Лагерьдегі қауіпсіздік ережелері

  1. Әрбір лагерге келгеннен кейін бірінші минуттан бастап лагерь дүние мүлкіне жауапкершілікпен қарау.
  2. Лагерь бөлмесін қоқытуға рұқсат етілмейді.
  3. Телеапаратураларды, шамжаққыштарды, электросымдарын балаларға қозғауға немесе бүлдіруге болмайды.
  4. Лагерь аймағын ластауға, қағаздарды лақтыруға болмайды.
  5. Тәрбиешінің рұқсатынсыз балаларға лагерь аймағынан кетуге болмайды.

Техникалық қауіпсіздік ережесі:

  1. Бөлмелерде ұшты, өткір және жарылғыш заттарды ұстамау.
  2. Электр сымдардың ашық тұрған жерлерін ұстамау және оңдамау.
  3. Теледидарды және т.б. электр құралдарын өз беттерімен жөндемеу.
  4. Балта, балға және өткір заттарды рұқсатсыз пайдаланбау. 

Лагердегі гигиеналық талаптар:

  1. Киімді дұрыс таңдау, организмнің қоршаған ортаға тез үйренуіне, дененің жылуын сақтауына және терінің лас болмауына көмегін тигізеді. Жылы күндері жеңіл киім қажет. Күн ыссы болғанда күннің көзіне ақ матадан тігілген киім киген дұрыс. Тәрбиешілер оқушылардың киімдерінің таза болуын қадағалау қажет. Оларды өзінің гигиеналарына дұрыс қарауын тәрбиелеу керек. 

Өрттен сақтану ережелері:

  1. Электр желісінен аулақ болу.
  2. Электр пештерінен аулақ болу.
  3. Өрт байқаған кезде тез арада лагерь меңгерушісіне немесе тәрбиешілерге хабарлау.
  4. Сіріңке мен жарылғыш заттарды пайдаланбау.
  5. Үтікті және электр құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау және оларды қараусыз қалдырмау.
  6. Өрт болған жағдайда сыртқа шығу және кішілерге көмек беру.
  7. Күйіп қалған жағдайда медициналық көмек көрсету.

Жиһаздар мен зат мүліктерін күтіп ұстау ережелері:

  1. Лагерь мүліктерін таза ұстау.
  2. Бөлмелерді, жиһаздар мен мүліктерін күтіп ұстау.
  3. Төсек орындарын жыртпай және берген заттарды күтіп ұстау.
  4. Төсек орындарын ауыстырып отыру.

 

Моншадағы қауіпсіздік ережелері:

 

  1. Моншаға 30 минут түсу.
  2. Монша ішінде алысып, итеріп ойнамау.
  3. Моншада суды ысырапсыз пайдаланбау, үнемдеу.
  4. Үлкендер кішілерге көмек көрсету.
  5. Ыстық суды пайдаланғанда мұқият болу және күйіп қалмау.
  6. Моншаға түскеннен кейін жылы киін.

 

Лагердегі төтенше жағдайлардан сақтану жолдары.

  1. Жазғы балалар лагеріндегі тәлімгер балаларға қауіп төндіретін обьектілерді өзі әуелі біліп, одан кейін балаларды таныстыру қажет.

Егер тоқ соқса…

Тәлімгер бірінші тоқты сөндіру жолын іздестіруі керек. Екінші тоқ соққан адамға көмектескен кезде құрғақ шүберекпен орап, қолмен тоққа соғылған адамның киімін ғана тартып, «орныңда секір» деп айқайлауы керек. Алғашқы медициналық жәрдем беру ұйымдастырылады.

Қатты найзағай ойнағанда…

Ашық жерден сақтанып сай , шұңқыр жерлерге жасырыну керек. Жүгіруге болмайды.

     Жасанды тыныс беру…

Ол үшін баланы шалқасынан жатқызып, ілгектерін ағытып баланың оң жағынан тұрып, оң қолыңды мойнының астына салып, сол қолыңды мойнына қойып, шалқайтып ауызына үлкен сұқ саусағын салып, ашып, кез келген таза орамал, шүберек, дәке пайдаланып дем бересін. Көкірек клеткаларының қимылын қадағалайсыз. 12- 15 рет дем беруі керек. Демінің сыртқа шығуын біртіндеп басталуы керек.

Тікелей жүрекке массаж…

Баланы қатты нәрсеге шалқасынан жатқызып, баланың сол жағынан тұрып, қолыңды жүректің 21 сүйегіне қойып, сыртынан басып, минутына 60- 80 рет қимыл жасап басасыз. Әрбір басқаннан кейін қан жүруге мүмкіндік бересіз. Демалысы басталғаннан кейін, массаж тоқтатылады.

Мұрыннан қан кеткенде…

Басын кішкене шалқайтып, өзін тікесінен тұрғызып, көйлегінің ілгектерін босату керек. Сумен мұрнын жуып  тазалап, мұрынға , желкеге салқын компресс қою керек. Мұрынды үлкен сұқ саусақтармен 10 минуттай басып тұруға болады. Қан кетуі әрі қарай жалғаса берсе, дереу дәрігер шақыру керек.

        Күн тигенде…

Баланы салқын жерге шығарып, басын, беті- қолын салқын сумен жуу керек. Суға кішкене тұз салып беруі керек. Бала есінен танып қалса, су беруге болмайды.

Улы жәндіктер шаққанда..

Ара шаққанда салқын сумен, спиртпен компресс жасалынады, сарымсақ басу керек. Шикі картопты жарып, шаққан жерді сүртуге болады. Жылан шаққанда орнынан қозғалпай, қорқуын басып, шағылған жерден жоғары таңып. Жолжелкенді (уақтап) шаққан жерге салады. Сұйық нәрсе ішкізу керек.

You May Also Like

Тың игерудің пайдасы

Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді; 1) Тың игеру жылдары…

Жастар жылының маңызы мен пайдасы

Тақырыбы: Жастар жылының маңызы мен пайдасы Жастар жылы. Бұл жыл  жастардың жұмыс…

Дипломдық жұмыс, Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары

Д И П Л О М Д Ы Қ  Ж Ұ М…

Техникалық термодинамика және химиялық өндірістің энерготехнологиясы, тест жауабымен

Техникалық термодинамика және химиялық өндірістің энерготехнологиясы $$$ 1 Термодинамиканың бөлімдері: A) жалпы…