Тарих сабағында жаңа технологияларды пайдаланып,оқушылардың ойлау қабілетін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу 

Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып,онымен бірге үнемі өзгеріп отырады Қай кезеңде де жалпы білімнің атқаратын қызметі-жас ұрпақтың танымдық дүниесін байытып,дамуын қамтамасыз ету.Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің басты міндеті-білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау,мектептен шыққан шәкіртті өмірге жан-жақты даярланған тұлға етіп шығару. Тарих-мектепте  оқытылатын негізгі қоғамдық пәндердің бірі.Жеке тұлғаны қалыптастырып,дамыту үшін тарих пәнінің орны ерекше екені белгілі.Өйткені,бұл пән-адам баласының,барлық халықтың басынан кешкен оқиғаларын,мемлекеттердің құрылуы тарихын оқытады. 2017 оқу жылынан бастап 5,7 сыныптардың оқушылары  жаңартылған білім  беру мазмұны  бойынша  оқытылуда Сондықтан әр пән мұғалімі қазіргі оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін,жетістіктерін пайдаланып сабақтың сапасын,ғылымилығын арттырып,оқушының өзіндік ойлау қабілетін дамытып,шығармашылыққа бағыттау қажет.Жаңартылған білім беру  бағдарламасындағы басты ерекшелік  баланың ғылыми көзқарастары қалыптасып, өз бетінше жұмыс жасай білуге ,саралай , тұжырымдай білуге үйретіп , шығармашылыққа баулиды.Кезінде оқушы  баға үшін оқып мұғалімнің сұрағына жауап берумен шектелетін. Қазіргі таңда  оқушылар бір- бірімен диаологқа түсіп , тақырып  бойынша  өз  ойларын  білдіріп  ,  өз  идеяларын  дәлелдей алатын жағдайға жетті .  Зерттеушілік  әңгіме  аясында оқушылар сыныпта  шағын  топтарда  жұмыс  істейді. Оларда  ортақ  проблема  болады, сол  мәселе  бойынша бірлескен  түсінік қалыптастырады: идеялармен  алмаса келе, бір- бірінің  идеяларын  талқылайды,  баға береді , ұжымдық  білім  мен  түсініктері  артады ,  бірлесе отырып  ойланады . Қазірг заманның мұғалімі дерижор ролін атқарып ,оқушыға бағыт бағдар беріп тұруы қажет ,ол дегеніміз балаға білімді дайын күйінде  бермей өзінің ізденуіне еңбектенуіне   жол сілтеу. Мен өз сабақтарымда оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында мынандай әдіс-тәсілдерді  жиі қолданамын , мысалы  жаңа сабақ бастар алдында «Миға шабуыл» әдісі  мен үшін өте тиімді ,осы әдіс арқылы оқушы ойын еркін жеткізіп , қандайда болмасын ақпарат( мәлімет,проблема,сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салады . Элиот Аронсон бойынша «Джигсо» әдісі жаңа сабақты меңгеруде қолайлы ,бұл әдісті қолдануда  сыныптағы барлық оқушылар қамтылады, баланың көшбасшылық пен басқарушылық қабілеті  ашылатындығын байқадым. Оқушылар диалог арқылы берілген тақырыпты топ ішінде талқылайды  ,осы әдісті мен түрлендіріп әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасатамын. Сабақты қорытындылау кезеңінде оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Мәселені барынша мұқият талқылап ,оқушының жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ,сананың түрлі аспектілерін  жандандыру мақсатында  Эдвард де Боно бойынша «Ақылдың алты қалпағы» әдісін жиі қолданамын.  Оқыту  мен  оқудағы  әрбір  оқушылардың  қажеттілігін   қанағаттандыру  үшін , мұғалім сыныптағы оқушылардың  түсінігін бақылап,  бағалай  отырып  қалыптастырушы  деректерді анықтап  барып , дамыту  мақсатына  бағыттап жұмыс жүргіз. Осы  үдерістердің  көшбасшысы  ретінде    мен қалыптасып  қалған  дәстүрлі  оқытуға қарағанда  Кембридждік әріптестер  ұсынып  отырған  жеті  модул  идеяларын қолданып, жаңаша бетбұрыспен  оқытудың нәтижелі ,  әрі оқушы жүрегіне қонымды  болатынына  мектептегі   іс  тәжірибемде  көз жеткізіп келемін.

You May Also Like

Мен қазіргі заман педагогімін, мақала

Оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту, мақала

Балаға тәрбие берудегі ұстаздың рөлі, мақала

Балаға тәрбие берудегі ұстаздың рөлі «Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы–бала. Бала…

Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз, интелектуалдық ойын

Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды – танымдық сайыс. Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік…