Халықаралық қаржылық институттарының қызметі

Қаржы институттары – қызметінің басты мақсаты қоғамдағы қаржы қатынастарын жүзеге асыру болып табылатын түрлі меншік нысанындағы ұйымдардын жиынтығы. Қаржы институттары кез келген мемлекеттің қаржы жүйесінін жөне әлемдік қаржы жүйесінің ажырағысыз бөлігі болып табылады- қаржы институттарының қызметі әрбір жеке мемлекеттің заңдарымен, сондан-ақ ұйым мәртебесіне байланысты болғанда мемлекет аралык көп жақты шарттармен реттеледі. Қаржы институттарының жиынтығы екі топқа бөлінеді, олар: қаржы саясатын іске асырушы институттар және қаржы делдалдары. 1-ші топтағы қаржы институттары мемлекеттік халықаралық мекемелер. Олардың құрамы мен міндеттерді бөлісуі қаржы заңдарымен және мемлекет аралық шарттармен айқындалады. Оларға орталық (ұлттық) банк, қаржы министрлігі немесе қазынашылық сияқты мемлекеттік мекемелер, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру қызметтерін көрсету нарығын реттеуші ұйымдар, т.б. жатады. Кеңінен танымал халықаралық қаржы институттары: Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк (сондай-ақ қ. Әлемдік қаржы институтгары, ұлттық даму банкілері). 2-ші топтағы қаржы институттары: банкілер, қаржы компаниялары, сақтандыру компаниялары, беймемлекеттік зейнетақы қорлары, т. б.

Қаржы нарықтары мен жақсы жолға койылған мекемелер жүйесі қаражаттарды бұл процестің бір бөлігі ретінде табыстылығы жоғары инвестицияларға аударады. Қаржы жүйесі бұл жүйенің әлсіз дамыған елдермен салыстырғанда, жоғары дәрежеде дамыған елдерде тезірек өсетінін және экономикалық жағдайлардың аяқ асты өзгерісіне де тез үйренетінін әлемдік тәжірибе керсетеді. Сондықтан да экономикасы дамушы барлык елдер үшін каржы жүйесінің ажырамас бөлігі — банктік емес қаржы институттарын жедел түрде дамыту маңызды.

Бюджеттен тыс корлар — мемлекет оларды белгілі бір қоғамдық қажетгіліктерді қаржыландыру үшін тарта отырып, оперативтік дербес негізінде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу және пайдалану нысандардың бірін білдіреді. Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және қатысушылары ретінде бола алады, себебі, біріншіден, ақшалай қаражаттарды пайдалану, оларды жинақтау уақытымен дәл келмейді, ал екіншіден, инвестициядан түсетін табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландыратын қосымша табыс болып табылады.

  • Зейнетақы қоры;
  • Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қоры.
  • Әлеуметтік сақтандыру қоры.
  • Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ).

Зейнетакы коры. Оның басты міндеттері:

  • Зейнетақы мен балаларға жәрдемақы төлеу үшін

мақсатты алым және қаражат жинақтау, оларды

қаржыландыруды ұйымдастыру;

  • халықты әлеуметтік қолдауға байланысты

республикалық және аймақтық бағдарламаларды

қаржыландыруға келісім-шарт негізінде катысуы;

— өзін-өзі қаржыландыру қағидаларының негізінде

қор қаражаттарының ұдайы өндірісін ұлғайту.

Бұл қор 1993 жылдан бастап Әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынады. 1994ж. Зейнетақы қоры бюджеттің қүрамына біріктіріліп, төрт айдан соң қайтадан бөлінген. 1995 жылдан бастап Зейнетақы қоры бюджеттен тыс болып саналады.

Зейнетақы қорының қаражаттары меншік формаларына және қызметіне байланыссыз жүмыс беретін кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың сақтандыру жарналарының аударымдары есебінен құралады. Зейнетақы қорлары мен Әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жарналар еңбекақы төлеу қорының 30%-ын қүрайды. Жинақталатын жарналардың 85% каражаты — Зейнетақы қорына, ал 15% — Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қорына тиесілі.

Қор бюджетінің жобасын Әлеуметтік қорғау министрлігі жасайды және оны қордың басшыларына береді, оның құрамына: Қаржы министрлігінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен, Үкімет және Президент әкімшілігінен өкілдер кіреді.

Әлеуметтік сақтандыру қоры — аумақтық және салалық деңгейде бөлінетін, мемлекеттік маңыздылығы бар ресурстардың орталық қоры болып табылады. Әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың қаражаттарының міндетті түрде қатысуымен сақтандыру әдісі арқылы құрылады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты еңбекақы төлеу қорынан — мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға аударымдар жасау есебінен қалыптасады. 1993-1995 жж. бұл қорға барлық аударымдардың 15%-зы түскен. 1996 ж. 1 қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш 5%-ға азайған. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаттары әр түрлі жәрдемақылар төлеуге (уақытша жұмысқа жарамсыздарға, бала туына және бала туған кезде бір мезеттік жәрдемақы түрінде және т.б.), емдеу-демалыс орындарын қаржыландыруға жұмсалынады. Бұл қордың шығындарының басым бөлігін жәрдемақы төлеуге жұмсалатын қаражаттар алады.

Еңбекпен қамту мемлекеттік коры 1991 жылы мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің төңірегінде дербес жүйе ретінде құрылған және мемлекеттің жұмыспен қамтуға байланысты саясатын іске асыру бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталады. Қаулымен анықталғандай, оның қаражаты мемлекеттік бюджетке жатпайды, ендеше ол да бюджеттен тыс қор болып табылады. Соған қарамастан 1993 жылы оның қаржылық жағдайының жақсаруы және артық қаражаттарын бюджеттің қажетіне жұмсау мүмкіндігіне байланысты ол бюджетке біріктіріледі. 1995 ж. мамыр айынан бастап Еңбекпен қамту мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен тыс қор болып шығады.

Оның қаражат көздеріне:

  • меншік және шаруашылық жүргізу түріне байланыссыз

кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және басқа да жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу қорынан белгілі мөлшерде міндетті аударымдар жасау (2%);

— мемлекеттік бюджеттен бөлінетін дотация; ,

— отандық және шетелдік кәсіпорындардың, қоғамдық

ұйымдардың және азаматтардың ерікті жарналарынан,

коммерциялық қызметтен түсетін табыстардаң және

басқа да түсімдерден.

Міндетті медициналық сақтандыру қоры. 1995 жылы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы үкіметінің № 1295 қаулысымен Қазақстаң Республикасы үкіметі қарамағында Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылды. Бұл Қор Қазақстан Республиқасы заңдарында көзделгендей, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың сол облыстағы мемлекеттік қаржы саясатын қарастырып, сондай-ақ ол жүйенің қаржылай тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты шараларды дайындап жүзеге асыруға, Қазақстанның барлық аумағында сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек ретінде жағдай жасауға бағытталады.

Қазақстан Республикасында бюджеттен тыс қорға аударымдар пайызы

ҚР үкіметі қарамағындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаржылай қаражаттары мемлекеттік медициналық сақтандыру меншігінде бола отырып, бюджетгік құрамына және басқа да қорларға кірмейді.

Олар келесі көздердің есебінен құралады:

  • ҚР үкіметінің белгіленген мөлшерде жұмыс берушілерді міндетті медициналық сақтандыруға төленген сақтандыру өлемдерінің бір бөлігінен;
  • қордың қаржылай қаражаттарының нормаланған сақтандыру запасынан;
  • қордың уақытша бос қаржылай қаражаттарын пайдаланудан түскен табыстардан;

— заңды және жеке тұлғалардың өз еркімен жарна

қосуы және сый тартуынан;

  • ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да

түсімдерден.

Мемлекеттік емес зейнет ақы коры (МЕЗҚ) — бұл қоғамдағы әлеуметтік ауыртпалықты азайтуға, мемлекеттің өз міндеттерін орындаудағы шығындарын қысқартуға, қаржы нарығының тұрақтылығын арттыруға, ұзақ мерзімді инвестициялауға арналған «арзан ақшаларды» тартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық институт болып табылады. МЕЗҚ — келісім-шартқа сәйкес жарнамаларды жинақтап, зейнетақы төлейтін коммерциялық емес ұйымдар ретінде құрылды. Қор жинақталған қаражаттарды көбейту мақсатында оларды зейнетақы қорының активтерін басқаруға байланысты арнайы компанияға (ЗАБК) береді. Бұл қор банктік шотын кастодиандық қызметпен айналысуға лицензия алған кастодиан банкте ғана ашады.

Кастодиан — бұл бағалы қағаздар мен ақшалай қаражаттар мәмілесін жүргізетін және өзіне сеніп тапсырылған бағалы қағаздарды сақтандыру және есепке алуға байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыратын занды тұлға.

Қор қызмет ететін кастодиан банк пен зейнетақы активтерін басқаратын компаниямен бірге ақпараттарды үнемі салыстырып отыруы тиіс. Кастодиан — банк: зейнетакы және корпоративтік активтердің жалпы сомасын, инвестицияланған қаражаттар сомасын, қаржы инвестициясы құнының өзгеруін, бағалы қағаздарды сатудан түскен түсімдер сомасын, комиссиондык сыйақы сомасын тексереді.

1) Халықаралық Валюта Қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, МВФ) – Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ арнайы мекемесі мәртебесі бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.

Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1944 жылғы 1-22 шілдеде Бреттон-Вудте (АҚШ) өткізілген конференцияда 29 ел Келісімнің Баптарына (Баптар) қол қойған кезде, 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылды. ХВҚ-ның штаб — пәтері (квартирасы) Вашингтон қаласында — қорға ең көп үлесі бар елдің астанасында. БҰҰ-ның арнаулы органы ретінде ашылып, ол өзінің жұмысын 1947 жылдан бастады. ХВҚ қызметкерлері 110 елден шамамен 2600 адам болады. 185 мемлекет ХВҚ мүшесі болып табылады. Басқарушылар кеңесі, Уақытша комитет, Атқарушы кеңес басқарушы орган ретінде белгіленді. ХВҚ қаржы операцияларын 1947 жылғы 1 наурыздан бастап жүргізеді. Есеп айырысу бірлігі – Арнайы қарыз алу құқығы (АҚҚ). Қаржылық қолдауға ХВҚ реттеу саясатын және реформаларды қолдау үшін төлем баласының проблемалары бар мүше елдерге берген кредиттер мен заемдар кіреді.

ХВҚ — ол үкімет аралық валюта — қаржылық ұйым, оның мақсаты өзінің мүше — мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастарды реттеу, төлем баланстарының тапшылығын жабу үшін оларға қысқа және орта мерзімде шетел валютасымен кредит беру. Алдымен ХВҚ мүшелері болып 35 мемлекет енді, 2006 жылы оның саны 184-ке жетті. Қазақстан соған мүше болып 1992 жылы енді.

ХВҚ — өзінің құрылымы жағынан акционерлік қоғамға ұқсайды. Сондықтан оның қызметіне әр елдің жарлық қорына қосқан үлесіне (квота) қарай әсер етеді. АҚШ онда ең көп квотаға ие, сондықтан оның банктың саясатына ықпалы жоғары.

Мәселені шешуде дауыс берудің өзара келістіру принциптері де сол жарна қорындағы әр елдің үлесіне байланысты: 24 өте дамыған елдің (олар жалпы мүше елдердің 14% ) үлесі 60% дауыс иеленеді, оның ішінде АҚШ — 17,7%, ЕО елдері 26,2%, Жапония — 7%.

Мүше елдердің қор капиталына үлесі (взносы) 2 бөліктен тұрады:

1) әр елдің квоталарының 25% немесе оның алтын валюта резерв қорының 10% шамасы алтын түрінде;

2) квотаның қалған бөлігі ұлттық валюта түрінде болуы керек.

Квотаның мөлшері әр елдің экономикалық, қаржылық жағдайына қарай белгіленді, ол әрбір 5 жылда қайта қаралып отырады.

ХВҚ капиталы өзінің мүше елдерінің арасындағы валюта қатынастарын реттеп отыруға, уақытша қаржылық қиыншылық көріп отырған елдерге кредит беруге пайдаланады.

ХВҚ-ның қызметтік міндеттері: халықаралық валюталық ынтымақтастықты тереңдету; қаржылық тұрақтылықты нығайту; экономикалық өсуді нығайтып, жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату; сондай-ақ, көпжақты төлем жүйесін құруды жеңілдету.

ХВҚ-ның негізгі міндеттері:

халықаралық валюта-қаржылық ынтымақтастыққа ықпал ету;

халықаралық сауда өсімін теңестіру және кеңейтуді жеңілдету;

Ммүше мемлекеттер арасындағы валюта қатынасын тұрақтылығын қолдау және реттеу;

көпжақты есеп жүйесін құруға көмектесу

мүше мемлекеттерге төлем балансын реттеу үшін несие ұсыну;

халықаралық төлем баланстар теңсіздігін бұзушылықты қалпына келтіру.

ХВҚ халықаралық валюта жүйесінде тұрақтылықты қолдау және дағдарысты тоқтату үшін ұлттық, аймақтық және ғаламдық экономикалық дамуға шолу жасайды. ХВҚ өзінің 185 мүше елдеріне кеңес беру арқылы көмектеседі. Ол саясатты жүргізуге, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық және қаржылық дағдарыс алдында осалдық деңгейін төмендетуге, тұрғындардың тіршілік деңгейін жоғарылатуға ықпалын тигізеді. ХВҚ сондай-ақ, мүше мемлекеттерге олардың төлем балансын түзету мақсатында уақытша қаржыландыруды ұсынады.

ХВҚ мемлекеттердің экономикалық тұрақтылығы мен өсіміне жауапты қызметшілер институтының біліктілігін арттыру ісінде техникалық көмек көрсетіп, оқытады.

ХВҚ-ның қызметі макроэкономикалық сипатта боғанымен, ХҚДБ ұлттық экономиканы дамытудағы жеке жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Олардың жалпы мақсаты халықаралық қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. ХВҚ мен ББ көрсетілген мақсатқа жету үшін стратегияның құрама бөлігінде қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарды қарастырады. ХВҚ қаржыны жылыстату макроэкономиканың салдарымен байланысты екендігін, алдын ала болжанбаған қаржыға деген сұраныс, қаржы мекемелері мен қаржы жүйесіндегі тұрақтылық үшін тәуекелділік, сондай-ақ, халықаралық капитал ағынының тербелмелі масштабы және валюта курсы трансшегаралы аудармаларда келтірілмеген нәтижелерді қосқанда байланысты екендігін атап өтті.

ХВҚ өз қызметінің шеңберінде мүше мемлекеттердің қылмыстық жолмен келген табыстар мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар жүйесін құруға ерекше назар аударады. Бұл мақсатта ХВҚ мүше мемлекеттердің қаржыны жылыстатумен күрес саласында жұмыс атқаратын мемлекттік орган қызметкерлеріне өкілетті қызметін жүзеге асыруда түрлі оқытулар ұйымдастырып, анықтамалық материалдар әзірлейді. Тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес қылмысты жолмен келген табыстар мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес іс-қимылының ұлттық жүйесін бағалайды.

2) Дүниежүзілік банк — [World Bank] — Бүкіләлемдік банк тобы, Әлемдік банк, Халықаралық қайта қүру мен даму банкі [МБРР; International Bank for Reconstruction and Development, IBRD] — даму процесіне жәрдемдесетін аса ірі әлемдік үйымдардың бірі. 1945 жылы қүрылып, қүрамында 154 мемлекет болған. 2004 ж. Бүкіләлемдік банктер тобы мүшелерінің саны 184 мемлекетке жетті. Банктің негізгі мақсаты мүше елдердің экономикасын қайта қүру мен дамытуға, өндірістік мақсаттарға капитал қүю арқылы көмектесу. Сонымен, Бүкіләлемдік банк – дамушы және өтпелі экономикасы бар елдер үшін әлемдік ірі қаржы қорының және білімнің көзі. Бүкіләлемдік банк өзінің қаржы қорын, қызметкерлерін және бай тәжірибелерін эр елдегі кедейшілікпен күресте, экономикалық өсімді және өмір сүру сапасын көтеру үшін пайдаланады. 2002 жылы Бүкіләлемдік банк клиент-елдерге 19,5 млрд. долл. қарыз берген. Ол 100-ден аса дамушы елдердегі кедейшілікпен күреске баса көңіл бөліп, жәрдем береді. [1]

Дүниежүзілік банк – БҰҰ жүйесіндегі бірнеше халықаралық қаржы ұйымдарынан тұратын топ.

Оған Дүниежүзінің қайта құру және даму банкі (ДҚҚДБ), Даму жөніндегі халықаралық ассоциация, Инвестициялық кепілдік бойынша халықараралық агенттік,

Инвестициялық қайшылықтарды реттеудің халықаралық орта және Халықаралық қаржы корпорациясы кіреді. Штаб-пәтері —Вашингтон қаласында орналасқан. Банктың қызмет түрлеріне әр түрлі мемлекеттерде экономика реформаларды жүргізуге көмектесу, нарық бәсекелестігін дамыту, кәсіпорын және қаржы секторларын реформалау, әлеуметтік қорғау жүйесін орнықтыру, айналадағы ортаны қорғау, экономиканың әр түрлі салаларының жұмысын жақсарту, т.б. жатады. Қазақстан РеспубликасыДүниежүзлік банкке 1993 жылдан мүше.

3) Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) 1991 жылы құрылған. ЕҚДБ 26 елге құрылымдық және экономикалық реформалар жүргізуге арналған қаржылық көмек көрсетеді. Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі 1999 жылғы маусымда Банктің ұйымдық құрылымындағы өзгерістер туралы шешім қабылдады. Бұл шешімдер жұмыс істеп тұрған нарықтардың және аймақтардың даму серпінділігін мұқият зерделегеннен кейін, сондай-ақ Банктің нақты жұмыс тәжірибесін назарға ала отырып қабылданды. Жаңа ұйымдық құрылым Банкке болашақта болжанып отырған проблемаларды жою мүмкіндігін жасайды, себебі Банк бекіткен, қолданылып жүрген, орта мерзімге арналған басымдықтар күмән туғызып отыр. Ұйымдық өзгерістерді Банк директорларының көпшілігі бірауыздан қолдады. Алайда, жақын болашақта, Банктің жоғары басшылығы деңгейінде өзгерістер көзделмейді. Негізгі өзгерістер Банк Департаментінің құрылымына қатысты.

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) Қазақстан Ұлттық Банкімен 122,64 млн. АҚШ долл. (А, В және С үш траншпен) мөлшеріндегі, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған заем туралы келісім жасады. Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттемелері заемның бір бөлігін жоюға сәйкес 1997 жылы 122,64 млн. АҚШ долларынан 45,11 млн. АҚШ долл. дейін төмендеді.

4) Халықаралық аймақтық даму банкілері халықаралық аймақтық инвестициялық несие-қаржы институттары: Американ аралық даму банкі — Inter-American Development Bank (1959), орналасқан жері — Вашингтон (Америка), Африкан даму банкі — Африканский банк развития (АфБР) — African Development Bank (1963), орналасқан жері Абиджан (Кот-д’Ивуар); Азия даму банкі – Asian Development Bank (1965), орналасқан жері – Манила (Филиффин). Халықаралық аймақтық даму банкілері бірқатар себептерге байланысты пайда болды.

5) Халықаралық есеп айырысу банкі (Bank for) unternatіonal Settlements) — халықаралық қаржы институты.

1930 ж.

Базелде (Швейцария) Ұлыбритания, Франция, Германия,Бельгия, Италияның орталық банкілері, АҚШ-тың Моргандар банкілері үйі басқарған 3 жеке меншік банкісі және жапондардың жеке банкілері құрған. Банк алтын және шет ел валюталарын сатып алады және сатады, орталық банкілерден сақтауға алтын қабылдайды, оларға кепілге несие береді немесе өзі несие алады, биржада құнды қағаздар сатады. Банкноттар шығаруға, тратталарды (аударма вексельдерді) төлеуге, үкіметке несие беруге, кәсіпкерлік компанияларға бақылау жасауға құқы жоқ. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында мұнда фашистердің тонап алған алтындары сақталды. Сондықтан Бреттон-Вудсте болған конференцияда (1944) банкіні жою жөнінде қаулы қабылданды. Бірақ қырғи-қабақ соғыстың әсерінен бұл қаулы орындалған жоқ. Керісінше қаржы операцияларының көлемі ұлғайып, “Маршалл жоспарына” қатысты. 60-жылдардан бастап банк нарықтық қатынастарға көшкен елдердің дүниежүз. валюта жүйесін қолдау жөніндегі халықар. орт-на айналды. 1968 ж. Х. е. а. б. құрамынаЕуропадағы барлық елдердің (ГДР мен КСРО-дан басқа) орт. банкілері мүше болды. Акцияларының 75%-ы орт. банкілерге, қалғаны жеке меншік банкілер мен жеке адамдарға тиесілі.

6) Халықаралық Аймақтық Даму Банкілер[1] — халықаралық аймақтық инвестициялық несие қаржы институттары.

  • Оларға:
  • Америка аралық даму банкі — Inter-Amerіcan Development Bank (1959), орналасқан жері — Вашингтон (Америка);
  • Африка даму банкі — Afrіcan Development Bank (1963), орналасқан жері — Абиджан (Кот д’Ивуар);
  • Азия даму банкі — Asіan Development Bank (1965), орналасқан жері — Манила (Филиффин) жатады.
  • Халықаралық Аймақтық Даму Банкілер 1950 — 1960 жылдары пайда болды.
  • Оған отарлық жүйенің күйреуі және дамушы елдердің саяси тәуелсіздікті жеңіп алуы, олардың әлемдік дамудағы рөлінің артуы;
  • Дүниежүзілік банк көп жағдайда ескере бермейтін аймақтық мәселелерді шешу қажеттігі;
  • Дамушы елдердің аймақтық ынтымақтастығы мен экономикалық бірігуі себеп болды.

Бұған қоса шетелдік жеке инвестициялардың негізгі ағынының дамыған елдерге құйылуы мемлекеттік және халықаралық инвестицияларды тарту қажеттігін туғызады және дамыған елдердің “аймақшылдық” саясаты да (өздерінің ықпал ету аймағындағы дамушы елдердің бірлесуіне жәрдемдесуге тырысушылық) өз әсерін тигізді.

  • Халықаралық Аймақтық Даму Банкілерінің арасындағы айырмашылық үш құрлық — Латын Америкасы, Азия және Африка елдерінің экономикалық, мәдени даму деңгейіне, олардың тарихи дамуының ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен бірге банкілердің ортақ белгілері де бар және ол дамушы елдердің басты мақсаты — аймақтың даму жобаларын несиелендіру. Халықаралық Аймақтық Даму Банкілер не мүше елдердің шамамен 1/3 і — дамыған елдер.
  • Банкілер капиталының айтарлықтай бөлігі дамыған елдерге тиесілі болғандықтан, олар осы банкілерге елеулі ықпал етеді.
You May Also Like

Волшебная сила магнита

Министерство Образования и науки Республики Казахстан Восточно-Казахстанская область Секция: физика, естествознание Тема:…

Шетелдердегі денсаулық сақтау. Денсаулықдағы ақпараттық технология.

Тақырыбы: Шетелдердегі денсаулық сақтау. Денсаулықдағы ақпараттық технология. Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Ең…

Проект семейной кофейни «Родня»

Территория реализации социального проекта: п.Карабалык, Карабалыкский район Цель: Создание семейной кофейни в…

Егіз балаға жүктілік кезінде ерекше күтім қажет пе?

Баланың ана құрсағында өзі сияқты екінші бір баламен қатар жетіліп, дүниеге бір…