Сапаны бағалау негізінде балалардың шығармашылық дағдыларын дамытуға арналған заттық-кеңістік дамытушы ортасын жобалау.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың қалыпты дамып,жетілуі үшін қажетті дамытушы ортаны қалыптастыру керек.Балалар сұлулық әлемінде,яғни ойын,ертегі,ән,сурет,қиял және шығармашылық әлемінде өмір сүруі керек.Шығармашылық заттық-дамытушы орта-қажетті заттармен,ойын құралдарымен жабдықталған ортада бала белсенді шығармашылық іс-әрекетке қосылып,қызығушылығы дами түседі.

Тантамерлік театр «Қасқыр мен лақтар»

Бұл белсенділік түрлерін,яғни театр түрлерін шығармашылық саласына  да,қатынас саласындағы оқу-қызметтеріне де пайдалана береді.

Білім беру саласы:  «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:  Жапсыру

Тақырыбы:  «Кемпірқосақ»

Мақсаты: Балаларға жаз мезгіліндегі жаңбырдан кейінгі кемпірқосақтың пайда болу жайлы түсінік беру. Ондағы жеті түстерді атауға және жеті санының қасиеттері жайлы түсініктерін кеңейту. Доғал сызық бойымен қиюды үйретуді жалғастыру, қайшыны дұрыс қолдана білу, желімді ұқыпты пайдалану дағдысын бекіту. Кемпірқосақты дәстүрден тыс әдістер арқылы жапсыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Саусақ моторикасын, логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілдікке және өз жұмыс кезеңінде ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Алдынала жүргізілген жұмыс: жеті санының қасиеттері жайлы мағлұмат беру.

Құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: проектор, кемпірқосақ жайлы слайд, дәстүрден тыс жапсыруға арналған құралдар: түйме, трубочка, түрлі-түсті қағаз, оракл, түсті жіптер; дидактикалық ойын: «Сөз құра – тез құра», «Қиялды ертегі»

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы Балалар келген қонақтармен үш тілде сәлемдесіп қарсы алады.

Ән терапиясы: «Жау, жау жаңбыр» әнімен қимылдар көрсетіледі.

(ән аяқталғанда жоғардан кемпірқосақ пайда болады)

Тәрбиеші: балалар бұл – кемпірқосақ. (үш тілде атап айтылады)

 

 

О, кемпірқосақ – деп таңырқайды. Қандай тамаша, қандай керемет!

Ізденуші ұйымдастырушы Қазір мен сендерге кемпірқосақтың қалай пайда болатыны жайлы айтып өтейін.

(слайд көрсетіледі)

Слайд – қапырық ыстықтан кейін, бұл қоюланып, нөсерлетіп жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң, бұл сейіліп, күн көрінеді. Дәл осы кезде тарап бара жатқан қара бұлт арасынан, жерге қарай иілген доға тәрізді кемпірқосақ пайда болады. Ол жеті түстен тұрады: қызыл, сарғыш, сары, жасыл, ақшыл көк, көк, күлгін.

Жеті санының қасиеттері: жеті ата, жеті жұт, жеті жоқ, жеті қазына, жеті нота, жеті апта.

Балалар, бүгін біз кемпірқосақты әр түрлі әдіс арқылы жапсырып үйренеміз. Жапсыру әдісін көрсету:

1)Түсті қағаздардан доғал жолақшалар қиып алады.

2)Кемпірқосақтың түстерінің реттілігіне байланысты төменгі жолақшадан бастап жапсырылады.

Осылай келесі жолақшалар бір-біріне мінгестіріле орналастырылып жапсырылады. Әр жапсырған сайын сүрткішпен басып, артық желім сүртіліп тасталады.

Тәрбиеші: Балалар, енді орынымздан тұрып «Шығармашылық» орталыққа барайық. Жұмысты жасамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық.

Саусақ жаттығуы

Бұлт қабағын түйіп ап,

Бүркеп алды аспанды.

Тырс-тырс-тырс, тырс тырсылдап,

Жаңбыр жауа бастады.

(Балалардың жұмыс кезеңі)

Дидактикалық ойын: «Сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру»

Сергіту (музыка терапиясы)

-Балалар жұмыстарын талдау.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тыныш отырып слайд арқылы тамашалайды.

 

 

 

Балалар жеті санының қасиеттері жайлы айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар пәндік дамытушы ортаға барып жайғасады.

 

 

Саусақтармен бұлт жасайды,

Сұқ саусағымен үстел бетін тырсылдадып, жауған жаңбырдың дыбысын келтіреді.

 

 

 

Әуенге байланысты қимылдар жасайды.

Рефлексивті коррекциалаушы Өтілген оқу іс-әрекетін  қорытындылау. Дидактикалық ойын: «Ғажайып түс» ертегісін тізбе тәсілі арқылы құрастыру.

Балаларды мадақтау.

Балалар әр беттегі суреттер арқылы әңгімелеп өз ойларын білдіреді.

   Білім беру саласы: «Шығармашылық»

   Оқу қызметі: Сурет салу

  Тақырыбы: «Гүлдер бағына саяхат»

  Мақсаты: Балаларға гүлдер туралы түсінік беріп,түрлерімен    таныстыру.Гүлдердің түр-түстерін ажырата білуге баулып,есте   сақтау,қабылдау,ойлау сезімдерін дамыту.Гүлдерді дәстүрден тыс әдісі арқылы сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

 Көрнекіліктер:Гүлдер бағы,Жол бойындағы белгілер,сурет салуға арналған құралдар,көшеттер бар қорапша сыйлық

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
 Мотивациялық қозғаушы Құстардың, сылдырап аққан судың дауыстары естіледі.

-Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ, біз  гүлдер бағына саяхатқа шығамыз, ол қайда екен?….

-Заңғар, дүрбіңді алып шықтыңба, қарап жіберші?

Ағаштарда көптеген құстар отырады, бір құстың ауызында хат тұрады, оқиды:

«Сәлем, балалар,мен  Гүлдер ханшайымымын, менің  бағыма хош келдіңдер, мен ЭКСПО-ға Астананы  гүлдендіруге кеттім, жол белгілері арқылы бірнеше тапсырмаларымды орындасаңдар, сендерді сыйлық күтіп тұр, сау болыңдар!»

-Балалар, орындаймыз ба?

 

Заңғар дүрбімен жан-жағына  қарайды.

 

 

 

Балалар хатты мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-ия, орындаймыз.

 

Іздену-ұйымдас-

тырушылық

№1 белгі:

-«Сәлем» деп жазылыпты, сәлемдесейік.

№2 белгі:

-Тастардан секіріп өту керек, құлап қалмайық.

1,2,3 жарайсыңдар!

№3 белгі:

-Қараңдаршы, қандай керемет, тамаша! Гүл бағында гүлдер қандай көп! Әсем, әдемі гүлдер жайқалып тұр, гүлдерге қарап күн күлімдейді.  Аңқыған гүлдердің хош иісі келіп тұр, иіскейікші. Гүлдің сабағы, жапырағы, күлтесі болады. Гүлдер күн сәулесімен,  жаңбыр суымен  осылай жайқалып өседі.

№4 белгі:

-Қанекей, орындықтарға отырайық.

 

№5 белгі:

Сиқырлы тақтадан гүл түрлері көрсетіледі.

 

Сөздік жұмыс: «Гүлдер бағы, Гүлдер ханшайымы, Әдемі гүл» сөздердің мағынасын түсіндіреді.

 

-Балалар, жаңа қызыл, сары, жасыл, көк,ақ гүлдерді көрдік, енді сол  көргенімізді қағаз бетіне түсірейік. Гүл бағын мақта таяқшасы, губка,  шанышқымен саламыз

(Гүл бағын салудың әдісін көрсету, түсіндіру)

-Балалардың  жұмыс жасау уақыты.

-Жарайсыңдар, қандай әдемі сурет салып отырсыңдар.

-Айназ, ненің суретін салдың?

-Асли, күнді немен салдың?

-Мерейлім, гүлді қандай түспен салдың?

-Шөптің түсі қандай?

-Күннің түсі қандай?

-Гүлдердің түстері қандай?

-Жарайсыңдар, осы салған суретімізді естелікке гүлдер ханшайымына қалдырып кетейік.

№6 белгі:

Сергіту сәті:

Мына белгіде көрсетілгендей, бойымызды сергітіп, көк шалғында гүл теріп,  үйімізге қайтайық.

Али мен Аияның «Гүлдер» туралы әні.

Сәлеметсіздер ме!

 

 

Балалар тастардан секіріп өтті.

 

 

Балалар жан-жағына қарап, аң-таң болады. Гүлдерді иіскейді.

 

 

 

 

 

Балалар орындықтарға жайғасып отырады.

 

Тақтаға қарап, гүлдерді тамашалайды.

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият қарап отырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар суретті сала отырып, сұраққа жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әуенге билей жүріп, гүлдерді тереді.

Рефлексивті-коррекция-лаушы -Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?

-Біз кімнің тапсырмасын орындадық?

-Ненің суретін салдық?

-Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар, жарайсыңдар!

№7белгі:

-Мына белгіде сыйлықтың суреті тұр екен.

-Гүлдің көшеті бар екен, осыны алып, ойын алаңымызға барып егейік, кеттік, балалар!

 

-Ұнады.

-Гүлдер ханшайымының.

-Гүлдердің суретін салдық.

 

 

Сыйлықты ашады.

Балалардың шығармашылығын,танымдық қызығушылығын,сөздік қорларын дамытуда ойындарды,тапсырмаларды қолдану үлкен нәтиже береді. Олар бояуларды ретімен қолдана біледі,қағаз бетіне бейнені тұтас орналастыра алады,мүсіндеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады,ұсақ элементтерді желімдей біледі,билейтін әуендерге сәйкес қарапайым қимылдар жасайды.                             

 

                                        

You May Also Like

Жеті киелі сан, ғылыми жоба

Жоспар:  Кіріспе Негізгі бөлімі * Жеті киелі сан * Киелі сандардың математикада…

Физика тұрғысынан тұмаудың таралуы, ғылыми жоба

«Физика тұрғысынан тұмаудың таралуы⁠« Бағыты:  Ғылыми-техникалық даму-экономикалық өсудің негізгі буыны. Секция:  физика…

Өзін-өзі тану сабақтарында Адамгершілікке тәрбиелеудегі қанатты сөздердің маңыздылығы, ғылыми жоба

Тақырыбы: Өзін-өзі тану сабақтарында Адамгершілікке тәрбиелеудегі қанатты сөздердің маңыздылығы. Бағыты: «Қазақстанның тарихи…

Лимонның пайдасы және одан электр энергиясын алу, ғылыми жоба

Жоба тақырыбы: Лимонның пайдасы және одан электр энергиясын алу (ЭКСПО-2017) Аннотация. В…