Мазмұны

І.  Кіріспе: Туған өлкем – Атбасар!

Тарихтың  асыл бетін парақтасақ…

ІІ. Негізгі бөлім:

а/  “Тарихқа шолу ”

ә/  Табиғи- климаттық жағдайы, жер, су ресурстары, жануарлар әлемі

б/ Ұлы тұлғалар

в/ Игі істері мол – Атбасар

г/ Атбасардың қазіргі келбеті

ІІІ. Қорытынды

IV . Ұсыныс

Мені  қызықтырған …

Андатпа

Зерттеудің мақсаты:Оқушыларға кіндік қаны тамған жер, өз қаласының тарихы туралы тереңірек білу. Зерттеп зерделеу.  Қазіргі жастарға ауыл тарихын айтып, кеңінен білуге насихаттау. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінде, жерінде қандай ұлы тұлғалар, өсімдіктері мен жан-жануарлары бар екендігі туралы мағлұмат беру.
Өзектілігі: Өзінің туып-өскен жерін қорғау және мақтан тұту. Өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбие арқылы тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам, еліміздің, өзінің тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл – туған елінің, халқының, өзінің тарихы ешкімнен де олқы емес деген сөз. Бұл – әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз.
Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екендігін мәлім ету.

Зерттеудің міндеті:
«Туған жердей, жер болмас,
Туған елдей ел болмас немесе
Туған жердің түні де ыстық, күні де ыстық»,- деген жүйелі сөздің мағынасын ашу.
Зерттеу жұмысымның дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды.
Болжам: Егер біз жеті атаға байланысты және оның қалай таратылатынын бұрынғылардан айтып қалдырған өнегелі сөздеріне сай назар аударсақ, онда өз ұлтымыздың, тіліміздің, дініміздің, ата-бабаларымыздың тарихын сақтай отырып «басқалардан кем болмаспыз».

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар жасауда пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңалығы: Ата-бабалар шежіресін анықтағанда мынадай ойға келдім: ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген ғалым болам.
Зерттеу жұмысымның құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер және қосымша тізімнен тұрады.

Кіріспе

Туған жер, мен де сенің перзентіңмін!

Мен  Атбасар қаласында  туып,өстім. Осы  қаладағы   №7 қазақ орта мектебінің  8 -сыныбында оқимын.                                                                          «Туған жерім» деп  соққан   балалық  балғын   жүрегім  мені  өзімнің туған жерімнің  тарихын білуіме итермеледі.

Бұл -менің  үлкен  өмірге  аяқ  басқан   алғашқы  қадамым                                                                                            Туған жер  –ата-бабамыздың  өмірге  келіп, кіндік  қаны  тамған,  маңдай тері  төгілген  киелі  мекені.  Ананың әлдиі,  аялы  алақаны  қандай  қымбат  болса,  туған жер – соның негізгі  ұясы.                                                                         Туған жер – қазақтың алтын  бесігі.  Сұлу  сөз  өрнектеген  ақын,  ән  тербеген сазгер,  қызыл  тілді  шешен,  ел қорғаған  батыр қарапайым ауылдың қара шаңырағынан  шыққан.  Біз үшін туған  елдің   ұлтарақтай жерінің  өзі қымбат  қазына.                                                                                                          Туған жер – сол  жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін  мәңгілік кітабы.  Өзінің  туған жерін  жан  жүрегімен  сүйіп,  сырын  ұғып  өскен  ұрпақ  қана  ұлттық пердесін сақтай  алады  деп  ойлаймын.   Керемет  ақын Мұқағали Мақатаев:                                                                                          Бір  әңгіме қозғашы ауыл жайлы,                                                                                  Бұдан артық рахат табылмайды.  – деп  туған  жерге  деген ыстық сезімін жырға қосады. Міне,  осындай   туған жерге  деген менін балалық махаббатым –өзімнің қалам  жайлы тереңірек білуге  баулыды.                                                                                                        Атбасар 1928 жылдан бастап, 280 шақырымға созылған ауданның әкімшілік орталығы. Елордамыздың солтүстік-батысында орналасқан.Қала Қостанай-Есіл-Астана темір жол бекетінің магистралі болып табылады. Атбасардан автомагистральдар мен әуе жолдары да өтеді. Атбасар ауданы ежелгі кезден қазіргі күнге дейін бай тарихы бар өлке.                                                                                                                                Жартылай көшпелі ел қоныстанған бұл аймақтың еш уақытта қаңырап бос жатпағанын тарих қойнауына тереңдей түскен адамның байқауына  мол мүмкіндік бар. Тым алыс тарихқа бармағанның өзінде 18 ғасырда біз отырған аймақты Абылай ауылдары қыстағаны белгілі. Осы деректің өзі Атбасар атауын әр саққа жүгіртіп,ойдан болжамдар туғызып жүргендерге Атбасардың қашаннан аталатынын көрсетсе керек.

19-ғасырдан бері  Атбасар қаласы-дерегі мол тарихи мекен.1845 жылы Атбасар салтанатты түрде ашылады. «Атбасар»деген сөз қандай мағынаны білдіреді?Жалпы, қала атауының бірнеше нұсқасы бар. Атбасар керуенінің түйілісетін жері және мал айдайтын жол үсті,бұл жолдан үйір-үйір жылқылар өткізілетін. Бұл жер танымал мал сататын орта болған. «АТБАЗАРЫ», яғни ат сататын базар.  Бір нұсқасы осыған тіреліп тұрғандықтан атау алғанына осы себеп болып келеді. Орта Азияның Россияға қосылуына байланысты шекаралық қамалдарының маңызы болмағандықан 1879 жылы қала мәртебесіне ие болды. Қаланың өсуіне жылда өтетін жәрмеңкенің маңызы зор болды, өйткені ол жақын маңдағы Ресей губернияларының саудагерлерін қызықтырды, Бұқара және Ташкент саудагерлерін де тартты. Қазақтың сал серісі Ақан, Балуан Шолақ, күш сынаушылар Мәди және балуан Қажымұқан – бәрі де Атбасарда болып кеткен.Қаланың экономикалық өсуіне 1939-1943 жылдары салынған Ақмола-Қарталы темір жолының маңызы зор болды. Атбасар Қарағанды көмір бассейнімен, Оралмен және басқа еліміздің экономикалық орталықтарымен байланыстыратын жол болды. 1954-1958 жылдары Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру өңірдің дамуына және экономиканың өсуіне үлес қосты. 1960 жылдар ортасында ірі кәсіпорындар өсуімен қатар, құрылыс саласы да дами түсті. 1970-1980 жылдар аяғында қаланың ортасында көп қабатты ғимараттар, заманауи жобалы қалалық әкімдік, әмбебап дүкен, қонақүй, тұрғын үйлер салынды. Мәдени-тұрмыстық, сауда орталығы, мектеп, мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелер салынды. Атбасар халқының саны күннен-күнге өсе берді. 1990 жылдың басында 54,9 мың адамды құрады.                                                                                                        Атбасарда қайта құру кезеңі оңайға соқпады. КСРО-ның құлдырауы қаланың экономикасы мен әлеуметтік дамуына зор нұқсан келтірді. Атбасарлық жергілікті патриот жандардың еңбексүйгіштік, достық, түсіністік қасиеттерінің арқасында сол бір жылдары құлазып қалған аудан және қала экономикасы мен әлеуметтік салалары қайтадан дамып, оңтайланды.

Туған өлкем–Атбасар!                                                                                                         

Өз елінің тарихы  ешбір басқадай елдің тарихынан кем түспейтінін әрбір азамат білу керек. Ата-бабадан мирас болып қалған үлкен, байтақ жерге әр азамат лайықты жалғастырушы болуы тиісті.    / Н.Ә.Назарбаев  /                   

Атбасар ауданы – Ақмола  батысындағы әкімшілік бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы 11,8 мың км². Тұрғыны 54,1 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,6 адамнан келеді (2006). Аудан 15 ауылдық округке бөлінген. Аудан орталығы – Атбасар қаласы. Атбасар атауы он тоғызыншы ғасырдың 30-жылдарында пайда болды. Атбасарка  мен  Керегетас өзендерінің қосылысқан жерінен № 96 шекаралық пункт салынды, 10 жыл өткеннен кейін Ақмола мен Көкшетау арасын байланыстыратын №89 Атбасар бекінісі қайта құрылды.  Керуен жолының ортасында болғандықтан, жылдар өте маңызы өсіп, нығайды.1843 жылы  Батыс Сібірдің  генерал – губернаторы Горчаков бекітілген пункттің орнына Атбасар станицасын салуға ұсыныс жасады, ал 1845 жылғы 6 маусымнан Атбасар жыл санаудың басы болып табылады, ал 1878 жылы станица атауы Атбасар қаласына өзгертіліп, содан Атбасар уезінің орталығы болып қалады. Революцияға дейін Атбасар уезінде өндірістік күштер нашар дамыған, бумен істейтін диірмен, сондай-ақ бірнеше тері илейтін және май қорытатын зауыттар жұмыс істеп тұрды. Жылына үш рет сауда-жәрмеңкесі өткізіліп, онда ірі және ұсақ қара малдар, жылқы, түрлі шикізаттар мен материалдар сатылды.20-жылдардың басында Атбасар уезінде 9 өнеркәсіп кәсіпорыны, оның 7-і қалада және 2-і ауылдарда жұмыс істеп тұрды.  1928 жылы Автономды Қазақстан Республикасының аумағында жаңа аудандар құрыла бастады.  ЖОАК 1928 жылы 17 қаңтардағы қаулысымен Атбасар уезі жойылып, 28 қыркүйекте Ақмола округінің құрамындағы Атбасар, Тасөткел және Атбасар уезінің Қарағанды болысының бөлігінен Атбасар ауданы құрылып, әкімшілік орталығы Атбасар қ. орналастырылады. 1932 жылы Қарағанды облысы құрылу кезінде аудан соның құрамына енеді, ал 1936 жылы  Солтүстік Қазақстан облысының құрамына беріледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі  Президиумының Жарлығымен 1939 жылғы 14 қазанда Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары аумақтарының бөлігі есебінен орталығы Ақмола облысына орналастырылған Ақмола облысы құрылады. Ақмола облысының құрылуымен Атбасар соған енгізілген.

Табиғи-климаттық жағдайы   Ауданның аумағына тән жер бедері – ұсақ таулы және ұсақ шоқылы, қатарында төбешікті– бөктерлі және қыратты – жазық кеңістік. Атбасар қ. географиялық солтүстік еңдікте 51 градус 49 минут және шығыс бойлығы 68

градус 23 минут жол қиылысында, теңіз деңгейінен 283 м биіктікте орналасқан. Атбасар ауданы Қазақстан Республикасы Ақмола облысының батыс бөлігінде орналасқан  Аудан көлемі оңтүстіктен солтүстікке 180 км қашықтықта созылып, 10562,5 шаршы метр жерді алып жатыр. Аудан солтүстігінде [[Сандықтау]], оңтүстігінде – [[Қорғалжын ауданы|Қорғалжын]] және [[Егіндікөл ауданы|Егіндікөл]], шығысында – [[Бұланды ауданы|Бұланды]] және [[Астрахан ауданы|Астрахан]], батысында – [[Жақсы ауданы|Жақсы]] аудандарымен шектеседі. Аудан аумағының геологиялық құрылысы күрделі және әртүрлі. [[Есіл]] өзенінің ойпаты төрттік жүйеден, қалған аумақ-төменгі, жоғарғы бөлімдер пермдік және таскөмірлі жүйе.                                                                   Климаты Аудан климаты – тым континенттік, орташа жылдық ауа температурасы–17 С. Ішкі жылдық ауа температурасының барысы қыс кезінде тұрақты қатты аяздарымен, қысқа көктем кезінде үдемелі жылумен және жазы ыстықпен сипатталады. Қаңтарда ауаның орта температурасы 18-19 С, жекелеген жылдары–51 С дейін жетеді, жаз кезінде температура 19-дан 21 С-ге дейін ауытқиды, ең көбі + 43 С дейін. Сөйтіп ауаның ауытқу амплитудасы 40 С жақын құрайды, ауаның абсолюттік ауытқу амплитудасы 90 С асып түседі. Жылу кезеңінің ұзақтығы орташа 190-200 күнді құрайды. Желдің басым бағыты оңтүстік-батысқа және әсіресе қыс кезінде батыстан, жазда желдің солтүстіктен қайталануы арта түседі, желдің орташа жылдамдығы 4,5-5,5 м/с, жылдық жауын-шашын мөлшері 300-350 мм. құрайды, ылғалдың негізгі көлемі әдетінше жаңбыр және қар жауу мөлшерімен аз қарқынмен түседі. Қар әдетінде қараша айында жауады, орта биіктігі 25-35 см, қарлы жылдары 50-60 см жетеді. Кенеттен жеткіліксіз дымқылдану тек аз көлемде ғана емес, сонымен ауаның төменгі дымқылдануымен де байқалады. Дымқылданудың ең азы жаз айларында (40-45%), ең көбі қыс айларында (60-55 %). Қысы суық және ұзаққа созылған орнықты қар жабындысы жатады. Жазы қысқа, бірақ ыстық. Қолайсыз климаттың ерекшелігі кеш түсетін-көктем және ерте түсетін күзгі қатқақ суық.

Топырақ-өсімдік қабаты.Ауданда топырақ негізінен қара-қоңыр және сортаң. Бетеге, селеу, ши аяқ, сұлыбас, австриялық жусан өседі. Сортаңды жерлерде – сирек бұталар, жусан, кермек, қына өседі. Шабындықта – бидайық, түлкі құйрық, жусан, алау, шөп, иманжапырақ, батпақты жерлерде –қамыс, құрақтар өседі                                                     

Жануарлар әлемі .Жануарлар әлемі сан түрлі. Көптеген құстардың өмірі аудандағы су беткейлерімен байланысты. Жүздеген құстар мекендейді, ең ірісі аққудан бастап барлық түрлері бар: үйректер, қаздар, шағала, бүркіт, жапалақ, үкі кездесе береді. Қоректенушілер арасынан 1944 жылы әкелінген ондатра да бар. Қырманда қасқыр, түлкі, қарсақ, ақ қоян, күзен, елік, бөкен, суыр, сарышұнақ,  жабайы шошқа  мекен етеді. Соңғы жылдары көптеген атбасарлықтар мен қала қонақтары аңшылық ісіне үлкен қызығушылық танытуда.

Жер ресурстары.Ауданның жер ресурсы 10634,9 шаршы км. немесе 1063456 га. Оның ішінде:егістік – 405514 га, көпжылдық өсімдіктер – 253 га, тыңайған жер 34937 га, жайылымдық – 537934 га, шабындық – 40028 га, басқалар(су астында, батпақты) – 44790 га.

Су ресурстары.Аудан аумағындағы су ресурстары жер асты және үстіңгі су қосындыларынан тұрады. Негізгі қуат көзі олар үшін атмосфералық ылғал жауын-шашын болып табылады. Атбасардың көлбеу жазығының оң жағында Есіл өзенінің ұсақ салалары бар: Жабай, Колутон, Жыланды, Қайрақты. Есіл өзенінің ұзындығы 196 км. Су жинайтын аумағы -8800 шаршы км. Бастауы Көкшетау облысының  Зеренді тауының оң баурайынан басталады. Сандықтау және Атбасар аудандарының аумағымен ағып өтеді. . 14 саласы бар. Ихтиофауна: табан, қара балық, алабұға, торта, шортан, аққайран және тағы басқалары. Аудан аумағында 30 астам таяз, жиі тұзды көлдер бар: Жаркөл, Сарыкөл, Ұзынкөл, Барлыкөл, 12 тұщы сулы көлдер бар: Есіл, Терісаққан, Шортанбай, Жыланды, Жабай, Ащылы, Қайрақты, Колутон көлдері.

Ұлы тұлғалар.Атбасар жері есімдері бүкіл әлемге танымал болған азаматтарды қанаттандырды. Олар біздің мақтанышымыз. Ілияс Есенберлин «Көшпенділер», «Алтын Орда»романдарын жазса, Сейітжан Омаров балаларға арналған «Желдің өтінде», «Батырлар достығы», «Бақыт туралы» және басқа көптеген кітаптар сыйлады.     Раунақ Есенберлин – Қазақстанның көрнекті ғалымы. Клара Әмірова- Халық білім үздігі, Атбасар тарихи –өлкетану мұражайының негізін қалаушы. Анатолий Михайлович Храпатый- әлемнің бес дүркін чемпионы, Олимпиада чемпионы-1988, 1996 жылы Атлантаның  күміс жүлдегері, Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпионы, көптеген халықаралық турнирлердің әлем, Еуропа чемпионаттарының жеңімпазы.

Әр мекеннің көркі мен мақтанышы – осы жерден шыққан, адал еңбек еткен тұлғалар. Туған жерімнен шыққан тұлғалар есімі -бізге әрқашан да жылы, киелі.                                                                                                                                         Ұлы Отан  соғысында Атбасар ауданының азаматтары Ұлы жеңіске өздерінің қомақты үлестерін қосты. 1941-1945 жылдары майданға 5895 адам қатысты. 2907 адам еліне оралмады.Атбасар ауданының жұртшылығы Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен жерлестерін, Кеңес Одағының батырлары – Ақан Құрманов, Николай Виденеев, Иван Дьяченко, Никита Карацупаны  мақтан тұтады.                                                                                                Тың игеру – Атбасар  ауданы тарихындағы айрықша кезең.
Тың жерді игеруге бет алған Отанымыздың алғашқы тың иегерлерінің үлкен тобы біздің ауданымызға 1954 жылдың наурызында келіп жетті. Олардың саны 200-ден астам еді, атбасарлықтар бұларды салтанатты жағдайда құшақ жая қарсы алды.  Атбасар бекетіне Тыңды игеру басталғанға дейін бір миллион гектардан астам ауылшаруашылық жері, оның ішінде 525 мың жыртуға жарамды жер болды.
Алғашқы тың игерушілер Социалистік Еңбек Ерлері М.Е.Довжик, М.А.Самарцев, Қ.Мұқышев, Ж.Садвакасов, Я.С.Брагин, В.Ф.Макарин және т.б. есімдері тарихта мәңгілік қалды.                                                                    Қорытынды бөлімі. Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды.Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл – тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» дейді халық. Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып, XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдады.Ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.  Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.

Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр – жастар ғасыры. Мұқағали ағамызда осындай сөздері бар:«Сендердікі қоғам, өмір, заман да,
Сен түзеген қалаң менен далаң да,
Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,
Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!».
Біз – халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз – жастар. Туған жер! Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіміз, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын боламыз!  Жабай өзенінің жағалауында  бір шағын қалашық салынған. Айнала даласы байтақ, ауасы таза және салқын. Бұл қаланың тарихы сонау 1845 жылдан бастау алып келеді. Астана мен Көкшетауды байланыстыратын станция ретінде негізі салынып, тез арада ірі сауда орталығына айналды.Жылдар өте  келе пошта станциясы, шіркеу мен мешіт, бірнеше шағын зауыт және әйгілі Петровск  жәрмеңкесі бар шағын кент 30 мыңға жуық тұрғыны бар қалаға айналды.                                Бұл қала – Атбасар және бұл – менің туған жерім. Бүгінгі таңда Атбасардың гүлденген көшелерін аралап, игілікті және еңбекқор азаматтарды кездестіріп, бір ақиқатты түсіне бастадым. Келешек  ұрпақ  туған жерінің тарихын біліп, елінің абыройын көтеріп, болашақта  қолынан келгенше  еңбек етеді деп үміттенемін.

Атбасарлық танымал тұлғалар   

Атбасар – тыңның қақпасы 

 Менің қалам

You May Also Like

Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады? ғылыми жоба слайд

Физика тұрғысынан 3D форматының құпиясы, ғылыми жоба

ФИЗИКА ТҰРҒЫСЫНАН  3D – ФОРМАТЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ  Бағыты: Ғылыми –техникалық  прогресс –экономикалық  өсудің …

Аққу, ғылыми жоба

Андатпа Зерттеу тақырыбы: «Қазақ әдебиетінде аққу бейнесін белгілі нышан ретінде пайдалануы» Зерттеудің мақсаты: Аққу…

Математика және табиғат ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы:            «Математика және табиғат» Бағыты:         Экономикалық және әлеуметтік процестерді …