Жоба тақырыбы:

Лимонның пайдасы және одан электр энергиясын алу

(ЭКСПО-2017)

Аннотация.

В этой статье пишется о том как можно получит электро энергию от лимона. Можно получить электричество для того, чтобы зарядить телефон, послушать радио, сделать небольшой светильник из светодиода на природе или просто продемонстрировать закон электрофизики, то для этого можно изготовить батарейку из лимона. Ведь получение электричества посредством гальванических элементов, состоящих из электродов и электролитов, в которые входят соль или кислота известны давно, а как раз в лимоне много лимонной кислоты, обеспечивающей кислый вкус лимона и есть возможност получит электроэнергияю от лимона.

Бұл мақалада лимонның құрамындағы қышқылдардың көмегімен қалай электр энергиясын алу керектігі жазылған.Ол алынған электр энергиясын телефон зарядтауға немесе радио тыңдауға пайдалануға болады.Жаңа жылдық жарық көздерін де жасауға болады.Лимондағы диоттар ол мыс сым мен кәдімгі цинк шегелер пайдаланылған.

In this article written about that as possible will get electro- energy from a lemon. It is possible to get electricity in an order to charge a telephone, listen radio, make a small lamp out of light-emitting diode on nature or it is simple to show the law of electrophysics, it is for this purpose possible to make a battery from a lemon. In fact receipt of electricity by means of galvanic elements, consisting of electrodes and electrolytes in which salt or acid is included known a long ago, but as one time in a lemon much by a lemo

Мазмұны:

  1. Кіріспе

2.Болашақ энергиясы, лимоннан электр энергиясын алу.

3.Лимонның пайдасы мен емдік қасиеттері.

4.Қалпына келетін ресурстардан энергия көздерін алу.

  1. Болашақты тұрақты энергиямен қамтамасыз ету.

Кіріспе

EХСРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. «Таза болса табиғат,аман болар адамзат» демекші біздің және келер ұрпақтардың болашағы «Жер анамен» тығыз байланысты .Болашақтың негізгі өзекті мәселесі адам өмірі мен өмір сүріп отырған ортасының таза,экологиялық ахуалы өмір сүруге лайықты болуы әрине шарт. Қазіргі таңда адам баласын ойландыратын көптеген мәселелер бар, солардың бірі:

Жердің топырақ қабатының құрамыныдағы минералдардың белгілі бір мөлшерінен азаюында,ол дегеніміз жерден нәр алатын өсімдіктердің өсу вегетациялық кезеңдерінде минеарлар жетіспеушілігіне әкеледі; Адам баласы осы өсіп шыққан азықтармен көректенген кезде ағза жеткілікті дәрежеде минералдарды ала алмайды. Осының мысалы ретінде қазіргі заман дерті болып отырған: хрусталды балалардың дүниеге келуі және ағзада калции жетіспегендіктен сколиоз сияқты аурулар пайда болды.

Оқушы ретінде мені де болашақтың өзекті мәселелері алаңдатады.Өзім жоба жаза отырып ЭКСПО- 2017  өз үлесімді қосып лимоннан электр энергиясын алуды ұйғардым.

ЭКСПО – 2017 ж. Энергияны биологиялық жолмен лимоннан энергия алу.

Үйде машина болғандықтан әкем екеуміз аккумуляторды зарядкаға қойып жатқанда ішінде қышқыл бар «күйіп қалма» деген сөздері әрдайым есімде жүруші еді. Үйге анам лимонды пайдалы деп жиі әкеледі. Ас ретінде пайдаланып отырғанымда ойыма лимонда қышқыл ғой одан электр энергиясын алуға бола ма екен ? деген сұрақ мені қатты мазалады. Географиядан беретін ұстазыма осы пікірімді айтқанымда мені құптап кетті.Біздің алдымызда лимоннан батарея жасап, лампочкаларды жандыру қажеттілігі туындады.Лимон кәдімгі аккумулятор қызметін атқарады.

Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсынатын бұл халықаралық көрмені өткізу идеясы неден туындап отыр? Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі енді ғана қолға алынып жатыр. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Егер EXPO-ны өткізді, осы бір қордаланған мәселелер шешімін табады деп сенеміз. Миллиондарды толғандыратын болашақ энергиясы тақырыбын талқылау адамзат тарихындағы кең ауқымды пікірталастардың бірі болып қалмақ. Оны әлемдік қауымдастық та жете түсініп отыр. Нұр-Сұлтан қаласының  игі бастамасына көрші, бауырлас елдерді айтпағанда, дамыған еуропа мемлекеттерінің көбісі қолдау білдірді. Дәстүрден тыс жолмен энергия алу ғылымдағы жетістік болып табылады. 2020 жылы Күн энергиясы Әлемдік энергияның 5%-25%/ ын беретін болады. Күн энергиясын алудың екі жолы бар: физикалық және биологиялық. Физикалық жолында Күн коллекторларымен энергия зарядталады.Энергия алу үшін панелдер  пайдаланылады. Қазіргі таңда Ерементауда жел энергия станциясы,Сарань қаласында күн электр станциясы, Жамбыл облысында Бурное селосында «Бурное Солар-1» станциялары салынып баламалы энергия көздерін беріп жатыр.

Мен электр энергиясын алу үшін лимонды пайдаландым. Лимон аккумулятор қызметін атқарады.

Одан бұрын лимонның басқа да пайдалы жақтары туралы айтып кетсек артық болмайды деп ойлаймын. Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Кезінде экзотикалық болған бұл жеміс қазірде елімізде орнығып, халқымыздың көңілінен шығып жатыр. Лимонның пайдасы мен зиянын біліп жүрейік.

Лимон – жыл бойы жасыл ағаштың жемісі. Оның құрамында пектин, эфир майлары, биофлавоноидтар бар. Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқыл болғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені жайлы айтпай қоймасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып, түрлі ауруларға тосқауыл болады. Лимон ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға да көмектеседі. Мысалы ұзақ уақыт дәрі, антибиотик қабылдасаңыз, лимонның көмегімен бауырыңызды улы заттардан тазартсаңыз болады.

Лимон шырыны мен қабығы антисептикалық қасиетке ие. Онымен жараларды сүртіп, ерітіндісімен тамақ шайса болады. Лимон қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендетіп, тәбетті ашады. Лимон құрамындағы Р дәрумені қан тамырларын беріктендіріп, қан қысымын көтереді. Әрине лимонның ең танымал қасиеті – жұқпалы тұмау ауруына төтеп бере алуы.

Лимон – руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш өсімдігі. Ол қолда өсіруге арналған. Лимонның шыққан жері – Оңтүстік және Үнді Қытай аралдары. Лимон ағашының биіктігі 5-8 м жетеді. Өзіне тән эфир майының хош иісі болады. Соның арқасында өсімдік жағымды иіс бөліп тұрады. Лимонның шырыны ақшыл-сарғыш түсті, дәмі ащы.

Бір жақсысы лимонды үй жағдайында да өсіре беруге болады. Бірақ, ол үшін арнайы күтім қажет. Үйде өсірілген лимон, бау-бақшада өсірілген лимоннан хош иісті әлдеқайда көбірек бөледі.

Лимонның құрамында 5-8% лимон қышқылы, азот пен пектинді заттар, қант, фитонцидтер, калий, мыс, флавоноидтар, А, В1, В2, С, Д, Р дәрумендері мен эфир майы бар.

Лимон жемісі тұрмыста кеңінен қолданыс тапқан. Одан кондитерлік тағамдар, яғни, мармелад, джем, түрлі иістендіргіштер жасалады.

Оның денсаулыққа тигізер пайдасы да көп. Соның ең қарапайым түрі суық тиген уақыттағы қолданысы: лимонды шайға салып ішу. Мұнымен қоса медицинада лимонды кеңінен пайдаланады. Әсіресе, асқазан, қан қысымының жоғарылауы сынды ауруларда таптырмас ем. Сонымен қатар, косметика саласында да лимонның алар орны бар. Егер лимон шырынымен бет терісін тазартатын болса, тері ағарады.

Ал енді лимонның келесідей тигізер пайдаларына жеке-жеке тоқталсақ:

*Қолыңызға сүйел шықса, екі лимонның ұсатылған қабығына 30% сіркесудан 0,5 стақан құйыңыз. Тығыз жабылған ыдыста, кезеңдеп шайқап отырып, 8 күн ашытыңыз, содан соң сүзіңіз. Осы тұнбада суланған тампонды, күніне бірнеше рет сүйелдерге жағып тұрыңыз.
*Сепкілдерден ұялсаңыз,  маза бермес 100 г. бал алып, бір лимонның шырынымен араластырыңыз. Осы қоспамен дәкеден жасалған майлықтарды дымқылдатып, сепкілдер бар жерлерге 15-20 минутқа жағыңыз. Табысқа жету үшін үнемі 15-20 рет маска жағуға болады.

*Егер денсаулығыңыз сыр беріп, қан қысымыңыз төмендесе,  тамақтан соң үгітілген кофе дәмдерінен 50 г-0,5 кг. балдан және бір лимонның шырынынан жасалған қоспаны 2 сағаттан кейін 1 шай қасықтан қабылдаңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтауды ұмытпаңыз.

*Басыңыз ауырса, жаңа піскен лимонның қабығын алып, цедрадан тазартып, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызады, ал бас ауруы басылады.

*Тіс жиегіңіз жиі қанайтын болса, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.

*Егер, аяғыңыздың сіңірлері тартылса, аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз. Бірақ одан соң сәл жүрмей қоя тұрыңыз. Аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу мерзімі – екі жеті.

*Тырнақтарыңыз сынғыш болса, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағып тұрыңыз.

*Ал құлағыңыз ауырса, 2-5 тамшы лимон шырынын тамызыңыз – бұл құлақтың ауруын басады және естуді жақсартады.

Гипотония
төмен қан қысымы болған кезде климактериялық кезеңінде тамақтан соң үгітілген кофе дәмдерінен 50 г, 0,5 кг балдан және бір лимонның шырынынан жасалған қоспаны 2 сағаттан кейін 1 шай қасықтан қабылдаңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз.

Бас ауыруы
Жаңа піскен лимонның қабығын алыңыз, цедрадан тазартыңыз, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызиды және қышиды, ал бас ауыруы басылады.

Босанудан кейін тазарту
5 шикі жұмыртқаның қабығын тазартыңыз және оны 2-3 ұсақ туралған тазартылмаған лимонмен араластырыңыз. 1 күн ашытып, содан кейін 0,5 литр арақ қосу қажет. 3-6 бойы күніне 3 реттен тамақ ішкенен 20 минут өткеннен кейін қабылдау қажет.

Бели
Стақанға бір лимонның шырынын сығыңыз және оған қайнаған су қосыңыз. Ашпа кішкене суғаннан кейін, оны дәкемен сүзіңіз. Жаңа сауылған сүттің температурасына дейін суытылған ашпамен, қынапты жуыңыз. Салқын суды еш уақытта қолданбаңыз – одан жатыр мен анабезде шаншулар болуы мүмкін.

Тістерді нығайту
Егер сіз тістеріңіз ақ, ал тамырлары — мықты болсын деп тілесеңіз, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.

Қан кету
Жатырдан қатты қан кетуде 6 жұмыртқаның ақтарын 0,5 шай қасығы лимон қышқылымен араластырып, ішіп қойыңыз. Егер қажет болса қайталаңыз.

Мүйізгектер
Ұйықтар алдында аяқты ыстық сумен буындырыңыз, құрғақ болғанша сүртіңіз және кішкене балдырмен лимонның қабығын – лимонның шетін мүйізгекке байлап қойыңыз. 4 — 5 күннен кейін мүйізгек толығымен жоқ болып кетеді.

Аяқ сіңірінің тартылуы
Аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы – екі жетіден аса емес.

Тырнақтарды күту
Тырнақтар икемділік пен қаттылықты жоғалтпау үшін, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағу керек.

Талып қалу
100 г құрғақ лимон қабықтарын ұсатыңыз, 1 л арақ құйыңыз, анда санда шайқап отырып, 3 апта жылы жерде ашытыңыз. Сүзіңіз. Күніне 3 рет 25-30 тамшыдан қабылдаңыз.

Жасарту
Қабығымен 3 лимонды, 3 бас сарымсақ, 3 стақан мүк жидекті сығыңыз, 7 стақан қайнатылған сумен ашытыңыз, 2 күнге салқын жерге қойыңыз, сүзіңіз, 400 г бал құйыңыз, араластырыңыз және тағы 2 күнге салқын жерге қойыңыз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтап ішіңіз.

Бұлақ
Құлаққа 2-5 тамшы лимон шырының тамшылаңыз – бұл ауыруды басады және естуді жақсартады.

Қайызғақ
4 лимонның қабығын 1 литр суда 15 минут пісіріңіз, қайнатпаны сүзіңіз. Шашты қайнатпамен аптасына бір рет шайыңыз.

Лимонның пайдасы тек жемісінде ғана емес,өсіп тұрған өскінінің өзі үлкен пайда әкеледі. Сіздер фотода көріп отырған лимон ағашы өте баяу өседі.Үй жағдайында өсірген лимонға жеті жыл болды.Лимон ағашы өсіп тұрған бөлменің ауасын тазарады.Бөлмедегі барлық зиянды бактерияларды жояды.

Лимонның жеміс ғана емес ағашының да пайдасы зор.Лимон ағашын ауа санитары деп атасақ та болады. Кез келген үй жағдайында лимонды өсірген өте тиімді, егер еілімізде лимонға назар салып, ауа тазартқышы ретінде өсірсе,немесе барлық Әлемнің климаты лимонды өсіруге қолайлы аймақтардың бәрінеде лимон ағашын өсірсе ауаның да құрамы өзгерер еді.

Бұл жоба өмірде,аста пайдаланылатын қарапайым цитрустык өсімдік, яғни лимоннан энергия алу туралы. Жобада лимонның қандай сырлары бар екенін,

соны біздің өмірімізге қалай пайдалануға болатындығы жайлы жазылған. Жобаны қорғау барысында лимонның қанша ток күші берілетіндігі жайлы жазылған. Осы тақырыпты тандау себебімде бар, ол Қазақстанда өткізілетін ЭКСПО 2017 мен де байланысты.

1.Негізгі Бөлім

Жұмысты бастамас бұрын бізге, 6 лимон,ток өлшеуіш құрал, шам(өткізгіштігі 6вольт),мыс сымы, қарапайым шеге, электр сымдары қажет.

Жұмыс басында бір лимон аламыз. Лимонға бір мыс сымын және шегені лимоннын екі жағынан саламыз. Сым мен шегенің бір шеті лимонда болса,ал екінші шетіне электр сымдарын жалғаймыз. Мысқа жалғанған сымның шетін электр өлшеуіштің оң заряд өлшеуішіне,ал шегеген жалғанған сымның шетін сәйкесінше теріс заряд өлшеуішіне қосамыз. Тәжірибе бойынша әр лимон шамамен бір вольт шамасында электр энергиясын береді. Сол сияқты алты лимон алып тізбектей жалғап, шамға жалғаймыз. Көріп отырғандарыңыздай  шам жанды.

1.2. Лимоннан токты қалай алды деген сұрақ туындауы мүмкін. Оның құпиясы: мыс пен шеге салган кезде лимонда химиялық реакция жүре бастайды.Цинкпен қапталған шеге өзінен элктрод иондарын жібереді, ал тиісінше мыс оны қабылдайды. Осы реакция арқасында энергия бөлінеді.Фотода көріп отырғандарыңыздай волтметр екі волт энергияны көрсетіп тұр.

1.3.ЭКСПО 2017

Астаналық ЭКСПО көрмесінің басты тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» баламалы қуат көздерін дамытуды талап етеді. Бұл тақырыптың алуындада себеп бар. Мысалы, кейбір деректерге сәйкес, егер қазіргі жағдай өзгермесе, 2050 жылға қарай қуат көздерін өндіруден ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының көлемі екі есе артады. Ал бұл газдың ауа райының бұзылуына орасан ықпал ететіні белгілі. Бүгінде Үлкен жиырмалық елдерінің өзі «жасыл» экономикаға көшу қажеттігін мойындап отыр. G20 клубының соңғы жиынында олар келешек ұрпақтың игілігі үшін табиғи қорларды үнемді пайдалануға, рәсуа етпеуге міндеттеме алды. Сәйкесінше Жасыл энергия деп аталғанда біздің ойымызға: судан,желден,куннен алынған энергия түрлерін айтамыз.Әлем елдерінде Күннен, желден, толысу және қайту құбылыстарынан энергия алатын елдерді білеміз,бірақ тірі ағзалардан алатын энергия әлі пайдаланып жатқан жоқ.Кез келген жағдайда тығырықтан шығудың жолдары бар деп ойлаймын. Адамзат баласының ойлап таппайтыны жоқ қой. Ғылымға үңілсең ғаламат дүниелер адамның ақыл ойларының нәтижесінде қолданысқа түсіп,халыққы қызмет етіп, адамдардың өмірлерін барынша жеңілдеткенін бәріміз білеміз.Сол себептен мен осы жоба арқылы олардан басқа тіршілік көздерінен,оның ішінде қышқылдардан, яғни лимоннан да алуға болатынын көрсеттім.Электр тогы атом бөлшектерінен тұрады,оларды электрондар деп атаймыз.Өмірде қолданыста болу үшін осы ғылыми жобамды одан әрі зерттеймін. Қазіргі менің жасаған тәжірибем ол тек үйдегі шыршаға бірнеше лимон іліп қойып, оны жандыру ғана.

1.4 Осы жұмысымнан күтілетін нәтиже:

а) Электро энергиясын үнемдеп,оның орнына осындай табиғи,табиғаттан алынатын заттардан энергия алу жолдарын әрі қарай дамуы.

ә)   Энергия алудан (көмір,т.б.) қалдықтарды азайту;

б) Алынған энергияны телефон зарядтауға , радио тыңдауға, немесе Жарық шығарғыш электр шамдарына пайдалану;

Пікір.

География сабақ барысында оқушылар табиғаттағы таза экологиялық жағдайда электр энергиясын алу мақсатында Күн энергиясын, Жел энергиясын, Судың толысу энергиясын алып ,өмірде қолданысқа түсіп жатқаны айдан анық. Таза электр энергиясын алу қазіргі уақыт талабы.Ғаламдық деңгейге келсек ауаның құрамында көмірқышқыл газы көбейіп бара жатқандықтан ғаламдық жылыну байқалуда. Ол дегеніміз біздің болашағымызға қауіп қатер төніп тұрғаны деп қабылдау керек.Қалпына келетін ресурстардан энергия көздерін алсақ, бұрынғыша көмірді жағып ауаның құрамын өзгертуге кері ықпал ететін зиянды факторлардан құтылып,өз үлестерімізді қоса алушы едік.Сондықтан осы жобаны жазған оқушы қазіргі замандағы ғаламдық экологиялық ахуалды сабақ барысында түсініп мүмкіндігінше өз үлесін қосудың алғашқы қадамдары екені түсінікті болғандықтан, адамның қиялынан туған барлық ертегілердегі армандары өмірде шындыққа айналып жатыр ғой. Оқушының жазған ғылыми жобасы тірі биомассалардан энергия алу болашақта жүзеге асады деген ойдамын.

You May Also Like

Кактус өсімдігінің физиологиялық ерекшеліктері, ғылыми жоба

Ротор деген не? Ротор туралы ақпарат

Ротор — генератордың айналып тұрған бөлігі. Ол электромагнитті болып келеді. Генератор жұмыс…

Қызмет ету қуанышы, Өзін-өзі тану пәнінен ғылыми жоба

Өзін-өзі тану пәнінен ғылыми жоба. Тақырыбы: «Қызмет ету қуанышы» Жобаның мақсаты: Оқушының…

Күн көлігі және баламалы энергия көздерін алу жолдары, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Күн көлігі және баламалы энергия көздерін алу жолдары»…