ТАҚЫРЫБЫ:   БӨГЕЛЕКТІҢ ТІРШІЛІГІ.

БАҒЫТЫ:   «ТАЗА ТАБИҒИ ОРТА-ҚАЗАҚСТАН -2030 СТРАТЕГИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ  НЕГІЗІ»

 СЕКЦИЯ:        БИОЛОГИЯ

                                                                ПІКІР 

— биология пәніне деген қызығушылығы өте жоғары.Оқушы жақсы оқиды және өте зерек. —  ата-анасына  малға қарауға    көмектеседі. Бірде  сиырларының   құйыршығын көтеріп, мазасызданып жүгіргенін көрген, бұл жағдай оқушыны ойландырған. Ата-анасынан сұрап, сұрағына толық жауап ала алмаған оқушы ,сабақта маған бірнеше сұрақтар қойып,өзіне осы тақырып қызық екенін айтты. Оқушы үнемі осы тақырып төңірегінде ізденіс жұмыстарын бастап кеткендіктен Бейбарысқа осы тақырыпты зерттеп көрейік деп ұсыныс жасап көрдім.Оқушы бірден келісті. Көп еңбектеніп  қосымша жүргізген шығармашылық жұмыстары негізінде ғылыми – жұмыстары басталды. Бөгелектің тіршілігін зерттеу үшін оны бақылады.Бөгелек туралы қызықты деректерді бірінші әдебиеттерден қараса кейін өз көзімен көре алды.Зерттеудегі негізгі мақсаты:  бөгелектің тіршілігін бақылап , зерттеу болды.Жетістігі: Сиырларды сона (овод) шағып, дернәсілін қалдырып кеткенін,сол дернәсіл қыс бойы сиырдың терісінің астында паразиттік өмір сүріп, сиыр семірмей, түнімен ұйықтай алмай, нағыз азап шеккенін өз  сиырларынан бақылап. Ал ең азабы сол дернәсіл сонаға айналып, теріні жыртып шыққандағысын көрді. «Оқыра» сиырдың үстінде тері мен еттің арасындағы бөгелектер.Ұрғашы бөгелек маусым,шілде айларында ұрықтанатынын,ұрықтанысымен 1-2 сағаттан  кейін сиырдың арқасына қонып,ет пен терінің арасына 1 мезгілде 100 деген жұмыртқа салатынын, тері астында дамып,содан соң теріні тесіп,топыраққа түсіп 20-60 күн аралығында сиыр қуатын оқыра болыпыңқылдап ұша бастайтынына көзі жетті.
Сол  бөртпелер үлкейгенде теріге бөтелкені тақап қатты басып қалса, бас бармақпен бірдей семіз құрттарды топырлатып түсіріп «Оқалақ» немесе «бөгелек» деген болатынын зерттеді.

Біз барлық зерттеу жұмысын  биология ғылымының кандидаты Қ.Бурунбетовамен  кеңесіп , бағыт –бағдар  алып отырдық.

Бейбарыс  көп еңбектенді. Осы ғылыми жобаны ауданда қорғалуға ары қарай жалғастыруға толық мүмкіндігі бар зерттеу жұмысына «өте жақсы» деген баға бере аламын.

Аннотатция

«Бөгелектің тіршілігі» тақырыбында  ғылыми  зерттеу  жұмысын  орындады.

Ғылыми  ізденіс  жұмысы  екі   жыл  барысында  жалғасып келеді.  Бірінші  жылы  әдебиеттер  мен ғылыми  жұмыстың  тақырыбы  қарастырылды. Ал  екінші  жылдан  бастап зерттеу жұмыстары  жүргізілді.

Зерттеу жұмысының  жаңашылдығына келсек,жануар ағзасында бөгелектің тіршілігін болдырмау жолдарын қарастырды.Оны болдырмаудың алдын алу шаралары жасалды.

Шұғыла  мектепте   «Тіршілік»   бұрышын  ұйымдастырды.  Онда  «Зиянкестерден абай болайық!» кітапшалар    жазылып, жинақталды. – ізденіс  жұмыстарының  барлық  нәтижелері зерттеулер бақылаулар барысында  алынған  –  өз  бетімен зерттеулер  жүргізуіне  бейімділігін,  еркін  ойлап,  қорытынды  жасай  алатынын айтуға  болады.

Abstract.

Research work » Life of  Bögelektiñ life» were porvided .During the two year   research work is continues . At first year literatures and scientific  theme of the  research work were discussed .  After that were provided research work examined  not to give parasites t creatures 0n the bodu of  animals .  At school  Shugula organized corner  of  « Tirshilik».   There were brochures « Be careful from   parasites!»     arasi  «Life» was organized by the angle. «Pests must be careful!»

The head teacher of biology Amanzholova N.S

Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………………………………….

Зерттеу бөлімі.

І .Алматы  өңірінің  физикалық-географиялық  жағдайы…………………… …….

І.1. Бөгелектің  сипаттамасы  ……………………………………………………………………….

І.2  Бөгелектің морфологиясы,дамуы,биологиясы және бөгелек тудыратын аурулар……………………………………………………………………………………………………….

І.3.Бөгелек  систематикасының алатын орыны……………………………………………..

І.4.Қосқанаттылар,жылғалықтар………………………………………………………………

І.5. Паразитологияның биологиялық негіздері………………………………………….

Қорытынды.  ……………………………………………………………………………………………

Кіріспе

Тақырыптың  өзектілігі және таңдауының негізділігі.

Қазақстанның  бай жабайы  табиғаты жан-жақты  зерттей  келе, адамзат  өзіне  қажетті табиғи байлықтарын ұқыпты  пайдаланып,   паразиттік тіршілік ететін фауна  туралы өз  білімімді жетілдіре отырып,құрып  бара жатқан  түрлерін  қалпына  келтіру және қорғау    аса  маңызды  мәселелердің  бірі  болып  отыр.

Іле  ауданы Жетіген  ауылында  үй жануарларында паразиттік тіршілік ететін бөгелектің тіршілігін  салыстырмалы түрде ғылыми тұрғыдан зерттеуді тақырыптың өзектілігін көрсетті

Зерттеу  мақсаты:

Ғылыми  зерттеу  жұмысымның  мақсаты қос қанаттылар отрядына жататын бөгелектің  құрылысы, тіршілігі, дамуы туралы зерттеу жүргізу .Бөгелектің неге  малдың терісінде тіршілік ету себебін анықтау.Үй жануарларының өнімерінің түсімін азайтуға ықпал ететін паразиттермен күресу шараларын таңдау және үй жануарларын  бөгелектен қорғауға өз үлесімді қосу.

Зерттеу  міндеті.

-Қосқанаттылар отрядына жататын бөгелектің құрылысын, дамуы туралы ғылыми әдеби мәліметтермен өзгерістерді зерделеу.

-Бөгелектің құрылысын, даму сатыларын мен ерекшеліктерін зерттеу;

– бөгелектің дернәсілдерінің үй жануарлары (сиыр) ағзасындағы кезеңіне бақылау жүргізу;

– мал дәрігерлерімен кездесу, тақырып бойынша кеңестер мен ұсыныстар алу;

– «Кенеден сақтанайық!» акциясын өткізу.

– «Зиянкестерден абай болайық!» кітапшаларын тарату.

зиянкестері.

                                         Зерттеу әдістемесі:

Бұл  жұмысты   биолог  ғалымдар  И.И. Құрамысованың,  Қ.Ф Ансекованың,  А.П. Цыгановтың,  К.Н. Сыбанбековтың,  М.  Қажымуратовтың,  К.П.Прокопов,А.С. Шәріпханованың  ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарына негіздеп жүргіздім.

Жұмыстың ғылыми  жаңалығы:

Жетіген ауылы негізгі зерттеу нүктесі болып табылады Бөгелектің тіршілік ерекшеліктерін зерттеу үшін үй жануарлары соның ішінде негізгі өтпелі иесі болып келетін сиырдың ағзасында кездесетін даму кезеңін зерттедім. Сиырларды сона (овод) шағып, дернәсілін қалдырып кетеді. Сол дернәсіл қыс бойы сиырдың терісінің астында паразиттік өмір сүріп, даму кезеңін өткізеді. Сиыр семірмейді, сүт беруі нашарлайды, түнімен ұйқықтай алмайды, нағыз азап шегеді. Ал ең азабы сол дернәсіл сонаға айналып, теріні жыртып шыққандағысы. «Оқыра» сиырдың арқасында тері мен еттің арасында бөгелектердің дернәсілі болады. Жаздың күні оқыра тиген сиырлар құйрығын тігіп алып, екі көзі алақтап, бет-бетімен тырандап шаба жөнеледі. Мұндайда жолында тұрмау керек. Аналық бөгелек маусым, шілде айларында ұрықтанады.Ұрықтанысымен 1-2 сағаттан  кейін сиырдың арқасына қонып, ет пен терінің арасына 1 мезгілде 100 деген жұмыртқа салады. Ол тері астында дамиды. Содан соң теріні тесіп, топыраққа түсіп 20-60 күн аралығында сиыр қуатын оқыра болып ы арасында

бөгелектердің дернәсілі болады. Жаздың күні оқыра тиген сиырлар құйрығын тігіп алып, екі көзі алақтап, бет-бетімен тырандап шаба жөнеледі. Мұндайда жолында тұрмау керек. Аналық бөгелек маусым, шілде айларында ұрықтанады.Ұрықтанысымен 1-2 сағаттан  кейін сиырдың арқасына қонып, ет пен терінің арасына 1 мезгілде 100 деген жұмыртқа салады. Ол тері астында дамиды. Содан соң теріні тесіп, топыраққа түсіп 20-60 күн аралығында сиыр қуатын оқыра болып ызылдап ұша бастайды.
Сол үшін бөртпелер үлкейгенде бүртиген жерге бөтелкені қойып басып қалғанза бас бармақпен бірдей семіз құрттар түсіріп «Оқалақ» немесе «бөгелек»  ұша бастағанын бақыладым және басқа үй жануарларын  да зерттедім. Қорғауға ұсынылған негізгі мәселелер.

Зерттеу  жұмысындағы  жаңалығымыз  зерттеу жұмысындағы  кездесетін өзгерістерді салыстыра зерттеу  өзгерістің ненің салдарынан пайда болғанын зерттеу,  өзгеріс нәтижесінен болуы мүмкін екенін көру

Зерттеу кезеңдері:

І кезең  (2017-2018)

Зерттеудің  негізі  мен  бағыты қаланды.  Тақырыбы таңдап алынды.  Онда  ғылыми зерттеу жұмысына,  зерттеу  аймағы қарастырылып, оқулықтар,  газет-журналдар бойынша  шолу жасалып,  жүйеленді.   Ішінара  зерттеу жұмыстары  басталды.  Осы  кезде жұмыс  ретімен  мақсаты эксперименттік жұмыстың  бағдарламасы  айқындалды.

ІІ  кезең.  (2018-2019)

Зерттеу жұмысы айтарлықтай айқындалып,  толықтырылды,  зерттеліп,  жұмыстар жылжып алғашқы  жұмыс нәтижелері  көріне бастады. Зерттеу басталғаннан бастап  күнделік жүргіздім, оның ішіне барлық істеген жұмыстарымды  жазып отырдым.

Зерттеу  жұмысы  өз  жалғасын тауып,  жұмыстың  кейбір тұстары нақтыланды.  Ғылыми –зерттеу   жұмысының  алғашқы нәтижелері  шығып, сабаққа  қолдана басталынды. Мектептегі таңдау пәндерінде  «Жас эколог» үйірмесінде талданып, биология пәнінде әсіресе  6-7сыныптарға қосымша деректер ретінде өз зерттеу жұмысымды ұсындым.

Зерттеудің  қолданбалы мәнділігі:

  1. География биология, дүниетану  сабағында пайдалану  үшін фотоальбомдар,   кітапшалар  даярланды.
  2. «Зиянкестерден абай болайық!»  кітапшасы құрастырылды.
  3. Бунақденелілерден сақтану емі жазылды.   Сыныптастарымызға, жанұяма,  достарымызға  ұсына алдық.
  4. Сабақта көрнекілік  үшін пайдалануға болады,  дүниетану пәніне ұсындық.                          

І.Алматы өңірінің физикалық-географиялық жағдайы.

Іле Ауданы– Алматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақ бөлігі. 1928 ж. құрылған.

Жерінің аумағы. 7,8 мың км2. Тұрғыны 137,0 мың адам (2006). Аудандағы 33 елді мекен 4 кенттік, 8 ауылдық округтерге біріктірілген. Аудан орталығы – Өтеген батыр кенті.

Аудан жерін  Іле ойысының батысындағы көтеріңкі келген Қараой үстірті мен Іле Алатауының тауалды жазығы алып жатыр. Солт-батысында төбелі-жонды Сарықұм және Қаскелең өз-нің сол жағалауын бойлай Мойынқұм құмы орналасқан. Жер қойнауынан құрылысқа қажет Николаев қиыршық тас пен құм кен орны және Покровка жер асты (ыстық) су көзі барланған. Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа темп-расы –9 – 13С, шілденікі 22 – 26С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 – 350 мм. Аудан жерінен Іле, Қаскелең, Бесағаш, Күрті, Үлкен және Кіші Алматы өзендері ағып өтеді. Ең ірі көлі – Сорбұлақ. Одан басқа жалпы ұз. 53,8 км және жалпы ауд. 18,0 мың га жерді суаратын және суландыратын Байқан, Николаев, Жаңаарнасу, Қызылту, Оң жағалық Күрті каналы, Сорбұлақ су жүйелері мен жалпы сыйымд. 36,2 млн. м3 болатын “Приютское”, “Ащыбұлақ”, “Алматы”, К-1, К-2, К-3 атты тоғандар мен әуіттер, Қапшағай бөгені орналасқан. Ауданның солтүстік өңірінде құмды, құмды-сұр топырақ, үстіртті жерінің топырағы шамалы карбонатты сұр, сортаңды-сұр топырақ, тауалды жазығында бозғылт сұр, сортаңды қоңыр топырақ, Іле аңғары және өзен бойларында шалғынды сұр, бозғылт сұр топырақ қалыптасқан. Солт. өңірдің құмды төбелері мен үстіртті жерлерінде эфемерлі-боз жусанды, еркекшөпті-боз жусанды, Күрті өз. мен Қапшағай бөгені аралығында теріскен, еркекшөп, Күртінің орта ағысының оң жағалауында бұта аралас селеулі-жусанды дала қалыптасқан. Ауданның оңт., оңт.-батысында шөлейт даланың эфемерлі-боз жусанды өсімдіктері өседі. Өзен-көл жағалауының шалғынды сұр топырағында сарсазан, қарақаңбақ, қамыс, құрақ өскен. Ауданның орталық бөлігінде жусан, жүзгін, ши аралас өсімдіктер қалыптасқан. Қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, қоян, қырғауыл, жабайы шошқа, сарышұнақ, аламан тышқаны, ондатра, т.б. кездеседі.

Аудан тұрғындарының басым көпшілігі қазақтар (61,5%), сондай-ақ орыс, күрд, неміс, украин, ұйғыр, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халық аудан бойынша біркелкі қоныстанбаған. Тұрғындардың 83%-ы ауданның оңт. бөлігіне шоғырланған. Қала тұрғындары аудан халқының 40%-ға жуығын құрайды. Халықтың орналасу тығызд. 1 км2-ге шаққанда 17,4 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Өтеген батыр (19,4 мың адам), Боралдай (20,2), Жетіген (14,2), Байсерке (10,0), Первомайский (7,8), Түймебаев (5,9), Междуреченск (5,3), Жәпек батыр (5,2), Ақши (5,6), Чапаев (5,4), т.б.

Ауданда 1997 жылға дейін етті-сүтті мал, биязы жүнді қой, жылқы, шошқа, құс, астық, қант қызылшасы, көкөніс, бақша, жүзім-жеміс, балық аулауға маманданған 2 ұжымшар, 7 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, 1 құс фабрикасы, 1 құс зауыты болды. 1997 жылдан олардың барлығы

жекешелендіріліп, 6 АҚ-ға, ЖШС-ке, 1,2 мыңға жуық шаруа қожалықтарына біріктірілді. Ауданда 17 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын бар, олар: темір-бетон өндіретін “Ремстройтехника” АҚ (Первомайский кентінде), қағаз-картон өнімдерін жасайтын “Іле қағаз-картон комбинаты” АҚ (Боралдай кентінде), “Алкан Пекинджиг Қазақстан” ЖШС-і (Өтеген батыр кенті), “Алматы қанты” АҚ, сүт өнімдерін өндіретін “Райымбек Агро” ЖШС-і (Өтеген батыр кенті), темекі өнімдерін өндіретін “Филипп Моррис” пен Галлахер Қазақстан” ЖШС-тері (Өтеген батыр кенті), темір-бетон шпалдары, құс еті мен құс шұжығын өндіретін “Бент” АҚ-ы (Первомайский кенті), “Стекольный комбинат САФ” АҚ-ы (Первомайский кенті) және жүзім шарабын өндіретін “Ақжол” ЖШС-і (Түймебаев а.), сонымен бірге Өтеген батыр кентінде ЖЭО-3 (бұр. Алматы ГРЭС-і) орналасқан. Ауданда 2006 ж. басында 38,7 мың ірі қара, 102,0 мың қой, 3,9 мың жылқы, 0,86 мың түйе, 32,3 мың шошқа, 1,65 млн. құс болды. А. ш-на жарамды жердің жалпы аум. 592,0 мың га, оның ішінде: жыртылатын жер 76,4 мың га, жайылымы 511,8 мың га, шабындығы 1,0 мың га.

Ауданда жалпы білім беретін 40 мектеп, 2 колледж, 13 кітапхана, 2 мәдениет үйі бар. Емдеу-сауықтыру мекемелерінен 14 аурухана мен емхана, 28 фельдш.-акушерлік пункт тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аудан аумағымен Алматы – Астана, Алматы – Өскемен автомоб. және т. ж. өтеді.

Аудан өңірінен Өтеген батыр (1699 – 1773), Т.Бокин (1890 – 1918), т.б. тарихи тұлғалар шыққан.

Аудан аумағында б.з.б. 4 – 3 ғ-лардағы бейіттер (Боралдай а-на таяу), ерте көшпелілер кезеңіндегі “Жалғызқорған” (Көкқайнар а. маңында), Первомайский кентінің жанында 1937 – 38 ж. жазықсыз қуғын-сүргін құрбандары атылған “Қандысай” сайы, т.б. 26 тарихи-мәдени және археол. ескерткіштер бар

І.1.Бөгелектің сипаттамасы.

Бөгелек – қос қанаттылар отрядына жататын жоғары сатыда дамыған жәндіктер. Олардың бір жұп қанаты болады, жақсы ұшады. Қанатында ұзынынан және көлденең орналасқан жүйкелері бар, басы жақсы қозғалады. Ересек Бөгелектің ұзындығы 8 – 20 мм. Түсі сарғыш қоңыр, сарғыш бурыл болып

келеді. Ересек Бөгелек өз бетінше қоректенбейді, олар дернәсіл сатысында жинаған қорек қорын пайдаланып, жануарлардың терісіне немесе ауыз айналасына жұмыртқа салады. Дернәсілдері үш даму сатысынан өтеді, пішіні құрт тәріздес. Сүтқоректілердің терісі мен ішкі органдарында масылдық тіршілік етеді. Бөгелектің 100-ге жуық түрлері дүние жүзінің барлық жерінде таралған. Олардың ішінде тері Бөгелегі (Нypodermatіdae) және американдық Бөгелек (Сaterebrіdae) тұяқты жануарлар мен кемірушілердіңтерісінде, қарын Бөгелегі (Gasterophіlіdae) жылқының ас қорыту жүйесінде, танау-жұтқыншақ Бөгелегі (Oestrіdae) тұяқты және ет тұмсықты жануарлардың кеңсыірігі мен жұтқыншағында тіршілік етеді. Қазақстанда көп таралған түрлері – қой мен ешкінің, сиырдың терісінде болатын Бөгелектер (оқыра) мен жылқыныңқарын Бөгелегі. Бөгелектер тудыратын аурулар мал шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Мал арықтайды, олардың терісі жарамсыз болады. Сиырдың сүті азаяды. Бөгелектерден мал басын қорғау үшін Қазақстанның оңтүстік аймақтарында 2 рет (жазда, күзде), солтүстікте бір рет (күзде) инсектицидтермен дәрілейді.

                                  Сауалнама

1.Сіздің  үйіңізде мал шаруашылығы бар ма?

Иә                жоқ

2.Үйлеріңізде  ірі қара  малдарын күтуге көмектесесіз бе?

Иә                жоқ

3.Бөгелек туралы білесіз бе?

Иә                жоқ

  1. Малдар оқыра болса не істейсіз?
  2. Ем жасаймын  2. Ата- анама айтамын  3.Білмеймін
  3. Мал дәрігеріне жолығып ақылдасамын

Иә                жоқ

Қорытынды:

1-диаграмма.Сауалнама қорытындысы

І.2 .Бөгелектің морфологиясы, даму биологиясы және бөгелек тудыратын аурулар.

Бөгелек  құрылысын, дамуын, тудыратын ауруларын және олармен күрес шараларын зерттеумен шұғылданатын ілім саласы. Жәндіктер малды мазалап қана қоймай, кейбір ауру қоздырушыларын таратады.

Морфологиясы. Денесі үшке: бас, көкірек, құрсаққа бөлінген. Тыныс алу жүйесі көкірек қуысында орналасқан. Асқорыту жүйесі ауыз аппараты, ішек және ануспен шектелген. Зәр бөлу жүйесі ішекпен жалғасқан мальпигий тамырларынан құралған. Қан айналым жүйесі тұйықталмаған. Қаны түссіз, жасыл, сары. Жүйке жүйесі орталық, перифериялық және симпатикалық бөліктерден құралған. Сезім мүшелері жақсы дамыған. Жыныс жүйесі ұрғашысы мен еркегінде анық байқалады. Толық дамып түрленетіндерде: жұмыртқа-личинка-қуыршақ-имаго. Шала дамып түрленетіндерде қуыршақ сатысы болмайды.

Ірі қара малдың гиподерматозы

  1. Гиподерматоз – тері асты бөгелегінің личинкалары тудырған, созылмалы ағымда өтетін ауру.
  2. Морфологиясы.Кәдімгі тері асты бөгелегі, оқыра. Имагосы 2см, әренеге ұқсас. Әр тал шашқа 1 жұмыртқа бекітеді. Личинка I сатыда – 0,6мм, ақшылт сары түсті, жұлын майында, II сатыдағысы – 20мм, ІІІ сатыдағысы 28мм денесінің артқы жағында дем түтіктері орналасқан, қоңыр түсті ірі личинка. Қуыршағы қоңыр түсті, сыртқы қабаты қатты. Оңтүстік бөгелегі, сәйгел, өңеш бөгелегі. Имагосы 1,5см, қоңыр түсті. Әр шашқа бірнеше жұмыртқа бекітеді. Личинкасы I сатыда өңештің сір қабатының астында, ал қалған сатылары тері астында тіршілік етеді.
  3. Даму биологиясы. Ұрықтанған ұрғашысы жұмыртқаларын мал денесіне бекіткен соң 10-28 күн өткенде өледі. Оқыраның ұрғашысы 500-800, сәйгелдікі 430 дейін жұмыртқа бекітеді. 5-7 күнде дамыған личинка теріні тесіп, өңеште (7-8 тәулік), ал жұлында (5-6 ай) кідіреді. Жон арқаның тері астына миграция жасап, іріңсіз ұрада II сатыдағы личинка 25-30 күнде, III сатыдағысы 30 күнде дамиды. Қуыршақ сатысы сыртқы ортада 14-15 тәулікте аяқталады.
  4. Эпизоотологиялық деректер. Зебу, қодас, жылқы, қой, ешкі, кейде адамда тоғышарлық күнелтеді. Ірі қара малдың 3 жасқа дейінгілері өте бейім. Ересек

бөгелектер оңтүстікте сәуір-қазан, солтүстікте мамыр-тамызда ұшады. Зебу, қодаста тіркеледі. Ұшу  кезеңі оңтүстікте сәуір-қазан аралығында, солтүстікте, шығыста маусым-шілде аралығында.

5 .Сыртқы белгілері. Наурыз айында жон арқаның екі жағынан буылтықтар пайда болып, іріңсіз ұраға айналады.

  1. Профилактикалау. Күзде химиопрофилактиканы бөгелектің ұшу мерзімі аяқталған соң арасына 30 күн салып екі рет өңдеу (егу, бүрку) жүргізіледі. Көктемде малды жайылымға шығарар алдында лажсыз өңдеу жүргізуге болады. Қолданатын препараттар –гиподермин-хлорофос, диоксофос.

Жылқы гастрофилезі

1 .Гастрофилез –туыс өкілдерінің асқорыту жүйесінде мекендеуінен байқалатын созылмалы ауру.

2 .Қоздырушы түрлері:Үлкен қарын бөгелегі; Он екі елі ішек бөгелегі;  Мұртты;  Шөп бөгелегі;іші қарын бөгелегі;Қара мұртты бөгелегі.

  1. Даму биологиясы. Ұрғашы имагоның жылқы түгіне бекіткен жұмыртқаларында 5-8 күн аралығында 1-ші сатыдағы личинка дамиды. Оларды жылқы өзін қасығанда немесе бірін бірі қасығанда ауыз кілегей қабығына бекініп, кейіннен асқорыту жүйесіне ауады да, 2-ші және 3-ші сатыларын өтеді. Көктемнің аяғында жаздың басында 3-ші сатыдағылары жерге түсіп, қуыршаққа айналады. Шамамен 25-37 күн ішінде олардан ересек бөгелектер дамып шығады. Әрі қарай еркектері ұрғашыларымен шығылысып өледі, ал ұрғашылары жұмыртқаларын бекіте бастайды. Тек имагосы жұмыртқаларын шөпке салады.

4.Эпизоотологиялық деректер. Гастрофилезге жылқы, есек, қашыр бейім. Бөгелектің солтүстік пен шығыста 4, оңтүстікте – 6 түрі кездеседі. Жайылымда болған жылқылардың 98-100% гастрофилезбен дерттенеді. Инвазия көзі ауру мал. Қоздырушы алиментарлық жолмен енеді.

5 .Сыртқы белгілері: бөгелек балаңқұрттары аз болғанда өшкін түрде өтсе, инвазия интенсивтілігі жоғары болғанда мал арықтайды, кілегей қабықтары сарғылт тартады, гастрит пен коликтер тіркеледі, суаттағанда танауларынан су кері қарай ағады. Кейде тік ішек айналып кетуі ықтимал.

  1. Диагностикалау мақсатында: жүн жамылғысын бөгелек жұмырт-қаларына зерттеу қолданылады. Өлген малда ауыз қуысында, жұтқыншақ, қарын, тоқ ішек, тік ішекте личинкалар табылады. Личинкалардың кілегей қабыққа бекінген орындарында ойық жаралар, олардың домбығуы, қалыңдауы түрлерінде байқалады.

7 .Емдеу үшін: эквалан,  – паста түріндегілерін 200мг/кг дозада ауыздан береді.

  1. Профилактикалау мақсатында бөгелектер ұшқан мерзімде (10 мен 19 сағат аралығында) жылқыларды қорада ұстау немесе препараттарды түтіндету арқылы қорғау немесе жүн жамылғысын  бүрку жүргізіледі. Күзде бөгелектің ұшу мерзімі аяқталғанда (қазан-қараша) дәрілеу.

Қой эстрозы мен жылқы ринэстрозы

  1. Қой эстрозы – (жалған айналма) бөгелек личинкаларының қойдың танау қуысында тоғышарлығынан туындаған ауру. Бейім мал қой, кейде ешкі. Бөгелегі сары-қоңыр немесе сары-сұр түсті, ұзындығы 12мм-дей, басы қомды, көкірегі кең. Ұрғашысы тірі личинканы қойдың танауына бүркеді.
  2. Жылқы (аңқа бөгелектері) туысына қарасты түрлері личинкаларының танау қуысы, кеңсірік пен маңдай қуыстарында тоғышарлығынан туындаған ауру. Ауру жергілікті жердің қабынуымен сипатталады. Қоздырушылары: ақ бас, орыс бөгелегі), (қортық),  (аз тікенді). Дене ұзындығы 8-12мм.
  3. Даму биологиясы. Ұрықтанған ұрғашысы танау қуысына личинкаларын тірідей бүркеді. Личинкалар танаудың кіре берісінде, ІІ мен ІІІ сатыдағылары маңдай мен мүйіз қуысына қарай ығысады. Малдың танау қуысында солтүстік өңірде 8-11 ай, оңтүстікте көктемгі ұрпағы 3-6 ай, күзгі ұрпақтары 8-9 ай тіршілік етеді. Жетілген ІІІ сатыдағы балаңқұрттар жөтелгенде, пысқырғанда сыртқы түсіп қуыршаққа айналады. Қуыршақтану мерзімі 14-17-нен 46-ге дейін күн құрайды.
  4. Эпизоотологиялық деректер. Еліміздің барлық облыстарындағы қой мен жылқыда тіркелген. Жас малдар (қозы-тоқты, құлын-жабағы-тай) бейім. Қуаңшылық жылдары бөгелектер қалың болып ұшады. Ересек бөгелектер желсіз, тынық, ашық күндері сағат 10 мен 17-19 аралығында ұшады. Жаңбыр көп болған жылдары қуыршақтары шіруден саны күрт азаяды.

5 Сыртқы белгілері. Аурудың үш кезеңін айырады. Біріншісінде имаго ұшумен сәйкестенеді: мал тынышсызданады, пысқырады, тұмсығын жерге, қатты заттарға үйкейді, қораға тығылады немесе суға қойып кетеді. Танаудың кілегей қабаты қызарған, танаудан кілейгелі сұйық ағады, тынысы тарылады.  Екінші кезең белгілерінсіз өтеді. Үшінші кезеңде: көктемге қарау ауру қозып, пысқыру, түшкіру жиілеп, қатты жөтелу, танаудан қойырт-пақтың ағуы, жүрісінен жаңылуы байқалады. Таңертеңгілік уақытта сыртқа түскен личинкаларды көруге болады.

  1. Диагнозды қою үшін малдың тірі кезінде эпизоотологиялық деректер мен сыртқы белгілеріне сүйене жүргізіледі. Аллергиялық және серологиялық реакциялар қолдану ұсынылған. Өлген малда танау қуысынан личинкалардың анықталынуы диагнозды растайды.Ауруларды ценуроз, жұқпалы емес ринит, брадзот пен энтеротоксемиядан (қойда), маңқа, сақау, грипп, инфекциялық ринопневмония, ЖТЖЗК (жылқыда) айыру қажет.

7.Емдеу. хлорофос ұсынылған.

  1. Дауалау: малды таңертең ерте немесе түнде бағу; бөгелектер ұшқанда малды қорада ұстау немесе көлеңкелі жерлерге қамау; малдың үстін бүрку жүргізіледі.

І.3. Бөгелектің систематикада алатын орыны

Бөгелектер. Қос қанаттылар отряды (Diptera), қысқа мрттылар отряд тармағына (Вгасһусега) қарасты үш тұқымдастарға жіктеледі:

  1. Hypodermatidae — тері асты бөгелектері (Hypoderma,
    Oedemagena, Crivella туыстары);
  2. Oestridae — аңқа (кеңсірік)  бегелектері  (Oestrus,
    Cephanomya, Rhinoestras, Cephalopina туыстары);
  • Gastrophilidae — қарын бөгелектері (Gastrophilus туы-
    стары).

2.Жылқы  бөгелегі

Қазақстанда қарын бөгелектерінің Gastrophilidae түқымдастарына қарасты 6 түрі кездеседі: G. intestinalis -үлкен қарын бөгелегі, G. haemorroidalis — мүрт бөгелегі, G. pecorum — шөп бөгелегі, G. inermus — кіші қарын бөгелегі, G. nigricornis — қара мүртты бөгелек, G. veterinus — жүмыр ішек бөгелегі.

3.Қойың бөгелегі

Қойдың жабағы жүн қансорғыш шыбыны (М. ovinus) .

І.4 Қосқанаттылар, жылғалықтар.

Қазақстан аймағындағы қосқанаттылар мен жылғалықтардың негізгі тұқымдастары. Олардың өкілдері. Бұл бунақденелілердің әртүрлі ландашфтылы аймақтарда таралу ерекшеліктері.Қосқанаттылар отрядының 85000 түрлі белгілі. Биологиясы өте алуан түрлі; өсімдіктердің ұлпалық сұйықтығымен, ыдыраған және басқа заттармен қоректенеді; қансорғыштары да көп. Ауыз апараты тескіш-сорғыш, кейде шыбынға ғана тән құрылысты; бір жұп алдыңғы қанаттары жарғақты; екінші жұптарының орнында – колба тәрізді ызылдауықтары бар; дене жабындары әлсіз қаңқаланған.
Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілі аяқсыз типті, кейде құрттәірзді дернәсіл; қуыршағы бос немесе жалған піллә типті.
Қос қанаттылар отряды бунақденелілердің ішіндегі түрге бай, жоғары сатыдағы дамыған топ. Бұлар өте жақсы үша алатын, тек қана алдыңғы бір жұп қанаты бар бунақденелілер. Қанаты жұқа, мөлдір жарғақ тәрізді, ұзыннан және көлденең жүйкелері болады. Оларға тән ерекшеліктер басы өте қозғалмалы, екі өте үлкен көздері болады. Тіршілік ету тәсіліне қарай аузы пісіп сорғыш немесе сорғыш немесе жалағыш болып бейімделген. Дамуы түрленіп дамиды. Дернәсілдерінде аяғы, көпшілігінде басы болмайды. Қуыршақтары қозғалғыш, жалған шүйкенің ішінде жатады. Қос қанаттылардың маңызы зор. Кейбір түрлерінің дернәсілдері зиянды бунақденелілердің денесінде паразиттік тіршілік етіп, немесе оларды жеп пайдасын тигізеді, кейбір түрлердің дернәсілдері өліктерімен, іріп-шіріп органикалық қалдықтармен  және нәжістермен қоректеніп бізді  қоршаған ортада зат алмасу қызметін тездетуде белгілі қызмет атқарады. Хиромид туысна жататын масалардың дернәсілдері суда өмір сүреді, олармен көптеген тұщы су балықтары қоректенеді.        Қос қанаттылардың көпшілігі зиянкестер. Олардың дернәсілдерімен мәдени өсімдіктердің зиянкестері дәнді егістердің, жеміс-жидектердің  l(швед шыбыны, егін сабағының шыбыны т.б.). Көптеген түрлері (масалар, шіркейлер, соналар және т.б.) үй жануарлары мен адамдардың қанын сорады және оларды мазалайды. Қансорғыштардың біразы (масалар, шіркейлер, соналар және т.б.) және қан сормайтын бунақденелілер (үй шыбыны, масалардың басқа түрлері) адамдар мен үй малдырының әртүрлі ауруларын таратады (трипоносомозды, лейшманиозды, малярияны, сібір жарасын киеңкі ауруын, туберкулез, жұқпалы ішек аурулардың, туляремия, энцефалиттің кейбір формаларын – түрлерін және т.б.). Оқыралар мен бөгелектердің дернәсілдері үй және жабайы малдардың әртүрлі мүшелерінде тіршілік ететін паразит, олардың қоңдануына кедергі жасайды.        Қанаттылар отряды екіге бөлінеді: ұзынмұрттылар отряд тармағы, оларға: масалар, үндемес шіркейлер, құмыттылар, шіркейлер, галлицалар т.б. жатады. Бұлардың өзіне тән жіп сияқты мұрттары болады. Дернәсілдердің басы жақсы дамыған суда,

топырақта, өсімдіктерде, тірі заттарда өмір сүреді. Қуыршақтары ашық, қозғалғыш болады.       Масалар, құмытылар, шіркейлердің аталықтері гүлді өсімдіктердің шырынымен қоректеніп,ұрғашылыры жылы қанды жануарлармен адамдардың қанын сорады. Қан ұрғашылардың жұмыртқаларының жетілуіне қажетті белокты зат.       Қысқа мұрттылар отряд тармағы. Бұлардың мұрттары үш буынды болып келеді. Отряд тармағына: соналар, оқыра мен бөгелектер, швед шыбыны, қансорғыштар (сүтқоректілер мен құстардың қаннын сорады)

және т.б. жатады. Дернәсілдерінде бас болмайды, аяқтары да жоқ. Қуыршақтары жалған шүйкеде болады. Бұлар әртүрлі аурулар таратып, ауыл шаруашылық малдарын мазалап, алынатын өнімдерді азайтып, төлдердің  өсуіне нұқсан келтіретін бунақденелілер. Ересек оқыралар мейілінше ірі болып келеді (ұзындығы 8-20 мм-ге дейініl). Реңі (түсі) сарғыш-қоңыр, сарғыш-бурыл, қара-бурыл болып келеді. Оқыра қан сормайды, оның теріні тесетін мүшесі болмайды, ересек бунақденелілер тіпті қоректенбейді, өйткені оның ауыз мүшелері толық жетілмеген өздерінің қысқа өмірінде олар қоректенбейді. Үй малдарының айналасында ұшып жүру себебі, малдың жүнінің арасына жұмыртқаларын салу керек.

   2-диаграмма. 2018-2019 және 2019-2020жыларағы ірі қарадағы  бөгелектің даму мониторингі.Осы жылдар аралығында зерттеуге қатысқан 15 сиыр .

Талдау:2018-2019 жылдар аралығында  15 сиырды зерттедім.9 ірі қарада бөгелек тіршілік етті. 6 сиырға емдеу  жасадым.

2019-2020 жылдарда 5 сиыра бөгелек тіршілік етті де оның 5еуіне де ем жасадым

І.5.Паразитологияның биологиялық негіздері.

 Паразитология – (грек сөзі parasotos – арамтамақ, тоғышар, logos – ғылым) паразиттердің жіктелуін, құрылысын, экологиясын, иесі мен тоғышардың бірімен бірінің қарым-қатынасын, адам, жануар және өсімдіктерде тудыратын ауруларымен оларға қарсы жүргізілетін күрес және дауалау шараларын ұйымдастыратын кешенді биологиялық ғылым.

Паразиттік организмдер табиғатта еркін өмір сүрген организмдерден эволюциялық даму барысында сұрыпталып регрессивтік және прогрессивтік өзгерістерге ұшырау нәтижесінде пайда болған.

Паразит өкілдерін зерттеумен шұғылданатын салалар (пәндер) академик К.И.Скрябиннің анықтамасы бойынша олардың шығу тегіне, тоғышарлық мекеніне, қоздырушының жануарлар әлеміндегі алатын орнына байланысты жіктеледі.

Шығу тегіне қарай: зоопаразитология – жануартектес паразиттерді (гельминттер, кенелер, жәндіктер, біржасушалы қарапайымдар) және олардың тудыратын ауруларын зерттеумен шұғылданатын ғылым;  фитопаразитология – өсімдіктектес (бактерийлер, бациллалар, вирустар, саңырауқұлақтар, риккетсиялар) паразиттерді және олардың тудыратын ауруларын зерттеумен шұғылданатын ғылым болып бөлінеді.

Паразит иелері мен қоздырушылардың биологиялық тұғырығына қарай: медициналық зоопаразитология, адамның паразиттері мен тудыратын ауруларын, ветеринариялық зоопаразитология, жануарлардың паразиттері мен тудыратын ауруларын; агрономиялық зоопаразитология, ауылшаруашылық дақылдарының паразиттері мен тудырған ауруларын;  орман зоопаразитологиясы, ағаш тұқымдарының паразиттері мен тудырған ауруларын зерттеумен айналысады.

Қоздырушылар жануарлар патшалығындағы типіне қарай 4 тарауға жіктеледі: гельминтология (HELMINS), арахнология  (ARACHNEA), энтомология (ENTOMA) және протозоология  (PROTOZOA). Қазіргі уақытта ғылымға 90-ға жуық тоғышарлық күй кешетін организмдер белгілі. Паразит өз иесімен жанасқанда ауру үнемі өрбімейді, өйткені оның дамуына паразит пен иесінің арасындағы қарым-қатынас, малдың жасы мен бейімділігі, қоздырушының саны мен уыттылығына байланысты болады.  Белгілі паразиттердің ішінде ең зардаптысы – гельминттер. Бұрынғы КСРО аумағында 25 000 гельминт түрі белгілі.

Паразитология ғылымының мақсаты – жануарларды паразиттерден сауықтыру арқылы адамдардың зооантропоноздармен дерттенуін болдырмау.

2 Паразитологияның қысқаша даму тарихы және ғалымдардың қосқан үлестері. Паразиттік күй кешетін құрттар (аскарида, тения) жөніндегі алғашқы деректер ислам дүниесіне ертеректен (б.э.д. 600 жыл бұрын) белгілі.  Гиппократ, Аристотель, Авицена, Рудольфи

өздерінің еңбектерінде адамдарда анықталған аскарида, оксиур, тения, шошқада – финна көпіршіктері туралы келтіреді. XVII-XVIII

ғасырларда паразитологиялық ғылымға 980 астам паразит түрлері 756 иелерінен табылған. Паразитология саласы XX ғасырдың басында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.  Гельминтологияның негізін қалаған атақты ғалым,

мен медицина ғылымдарының докторы, профессор, 10 жақын және шалғай мемлекеттердің Академияларының академигі К.И.Скрябин (1878-1972) әртүрлі жануарлардың гельминттер фаунасын анықтау мақсатында 320 жуық экспедициялар ұйымдастырып, осының нәтижесінде 200 астам құрттардың морфологиясын, биологиясын, иесімен арасындағы қарым-қатынасын зерттеген. Сол кездегі Мәскеу, Новочеркаск қалаларындағы зооветеринарлық институттардың құрамында паразитология кафедрасын ашқан. Әйгілі Е.Н.Павловский медицина ғылымдарының докторы, профессор жалпы паразитология және арахноэнтомология салаларының дамуына айтарлықтай үлесін қосып, 250 экспедиция ұйымдастыруының арқасында адам мен жануарларға қауіпті беймәлім 10 трансимиссивтік ауру ошақтарын ашты. Қарапайымдыларды зерттеумен шұғылдануда В.Л.Якимовтың алатын орны бөлек. Ленинградтағы Ветеринарлық институтта протозоологтардың мектебін ұйымдастырған ғалым. Профессор В.А.Догель – жалпы паразитология мен ихтиопатология саласына айтарлықтай үлес қосты. Елімізде паразитология ғылымының алға басуына гельминтолог-ғалымдар:  Боев С.Н., Гвоздев Е.В., Щульц Р.С., Даугалиева Э.Х., Диков Г.И., Кәдіров Н.Т., Егізбаева Х.Е., Рамазанов В.Т., арахноэнтомолог Галузо И.Г., Целищева А.А., Есімбеков Ж.М., протозоологтар Сванбаев С.К., Хван М.В., Сабаншиев М.С., Ысқақов М.М. айтарлықтай ғылыми жаңалықтарымен үлес қосты. Аталмыш ғылым саласының жетістіктеріне жаңадан 200-ден астам паразит түрлерінің ашылуы, адам арасында риштаны, дракункулезді жою, дәрі-дәрімектерді қолданудың тиімді әдістерін ұсынуы, гельминтоздарды жайылымдық дауалау, көпшілік гельминтоздардан мал басын сауықтыру жатқызуға болады. Сондықтан паразитология саласының негізгі көздеген мақсаты жануарларды паразитоздардан сауықтыру арқылы олардың өнімділігін арттыру болып табылады.  1. Табиғаттағы организмдер арасындағы қарым-қатынас түрлері. Табиғаттағы барлық тіршілік иелері (жануарлар, өсімдіктер) бір бірімен тығыз қарым-қатынаста болады. Олардың ішінде келесілер маңызды: 1. Немқұрайлы, селбесу тіршілік ету – екі организмнің бір-біріне тәуелсіз, алайда  кеңістіктің ортақтығына қарай тығыз байланыста болуы. Мысалы: теңіз түбіндегі қатар байланыста тіршілік етуші   мұртты ұсақ шаяндар, актиниялар, коралл полиптері, теңіз кірпікшелілері, жұлдыздары, лилиялары және т.б. организмдер.

  1. Симбиоз (syn – бірге, bios – тіршілік ету) екі организмнің өз тіршілігін сақтап қалу үшін өзара тиімді қарым-қатынаста болуы. Симбиоз екі жақтың біріне немесе екеуіне де тиімді болып ерекшеленеді.

А) Кеңістіктегі байланыс немесе синойкия (sym – бiрге, oikos – үй, мекен) кеңiстiкте мекен ретiнде пайдалану, екі организмнің бірі екіншісіне ешбір зиян келтірмей, тек қана оны мекен ретінде пайдалануы және өзі содан пайда көруі. Мысалы, көпаяқты шаянның балаңқұрты губканың қуысына еніп алып өмір бақи сонда қалады да, соның нәтижесінде өсіп-өнуге мүмкіндік алады.

Б) Комменсализм, немесе қоректік байланыс (тегін қорегін айыру, табу) екі организмнің бірі екіншісінің есесінен қалған азық қалдықтарымен қоректенуі. Мысалы: жабысқақ балықтар акуланың денесіне жабысып алып, кеңістікте еркін орын алмастырады және оның азық қалдықтарын пайдаланып тіршілік етеді.

В) Мутуализм (mutuus) немесе екі жақты симбиоз түрінде екі организм немесе симбионттың өз тіршілігі үшін бір біріне пайда келтіруі. Мысалы: краб (шаян) өзінің қысқыштарымен актинияларды ұстап, солардың көмегімен жауларынан қорғанады, ал актиниялар шаянды (крабты) кеңістікте қозғалу құралы ретінде пайдалануы.

Паразитизм немесе тоғышарлық күнелту – генетикалық тегі бірдей емес организмдердің бірге тіршілік етуінің табиғатта тарихи қалыптасқан және кең таралған түрі. Паразитизм бірге тіршілік етуші организмдердің эволюциялық дамуы сатыларында бірге өтуіне байланысты пайда болған. Паразит иесінсіз тіршілік ете алмайды. Паразитизм екі биологиялық түрдің бірі (паразит) өз тіршілік дәуірінің белгілі бір кезеңінде екіншісінен (иесі) физикалық және физиологиялық тұрғыдан тәуелді болатын экологиялық қарым-қатынасы.

Тоғышарлықтың түрлері (паразитизмнің формалары).

  • Тіршілік ету мерзімінің ұзақтығына қарай бөлінуі:

1) Уақытша паразитизм паразитпен иесінің аса тығыз емес және уақытша ғана жанасуымен сипатталады. Уақытша паразиттер иесін қоректену үшін ғана пайдаланады (соналар, масалар, қандалалар

және т.б.) қалған өмірінде иесінен тыс тіршілік етеді. Олар барлығы бірдей дерлік эктопаразиттерге жатады.

2) Стационарлық (тұрақты) паразитизм деп паразиттердің иесінің организмінде ұзақ уақыт, кейде тіпті өмірбақи (ішінде не сыртында) мекендеп, оны қорек алу үшін пайдаланады, бұлардың көбі эндопаразиттерге жатады.

  • Паразиттер даму цикліне қажетті иелер санына қарай да бөлінеді:

а) гомоксенділер (бір иел

і) барлық даму сатылары бір ие организмінде өтетін паразиттер (эймерия стиедэ үй қоянында, боофилюс кенесінің тек ірі қара терісіндегі тіршілігі);

б) гетероксенділер (көп иелі) даму циклінің сатылары екі немесе бірнеше түрлі ие организмінде өтетін паразиттер (шошқа таспа құрты ересек сатысында – адамның ішегінде, ал балаңқұрт сатысында – шошқаның бұлшық еттерінде).

  • Паразиттің даму сатысына байланысты:

а) Имаголық паразитизм – жыныстық жетілуі аяқталған, ересек сатысындағы паразиттерге тән, ал балаңқұрттар ерікті тіршілікте болуы ықтимал (гемонхтың имаго сатысы күйіс қайырушы малдардың ұлтабарында тоғышарлық етеді, ал балаңқұрттары қоршаған ортада ерікті тіршілікте болады).

б) Аралық ие организмінде паразиттің балаңқұрт сатысының (личинкасы) тіршілік етуі бұл уақытта осы паразиттің ересек сатыдағы өкілдері қоршаған ортада еркін тіршілікте болады (оқыра бөгелегінің личинкалары ауыл шаруашылық мал организмінде, ал ересек бөгелектер – қоршаған ортада).

  • Ие организміндегі мекендеу орнына байланысты:

в) Эндопаразиттер – иесінің табиғи қуыс-кеңістіктерінде, ішкі мүшелерінде, ұлпалары мен торшаларында мекендейді (гельминт, қарапайымдылар).

г) Эктопаразиттер – уақытша немесе ұдайы иесінің дене үстінде (сыртында) паразиттік тіршілік етеді (қосқанатты насекомдар, биттер және т.б.).

д) Үстемепаразитизм кейде өзі паразиттік тіршіліктегі организмде басқа паразиттер мекендейді. Мұндай құбылыс буынаяқтылар арасында жиі кездеседі.

Аскаридалардың бактериялармен, мониезиялардың буностомамен залалдануы да кездеседі.

Қажетті  бейімделулер

– кейбір эктопаразиттердің дене кескінінің өзгеруі (биттер, қандалалар және т.б.) – иесінің денесіне жақын және тығыз жанасуына, оған сенімдірек бекінуіне, жүні мен шаштары арасында еркін орын ауыстыруына мүмкіндік береді, аяқтарындағы жабысқақ ілгектері де сол мақсат үшін қызмет етеді;

– қансорғыш жәндіктерде жақсы дамыған тескіш–кескіш–сорғыш тұмсық пайда болуы және сілекей бездерінің қанның ұюына кедергі келтіретін антикоагулянт бөлуі.

– паразиттердің дене өлшемдері үлкенірек, себебі олар игеруге оңай және дайын қоректік заттарды пайдаланады. Мысалы: еркін тіршілік етуші нематодтардың ұзындығы 1-10мм аралығында болса, паразиттік нематодтар – аскаридалардың ұзындығы 30-35см жетеді;

– ішек гельминттерінің сыртқы қабығында (тегумент) иесінің қоректік заттарын игеру қабілетінің пайда болуы. Осы гельминттер, сонымен қатар антиферменттер бөліп шығарып, өз денесі иесінің асқазан сөлімен қорыты-луына жол бермейді және

интрамолекулярлық тыныс алу арқылы анаэробтық жағдайда өмір сүреді;

– аса жетік қоректену тәсіліне байланысты жылдам өсу қабілеттілігінің пайда болуы. Мысалы: кейбір цестодтар тәулік ішінде 10 см астам өседі;

– қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына паразит төзімділігінің жоғары болуы. Эктопаразиттер – аргас кенелері қоректенбесе де, бірнеше жыл бойы тірі қалады;

– эндопаразиттерде мығым бекіну мүшелер пайда болуы сорғыштар ілгектер;

– эктопаразит немесе эндопаразиттің болсын ұрық шашу қабілетінің жоғары болуы;

Қажетсіз бейімделулер

– эндопаразиттердің көпшілігінде аяқтарының кішірейіп, немесе құрып кетуі мысалы, қышыма – қотыр қоздырушыларының аяқтары мен аяқ бұлшық еттерінің редукцияға ұшырауы;

– таспа құрттар иесінің ішек қуысында дайын қоректік заттарды денесінің сыртқы қабығы арқылы соруына байланысты асқорыту мүшелерінің мүлдем атрофияға ұшыраған, сөйтіп олар эндоосмостық тәсілмен қорек алады;

– эктопаразиттерді – биттер, мамық–қауырсын жегіштер, жүн, шаш жегіштер ұдайы ие денесінде тіршілік ететіндіктен ұшуды қажет етпейді, сол себептен қанаттарынан айырылған.

Паразиттер жануар организмінде тіршілік етіп қана қоймай, иесіне төмендегі әсерлерді білдіреді:иесінің есебінен қоректену; іштегі ұлпаларды жарақаттау, оларға қысым көрсету; токсиндерімен организмді улау;

Бөгде зардапты микрофлораның енуіне жол беруі және аллергиялық (токсиндердің әсерінен организмде сезімталдылықтың күшеюі: анафилактикалық естен тану, ісіну, бөрту, қышыну, лимфа түйіндеріндегі, өт жолдарындағы  мен қабынулар).

Қорытынды. 

Менің зерттеуімде өзімнің ойыма түйген көптеген сұрақтарыма жауап ала алдым.Үйдегі малдарды және жайылымдағы малдарда болатын «оқыраның» неден пайда болатынына көзім жетті. Бөгелектің ағы тіршілігін зерттеу үшін оны үйегі басқа малдармен  тіршілігін салыстырым.  Ұрғашы бөгелек маусым,шілде айларында ұрықтанады.
Сиырларды сона  шағып, дернәсілін қалдырып кетеді. Сол дернәсіл қыс бойы сиырдың терісінің астында паразиттік өмір сүреді. Сиыр семірмейді, түнімен ұйқықтай алмайды, нағыз азап шегеді. Ал ең азабы сол дернәсіл сонаға айналып, теріні жыртып шыққандағысы.Сол  дернәсілер теріде бүртиіп  оған бөтелкені тақап ақырын ғана басып қалып едім,ішінен бөгелектің дернәсілері  бармақтың көлеміней болып  шықты.Осы дернәсілдің коллекциясын жасадым. Ары қарай үйдегі қой, сиыр, жылқыдағы бөгелектің даму сатысын қарастырып салыстырым. Барлығының  дамуын зерттеп  анықтағыш және  оқулықтағы суреттермен, интернет материалары салыстырылды.Малдарда тіршілік ететін осы бунақденелімен күрес жүргізу үшін ауылдағы ветеринарлық дәрігермен сұхбаттасып,өз үйімдегі малдарды емдеуден бастадым. Бөгелек  арқылы таралатын ауру түрлерін білім. Сыныптастарыммен бірге «Кенеден сақтанайық» акциясын өткіздім.Кейіннен жайылымдағы малдарды емдеп оң нәтижесін көре білдік. Менің көзімнің жеткені күн ыстықта бөгелек шыққан кезде малдарды көлеңкеде ұстау .Ауырған малдар тұратын жерлері түтінмен ыстау. Қорада тазалық жұмыстарын жүргіу. Хлор мен дихлофос септім. Нәтижесінде былтырға қарағанда биылғы жылы  бөгелек тарататын сиырлар аз болды.

Зерттеу нәтижесі.

  1. Биология пәнін оқыту  теориясы жергілікті  жер  материалдарымен  толықтырылды.
  2. Биология пәнін  оқытудың  түрлі  жолмен  іске асыруға  болатындығы  айқындалды.

а)  жүйелік  құрлымның  (оқулық  бойынша)

б) жүйелі  ғылыми  ( қосымша  ғылыми  практикалық әдебиетермен жұмыс)

You May Also Like

Туған өлкем – Атбасар, ғылыми жоба

Мазмұны І.  Кіріспе: Туған өлкем – Атбасар! Тарихтың  асыл бетін парақтасақ… ІІ.…

Құлаққаптың біз ескермейтін қауіптері, ғылыми жоба

Мазмұны  Пікір             …………………………………………………………………………………….3 Аннотация   …………………………………………………………………………………….4 Кіріспе   …………………………………………………………………………………………..7 ІІ Негізгі бөлім 2.1Құлақ-адам өмірінде…

Бүкіләлемдік тартылыс заңы, ғылыми жоба

Секция:                жаратылыстану – физика Тақырыбы:         Бүкіләлемдік тартылыс заңы Мазмұны Кіріспе Аспан денелерінің…

Дымбілместің хиқаялары, ғылыми жоба