Жоспар

1.Кіріспе

Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдары

  1. Негізгі бөлім

2.1 Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы

2.2 Қожа Ахмет Йассауидың өмірі мен шығармашылығы

2.3 Махмұт Қашқаридың өмірі мен шығармашылығы

2.4 Жүсіп Баласағұнидың өмірі мен шығармашылығы

  1. Қорытынды

Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы

Кіріспе

Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдары

Ғалымдар Қайта өрлеу дәуірін  Ренессанс деп атайды, өйткені бұл кезеңде антикалық дәстүрлер қайта жаңғырып,  ғылым мен мәдениетте,  әдебиетте өрлеу, өркендеу байқалды. Ренессанстың алғашқы ғалымдары мен жазушылары, философтар  түркі  ойшылдары еді. Олардың Ренессансы ІХ-Х ғасырларда-ақ  басталды, Европаға Ренессанс бірнеше ғасырдан кейін келді.

Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 жж) бүкіл әлемге «Екінші ұстаз» ретінде танылды (бірінші ұстаз болып ежелгі грек философы Аристотель саналады). Әл Фараби ғұлама ғалым, философ, математик,  өнертанушы, әдебиеттенушы, ақын болатын.

Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) – қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы.

Жүсіп Баласағұн 1015 немесе 1016 жылы Баласағұн қаласында туды. Ол кездері Баласағұн қаласы Күз-Орда болып аталатын.  Жүсіп бай, белгілі түркі отбасынан шыққан, сол уақыт өлшемі бойынша өте терең білім алған, парсы-тәжік және араб поэзиясын тамаша білген, олардың әсері ақын шығармаларынан байқалып  отырады. «Құтты білік» – Шығыс ақындарының көптеген буындарына үлгі болған, ерте түркі поэзиясының аса құнды  маржандарының бірі. Оны  ақын қартайған  шағында Қашқар қаласында жазған. Жүсіп Қашқар әміршісі сарайында қызмет етсе керек, өйткені поэма-әмірші мен оның айналасындағыларға өзін-өзі қалай ұстау, тәрбиелі болуды үйретіп, өмірдің  әр қилы жағдайларында не істеу керектігін насихаттайды. Бұл поэманы Қашқар мен Табғаш империясының бүкіл  шығыс бөлігінің  әміршісі Боғра-Қара –Хақанға сыйлаған соң Жүсіп «сарай министріне» тең «ұлық хасс-хаджиб» лауазымы мен үлкен қызметке ие болады.

Махмұт Қашқари (11 ғасыр) – ортағасырлық Шығыс ғалымдарының ішіндегі жарқын жұлдыздардың бірі, ұлы түркі филологы, ақын, әрі тарихшы. Ол  көне түркі сөйленістерінің алғаш түсіндірме сөздігін «Диуани лұғат ат-түрк»- «Біртұтас түркі тілдерінің сөздігін» жазған. Бұл еңбек көне түркі филологиясы бойынша бізге жеткен жалғыз тұтас еңбек қана емес, сонымен бірге көне түркі филологиясының озық туындысы, көне тілдер қалпын терең зерттеумен қатар, сол дәуір тайпалары өмірінің энциклопедиясы, халық даналығының нағыз қазынасы. Кітапта көптеген өлеңдер, халық әндері, мақал, мәтелдер, жұмбақ, аңыздар мен ертегілер, сонымен қатар тарихи деректер келтірілген.

  1.    Негізгі бөлім

2.1 Әбу Насыр әл-Фарабидің  өмірі мен шығармашылығы

Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 жж) бүкіл әлемге «Екінші ұстаз» ретінде танылды (бірінші ұстаз болып ежелгі грек философы Аристотель саналады). Әл Фараби ғұлама ғалым, философ, математик,  өнертанушы, әдебиеттенушы, ақын болатын. Ол  қазақ жеріндегі Отырар қаласында дүниеге келді.  Арыс өзенінің Әмударияға  құятын жеріне жақын орналасқан Отырар  қаласын қыпшақтар Қарашоқы деп атады.

Ортағасырларда  Отырарда қыпшақтар, қаңлы,  қоңырат сияқты, кейіннен қазақ хандығының құрамына енген рулар өмір сүрді. Отырар қаласының өзі жартылай көшпелі, жартылай жер өңдейтін диқаншылар қаласы бола отырып, Арал теңізі жағасындағы халықтардың сауда мен айырбас орталығы ретінде әйгілі болды. Арабтар Отырарды Фараб деп атады, Әл Фарабидің есімі де осы қаладан шыққандығын білдіреді. Қыпшақ тілінде Әл Фарабидің толық есімі – Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн ұзлағ Тарахани, мұндағы «тархан» сөзінің мағынасы, біріншіден, түркіхалықтарынан шыққандығын бірлесе, екіншіден, қағандарға жақын бай, шонжарлар ортасына жататынын  көрсетеді, «тархан» сөзі- «патшазада» мағынасын да білдіреді. Оның негізгі трактаттары мен философиялық еңбектерінің жалпы саны екі жүзден асады. Философиялық және матемтикалық еңбектерінің ішінде әйгілері «Альмагеске түсініктемелер», «Метафизика», «Ғылымдардың пайда болуы туралы»,  «Әріптестер кітабы»,  «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары  туралы  трактат» және басқалары. Әл Фараби алғашқылардың бірі болып поэтикалық өнер психологиясын зерттеп, поэзия туралы үлкен трактат жазды, өзі де  тамаша  ақын болатын.

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтарм бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – күллі әлемге танымал ұлы жерлесіміз — Әбу Насыр әл-Фараби.Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда,  оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі.Әл Фараби, Әбу-Насыр (Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) — Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым.  Энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі – ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді. Деректерде сауатын Түрікше ашқаны, өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады. Оның өлеңдерінан үзінділер де сақталған. Фарабидің күйшілік өнері туралы әңгімелер көптеп кездеседі.Туған жері Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат түрк» атты еңбегінде Фараб қаласының түрікше аты «Қарышоқы» деп көрсетеді.Әл Фараби заманында бүкіл ОртаАзия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады.Одан кейін ғылыми жолға түсіп, Грек, латын, санскрит және басқа тілдердіүйренеді. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді.ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме»,«Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл мусики әл кабир» секілді әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар. Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы Әл Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл Фарабидің қолжазбалары — өз  алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі (он үш қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында сақтаулы.Өмірінің соңына қарай Әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шахарында келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады.Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығынан, осының арқасында оның Аристотельден кейінгі «Екінші Ұстаз» атанып, даңққа бөленгенін айтатын болсақ, әл-Фараби жастайынан ақ ұлы Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түп нұсқасынан танысқаны жөнінде бізде деректер бар.Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол, жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнін көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамйскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол, араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған, Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен аброй-беделге ие болды.Әл-Фарабидің шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және «Бірінші Ұстаз» деп шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарих барысында қалдырған әсері, неоплатонизмнің несторионшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жаксылары мен бағалыларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалы жағы сол — ол Аристотель ілімінің формалдық жағымен ғана шектелмейді, ол диалектика элементтеріне, мәселені қарама — қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының ірге тасы болып табылатынын дәлелдейді.Фараби Аристотельдің, Әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейщнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш— 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров—200 трактат деп көрсетеді.Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «категориялар», «метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топикасы» мен 4 сопылық еңбектеріне түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мәні — маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда зор роль атқарды.лы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс әрекетін таныта білді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т. б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын, біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген «теорияның» негізсіздігін соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мөдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүние жүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иранның, үндінің ежелгі дүние мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты.Бірақ олардың бір-бірімен ұқсастығына қарамастан, әрбір аймақта өзіне ғана тән ерекше мәдени дәстүрлері қалыптасқан. Бұған айғақтың бірі — Айша Бибі мазары. Дала елі мен отырықшы халықтың егіншілік пен көшпелі шаруашылықтың ұштасқан жеріне, сол замандағы аса маңызды сауда жолдарының тоғысқан жеріне осы сынды кесек тұлғаны шығаруы тегін емес.Әрине, әл-Фараби туған қаласының дәстүрлерінен әлдеқайда кең келемді дәстүрлерді бойына сіңірді. Өйтпейінше, оның есімі дүние жүзі мәдениеті алыптарының қатарына жазылмас еді. Оның қызметі өзінің сыртқы бейнесі жағынан араби тілдес, Ислам мәдениеті деп аталатын мәдениеттің аймағы шеңберінде кең өріс алды.Мәдениеттің кейінгі дамуына, соның ішінде, Шығыс, Орта Азия, Қазақстан, Кавказ халықтарының мәдениетіне әл-Фарабидің жасаған ықпалы әр тарапты болды және ұзақ уақытқа созылды. Барлық этникалык топтардың, соның ішінде, түркі тектілер өкілдерінің «мұсылман» Шығысының мәдени өміріне белсенді түрде қатысуы әдеби тілді халықтық негізде дамыту әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызды.. Фарабидің айтуынша, адамдар көп нәрселерді өзінің өмірінің мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар — өзіне ұнайтын, керекті нәрселер, мысалы: ақша, атақ, тағы басқалары. Адам бақытты ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл парасат күші арқылы ғана пайымдайды. Бақытты дұрыс түсінетін адамдар — данышпан адамдар.Фарабидің қолжазбалары дүниежүзінің көп кітапханаларына тарап кеткен және сол жерлерде сақтаулы тұр.Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті – тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» – деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек – табиғи жылылыктың көзі».

2.2 Қожа Ахмет Йассауидың өмірі мен шығармашылығы

Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстан аумағында таралуына сүбелі үлес қосқан шоқтығы биік тұлғалардың бірі Қожа Ахмет Ясауи. Өйткені оның еңбектері мен даналық хикметтерінің маңызы күні бүгінге дейін төмендеген емес. «Диуани хикмет» еңбегімен мәшһүр тұлғаның қаламынан сусындаған жолдар елдің рухани азығы мен тәлім-тәрбиелік қасиеттерін молайтуға ықпалын тигізері айдан анық.

ҚожаАхмет Ясауи 1040 жылы Сайрам қаласында дүниеге келіп Түркі әлеміндегі мұсылмандық дәстүрді орнықтырған ғұлама ұстаз. Әкесі – Ибраһим, анасы – Қарашаш ана. Ясауидің ата-анасының зияраттары Сайрамда орналасқан. Деректерде Қ.А. Ясауидің Ибраһим атты ұлы мен Гаухар атты қызы болғаны айтылады. Қ.А. Ясауи ұрпақтары осы қызынан тарайды. Кашифи «Рашахат-ул айн-ил хайат» атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабаның шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сырын үйренгендігі туралы мәлімет береді [1]. Демек, Қожа Ахмет Ясауидің жастайынан-ақ танымал ұстаздардан білім алып, оқу-ағартуға құштар болғандығы белгілі.

Қ.А. Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Пақырнама» сияқты бізге жеткен мұраларынан көрінеді. Ясауи қалыптастырған хикмет дәстүрінің Ислам ақиқатының халықтың жүрегіне жол тауып сіңірудегі маңызы зор болды. Олар хикмет дәстүрін таратуда зікір тәжірибесінің үш түрін: алқа зікірі, арра зікірі, құпия зікір формаларын қатар алып жүрді.

Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам кемелдікке жетуі үшін қажетті білім – қәл ілімін игеріп, Аллахтың фазылымен берілетін – хәл іліміне жетуі керек. «Диуани хикметте» арифтердің Сұлтаны бастан-аяқ өзінің ғашықтық күйін, ғаріптік хәлін жырлайды. «Ариф ғашық тариқаттың дүр данасы» деген Ясауи ақиқатқа ішкі тәжірибе, өзін-өзі тану, діл тереңіне үңілу арқылы жетуге үндейді.  Қ.А. Ясауи қылуетке түсуінің мәнісін халқымыз – Пайғамбарға деген махаббаттың және сүннетке адалдықтың үлгісі ретінде аңызға қосқан.

Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Қожа Ахмет Ясауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: «Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Аллах таң сәріде» – деп рақымды тек Аллахтан ғана күтеді. Өйткені оны Аллахтан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи «Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл»,- дейді.Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді.

Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали «өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың»,- дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту «ашқ» мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. «Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен…» «Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фәни…»Қожа Ахмет Ясауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Аллахты танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Аллахтың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Аллахпен болған сұхбат-антты бұзбай «Зікір» арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі зікір, сама сияқты әдістер Аллахпен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі.

Жалпы сопылық дүниетанымға тән теориялық-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Ясауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған «сопылық ағым» ресми діндегі қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Ясауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллахқа махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Аллах – ғашық,  мағшуқ әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, «адамша тіршілік ету өнерін» меңгере алады.Қожа Ахмет Ясауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ, яғни мораль . Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана «шындыққа», «жан тыныштығына» қауышады.Қожа Ахмет Ясауи ілімінде «жан тыныштығы», «шындыққа жету» адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, «Кемел адам» тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Ясауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменологиясы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстындар мистикалық институттармен тұтасып, «халық діндарлығы» түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Ясауи дың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның «құрма» символизмі арқылы Мұхаммед пайғамбарымызға (Аллахтың сәлемі және мейірімі болсын) байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың «себеп» болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей «жерасты мешітіне», яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады.

Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған

Қорыта айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи ислам діні мен жергілікті дәстүрді сабақтастырып, халықтың рухани түрғыдан кемелденуіне өз үлесін қосты. Оның қарымды қаламынан туған «Диуани Хикмет» атты еңбегінде Құран-Кәрімнің сүрелері мен аяттарына мысалдар келтірілген. Елді бейбіт өмір мен ибалылыққа шақырды. Хақты танудің бірден бір жолы ислами ілім жинау екендігін жете түсінді. Сауаттылық пен еңбекқорлық арқылы тұлғаның қараңғылықтан құтылып, жарық сәулеге енетіндігін жазды. Сәбилік күннен берілген өнегелі тәлім-тәрбие бала бойына бітетін іргетас іспеттес деген болатын.

2.3 Махмұт Қашқаридың өмірі мен шығармашылығы

Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029–1101) – түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым, атақты «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегінің авторы. Қашғарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғырханның немересі. Ол Қашғарда білім алып, Бұхара мен Бағдадта оқуын жалғастырған. Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, Құран, шариат пен хадис бойынша білім алды.

Араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді. XI ғасырда «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегін жазып, түркі тілдерінің мәртебесін көтерді. Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған. Ғалым бұл кітапта Бағдад оқымыстысы Әбдірахман әл-Басридың (VIII ғ.) «Китабул айни» атты еңбегі негізінде түзген. Сөздіктің түпнұсқасы жоғалған. А. Абулфатхтың 1266 жылы жасаған көшірмесі 1915 жылы Ыстамбұл базарында ескі заттарды сатушының арбасынан табылған. Қазір Ыстамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр.3 томнан, 8 кітаптан тұратын еңбекте 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы сияқты. Ол түркітану тарихында тұңғыш рет тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, диалектология ғылымының негізін салды. Түркі тайпаларының ерекшеліктерін сақтай отырып, тіл байлығын зерделеу, айтылу, жазылу, заңдылықтарын, қолдану аясына қатысты айырым белгілерін зерттеу ғалымның басты ұстанымы болды. Сөздерге түсінік беруде 242 бәйіт пен 262 мақал-мәтелді пайдаланды. Ауыз әдебиетінің жоқтау («Алып Ер Тоңға өлді ме?»), айтыс («Жаз бен қыстың айтысы») үлгілерін де қамтыды.

Кітапта ерлік істерді мадақтаған, табиғат көріністері мен ғашықтықты жырлаған жыр шумақтары кездеседі. Түркі топырағында Яссауиден басталады деп танылып келген сопылық поэзия үлгілерін Махмұд Қашқаридің сөздігінен табуға болады. Ғалым өз сөздігінде 29 тайпаның этноним, топонимдерін, туыстық атаулары мен киім-кешек, тағам аттарын, салт-дәстүр ерекшеліктерін атап көрсетіп, ұсақ рулардың таңбаларына дейін сипаттайды. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этникалық нормалары мен құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әртүрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер келтіріледі.

Ғалымның дөңгелек картасы ең ежелгі түркі картасы ретінде белгілі. Мұнда ол түркі халықтарының таралым аймағын көрсетеді. Кітапты түзуде бірнеше жылын сарп етіп, 1072–1078 жылдары Бағдад қаласында жазып бітірген. Бұл кітап 1997–1998 жылдары қазақ тілінде жарық көрді. Аударып, баспаға әзірлеген А. Егеубаев. Махмұт Қашқаридың «Түркі сөздігінен» басқа «Китап-и-джавахир ан-нахв фи луғат ат-түрік» («Түркі тілдері синтаксисінің құнды қасиеттері туралы») атты еңбегі болған, бірақ кітап біздің заманымызға жетпеген. Ғалым өзінің кітабы туралы «Түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдейді.

Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш әрі таусылмас әдеби-көркем мұра боп қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа „Түркі сөздерінің жинағы“ деп ат қойдым. „Жинақты“ сегіз бөлімге топтастырдым. Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым. Түркі халықтарының бәйіт-жырлары мен мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз-қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, әсемдік әлем — мәңгілік өмірге біржола жолдама алдым», — деп жазды. ЮНЕСКО 2008 жылды ғұлама ғалымның туғанына 1000 жыл толуына орай «Махмұт Қашқари жылы» деп жариялаған болатын

Кітапта көптеген өлеңдер, халық әндері, мақал, мәтелдер, жұмбақ, аңыздар мен ертегілер, сонымен қатар тарихи деректер келтірілген. «Диуани лұғат ат-түрк» оқырмандарға көне және ортағасырлар дәуіріндегі түркілердің өмірі, астрономия, география, медицина, математика саласындағы білімі туралы мәлімет береді.«Диуани лұғат ат-түрк» – барлық түркі  тілдес халықтардың ортақ рухани мұрасы. Сөздікте бар-жоғы 6000 сөз  берілген, бұл сөздер түркі тілдес халықтардың көпшілігіне түсінікті. Кітапқа енген халық ауыз әдебиеті нұсқаулары, екі жүзден астам өлеңдер, қысқаша новеллалар, мақалдар мен мәтелдер көне түркі тілінің қалпы туралы неғұрлым толық түсінік қалыптастырып, сол кезеңдегі сөзжасам тәсілдері, сөйлем құрау принциптері туралы тың мәліметтерге бай. Осылайша, бұл кітап көне түркі әдебиеті бойынша  әлемге әйгілі алғаш хрестоматия болып табылады.«Диуани лұғат ат-түрк» ортағасырлық түркі халықтары ой-санасының ғажайып ескерткіші, біздің көшпенді бабаларымыздың мәдениетінің айғағы болып табылатын құнды қызына.

2.4 Жүсіп Баласағұнидың өмірі мен шығармашылығы

Қазақ  даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары.Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.Түркі халықтарының көрнекті өкілдерінің бірі, бұл кезеңнің рухани мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған, қазақ топырағында дүиеге келген. Оның өмірбаяны жөнінде бізге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Ата-жөніне қарағанда, Баласағұн қаласында (Жетісу) өңірінде туып-өскені хақ.В.В.Бартольд пен И.В.Стеблеваның айтуынша, ғұлама ойшылдың әйгілі дастаны «Құдадғу білік» (Құт негізі – білік) Қашқар қаласында жазылған. В.В.Бартольд ол кезде «Қашқар қаласының халқы ғана нағыз түркі тілінде», яғни, «түркі – хақан тілінде» сөйлеген дегенді айтады.Дарынды ақынның, көреген ойшыл-дананың Жүсіп Баласағұнның өз сөзінен белгілі болғандай. Ол былай дейді: «Осы кітаптың авторы – Баласағұни қаласында дүниеге келген адамгершілігі жоғары – ұстамды азамат. Еңбекті Қашқарда аяқтап, Шығысты билеуші Табаш-ханға ұсынды, ол шығарманың авторын лұғылап, дәріптеп, оған «хасс-Хаджит» деген атақ берді»1. Поэманың өзінен Жүсіп Баласағұнның асқан дарынды ақын, белгілі ағартушы, білімді адам, философ, ғалым-әмбебаб, данышпан, ақылғөй, араб және парсы поэзиясының, түркі халықтары фольклорін жетік білетін дана астроном, математик болды.
«Құдауғу білік» – әңгіме аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстық көл, Жетісу, Қашқар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітілді. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат, өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады.Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында жазылған еңбек. Жүсіп Баласағұнидың «Құдатғу білік» түркі тілдес халықтардың ішінде бізге жеткен алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Бұл еңбек түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ жеке ұлт болып қалыптасқанына дейінгі ортақ мәдени мұра болып есептеледі. Жүсіп Баласағұнидің еңбегінде тәлім-тәрбиелік, ғибарттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек болып табылады.Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын ролі туралы, бала мінез-құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын  орнына ерекше мән береді. Сонымен қатар ғұлама ағартушы Құдадғу білік  Х.Сүйінішалиев айтқандай, «орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерді таңқалдырған әдеби көркем туынды. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілердің және олардың мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра».1 Дастанда «Тіл туралы»  айтқан қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше. «Тіл адамның даңқын асырады», «Адам ол арқылы бақыт табады», «Тіл адамға жапа да шектіреді», «Абайламаса, басынан да айырады», «Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа». Көп сөзділіктен пайда да, жақсылық та көрмейді. «Көп сөйлеме. Сабыр қып, әр сөзіңді салмақтай айт», «Он мың сөздің түйінін он сөзбен шеш», «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз, кісі көркі – жүз, жүздің көркі – көз!». Дастанда білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адамгершілік құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, «Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде со білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі», «Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға қадір – құрмет  лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»…
«Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да тоналмас!».
Білік-білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл кеңес береді: «Білік біліп – төрден орын аларсың, Білік білсең, күшті, берік адамсың», «Білік-түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз!».
Жүсіп Баласағұнның осындай дидактикалық өсиет, ғибрат, ақыл-кеңеске құрылған дастаны 6500 бәйіттен тұрады.

  1. Қорытынды

Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы

Сол сияқты көптеген ғалымдар Фарабидің асыл мұраларын зерттеп, оқып үйренуде. Фарабидің көп шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде басып шығаруда жергілікті ғалымдарымыз да, өз үлестерін қосуда.1975 жылы Мәскеу және Бағдад шаһарында халықаралық аренада Абу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1100-жылдық мерейлі тойы атап өтілді.Республикадағы Қазақ Мемлекеттік Университетіне, Шымкент шаһарындағы Мәдениет институтына әл-Фараби есімі беріліп отыр. 1991 жылы Қазақ Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің ректоры профессор Т. С. Садықовтың қолдау ынтасымен тұңғыш рет Алматы, Шымкент шаһарларында Қазақ-Американ мәдени практикумы аясында Фараби мұрасынан алған Фараби оқуы болып өтті. Мұнда рухани мұраларымыздың, мәдениетіміздің өзара әсері, байланыстары мәселелері талқыланды.

«Диуани Хикметтен» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырды. Бұл жайында жергілікті халықта мынадай аңыз бар: «Қожа Ахмет Ясауи мазарын тұрғыза бастағанда қара дауыл қабырғаларын ұшырып әкетеді. Осыдан кейін Ақсақ Темірдің түсіне Қызыр еніп, ең алдымен Ахметтің ұстазы Арыстанбабқа мазар тұрғызу жөнінде аян беріпті. Темір Қызырдың айтқанын екі етпей орындап, содан кейін барып қана өзі ойлаған жұмысына кіріскен екен». Қожа Ахмет Ясауиге тәу етушілер алдымен Арыстанбабтың басына барып түнейді. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Яссауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы тамыздың 28-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Мазарда отызға жуық мешіт, кітапхана, залдар бар.

«Диуан Лұғат» арқылы дәйектеп қуаттауға тырысады. Сондықтан да тіл тарихына қатысты жасалған әрбір зерттеуде міндетті түрде Қашқаридың есімін кездестіреміз. Себебі Қашқари түркітану ғылымының негізін қалаушы, түркі әлемінің ең алғашқы филологы. Араб тілінің мысы басып, дәурені жүріп тұрған шақта түркі тілі, мәдениеті, тыныс-тіршілігі, рухани құндылықтары жөнінде сол араб тілінде еңбек жазып қана қоймай, араб мәдениетінің ошағы Бағдат қаласына барып, халифқа тарту етуі Қашқаридің түркілікті насихаттаушы ұлы миссионер екендігін көрсетеді. Ол түрік тілін тек арабтарға ғана емес, бүкіл өзге ұлт өкілдеріне үйретуді, танытуды, тіпті сүйгізуді көксейді. Түрік тілінің араб тілінен бірде-бір кем түспейтінін, түркілердің де жер бетіндегі халықтардың ең бір тектісі, тәңір сүйер жақсы қасиеттерге толы ұлы халық екендігін дәлелдеуге тырысады. Қашқари – бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ атасы, ал «Диуан» – түркі тілі мен әдебиеті, мәдениеті мен руханиятының сарқылмас қайнаркөзі. Қашқари «Диуанымен» 1000 жасады және түркілік ұғымы жер бетінен жойылып кетпейінше, бұл екеуі, Алла жазса, мыңдаған жылдар әлі де жасай бермек!
«Құтты білік» дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев «Бақытты болу ғылымы» деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов «Благодатное знание» деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.

«Құтты білік» поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мауераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры – исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: «Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» поэмасы – ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма», – деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген.

Ой өсиетіБаласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: «Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Физикалық және психикалық денсаулықты сақтау және нығайту

Тақырыбы: Физикалық және психикалық денсаулықты сақтау және нығайту Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім…

Әр түрлі экологиялық топтарда жапырақтар тіршілігінің температураға әсерін тереңірек талдау

Әр түрлі экологиялық топтарда жапырақтар тіршілігінің температураға әсерін тереңірек талдау Мазмұны  …

Несепағардың жарақаты

Жоспары: —Кіріспе. Несепағар жарақаттары. —Негізгі бөлім. Несепағар жарақатының түрлері. Несепағардың жабық жарақаты…

Төтенше жағдайларда қорғау

Төтенше жағдай – тек ғана бір адамның қаза табуы емес, жалпы елге,…