрылымы әр түрлі бөліктерге бөлінгенін байқадық.
3.3 Топырақ тығыздығын анықтау
Құрғақ күйіндегі топырақтың төрт дәрежелі тығыздығы болады: өте тығыз – күрекпен немесе пышақпен қатты ұрғанда топыраққа не бары 1 см тереңдікке енеді, тығыз – күрекпен немесе пышақпен қатты ұрғанда 2-3 см тереңдікке енеді де, топырақ қолмен әрең уатылады, борпылдақ – күрек немесе пышақ 3-5 см тереңдікке еніп, топырақ қолмен оқай уатылады, сусымалы – күрек немесе пышақ топыраққа еніп, өздігінен уатылады.
3.4 Құрылымдық агрегаттық суға беріктігін анықтау
Құрылымдық бөлшектердің формасы мен мөлшерін ғана емес, оның беріктігін де яғни судың шаю әрекетіне қарсы тұру қабілетін де анықтаудың айрықша маңызы бар. Ол үшін біз 2 стаканға су құйдық. 1 – ші су кұйылған стаканға сай топырағының бірнеше түйіршіктерін салдық. Аздап шайқаған кезде, оның құрылымы тез бүлінді. 2 – ші су құйылған стаканға қыр топырағының бірнеше түйіршіктерін салып, аздап шайқағанда оның құрылымы бүлінді, бірақ аздап болса да сақтап қалды. Осы нәтижеге сүйене отырып, біз сай топырағының құрылымынан қыр топырағының құрылымының суға берік екендігін байқадық.

4. ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІ САПАЛЫҚ АНЫҚТАУ

Реактивтер: азот қышқылының 10 проценттік ерітіндісі, күміс нитратының 0,1М ерітіндісі; тұз қышқылының 10 проценттік ерітіндісі; барий 20 проценттік ерітіндісі. Өсімдіктер жақсы қоректенуі үшін топырақтың жақсы ерітілген қосылысы болуының айрықша маңызы бар. Химиялық тұрғыдан едәуір жылжымалы, әрі активті келетін бұл заттар өсімдіктің қоректену жағдайын айқындайды.
Алайда жақсы еритін тұздардың артық мөлшерде болуы топырақ ерітіндісінде иондар концентрациясын көбейтеді де, мұның өзі топырақ құнарын жұтатады. Өсімдіктерге әсіресе натрий карбонаты Na2CO3, хлоридтер(NaCl әсіресе, MgCl2 мен CaCl2) және натрий сульфаты(Na2SO4) зиянды, ал кальций карбонаты(CaCO3), магний (MgCO3) және кальций сульфаты(CaSO4) зиян келтірмейді.
4.1 Топырақтың құрамындағы карбонат – ионды анықтау
Біз сайдың топырағы мен қырдың топырағының аздаған мөлшерін алып, 2 бөлек фарфор табақшаларға салдық. Дәл бірдей уақытта екеуіне де 10 проценттік тұз қышқылының ерітіндісінің бірнеше тамшысын тамыздық.
CO32- + 2HCl →CO2↑ + H2O + 2Cl-
Реакция кезінде пайда болған көміртек (ІV) оксиді көпіршік түрінде бөлінді(топырақ быжылдады). Сайдың топырағы салынған табақшада СО2 көбірек бөлінді. Яғни, қыр топырағына қарағанда, сай топырағының құрамында карбонат – ионы (СО32-) көп екендігі анықталды

4.2 Сульфат–ионды сапалық анықтау.
Пробиркаға №1 үлгі (сайдың) ерітіндісінен 5 мл сүзінді құйып, оған концентрленген тұз қышқылының бірнеше тамшысын және барий хлоридінің 20% ерітіндісінен 2-3 мл қостық. Сульфаттар болған жағдайда реакция жүріп, барий сульфаты майда ақ кристалл түрінде тұнбаға түседі:
SO42-+ BaCL2→ BaSO4+ 2CL-
Мұның өзі сульфаттардың бірнеше ондаған процентте және одан да көп мөлшерде кездесетіндігін көрсетеді.Ерітіндінің лайлануы да сульфаттардың бар екендігін (проценттің жүз бөлігіндей) көрсетеді.
Пробиркаға №2 үлгі (қырдың) топырағының ерітіндісінен 5 мл сүзінді құйып, оған концентрленген тұз қышқылының бірнеше тамшысын және барий хлоридінің 20% ерітіндісінен 2-3 мл қостық. Сульфаттар болған жағдайда реакция жүріп, барий сульфаты майда ақ кристалл түрінде тұнбаға түседі:
SO42-+ BaCL2→ BaSO4+ 2CL-
Демек қырдың топырағының құрамында сулфат иондарының біраз мөлшерде бар екенін анықтадық.
4.3 Хлорид –ионды сапалық анықтау.
Пробиркаға №1 үлгі (сайдың) топырағының ерітіндісінен 5 мл сүзінді құйып, оған азот қышқылының 10% ерітіндісінен бірнеше тамшы және күміс нитратының 0,1 М ерітіндісінен,бір тамшы қостық. Хлоридтер болған жағдайда күміс нитраты реакцияға түседі.Мұны теңдеумен көрсетуге болады:
CL-+ AgNO3→ AgCL+ NO3-
Күміс хлоридінің ақ ірімтік түрінде тұнба түзеді де, мұның өзі хлоридтердің оннан бір бөлігі процентінде кездесетіндігін көрсетеді.
Пробиркаға №2 үлгі (қырдың) топырағының ерітіндісінен 5 мл сүзінді құйып, оған азот қышқылының 10% ерітіндісінен бірнеше тамшы және күміс нитратының 0,1 М ерітіндісінен,бір тамшы қостық. Хлоридтер болған жағдайда күміс нитраты реакцияға түседі, бірақ тұнба түзілмей тек қана ерітінді лайланғанын байқадық. Себебі егерде хлоридтердің мөлшері жүзден немесе мыңнан бір бөлігі процентінде болған кезде ерітінді лайланады. Демек сайдың топырағының құрамында хлорид иондарының біраз мөлшерде бар екенін анықтадық.
4.4 Натрий –ионды сапалық анықтау.
Топырақтың №1 үлгісінің сулы сығындысының шыны таяқшадағы тамшысын газ оттығының жалынына ұста. Жалынның ашық-сарғылт түсі натрийдің бар екендігін көрсетеді.
4.5 4 Натрий –ионды сапалық анықтау.
1 – кесте. Топырақ қышқылдығының рН шамасына тәуелділігі.
(әдебиеттік анықтамалар бойынша алынған мәлімет)
рН мәні Топырақ қышқылдығының дәрежесі
4,5 – нен кем Өте қышқылды
4,5 – 5,0 Орташа қышқылды
5,1 – 5,5 Шамалы қышқылды
5,5 – 6,0 Бейтарапқа жуық
6,0 – 7,0 – ден астам Бейтарап
8,0 – 9,0 Сілтілі

№1 үлгі (сай) топырақ сығындысын дайындау үшін стаканға 2г топырақ салып, оған 8-5мл 1М KCL ерітіндісін құямыз. Содан кейін табақшадағы қоспаны шыны таяқшамен мұқият араластырып, 1-2 минутқа қойып қоямыз.Осыдан кейін қораптан индикатор қағазын алып,оны бір шетінен қолмен ұстап, стакндағы ерітіндіге батырымыз.Осы кездегі индикатор қағазы рН-тың көрсеткіштік кестесіне сәйкестіргенде рН=9 мәніне тең болды,яғни сілтілік ортаны көрсетеді.
№2 үлгі (қыр) топырақ үлгісінің рН -ын анықтағанда рН=6 мәніне тең болды,яғни әлсіз қышқылдық ортаны көрсетеді, яғни бейтарап ортаға жақын.
2 – кесте. Топырақ реакциясына әр түрлі өсімдіктердің қатынасы
Өсімдіктер Өсімдіктердің қолайлы өсіп – жетілуі үшін рН аралығы
Жоңышқа 8,2 – 9,0
Қант қызылшасы 8,0 – 8,5
Орамжапырақ 8,0 – 8,4
Арпа 7,0 – 8,5
Жүгері 6,0 – 7,5
Қызанақ 6,0 – 9,0
Күнбағыс 7,0 – 7,8

Біз Тәтті ауылының топырағының қышқылдығын анықтадық. Мәліметтерге сүйенер болсақ, бұл ауылда қандай өсімдіктерді өсіруге болатындығын анықтауға болады. Мысалы: жоңышқа, қант қызылшасын, ал бау – бақшаға егілетін көкөністерден орамжапырақ пен қызанақ өсіруге болтындығын білдік.

Қорытынды:
1. Тәтті ауылының топырағының морфогенетикалық сипаттарында зональдық топырақтың барлық ерекшеліктері сақталып қалған. Химиялық, физико – химиялық көрсеткіштері сазды, тұзды топырақтың типтеріне сәйкес келеді.

2. Сайдың топырағының құрамында, қырдың топырағының құрамына қарағанда карбонат -, хлор -, сульфат – иондарының мөлшерінің басым екендігі, ортаның сілті екендігі анықталды.

3. Қырдың топырағының қышқылдылығы жоғары, өсімдіктердің өсіп – өнуіне қолайсыз, сондықтан оны кірпіш өндірісінде қолдануға болады.

4. Топырақтың физико – химиялық қасиеттерін жақсарту дәрежесіне байланысты фосфорлы тыңайтқыштарды пайдалану көзделеді.

Ұсыныс:
Тәтті ауылының топырағы сортаң, судың сіңу қарқындылығы төмен және су ресурстары тапшы болғандықтан, көлік жүретін жолдың бойына қара ағаш отырғызуды ұсынамын. Себебі, қара ағаш аса көп суды қажет етпейді, ол жер асты суымен қоректенеді.
Оның үстіне Қазақстан табиғаты елбасымыз айтқандай, 2030 жылы таза ауа , жасыл желекке бөлендіруге сенеміз. Осы ұсынысты ұсына отырып, бұл баршамызға ортақ іс, табиғатты құрметтеуге, оның байлықтарын тиімді пайдалануға бәріміздің міндетіміз екені есімізден шықпасын демекпін.

Қолданылған әдебиеттер
.
1. Бимагамбетова Г.А. «Топырақтың химиялық құрамы және оның улы заттармен ластануы» ҚР ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері профессор Байжұманов Әнуар Байжұманұлының 70 жасқа толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.- Алматы, 2008. -309-312 б.
2. Бимагамбетова Г.А., Кенжебай М-Ш. «Өсімдіктер-табиғи орта химиялық ластағыштарының биоиндикаторлары» ҚР ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері профессор Байжұманов Әнуар Байжұманұлының 70 жасқа толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.-Алматы, 2008.-448-452 б.
3. Бимагамбетова Г.А. «Ағаш өсімдіктерінің атмосфералық ауаны реттеудегі маңызы» // Ізденістер, нәтижелер. -2009 . -№ 2. -159- 162 б.
4. Сборник методик по расчету выбросов вредных веществ в атмосферу производствами. – Алматы: «КАЗЭКОЭКСП», 2005.
5. Новиков Г.В., Дудурев А.Н. Санитарная охрана окружающей среды современного города. – М.: Химия, 2001, 239сА.А. Сударкина., И.И. Евсеева., А.Н. Орлова «Химия ауыл шаруашылығында» /агрохимия негіздері/, Алматы: «Мектеп» 1989ж

Тәтті ауылы топырағының химиялық құрамы» атты ғылыми-зерттеу жобасы бойынша зерттеу жұмысының күнделігі
№ Іс шаралар мазмұны Мерзімі

1 Зерттеу жұмыстың бағытын белгілеу
сәуір 2020
2 Тақырып бойынша теориялық әдебиеттерді, ғылыми-зерттеу еңбектерді жинақтап, зерделеу
мамыр 2020
3 Зерттеу жұмысының болжамын белгілеу
маусым 2020
4 Меркі ауданы, Тәтті ауылының топырақ түрімен танысу
қыркүйек 2020
5 Топырақ үлгілерін алу
қазан 2020
6 Алынған үлгілерді 3 – 4 күн кептіру
қазан 2020
7 Кепкен үлгілерді үгітіп, анализге дайындау
қазан 2020
8 Топырақ құрылымының суға беріктігін анықтау
қараша 2020
9 Топырақ құрамындағы карбонат – ионын сапалық анықтау
қараша 2020
10 Топырақ құрамындағы хлор – ионды анықтау
қараша 2020
11 Топырақ құрамындағы сульфат – ионын анықтау
желтоқсан 2020
12 Натрий – ионын анықтау
желтоқсан 2020
13 рН бойынша топырақтың ортасын анықтау
желтоқсан 2020
14 Алынған нәтижелерді салыстыру
қаңтар 2021
15 Қорытынды шығарып, қорытынды жасау
қаңтар 2021
17 Алынған нәтижелерді сұрыптап толықтыру
ақпан 2021
18 Қорытынды шығарып, ғылыми жобаны рәсімдеу
ақпан 2021
19 Ғылыми жобаны қорғау /мектепішілік/ наурыз 2021

Қосымшасы
Топырақ үлгілерін дайындау
Топырақ құрамындағы хлорид ионын анықтау

Топырақ құрамындағы сульфат иондарын анықтау

Топырақ рН анықтау

You May Also Like

Бөгелектің тіршілігі, ғылыми жоба

ТАҚЫРЫБЫ:   БӨГЕЛЕКТІҢ ТІРШІЛІГІ. БАҒЫТЫ:   «ТАЗА ТАБИҒИ ОРТА-ҚАЗАҚСТАН -2030 СТРАТЕГИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ  НЕГІЗІ»…

Сапаны бағалау негізінде балалардың шығармашылық дағдыларын дамытуға арналған заттық-кеңістік дамытушы ортасын жобалау

Сапаны бағалау негізінде балалардың шығармашылық дағдыларын дамытуға арналған заттық-кеңістік дамытушы ортасын жобалау.…

Теңдеу- математиканың іргетасы, ғылыми жоба слайд

Қан топтары сіз туралы не айтады, ғылыми жоба

Қан топтары сіз туралы не айтады… Айболатқызы Альбина Гипотеза (болжамы) Қан құю…