атематика 11-сабақ
Бөлім: | Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту. Жүздіктер. Есептер | |
Мұғалімнің аты-жөні | ||
Күні: 24.11.2021ж. | ||
Сынып: 2 «А» | Қатысушылар саны:4 | Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы | 15+28; 43 – 15 түріндегі екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі./ Мектептегі спорт алаңы. | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.1.2.8. екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмін қолдану арқылы есептеу. | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдана алады.
Көптеген оқушылар: екі таңбалы сандарды баған түрінде қосу жəне азайту тәсілін түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: өрнектердің мәнін есептемей салыстыра алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы
10 мин |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
«Миға шабуыл» әдісі. Логикалық сұрақтар мен есептер. 1. Бес түйе, бес жылқы. Бір сиыр, бір ешкі Бір қоян , бір түлкі, Болды сонда нешеуі? (14) 2.Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған? Ойын 10:6 есебімен аяқталса, онда Еркебұлан ойнаған команда жеңді ме, жеңілді ме? Бүгінгі сабағымыз спортпен байланысты болады. Қысқы универсиада туралы не білесіңдер? Бүгінгі сабақта әрбір тапсырманы дұрыс орындасаң , өзіңе бір балл жинап ,алған балдарыңды бағалау парағына қойып отырасыңдар. Сабақ соңында қорытындысын шығарамыз және бағалаймыз.(Жоғарғы балл 10) Оқу материалын жариялау -Алгоритм деген не? (әрекеттің орындалу қадамы) -Ендеше бүгінгі сабағымызда екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмін қолдануға тапсырмалар орындаймыз.
|
Ширату жаттығуларын жасайды.
Армысың, ару Күн! Армысың, жақсы дос! Бос өтпей әрбір күн Білімге білім қос.
Тапсырмаларды ауызша есептейді. Сұрақтарға жауап береді. Тақырыпты ашады. (Қосу және азайту алгоритмі)
|
ҚБ Ауызша мадақтау және қалыптастырушы бағалау(Әр жауапқа 1 балл)
|
Интернет ресурс |
Сабақтың ортасы
10 мин
2 мин
13 мин |
(Ұ) 1- тапсырма «Кім жылдам?» әдісі арқылы жүзеге асады.
-Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін суретте бейнеленген спорт ойындарының түрлерінің атауын және әр суреттің астыңдағы қосу мен азайту амалдарын ауызша орындауымыз қажет. 100-76=24 (коньки) 79+11=90 (скейтборд) 68-36=32 (хоккей) 46+54=100 (футбол) 52+28=80 (велосипед тебу) 90кг-69кг=21кг (баскетбол) 50см-19см=31см (шаңғы) 25см+13см=38см (теннис) 80см-37см=43см (турникке тартылу, қазақша белтемірге тартылу) Ынталандыру: Тамаша! Жарайсың! Жақсы! 2. Тапсырмаға берілген жазу мен суретке қара.Бүгінгі сабақтың мақсатын қой.Есептеуді түсіндір. 15+28, 43-15 сандарын қосу, азайтуды баған түрінде есептеу жолдарын көрсете отырып, алгоритмін түсіндіремін. Сергіту сәті «Жаяу» әуенімен жаттығу жасайды. 3. Баған түрінде жазып, есепте. «Есептеп көр» әдісі. 36+28 95-18 34+58 37+18 54+28 100-37 92-55 78+17 78-49 4- тапсырма «Есепті шығар» әдісі арқылы жүзеге асады. А) Есепті шығар. Ер адам-35 Әйел-25 100 адам Балалар -? Ә) Қайың-32 Үйеңкі-40 96 ағаш Терек -? б) Әкелгені-36ш, 24 қ Отырғызылғаны-12 ағаш Отырғызылмағаны -? ағаш Дескриптор: Қарапайым есепті шығарады. • Есептің шешуін өрнек түрінде жазып көрсетеді. – есептегі тірек сөздерді дұрыс таңдап жазады; есептің сұрағын көрсетеді. есептің шешуін өрнек түрінде жазады; өрнектің мәнін дұрыс есептейді; есептің жауабын жазады 5 ұпай . Мақсатқа оралу: –Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдануды үйрендік. –Құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеп және шығара алдық. Саралау тәсілі: «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады Қарқыны жоғары оқушыға: – Есептемей салыстыр. Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі. Рефлексия-Бүгінгі сабақта көптеген тапсырмаларды орындап, білім алауын жағу мәресіне жеттік. |
Суретте бейнеленген спорт ойындарын атайды. – Есептеуді ауызша түсіндіреді. Тексереді.
Сергіту жаттығуын жасайды. Баған түрінде есептейді.
Есепті шығарады: А) Ш: 100-(35+25)=40 Ж: 40 бала қатысты. Ә) Ш: 96-(32+40)=24 Ж: 24 терек отырғызылды. Б) Ш: (36+24)-12=48 Ж: 48 ағаш отырғызылмаған. |
ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
|
Оқулық, дәптер қалам
Оқулық
|
Сабақтың соңы
5 мин |
Кері байланыс: «Кеме» әдісі бойынша өтеді. Оқушылар стикерге сабақтан алған әсерлерін жазып, жапсырады.
Үй тапсырмасы: 6-тапсырма. 27-бет. |
Рефлексия жасайды. |