Жоспары:

—Кіріспе.

Несепағар жарақаттары.

—Негізгі бөлім.

Несепағар жарақатының түрлері.

Несепағардың жабық жарақаты Клиникалық ағымы диагностикасы емі.

Несепағардың ашық жарақаты Клиникалық ағымы диагностикасы емі.

Несепағардың тарылуы.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Несепағардың жарақаттары.

Несепағар жарақаты  екі түрге бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Бұл жарақаттардың асқынуынан несепағардың тарылуы пайда болады.

Несепағардың жабық жарақаты.

Бұл жарақат өте сирек кездеседі және анықтау  қиынға соғады.  Себебі  несепағар париетальды ішпердеге, ірі тамырларға, омыртқаларға  анатомиялық тығыз жақындығынан құрамдас жарақаттарда кездеседі.

Науқастағы шоктың белгілері, құсу, бұлшық еттердің ширығуы несепағардың жарақаттануына күдік туғызбайды. Зәр құйылымының  және инфильтрациясының  белгілері жарақаттан  бірнеше күннен кейін айқындалады. Сондықтан несепағар жарақаты кешігіп анықталады.

—   Несепағар жарақаттарының ең таралған ерекше тобы – ятрогенді жарақаттар. Ол диагностикалық  немесе  емдеулік  эндовезикалды  аспаптармен  араласуда, құрсақ қуысы және жамбас қуыстарындағы операцияларда кездеседі.

—   Толық немесе жартылай  несепағар жарақаттануы. Эндоскопиялық уретеролитотрипсия  мен уретеролитоэкстракция әрекетінде  кездеседі.  Несепағардың  екеуі  де тоқ ішекке,тік ішекке, әйел жыныс мүшелеріне  операция кезінде қауіпті аумақта  орналасады.

Клиникалық белгілері мен ағымы.

Бел аумағындағы ауырсыну ( шаншу) сезімі, дене қызуының  көтерілуі,  гематурия. Ішперде сыртындағы  зәр құйылымы  бел аумағының домбығуына , пальпация кезінде ауырсыну сезіміне әкеледі. Зәр құйылымы төменге қарай таралса, еркектерде ұманың әйелдерде жыныс еріндерінің домбығуы байқалады.

Диагностикасы.

—  Экскреторлық  урография;

—   Ретроградтық уретерография.

—         Емі.

Оперативтік ем. Тек қана несепағардың кішігірім толық емес жыртылысында немесе тесілгенде несепағар катетерін немесе стент орналастырумен шектелуге болады.Бірінші сағаттарда несепағар жарақаты анықталса- несепағардың тұтастығын қалпына келтіру керек және міндетті түрде жоғары несеп жолдарды дренаждау:1)несепағардың толық емес жарақатында ішіне катетр енгізіп, несепағар жарасын кетгутпен тігеді;

2) несепағардың толық жарақатында ішіне катетер енгізіп шетімен шетін тігеді; 3 )егер несепағар жарақаты кеш анықталса, жарақат аумағын, жамбас қуысы клечеткаларын  дренаждау қажет және міндетті түрде бүйрек арқылы несепті шығару (нефростомия).

 Жарақаттың ауырлық  дәрежелері

1 дәреже: гематома;

2 дәреже: толық емес жыртылу <50%

3 дәреже: толық жыртылу >50%

4 дәреже: толық емес  жыртылу мен бірге дефекті

5 дәреже: толық жыртылу дефектімен бірге

Несепағардың ашық жарақаттары.

Ашық жарақаттардың  оқ тигеннен, пышақтан және  ятрогенді түрлері болады. Ятрогенді жарақаттар:

  1. 1. Екі несепағарды  байлау- анурия;

2.Бір несепағарды байлау- гидронефроз және  үдемелі бүйрек атрофиясы;

  1. 3. Жарақаттанған несепағардан  зәрдің  таралуы(құйылымы).  Зәрдің құйылымы  екіге бқлінеді: а) ішперде қуысына құйылым: ішперде қуысында еркін сұйық, дренаждау түтікшесінен  немесе ішперде қуысынан зәрдің бөлінуі; б) ішперде қуысынан тыс құйылым: жамбас және бел аймағындағы тіндердің  ісінуі, домбығуы, қынаптан немесе  бұтаралығынан зәрдің бөлінуі (несепағар- қынап жыланкөзі).4

Клиникалық белгілері.

—  Екі несепағар байланғанда анурияның белгілері;

— Ішперде қуысына құйылым. Зәр стерилді болса- тамырдың жиі соғуы, дене қызуының көтерілуі, іштің кебуі, ішперде қуысында еркін сұйықтың белгілері.Ал, ішперде қуысынан құйылымда зәр инфекциялы болса-  перитонит және сепсис дамуының белгілері, науқастың жағдайы күрт нашарлайды, 4-5 және 6 тәуліктерден кейін несепағар зақымдалған жерінен жыланкөз пайда болып жарадан немесе дренажды түтікшеден зәр бөлінуі байқалады; несепағар жарақатында гематурия ере жүреді.

Диагностикасы.

—Операция кезінде- жамбас қуысында сұйықтықтың  жиналуы.

—  Экскреторлық урографияда -гидроуретер немесе жарақат аумаығнда контрастың құйылымы;

—   Цистоскопияда- жарақатты несепағардың сағасынан қанның бөлінуі;

—   Ретроградтық уретерографияда- несепағардың байлануын немесе несепағар жарақатының құйылымын анықтайды..

Емі.

— Жарақат операция кезінде анықталса- катетеризация немесе несепағарды қуыққа реимплантациялау.

— Операциядан кейін 7 күн бойында жедел қайта операцияға алу: байлаған лигатураларды алып- несепағарды босату. Жарақаттанған несепағарды шетімен шетін қалыптастыру немесе қуыққа реимплантациялау (уретероцистонеостомия) жүргізіледі.

—Жыланкөз пайда болған жағдайда, 3 жетіден кейін тексеруден өткізіп, қайта операция ұсынылады. Операцияғ алғанға дейін уақытша тері арқылы нефростома қою қажет.

    Урографиядағы несепағар жарақаты

  1. Бүйрек көлеңкесі көрінбейді;
  2. Контрасттық экстравазация;
  3. Гидронефроз.

Несепағардың тарылуы.

— Екі түрін ажыратады:  туа біткен және жүре пайда болған.

— Этиопатогенезі. Туа біткен тарылуы  несепағар –түбекше  сегментінде немесе несепағар қуық қосылысында кездеседі. Көбінесе бір жақты болып келеді.

—  Жүре пайда болған  тарылу  жарақат, сәулелі, қабынудан болуы мүмкін.

Несепағар тарылуы  бел аймағында ауырсыну, кейде сыздау,  кейде бүйрек коликасымен  айқындалады.

Диагностикасы.

Рентгендік сәулелер  (ЭУ, ретроградтық уретеропиелография, антеградтық пиелоуретерография).

Емі.

Оперативтік ем. Операцияның түрі, көлемі, бүйректің және несепағардың анатомо-функциялық жағдайына байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер.

—Е.С.Мәмбеталин  “Урология”. Алматы 2009ж.

— М.К. Алшынбаев “Урология”. Алматы 1998ж.

You May Also Like

Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы

Что такое Танграм?

Танграм (от китайского «семь дощечек мастерства») состоит из семи плоских фигур, или…

Фразеологизмы в речи современных детей

Фразеологизмы в речи современных детей                   Автор:  Нуркасымова Сымбат            Исследовательский интерес…

Фрикаделька және брокколи қосылған сорпа

Қажетті өнімдер: – 300 г дайын фрикаделька-лар; -1 бас пияз; -1 сәбіз;…