I.Кіріспе бөлімі.

Туризмге түсінік беру.

Қазіргі таңда адамдардың өмір сүруінің екі мақсаты бар.Жалпы әлуметтік жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұмысының жақсаруы адамның саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз-туризм.

Туризм – мемлекет жарнамасывеовлвовг

. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәңге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей , тарих пен архилогиялық қазбалардың мәдениетпен өркениттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшелініп отыр.

Туризм жүйе тұтастығын бұзбау мақсатымен қазқалпында сақталған табиғат орындарына саяхат жасау, осы аумақтағы табиғи  және мәдени-этнографиялық ерекшеліктер туралы мағлұмат, түсініктер алу. Сол аумақтағы  табиғатты қорғау және туризмді дамыту,жергілікті тұрғындардың тұрмыс жағдайын түзеуге де ықпал етеді.Туризм басты мақсаты туристердің мәдениетін қалыптастыруды,табиғатқа үйірсектігін,оны қорғау қажеттілігін танып біліуге айқындауға тиіс. Туризм қолда бар табиғат теңгерімін сақтауға және табиғатық-бағдарда тәрбиелеуге бағытталуға тиіс.

ДТҰ бас Ассамблиясында 1980 жылы бекітілген деклорацияның 21 бабында:

«Туризм практикасында рухани элементтер техникалық және материалдықтан жоғары басымырақ болуы тиіс» делінген. Танымдық бағытқа – туристерді өте қызықты табиғат аумақтарымен , флора мен фауна өкілдерімен, өзіне тән және бірегей  ландшафтармен, қоршаған жерге үйлесім тапқан өткен кезеңнің материалдық  мәдениеті мен тарихының ескерткіштерімен таныстыру кіреді. Туризм ҚР-ның экономикасын маңызды, тез өсіп келе жатқан және келешегі мол секторлардың бірі болуда. Ендігі кезекте біздің облыс алдында туристерді қызықтырып тарта алатын жаңа туристік өнімдерді әзірлеу жөнінде ауқымды міндет тұр. Туристік қызметті табиғи ортада жоспарланбаған , тиісті дәрежеде басқаруға келмейтін істерді жүзеге асырған жағдайда, табиғат ландшавтарының нашарлауына әкеліп соғады, қалыпты табиғат пен биологиялық алуан түрлілікке қауіп төндірді. Қазіргі кезде табиғат ескерткіштері басты қауіп  «бақылаусыз» туризм болып отыр, соның нәтижесінде болатын жерлердің жәй – күйі бірте-бірте нашарлай түседі, автомашиналар тікелей қайнар бұлақтардың, тік жартас аңғарлардың нақ басына дейін барады. Өз бетімен жүрген туристер облыстың туристік әлуетін ыбырыста бүлдіруде. Туристік объектілерді сақтап қалу жөнінде бәріміз бірдей жұмыла кірісуіміз және экологиялық туризмді ұймдастыруға көшуіміз керек.

II.Негізгі бөлім.

2.1. Экотуризмді дамыту–келешек ұрпақ үшін маңызды

Экотуризм барлық жастағы топтағы адамдардың белсенді тынығуымен туризм есебімен көңіл-күй күйгіліктігін жедел қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Облыста экотуризмді дамыту үшін табиғат аумақтары объектілері және мәдениетпен сәулет тарихы танымдық, білімдік, ғылыми және өзгеде мақсаттарда пайдалануға тиіс. Экотуризм – бұл атқарылуы кезінде сақтап алу мен дамыту, жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін тиімді әрі парастатты түрде үйлесім табатын қызмет саласы. Экотуризмді , оның ұзақ мерзімді өлшемдігімен табысқа жетуін қамтамасыз ететіндей жоспарлау керек.

Қыруар туристік әлеуетті пайдалану кезінде парасатты түрде әрі жоспарлы негізінде экотуризмді дамыту өте маңызды, ресурстардың сақталуын қамтамасыз ету экотуризмге байланысты болмақ. Туристермен болушы адамдар экологиялық туризм болатын жерлеріне қатысты өздерін барынша әдепті ұстауға тиіс. Облыс қорықтарымен табиғат ескерткіштерінің аумағында экологиялық туризмді ұйымдастыруға мейлінше қатал талаптарды қамтамасыз ету қажет. Экологиялық туризм аралық дәнекер аймақта, қатаң белгіленген бағыттарда саяхаттық маршруттармен шектелуге тиіс. Қорықтар шегінде маршруттарды ұйымдастыру, тек қана қатаң түрде айқындалып белгіленген сүрлеу жол бойынша жүру міндеттелген.

2.2. Маңғыстаудың таңғажайып табиғаты.

Маңғыстау табиғатының астарлы сыры таңғажайып. Бір жағынан ақшағыл сусыма құмды жағажайы бар жүздеген шақырымға созылып жатқан жартасты Каспий жағалауы жатса, ал екінші жағынан жер шарындағы шөл даланың түгелге жуық үлгісі көз алдыңа келтіргендей керілген кең байтақ шөл жатады. Бір жағынан құлама құздармен тылсымға толы ойпаттары болса,екінші жағыннан Ақтаудағы ақшаңқаң шыңдары бұлт шалған Қаратаудың бұлдыр шыңдары,ондаған тау аңғарынан сылдырап аққан бал бұлақтары, төңірегі көк шалғынға бөленген жасыл желекті жазира көрініс табады.Алыстан көз тартатын бәрі кімде болса осы өлкеде болғандардың жадында осынау қайталанбас сұлулық ұзақ уақыт сақталады.Каспий жағалауының аурасы ерекше.Осында ең болмаса бір рет болған адам мәңгілікке жанасудан туындайтын жан тыныштығымен табиғатпен біртұтастық сезімін мәңгіге есінде сақтап  қалады. Бұл өлкеде жойқын өркениеттің әсері тимеген жерлер сақталып қалған.Сондықтан бүгінгі адамдар ашық аспан астындағы осы бір киелі орынға ену үшін түбекке арнайы келеді.

Аптапты шөл мен Каспийдің тұзды суларының екі ортасында орналасқан, мөлдір таза тұщы көл жасырынып жатқан  көк-жасыл шағын арал жан тебірентер жаңалық болып алдыңда жатады. Бұл саура өмір шындығына айналған сағым. Тіпті айналаның күн күйдірген ыстық жазда да бұл жерде салқын самал есіп, ауа шөппен гүлдің хош иісіне бөгеп тұрады. Тағы бір таңғажайып жазира – Тамшалы биосфералық қорығы. Оны құздың  қабырғасынан тамшылап, мергель тақтасына құлаған су тамшылары шығаратын айрықша дыбыс әсері үшін  «көңілді тамшылар» деп атайды. Алуан түрлі үнмен шығатын дыбыстар тіпті ең дарынды деген сазгер де шығара алмайтын, теңдесі жоқ әуенге ұлғасып жатады. Ол жалбыз, қияқ өлең, қамыс пен қарағаш жапқан салқын шатқалда естіледі. Иісін жұтасын, қарайсың, тыңдайсың сөйтіп ләззатқа бөленесің. Туристер үшін  Сұлтан әпе тартымды. Бұл түбектегі ең үлкен әрі ең жасыл каниондардың бірі. Ол каспийдің жағалауына ұмсынып жатыр және теңіз жағасында аяқталады. Гүл салынған сауытқа ұқсас осы орасан зор табиғи тол ыстақан ағаш пен шөпке толы. Осындай ерекше гүл шоғынан долананы, күміс жидені қарағашпен шырқап, Бүкілодақтық теледидарға түсті. Ол Мәскеуден әлденеше рет көрсетілді.

Маңғыстау ауданындағы Шетпе поселкесінінен солтүстік-батыс жағасында орналасқан Иір бойындағы оқшау тау аты.Ол табиғи ажар бедерімен түбекті зерттеуші ғалымдар назар әр кез аударумен келген.Айрақтың  құрамдас бөлігі болып келетін шоқының бірі «Ораз ұшқан» аталады.Олай болатын себебі Ораз Оңғалбаев өзі жолбасшы болып жүрген, ғалыммен бәстесіп, осы шоқыны басынан үстінен етегі делдиген кең шапан киіп ұшып аман қалыпты деседі.Жан-жағы құз жартас,оңтүстік жағында бір ғана шығар жолы бар,үсті тақтайдай тегіс, жалын-қар сулары сақталатын гастақтары мол Айрақ  арқар сияқты тұз аңының табиғи қорығы іспетті. Айрақты үңгірлерінде сақталған  шималы суреттер кезінде А.медоевтің зеріттеу объектісіне айналады. Айрақты қазіргі Өлі Қолтық сорының ішіндегі арал. Етегі су жолының бастау арал жері, Г.С.Карелиннің 1832 ж мұнай белгісін аңғарған мекені. Қатал табиғатыны орай ол Жаманайрақты аталы, қазіргі карталарда солай көрсетіп жүр. Айрақтыдан ас тұзы мен қоса егіншілікті, балықшылықты кәсіп еткен жатақ қазақтардың мекені. Кейінгі кездері Айрақтыдан ас тұзы мен қоса  егіншілікті, балықшылықты кәсіп еткен жатақ қазақтардың мекені.

Маңғыстаудың сәулет ескерткіштері шартты түрде екі топқа бөлінеді. Олардың біріншісіне мемориалдық құрылыстар-қалыптас  ескерткіштері, екіншісіне дінит құрылыстар-мешіттер жатады. Обылыста барлығы 300-ден астам киелі деп саналатын жерлер белгілі. Халық аңыздары осы ғибадатханалардан адамдарды оқытып ағартушылық жұмысымен айналысқан. Әулиелердің абзал істері жайлы сыр шертеді. Олардың есімдері киелі орындар ретінде құрметтелетін және тек қазақстандық қана емес. Сонымен қатар шетелдік қажылар мен туристерді де тарататын жер асты мешітерінің атауларын да сақталып қалған. Жұрт көбінесе мұсылман әлемінде ерекше орын алатын Бекет ата мешітіне келуге ұмтылады. Бұл маңызды жағынан Мұхаммед пен Қожа Ахмет Йассауидіңң бейіттеріне тең келетін киелі орын. Осында болып қайтқан діндарлар құдайдан Меккеге  қажылық жасауға бата алады деп саналады.

2.3. Шақпақ ата мешіті

Маңғыстаулықтар үшін киелі жерлерге зиярат ету, Алладан дұға-тілек тілеу маңызды саналады. Тұрмыстық өмір мен қарыштап дамып жатқан  жаһанданудан  бір сәт алыстап, рухани демалу үшін, өмірдің өткінші екендігін түйсініп, шүкірлік ету үшін өлке халқы мен қонақтары әдейілеп жер асты мешіттерге барады.

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Әрбір тарихи мәдени ескерткіштер-ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады» дейді. Мемлекет басшысының рухани жаңғыру жөніндегі бастамасына сай тарихи ескерткіштердің, киелі орындардың мән-маңызы зерттеліп жатыр. Маңғыстау десе, Бекет ата, Шопан ата мешіттері еске түседі, көпшілік естіп жүрсе де, жете білмейтін Шопан ата, Қараман ата, Сұлтан үпі сияқты мешіттер көп.Ел аузында  «362 әулиелі  Маңғыстау» деп текке айтылмаса керек
Осындай туристік сапарға шыққанда барған жерімнің  бірі –Шақпақ  ата мешіті. Сонымен, бүгін Маңғыстау жерасты мешіттерінің аса көркем үлгісі саналатын  Шақпақ ата мешіті туралы  тарқатып айтатын болсам.
Түпқараған түбегінің теріскей шығыс бетінде- көне Кетіктен Бозашыға беттеген теңіз жағалауында небір тамаша қойнау, қыраттармен  тау жоталар, аңғар, алқаптар арасында көне ескерткіштер бар.  Солардың бірі  Шақпақ ата мешіті. Шақпақ ата жер асты мешіті – ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші.  Шақпақ ата аталуының себебі, ол кісі тырнақтарын бір-біріне жанастырғанда, арасынан от шығатын болған. «Бірде Шақпақ ата бір ауыл жанынан өтіп бара жатып, күйеуі әйелін ұрып жатқанына еріксіз куәгер болады. Шақпақ ата сорлы әйелдің сөзін сөйлеп, құтқарып алады. Алғыс орнына әйел Шақпақ атаға еріп жүреді. Олар тоқтаған тіршіліксіз жерде жер астынан қайнар бұлақ көздері ашылып, жауын жауа бастаған екен». Шақпақ  ата мешіті туралы тағы мәліметті толықтыру үшін, Маңғыстау облысына туристердің қызығушылығын арттыру үшін сұхбат алдым.

— «Шақпақ ата» ескерткішіне маңғыстаулықтардың ілтипат-ниеті жақсы, күніне орта есеппен 10-15 адам зияраттап келеді. «Шақпақ ата» тарихи-сәулет ескерткіші, әрі киелі орын саналатындықтан, өз құндылығын жоғалтпайды.  – дейді «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесінің директоры Құлбаев Нұрлан.

—   «Шақпақ ата» мешіті облыста, сондай-ақ жақын орналасқан Маңғыстау, Түпқараған аудандарының тұрғындары арасында кең танымал. Бір жағынан, Ержан хазірет секілді дін жолындағы белгілі тұлға жерленген, жергілікті халықтардың да ата-бабалары жатқан қорым. Соңғы кездері туристік потенциалды көтеру мақсатында пайдалы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғылыми тұрғыдан айтсақ, археологиялық жағынан да, тарихи жағынан да бірнеше кезеңді қамтитын маңызы зор кешен. Бұл жерленген кісілерге деген құрметсіздік.

 ҰСЫНЫС

     Шақпақ  ата мешіті мен Таушық ауылың арасындағы жолға қоқыс салатын жәшіктер,  плакаттар мен ескерту бағаналарын орнату қажет. Су ішіп, демалып, әжетханаға шығып алуға жағдай жасау немесе бір ауыл қоныстандыру керек деп ойлаймын.
Шақпақ  ата мешітін билбордтқа жарнама жасау арқылы киелі орынға жабық киіну керектігін ескерту керек.

Бүкіл әлемдік мұралар тізіміне Шақпақ  ата мешітін енгізсе, егер менің осы ұсынысым өз күшіне енсе, әлемдік деңгейде туристердің сұранысына ие болатын еді.

III. Қорытынды бөлім.

3.1.  Туризм–ұлт болашағының қайнар көзі.

Ал, енді бүгінгі таңға келетін болсақ, Маңғыстаудың туристік нарығында  жергілікті 5 фирма қызмет етеді, олар сыртқысапарға шығу  туризмінде  белсенді түрде дамытуда.Бұл бизнестің ең келешегі зор пайданы мол түсіретін бөліктерінің бірі ретінде олар іскери сапаларды айтады. Бұл жерде басты мәнге ие болатын – аймаққа өз фирмаларында жұмысы бойынша келетін орташа және одан гөрі  молырақ дәулеті бар адамдар, мұнай компанияларымен  басқа да компанияларда жұмыс істейтін шетелдік және жергілікті мамандар, және экзотика мен экстримді ұнататын әуесқойлар.

Қала мен облыс үшін барлығы 50-ден астам туристік саяхаттық маршрут егжей- тегжейлі  әзірленген. Олардың ішінде Маңғыстау бойынша қажылық сапарлар ерекше   1топты құрайды.Бұл уақыт «Мұнай тур», «Турист», «Кенет» фирмалар жұмыс істейді. «Маңғыстау экологиялық  сапарлары» мен «Маңғыстау – балалар үшін»  атты орасан зор бағдарлама да бар, ол ең бірінші кезекте сауықтыру  мақсатында ұйымдастырылады және  оған теңіз жағасында белсенді демалыс, алу жағып, шатыр тігіп жорыққа шығу, Батыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен танысу кіреді.

2015 жылы 16 қыркүйек айында «Маңғыстаудағы туристік нысандар топономикасына тарихи жағдайлармен аңыздардың әсері» тақырыбындағы ғылыми конференция өтті. Бұл конференцияда Маңғыстау өңірінің орталығы Ақтау қаласында тұратын «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы қызметкері Асылбек Сәтенов «Туризм жұмағының ауылы тым алыс» екенін айтады. Себебі  Қазақстандық туристер көп баратын Бекет ата тарихи орны Ақтау қаласынан 230км. Қашықтықта орналасқан. Ол жерге жол деген әрең салынды, оның өзі грейдер ғана.Ал сол аралықта бір тоқтап демалатын жер жоқ , тым құрығанда су  алып  ішетін жерде жоқ.Егер жолда кенет көлігіңіз тұрып қалса шөл далада тұрып қаласын.

Асылбек Сәтенов басқа Облыстан келген туыстарына аймақтағы  тарихи ескерткіштерді көрсетеміндеп  қатты қиналғанын еске алады: «Мен оларға діни мақсат, зиярат ету үшін емес өлкеге кейбір тарихи мұраларды  ғана көрсеткім келген, бірақ жол соғып қиналған қонақтарының алған әсеріне жол азабы шайып кетті» дейді ол.

Маңғыстау облысы  туризм басқармасы бастығының орынбасары Гулмира Сүйеуова Ерекше әсем табиғатына тарихи ескерткіштер мен теңіз жағасындағы орнына қарамастан өмірдің туристер үшін тартымды аймаққа айнала алмай отырғанын растады.Облыстық туризм басқармасындағылар оның себебі инфроқұрылым жоқтығымен түсіндірді. «Аймаққа келетін шетелдік туристерің таң тамаша болатын екі нәрсесі бар;бірі мұнайлы  өлке жолдың болмауы,екіншісі жол бойында  дәретханалардың болмауы , олар бұта түбіне бара салу дегенді түсінбейді» дейді Гулмира  Сүйеуова.

Шетелдіктер экстремальдық туризмнің ұнайтын жақтары да бар.

Біздің жақта жолдың болмауы, шаршап – шалдығып сапар шегу оларға ұнамайды. Өйткені олар бір кнопканы басу арқылы атқарылатын озық технологиялық қызметтерінен шаршаған. Олар Бозжар, Түзбайыр, Қарынжарық сияқты тауларда шатырда жатып суретке түскісі келеді. Маңғыстауда күннің шығысы мен батысынан фантастикалық пейзаждар көреді – дейді Гүлмира Сүйеуова.

Маңғыстау облысы туризм басқармасының ақпаратына қарағанда аймақтағы туризмді дамытуға 2014 жылы 150 млн. теңге бөлінген.Оның 60 млн.тенгесі «Каспийден Алтайға» дейін аталған турнир ұйымдастыруға жұмсалған «Бұл қаражатқа кемінде бір тарихи орынның инфоқұрылымын салу неге қарастырылмады?» деген сауалға Гүлмира Сүйеуова «Мақсат аймақты таныстыру керек болды» – деп жауап берді. Басқарма өкілінің ақпаратына қарағанда аймақтағы туризмді дамытуға бөлінген қаражат былтырғыға қарағанда 3 есе кем –  50 млн.тенге.

Осымен туризм жайында ой толғауым аяқталып келеді. Бірақ Қазақстан жеріне қызығушылығым арта түсуде. Біздің міндетіміз – табиғаттың баға жеткізсіз сыйын мұқият сақтау, оны түйсіне тұжырымдап, сүйіспеншілікпен қарап, ләззат алып, болашақ өскелең ұрпаққа сол қалпында қалдыру.

You May Also Like

Информационное общество. Главные особенности и характеристики информационного общества.

Информационное общество. Главные особенности и характеристики информационного общества. Специалисты, предложившие этот термин,…

Газмоторлы компрессорды автоматтандыру

«Газмоторлы компрессорды автоматтандыру» Газ жинау коллекторынан-1 мұнай немесе табиғи газ айыру қондырғысына-3…

Аңызға айналған Ақша батыр, ғылыми жоба

«Аңызға айналған Ақша батыр» Мазмұны: І.Кіріспе. ІІ.Зерттеу бөлімі. Батырдың өмірі мен ерлік…

Мектеп өмірінде қолдануға бағытталған жылулық құбылыстарды зерттеу нәтижесі, ғылыми жоба слайд