Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік талаптары

Нұсқамалар сипаты мен жүргізілу уақытына қарай:

1) кіріспе;

2) жұмыс орнындағы алғашқы;

3) қайталама;

4) жоспардан тыс;

5) мақсатты болып бөлінеді.

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама білімі,осы мамандық немесе лауазымы бойынша жұмыс өтіліне байланыссыз жұмысқа жаңадан қабылданған барлық қызметкерлерге, уақытша қызметкерлерге, іссапарға келгендерге, өндірістік оқуға немесе тəжірибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргізіледі. Кіріспе нұсқаманы жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі стандарттарының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі ереже, нормалармен нұсқаулықтарды ескере отырып бекіткен, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі қызмет əзірлеген бағдарлама бойынша жүргізеді.

Нұсқаулық қандай құжаттардың негізінде әзірленеді?

Нұсқаулық еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нормативтер негізінде және жабдықтарды дайындаушы - зауыттың пайдалану және жөндеу құжаттамасында, сондай - ақ жұмыс берушінің технологиялық құжаттамасында баяндалған қауіпсіздік талаптары мен өндіріс жағдайлары ескеріле отырып, әзірленеді.          Нұсқаулықтар тізбесі жұмыс берушінің еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген қызметшілердің Біліктілік анықтамалығы мен жұмыстар, жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік - біліктілік анықтамалығы ескеріле отырып, бекітілген штаттық кестесінің негізінде жасалады. Жасалған тізбе жұмыс берушімен немесе өзге де уәкілетті тұлғамен бекітіледі және барлық құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.

Нұсқаулық мазмұны нені қамтуы тиіс?

Нұсқаулық мазмұнында технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы болады және қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру мәселелерін жан - жақты қамтиды. Әрбір нұсқаулыққа тиісті атау беріледі. Атауында оның қандай кәсіпке немесе жұмыстардың түріне арналғандығын қысқаша көрсету керек. Нұсқаулық талаптары бұл жұмыс орындалатын жағдайлар есепке алынумен технологиялық процестің кезектілігіне сәйкес баяндалады:

1) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары;

2) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жұмыс басталардың алдындағы талаптары;

3) жұмыс кезіндегі;

4) авариялық жағдаяттардағы;

5) жұмыс аяқталғаннан кейінгі талаптары.

Автокөлікке қойылатын қауіпсіздік талаптары:

Өндірістің жай-күйін талдау – оның аккредиттеу саласына автокөлік құралдары және олардың құрамдас бөліктері, өнімнің өндірісін және өнім жағдайларын (өтініш берілген типтері мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес өнімді өндіру үшін қажетті барабар шаралар мен рәсімдердің болуын сол жерде бағалау) тексеруді ұйымдастыруға қатысты құжаттаманы талдау кіретін, оның құзыретіне сәйкес сәйкестендіруді растау жөніндегі орган атқаратын рәсімдердің жиынтығы;

Блоктауға қарсы тежеу жүйесі – шұғыл тежеу кезінде автокөлік құралдарының тежелудегі дөңгелектерінің блокталуын болдырмайтын, жұмыс тежеуі жүйесінің қосымша жүйесі;

Қосымша тежеу жүйесі – автокөлік құралдарының жұмыс тежеу жүйесі тежеу тетіктерінің қуат жүктемесін азайтуға арналған тежеу жүйесі;

Айналымға шығарылатын автокөлік құралдары – Қазақстан Республикасында дайындалған және бұрын пайдалануда болмаған автокөлік құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына алты айдан көп уақытқа мақсаты бойынша пайдалануға немесе сату үшін базарға орналастыруға әкелінген автокөлік құралдары;

Гигиеналық норматив – зерттеулер белгілеген, оның адам үшін қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан ол болатын ортадағы қандай да бір факторды сипаттайтын көрсеткіштің сандық және (немесе) сапалық мәнінің рұқсат етілген ең жоғары немесе ең төмен мағынасы;

Мемлекеттік техникалық байқау (бұдан әрі – техникалық байқау) – пайдаланудағы автокөлік құралдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалаудың технологиялық рәсімі, оның негізінде оларға жол қозғалысына қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданады;

Техникалық құжаттама түпнұсқасын ұстаушы – техникалық құжаттаманың түпнұсқаларына ие және оған өзгерістер енгізуге құқығы бар ұйым немесе кәсіпорын;

Дәлелдеу материалдары – техникалық реттеу объектісінің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты құрайтын құжаттар;

Бірегей автокөлік құралы – Қазақстан Республикасында дайындалған немесе оған әкелінген, осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау үшін жеке өтініш жасалған бір данадағы автокөлік құралы;

Аяқталған автокөлік құралы – оның конструкциялық мақсатына сәйкес автокөлік немесе көліктік-технологиялық функцияларды орындауға қабілетті автокөлік құралы;

Қосалқы тежеу жүйесі – жұмыс тежеу жүйесі істен шыққан кезде автокөлік құралдарының жылдамдығын азайтуға немесе оларды тоқтатуға арналған тежеу жүйесі;

Әлемдік өндірушінің сәйкестендіру коды (WMI) – көлік құралының (VIN) көлік нөмірі сәйкестендіру нөмірінің бірінші бөлімі көлік құралын өндірушіні білдіреді. Осы өндірушіні сәйкестендіру үшін көлік құралын өндірушіге WMI кодын береді. WMI коды VIN кодының қалған бөлімдерімен бірге пайдаланылған кезде әлемнің барлық мемлекеттерінде 30 жыл ішінде шығарылған барлық көлік құралдары үшін соңғысының қайталанбастығын қамтамасыз етеді;

Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі (VIN) – көлік құралын өндірушілерге берілетін белгілердің құрылымды комбинациясы;

Дайындаушы – оларды айналымға шығару ниетімен не өзі пайдалану үшін автокөлік құралын немесе оның құрамдас бөліктерін дайындауды жүзеге асыратын, Техникалық регламент талаптарын онда белгіленген шекте орындау үшін жауап беретін заңды тұлға немесе жеке тұлға;

Автокөлік құралының конструкциясындағы өзгерістер (қайта жабдықтау) – жабдықтың дайындаушы көздеген құрамдас бөліктері мен бұйымдарын алып тастау немесе көздемегендерді орнату, оның нәтижесінде дайындаушы жоспарлаған автокөлік құралдарының қасиеттері, параметрлері және техникалық сипаттамалары өзгереді;

Автокөлік құралының санаты – БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының Ішкі көлік комитеті қабылдаған Көлік құралдарының конструкциясы туралы жиынтық қарарда (СР. З) қабылданған жіктеуге [1997 жылғы 11 тамыздағы TRANS\WP.29/78/Rеv. 1 құжаты, 7 қосымша] сәйкес көлік құралдарының бөлінуі

Құрамдас бөліктер – автокөлік құралдарын жинақтау өндірісіне жеткізілетін (түпнұсқалық жинақтау бөліктері) және (немесе) пайдаланудағы автокөлік құралдарына сатылғаннан кейін қызмет көрсету үшін ауыстыру (қосалқы) бөліктері ретіндегі автокөлік құралдары конструкциясының құрамдас бөліктері;

Автокөлік құралының конструкциялық қауіпсіздігі – оны дайындау аяқталғаннан кейін оларға сәйкес болуы тиіс, азаматтың өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік және коммуналдық мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтірудің жол берілмейтін тәуекелін болдырмау мақсатында белгіленген, автокөлік құралдарының конструкциясы параметрлерінің жиынтығымен сипатталатын жай-күй;

Механикалық көлік құралы – мопедтер мен рельспен жүретін көлік құралдарын қоспағанда, кез келген өзі жүретін жол көлік құралы;

Аяқталмаған автокөлік құралы – одан әрі құрастыру мақсатында айналымға шығарылатын, дайындалуы аяқталмаған автокөлік құралы;

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – техникалық реттеу объектісін азаматтың өмірі мен денсаулығына, жеке адамдар мен заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік және коммуналдық мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтірудің жол берілмейтін тәуекелі болмайтын жай-күйге келтіруге бағытталған іс-шаралардың кешені

АСТАНА.  3 қазан. ҚазАқпарат – Астана қаласының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын тексерді. Нәтижесінде Астанадағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі белгіленген талаптарға толығымен сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлайды. Атап айтқанда, қалалық прокуратура тексеріс барысында қоғамдық көліктерге баса назар аударып, елорда аумағында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық кәсіпорындарға тән бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған. «Жолаушылар тасымалы кәсіпорындарында жабдықталған диспетчерлік пункттердің болмауы, автокөлік құралдарының жолаушы тасымалдауға арналған техникалық талаптарға сәйкес келмеуі анықталды. Бұдан бөлек, жүргізушілер құрамының жартысынан көбі елдің өзге өңірлерінен келген, жұмыс өтілдері аз және тұрақты тіркеуде жоқ болып отыр. Жауапты тұлғалар қауіпсіздік техникасы және жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша персоналға нұсқау бермеген, алдын ала медициналық тексеруден өтпеген адамды жұмысқа алу фактілері де орын алған. Сонымен қатар, жолаушыларда аялдамада отырғызу және түсіру кезінде қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу, сондай-ақ қала бағыттарында жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлігімен қызмет көрсету туралы келісімшарт талаптарын орындамау сияқты заң бұзушылықтарға жиі жол берілген», – делінген хабарламада. Тексеру нәтижесі бойынша қала әкімдігіне заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, аталған ұсынысты қарау нәтижесінде өрескел заң бұзушылықтарға жол бергені үшін бірқатар бағыттар және  тасымалдаушылармен қызмет көрсету құқығын беретін шарт бұзылған. Атап айтқанда, олардың қатарында «№1 автобус паркі» АҚ – №120, №129 бағыт, «№3 автобус паркі» ЖШС – №13 бағыт, «№4 автобус паркі» ЖШС – №35 бағыт, «Жорға» ЖШС – №2 бағыт, «Компания Самбет» ЖШС – №19, №37 бағыт. Кәсіпорындарда нұсқаулықтардың жүргізілуіне және жүргізушілерді желіге шығарылуына тиісті бақылауды қамтамасыз етпегені үшін «Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің бақылау-желілік қызметінің бас маманына  сөгіс жарияланған.

You May Also Like

Ауыз қуысы сұйықтығының қасиеті мен құрамы, оның тіс кіреукесінің жетілуі үрдісіндегі рөлі, ре- және деминерализациясы

Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Ауыз қуысы сұйықтығының құрамы мен қасиеті…

Тіс протездерін дайындау технологиясы бойынша дәріс, Доғалы протездерді дайындау. Доғалы протездердің құрам элементтері

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ Ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасы Тіс протездерін дайындау…

Халықаралық қаржылық институттарының қызметі

Халықаралық қаржылық институттарының қызметі Қаржы институттары – қызметінің басты мақсаты қоғамдағы қаржы…

Отбасы ұғымы неке шарттары некені тоқтату және жұбайлардың жеке мүліктік құқықтары

Отбасы ұғымы неке шарттары некені тоқтату және жұбайлардың жеке мүліктік құқықтары. Жопар:…