1-билетҚазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаты және міндеттері. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабындағы Қазақстанның тарихи дамуының көкейкесті мәселелері.

Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу, бізге қай жерде туғанымызды, туған еліміздің қандай екенін, біздің туған жерге деген қатынасымызды, отанымыздың кешегісі мен бүгінгісіне көз жіберуімізге мүмкіндік туғызады.  Қателіктер жібермеу үшін өз еліңнің тарихын білу керек. Тарихи оқиғалар тізбесін ғана емес, әкелер жерінің тарихының негізін, негізгі мағынасын білу керек.      Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу – әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.  “Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі – сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.    Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор

 

Тарих толқынында» – Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. (Атамұра, 1999)«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылы шыққан  «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған», – деп түсіндірді З. Қыбылдинов.

Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған, деді ол.

«Кітап жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай өсті.  Ел азаматтары арасында төл тарихимызға деген қызығушылық айтарлықтай артты. Кәсіби тарихшылар үшін ғылыми зерттеулер жүргізуіне барлық жағдай  жасала бастады. 1994 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру басталды. 2013 жылы Елбасы «Халық тарих толқынында» арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасын ұсынды, оның атауы біздің кітабымыздың атымен біршама ұқсас.

2-билет.Қазақстанның қазіргі заман тарихының негізгі кезеңдері. «Қазақстан Республикасында тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы».

Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері

Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді.

Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.). Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгiн алуы бұ- қаралық сананы өзгертуде, ұлттық дәстүрлердi қайта жаңғыртуда, тарихи сананы егемендiк жағдайында жа- ңаша қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Бұл ретте Республика Президентiнiң жарлығымен 1997 жылдың “Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргiн құр- бандарын еске алу жылы”, 1998 жылдың “Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы”, 1999 жылдың “Ұр- пақтар бiрлiгi мен сабақтастығы жылы” деп жариялануы өткен тарихтан келешек үшiн тәлiм алуға, тарихи ақтаң- дақтарды әйгiлеп, бұқаралық сананы көтеру арқылы қо- ғамның даму жолын қайта зерделеуге септiгiн тигiздi. Кеңауқымды және жүйелi жүргiзiлген ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижесiнде тоталитарлық жүйе кезеңiнде халықтың санасынан күштеп өшiрiлген жүздеген тарихи тұлғалардың — мемлекет пен қоғам қайраткерлерiнiң, елi мен жерiн шетелдiк басқыншылардан қорғаған батырлардың есiмдерi халқына қайтарылды. Олардың өнегелi өмiр жолдары жас ұрпаққа үлгi ретiнде ұсынылды. Тәуелсiз Қазақстанның ғылыми тарихының негiзi қалана бастады. 1995 жылы Республика үкiметi “Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжы- рымдамасын” мақұлдады. Онда отандық тарих ғылымын дамыту басымдықтары айқындалды. Ұлттық Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этно- логия институтының, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдары жоғары оқу орындарындағы әрiптестерiмен бiрлесе отырып, Қазақстан тарихының 266 көптомдық академиялық тарихын жазуды қолға алды. Қазақстан тарихының ағылшын тiлiндегi бiр томдығы жарық көрдi. 1998 жылдан бастап Ұлттық Ғылым ака- демиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этно- логия институты “Отан тарихы” атты жаңа журнал шы- ғара бастады. Тарихқа жаңа көзқарас қалыптастыруға “Қазақ тарихы”, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың “Ха- баршы” (тарих сериясы) журналдары айтарлықтай үлес қосты. Ұлттық Ғылым академиясының толық мүшесi Н. Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген “Тарих тол- қынында” атты кiтабы ұлт пен мемлекеттiң өткенi мен келешегiне жалпыадамзаттық құндылықтар негiзiнде жаңа көзқарас қалыптастыру iсiне қосылған қомақты үлес деп бағаланды.

 

3-билет. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуде социомәдени негіздерге байланысты көзқарастардың қайта қаралуы.

1465ж Жетісуда Қозыбасы деген жерде құрылды. Кез келген халықтың тарихында мақтанарлық, үлгі тұтарлық маңызды деген оқиғалары болады. Сол атаулы оқиғаларды дәріптеу арқылы халық мемлекеттілігі мен егемендігін насихаттайды. 2015жылы елімізде мемлекет деңгейінде өткізілген төрт атаулы мерекенің бірі – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Дүниежүзіндегі барлық елдер өз мемлекеттілігінің тарихын анықтап алған. Мәселен, Қытай 5000 жылдығын, Иран 4000 жылдығын, көрші Қырғыз халқы да 2000 жылдығын әлдеқашан тойлаған. Қазақ хандығы қазақ халқының алғашқы мемлекеттілігінің бір көрінісі. Біздің бұған дейінгі түркі әлемі, тіпті, сонау сақтардан бастау алған тарихымыз бар. Алайда қазақ хандығының ерекшелігі ол біздің ұлттық сипаттағы алғашқы мемлекетіміз. Қазақ хандығы құрылғаннан бастап «қазақ» сөзі саяси термин ретінде тарихқа алтын әріптермен енді. Бұл көне тарихымыздағы мемлекетілігіміздің Республика көлемінде тұңғыш тойлауымыз. Сондықтан «Қазақ хандығының 550 жылдығының» тарихи, рухани маңызы орасан. Қазірде Қазақстан әлем халықтарының назарын аударып отырған Орталық Азиядағы бірден-бір дамыған тұрақты елдің бірі. Сол себепті бұл елде болып жатқан оқиға әлем елдерінің назарында. Сондай-ақ 2015 жылы Қазақстан халық ассамблеясының 20 жылдығын атап өту біздің татулығымыздың көрінісін айғақтап берсе, айталық, Ата заңның 20 жылдығы тойлау, ол біздің құқықтық тұрақтылығымыздың кепілін көрсетеді. Ал Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту, ол еліміздегі бірліктің көрінісі. Бұл әрине, қазақ елінің халықаралық деңгейдегі рөлін нығайта түсетіні анық. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту аясында еліміз бойынша бас-аяғы 103 шара ұйымдастырылды. Оған сәйкес, Хандығының құрылу тарихын зерттеу мәселелерін талқылау бойынша жобалар іске аса бастады, соның ішінде қазақ мемлекеттілігі туралы ақпараттарды анықтау мақсатында Батыс Еуропа, Ресей, Түркия, Қытай, Иран, Египет, Өзбекстан сияқты елдердің мемлекеттік мұрағаттары мен музейлерінен, ғылыми-зерттеу орталықтарынан іздестіру жұмыстары қолға алынды. Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өту басты үш концептуалды негізде жүзеге асырылды, олар: – патриоттық: қазақ халқының Отанына сүйіспеншілігі;– ақпараттық: ғылымикөпшілік бағдарламаларды, ғылыми-танымдық деректі фильмдерді, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы көркем фильмдерді жасап, жетекші орталық телеарналар арқылы тарату; – ғылыми: қазақ хандығының құрылу проблемаларын зерделеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру.Сонымен қатар, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында Бүкіл әлемді дағдарыс жайлап, дамыған елдердің өздері үлкен экономикалық күйзеліске ұшыраған мынау алмағайып заманда алыс-жақын ағайынның басын қосып, Қазақ хандығының 550 жылдық ұлан-асыр тойын өткізудің өзінің ерекше себептері бар. Бүгінгі той, ең алдымен, батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін өткізіліп отыр,»- деп атап өткен болатын

4-билет.Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі қазақ халқының  ұлт-азаттық күресі

Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.

Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы. Кіші жүздегі қазақ ақсүйектерінің едәуір бөлігі Ресейдің кол астына өтуге үзілді-кесілді қарсы болды. Олардың Ресейдің қол астына өту туралы сөзді естігілері де келген жоқ. Жергілікті жерде айқындалғанындай, Ресейдің қол астына өту туралы шешім Әбілқайыр ханның жеке өзінің бастамасы бойынша қабылданған болып шықты.Оппозициялық көңіл күйдегі көптеген қазақ билеушілері Ресеймен екі арадағы келіссөздерді болдырмай, ашықтан-ашық үзіп тастауға тырысып бақты. Ресей елшілерін өлтіріп жіберуге әрекет жасағандар да болды. Сондықтан да дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі Әбілкайырдың өз ұлы Нұралы сұлтанға сеніп тапсырылды.Қазақ билеушілері негізінен алғанда сенімді де тиімді одақтас іздеп табу мүддесін басшылыққа алды, ол одақтастар олардың бостандығына озбырлық жасап, қол сұқпайтын болуы керек деп үміттенді.Ұлы жүзің Ресейге қосылуы – Ұлы жүз руларының Ресей қол астына қарауы. Жетісудың Ілеге дейінгі бөлігі 18-ғасырда Жоңғар билігінде болды. Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкенттөңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі М.Тевкелевтің Кіпті жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды. Осы кезде Ұлы жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би және Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде императорАнна Иоановнаға жолдама хат жолдады. Олар Әбілқайыр ханмойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек білдірді. 1834 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды. 1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет жасады. Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едәуір қарсылық көрсетгі. 1848 жылы сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына алу туралы тілек білдірді. Бір жыл өткен соң патшаүкіметі Ұлы жүз қазақтарын Ресей азаматы деп жариялады. Бірақ бұл азаматтыққа Іленің шығыс жағын мекендеген рулар ғана өтті. 1856 жылы Ұлы жүздің Жалайыр, Албан, Дулат,Шапырашты, Ысты тайпалары Ресей азаматтығын қабылдады. 19 ғасырдың 50-жылдарында Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан хандығының қол астында еді. Бұл аймақтарды өзіне қаратып әрі Орта Азиядағы хандықтарды өзіне бағындыру мақсатымен патша үкіметі Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы аймағына екі жақтан — Перовск және Верный қалаларынан жорық бастады (Ұзынагаш шайқасы). 1864 жылы көктемде орыс әскері Әулие-атаны, 1865 жылы Ташкент, Перовскіден шабуылға шыққан орыс әскері Шымқорған, Жөлек бекіністерін алып,Сырдария мен Жетісудағы Ұлы жүз қазақтары түгелдей дерлік Ресей қол астына көшті.

 

5-билет.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. Бірінші орыс революциясының Қазақстанда қоғамдық-саяси қозғалыстың қалыптасуына әсері.

 

Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға).

Ереуілге шығу себептері:

Жалақының аздығы.

Ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің қатыгездіктері.

Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы.

Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған «Орыс – қырғыз одағы» құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге өздерінің талаптарын қойды:

-Азық – түлік бағысын төмендету.

-Жалақыны 15, 25% – ға көтеру.

-Үш сыныптық орыс – қазақ училищесін ашу.

-Жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту.

-Фельдшер Е.Костенконы, қызметкер И.Ивченконы жұмыстан шығару.

Олардың бірден–бір талабы орындалмағандықтан «Орыс-қырғыз өдағының» шақыруымен ереуіл болды. Успен кеніші жұмысшыларының ереуілі 1905 жылғы революцияның Қазақстан тарихында көрнекті орын алды.

1906 жылы Қарқаралы уезінде, Жаркент уезінде, Әулиеата, Шымкент уездерінде, Орал, Торғай облыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті.

Саяси толқулардың жеңілеуінен шощынған патша өкіметі шаралар қолданып, ереуілдерді қарудың күшімен басып отырды.

Бүкіл елдегі сияқты Қазақстан большевиктері Бірінші Думаға сайлауынан бас тартты. Екінші Мемлекеттік Думаға Бұратана (туземдік) халық арасынан депутаттыққа Ақмола облысынан – молда Қосшығұлұлы, Жетісудан – федералист Тынышбайұлы, Оралдан – кадет Бірімжанұлы, Семейден – бай Нурекенұлы сайланды. Олар Думага қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі.

1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілуінің себептері:

1) Қазақ жұмысшыларының аздығы.

2) Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы.

3) Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжиребесінің жеткіліксіздігі.           4) Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.

Революцияның тарихи маңызы:

-Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды.

-Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді.

-Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді.

-Қазақ еңбекшілерін «Ғасырлық ұйқыдан» оятып, революциялық күреске шынықтырды.

Реакция және революциялық өрлеу кезеңі.

Сөйтіп, осы кезеңдері әлеуметтік күрестің шиеленісуіне алғышарттар қалынтасты:

  1. Революциялық жағдайдың тереңдеуі.
  2. Шаруашылық дағдарыс.
  3. Азық-тулік тапшылығы.
  4. Партиялар мен құпия үйымдардың ашылуы

6-билет.Қарқаралы петициясы. Қазақ элитасы өкілдерінің жалпыресейлік Мұсылман съездеріне қатысуы.

Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты. Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: «Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!»Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.Мемлекеттік шенеуніктер жоғары билік орындарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторынын Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: «Кырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды». Қарқаралы петициясынын мәтіні Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшірмелері «Сын Отечества» және «Русские ведомости» сияқты орталық газеттерде жариялануы үшін олардың редакцияларына да жіберілді. 1905 жылғы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның мазмұны қазақ қоғамының XX ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды.

7 Билет .Қазақтардың Ресейдің І-ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы. Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракциясы

Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, Ақмоладан Ш.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев, Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды. Мұсылман фракциясына 36 депутат енді. Бұл фракция «мұсылман фракциясы» және «мұсылман қызмет фракциясы» болып екі топқа бөлінеді. 1907 жылдың 21 сәуірінен мұсылман депутаттары «Дума» газетін шығарып, Думада қаралып жатқан мәселелерді жариялап тұрды. Мұсылман фракциясы Ресейдің шет аймағындағы отарлау саясатын әшкерелеп, парламенттік жолмен кұрес жұргізді. Қазақ депутаттары Нұрекенов, Алдабергенов, Қосшығұлов, Бірімжанов мұсылман фракциясының құрамына, Тынышбаев конституциялық-демократиялық фракция құрамына кірді. Қаратаев алғашқы кезде тіркеу тізімі бойынша кадет партиясыныц құрамына, кейін партиялық фракция мен топтарды толықтай құрған кезде мұсылман фракциясының тізіміне енгізілді. Үкіметтің аграрлық және отаршыл саясатын сынға алған бұл Дума депутаттары құрамы жағынан да, күн тәртібіне қойылған талқылау жағынан да Бірінші мемлекеттік Думадан төрі солшыл болып шықты. Думаның 39-пленарлық отырысында қазақ өлкесіндегі жер саясатына байланысты Егіншілік пен жерге орналастыру ісінің бас басқармасының бастығы князь Васильченко мен Министр Кеңесінің төрағасы Столыпиннің қазақ жеріне қатысты жүргізіп отырған қанаушылық, озбырлық істерін дәлелді фактілер келтіре отырып сынға алып, «қоныстандыру» саясаты қазақ шаруашылығын күйзеліске ұшыратуы мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдірді. 1907 ж. 3-ші маусымда таратылды.

Мұсылман фракциясы – Мемлекеттік думадағы мұсылман халықтары өкілдерінің парламенттік фракциясы (1906 – 1917 жылы).

Бірінші Мемлекеттік думадағы 436 депутаттың 36-сы мұсылман депутаттары еді. Олар бүкіл империя мұсылмандарының мүддесін қорғау мақсатында парламенттік фракция құрды. Төрағалыққа белгілі Әзірбайжан қайраткері Ә.Топчибашев, бюро құрамына М.Ралиев, С.Алкин, И.З. Зиятканов, А.Ахметов, Ш.Сыртланов және С.Жантөриндер бір ауыздан ұсынылды. Мұсылман фракциясы депутаттары Мемлекеттік думада құрылған жер, азаматтық теңдік, қаржы комиссияларының құрамына еніп, мұсылман халықтарының мүддесін қорғау жолында қызмет етті. Онда қазақ депуттары А.Бірімжанов пен А.Қалменов қазақ халқының мүддесін көздеді. Мұсылман фракциясы елдегі оппозициялық саяси күштермен бірікті. Олармен бірге Мұсылман фракциясы Мемлекеттік думаның құқын кеңейте түсуді, заң шығару ісімен қатар үкіметті де Мемлекеттік дума қолына тапсыруды талап етті. 1907 жылы ашылған Екінші Мемлекеттік думаға сайланған 518 депутаттың 35-і мұсылман халықтарының өкілдері болды. Бірақ онда мұсылман депуттары бір фракция төңірегіне топтаспады. Олар “Ресей мұсылмандары одағы” және “Еңбек партиясы” бағдарламасын қолдаушылар болып екіге бөлінді. “Ресей мұсылмандары одағы” ұйымының бағдарламасын қолдаушылар МҰСЫЛМАН ФРАКЦИЯСЫна бірікті. Оның төрағасы болып Мұхаммедкәрім Биглов сайланды. Ал бюросы құрамында Б.Қаратаев, Қ.Тевкелев, ұ.Маһдиев, Х.Хасмамедов, Ф. Хан-Хойский кірді. Олар әзірлеген бағдарламада Мұсылман фракциясының мақсатына сай саяси, экономикалық, діни, т.б. бірқатар реформаларды жүзеге асыру жолында Ресейдің мұсылман азаматтары іс-әрекеттерін біріктіруі керектігі атап көрсетілді. 

  1. ХХ ғасыр басындағы қазақ ағартушылығы: (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т.б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі.

Қазақтың алғашқы саяси партиясы «Алаш» пен Алаш орда үкіметінің пайда болуы кездейсоқ құбылыс болған жоқ. Бұл қазақ халқының тәуелсіздігі үшін көп ғасырлық күресінің заңды кезеңі болды. «Алаштың» бұрынғы қайраткерлері және ғылыми және шығармалық интеллигенциясы қазақтың басқарушы таңдаулы тобының өкілдері қазақ мемлекеттілігінің іргетасын қалады. Олар шекараларды анықтау және қазақ жерлерін қосу процесіне белсенді араласты. А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, А. Ермеков, М. Тынышпаев, С. Мендешев, Х. Досмұхамедов және т.б. қазақ аумағының тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлық күштерін салды Сол кезеңдегі Қазақстан тарихында көрнекті саясаткер, ғалым, публицист А.Н. Бөкейхановтың (1866-1937 жж.) қызметі ерекше орын алады. 1870 ж. наурыздың 5бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, То¬қы¬рауын болысының 7-ші ауылында туған.

1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының(кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейдежиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

Ахмет Байтұрсынов – ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғамдық қайраткер. Өз уақытында ол сталиндік жазалау әділетсіздігінің құрбаны болды, жарты ғасырдан астам есімі ұмыт болды, еске алуға лайықтанбады. А. Байтұрсыновтың бүкіл өмірі қазақтардың өзін-өзі анықтауына, мәдениетін, білімін және ғылымын дамытуға, ғасырлар бойы ұлттың өзінің рухын өзіндік халық шығармашылығын сақтауға деген қамқорлыққа толы болды. М.Әуезов 1923 жылы, Байтұрсыновтың баға жетпес еңбектерін ескере отырып, оны «қазақ зиялы қауымының көсемі» деп текке атаған жоқ

Міржақып Дулатұлы 1885 жылғы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысының үшінші ауылында, қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Қызбел елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Дулат ескіше сауатты, өз дәулеті өзіне жетерлік, атақты шебер болған адам.

Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.

Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.

Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Ихтисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті.

Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.

Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Ихтисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті.

  1. Әлихан Бөкейхановтың төрағалығымен Алашорда үкіметінің құрылуы.

Алаш Орда құрылтайы

1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өткізілді.

 

Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.

Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейхан, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.

 

Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейхан (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейхан, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейхан төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды.

 

Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейхан бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді.

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі, «Тыл жұмыстарына бұратаналарды реквизициялау» туралы 1916 ж. 25 маусымдағы жарлық. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.

 

Бірінші дүние жүзілік соғыс.Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):

Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).

Антанта (Англия, Франция, Россия).

Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.

Соғыстың себептері:

Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.

Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.

Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.

Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери – өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.

Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:

  1. 40899244 пут мақта
  2. 38 мың шаршы аршын киіз
  3. 3 млн. пут мақта майы
  4. 229 мың пут сабын
  5. 300 мың пут ет
  6. 473928 пут балық
  7. 70 мың жылқы
  8. 12797 түйе алынды
  9. 14 мың киіз үй салынды

Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.

Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.

Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы – XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.

Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.                                                                                                                    •  Көтерілістің негізгі себептері:

  1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);
  2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;
  3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;
  4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;
  5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;
  6. Орыстандыру саясаты.

Көтерілістің қозғаушы күші – өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.

Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.

Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:

  1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.
  2. Революцияшыл топ өкілдері – Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай менЖетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.

Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды. Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.  Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.

ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ–қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс–украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.

1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық–зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.

Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алымсалық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлунішілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыспісіп жетілді.

Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.

Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды.

Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы қарама–қарсылық, бір–біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.

  1. Либералдық-демократиялық зиялылар – Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық бағыт ұстанды.
  2. Қазақстандағы соғыс тұтқындары. Қазақстан аумағындағы халық бұқарасы тұрмысының нашарлауы. Жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі.

Соғыс кезіндегі тұтқындар жөнінде Гаага (1899 ж., 1907 ж.) мен Женевада (1929 ж.) әскери тұтқындар туралы конфенция қабылданған болатын. Бұл конфенциялар шарты бойынша соғысушы мемлекеттер өз тараптарынан соған орай бірінші, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында соғыс тұтқындарына адамгершілікпен қарады. Бірақта Кеңес өкіметінің тарапынан ұстанған қағида бойынша, яғни «Бізде әскери тұтқындар жоқ, сатқындар бар»,-деген ұстаным  миллиондаған тұтқындардың тағдырына сұмдық   ауыр зардабын тигізді. Соғыстың алғашқы күндерінде майданға республикадан көп адам ресурстары жөнелтілді. Адамзат тарихындағы алапат соғыс үлкен зардаптарға ұшыратып, Отанынан ажыратып, миллиондаған адамдардың өмірін қиды. Екінші дүниежүзілік соғыстан 350 мыңнан аса қазақ өз еліне қайтпады, олардың біразы тұтқынға түссе, көпшілігі майдан даласында қаза тапты. Мұрағат деректеріне сүйенетін болсақ, тек Атырау облысы бойынша  соғыста хабар-ошарсыз кеткен, қаза тапқан он сегіз мыңнан астам жерлесіміздің тізімі жасақталған. Қазақстан тарихындағы ақтаңдақтардың бірі екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы  тұтқындар жөнінде және Түркістан легиондарында қызмет еткен (әрине көпшілігі өз еріктерімен емес) жерлестеріміз жөнінде өте аз мәліметтер білеміз. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерінің бірі – соғыс тұтқындары туралы тереңірек қарастырған жөн. Бұл туралы өлкеміздің тарихында арнайы зерттеу жұмыстары жоқ.  Индерліктер Жолдыбай Ахыбаев (1923-1997 жж.), Жұмагелді Баймұқанов (1921-1990 жж.) махамбеттік Биғали Есмағамбетов (1922-1998 жж.) және Қ.Тетебеков (Солтүстік Қазақстан обл), Нұрлыбек Негиматов (Ақтөбе обл) 1942 жылы Харьков қаласы үшін болған шайқаста, яғни  22-30 мамыр аралығында қоршауды бұзу операциясы кезінде тұтқынға түсті. Бұл қоршауда 239 мың совет жауынгері жау қолына тұтқынға түсуге мәжбүр болды.

  1. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі

1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.

1917 жылғы наурыз, сәуірде әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады. Орал, Верный, Ақмола, Əулиеата, Семейде қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері құрылды. Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Ол ипериялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының дін ұстануына, ұлтқа байланысты құқықтарын қандай да болсын шектеудің күшін жойды. Уақытша үкімет “бұратана жұмысшы жасақтарын” Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.

Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы Верный, Семей, Екібастұзда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды қосуға күш салды. Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.

Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым- қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі партиялардың мүшесі болып оралды. 1917 жылдың шілдесінде Верныйда “Қара жұмысшылар одағы” құрылды.

Сергиопольде 800 майдангер солдатпен тыл жұмысына алынған қазақтар “Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын” ұйымдастырды. Петропавлда “Жас арбакештер одағы” құрылды. Тыл жұмысшыларының бұқарасы Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды.

Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттығы идеясын таратушы, ұлттық сананы оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Ол күресті Ресей либералдық-демократиялық қозғалысының қайраткері, бұрынғы кадет партиясының мүшесі болған Ә.Бөкейханов басқарды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ə.Ермеков, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов оның пікірлес серіктері болған. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды

 

13 Билет. ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-иулемия» және т.б.

Алаш партиясының құрылуы.  Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».

Үш жүз-1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.

«Ислам жолындағы кеңестің» ұйымдастыруымен 1917 жылғы қарашада Қоқан қаласында IV төтенше өлкелік мұсылмандар съезі шақырылып, онда кеңестік билікке балама Түркістан (Қокан) автономиясы құрылғандығы жарияланып, үкіметі құрылды.

«Шура-и ислам», , Ислам кеңесі – 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым.Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.[1]

“Шуро-и-Улема”, Ғұламалар қоғамы, Ғұламалар кеңесі – қоғамдық-саяси ұйым. 1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте көрнекті қазақ қайраткері С.Лапиннің жетекшілік етуімен құрылған. “Шуро-и-Улема” ұйымы Түркістан өлкесінің жергілікті халқының мүддесін қорғау ислам діні қағидаларымен ұштастырылғанда ғана жүзеге асады деп санады. Соған орай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінен мұндай ұстанымның жүзеге асуын талап етті. Түркістан өлкесіне Ресей Федерациясы құрамында аумақтық автономия берілуін жақтай отырып, олар ұлттық-діни ой-пікірлерді мерзімді баспасөз арқылы насихаттау күнделікті өмірде талас тудыратын мәселелерді Шариғат арқылы шешу керектігін өз ұйымдарының жарғысына негіз етіп алды.

  1. 1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы. Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері.

Петроградтағы Қазан төңкерісі.

1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.

Оның себептері:

1) Монархияның ауыр мұрасы

2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.

3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.

 

Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.

 

1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды.

 

Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.

 

Қазақстандағы ұлттық үкіметтер.

1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде атаман Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.

1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман депуттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Камиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көз – қарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп мәлімдеді.

1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.)

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.

Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:

  1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда – бейбіт жолмен.
  2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.

Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.

Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.

 

Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.

 

Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті.

1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.

1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.

 

Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.

Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.

Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды.

Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.

Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.

Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.

 

 

  1. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясы. ЮНЕСКО шешімімен Ә.Н.Бөйкейхановтың 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі.

2016 жылы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында өтетін болды. Халықаралық ұйым кезекті 38-сессиясында осындай қаулы қабылдады. Енді жауапкершілік – Қазақстан Үкіметі мен Алаш көсемінің өмірін, сан қырлы қызметін, баға жетпес мұрасын зерттейтін ғалымдар мойнында. ЮНЕСКО Бас конференциясының 2-18 қараша аралығында өткен 38-сессиясы «Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысу туралы» Атқарушы кеңестің ұсынысын бекітті. Ол жөнінде Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілетті уәкілі Сатыбалды Бұршақов хабарлады. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (05.03.1866 – 27.09.1937) – соңғы хан-сұлтандардың бірі – Бөкейдің тікелей ұрпағы. Бөкейдің 1816 жылы хан тағына отыруынан тура 50 жыл өткен 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Сонау Омбыда оқыған 1886-1890 жылдары-ақ Әлихан Бөкейханов Ресей империясының отарлық езгісінде отырған алты алашының тарихын, мәдениетін, көшпелі шаруашылығы мен кәсібін зерттей келе, отаршыл империяның жүргізіп отырған жыртқыштық, озбырлық саясатына қоса туған халқының тұрмыс-тіршілігіне деген сыни көзқарасын білдіре бастайды. «Қыр халқы, – деп жазады Қыр ұғлы (алғашқы лақап аты – С.А.) – Әлихан 1889 жылы «Дала уалаяты газетінде» жарық көрген бір мақаласында, – бос жүреді. Бос отырған бастарына ауыр сын тумаған соң мехнат-жұмысқа иленбей мал шаруасыменен күнелтіп жүрді. Мал бағу өз жөніменен жүре береді. Өлгенге шейін (өле өлгенше.С.А.) бір қазақ мал бағуды түзеуге ойлаған жоқ, қанша заманнан бері ата-бабаның жолыменен жүреді де отырады».

16-билет.Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан.

 Қазақстан азаматтық қарама-қарсылық– 1917 – 1920 жылдары аралығында болған саяси-әлеуметтік оқиғалар. 1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кейін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді ( Ақпан революциясы). Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, оларды жазалау тоқтатылды. Сондай-ақ, көтерілісті жазалаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда азаматтық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді (сөз, баспасөз бостандығы, саяси партиялар құру, т.б.). Ә.Бөкейхан жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиялық Алаш партиясын құруға кірісті. Көп кешікпей Уақытша үкіметтің жер-жердегі органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері құрылды. Петроградта және Ресейдің орталық аудандарында қосөкімет орнады, ал Қазақстан көпөкіметтілік жағдайында қалды. Өйткені 1917 жылы наурыз-маусым айларында Қазақстанда билікке уақытша үкіметтің жергілікті органдары, кеңестер, жергілікті Алаш партиясын құрушылар, Жетісу, Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлерінің билеуші органдары, т.б. таласты. Саяси күштер топтала бастады. Атап айтқанда оңшылдарға негізгі мүшелері кадет партиясынан құралған Уақытша үкіметтің жергілікті комитеттері, казачество билеушілері жатты. Аралық (центристік) лагерьді қолдаушылар эсерлер болды. Солшылдарға большевиктер мен солшыл эсерлердің ықпалындағы жергілікті кеңестер жатты. Оларға майданның қара жұмысынан қайтқан қазақ жігіттері мен майдангерлер қосылды. Жер-жерлерде жұмысшылар мен оқушы жастардың қоғамдық-саяси ұйымдары құрылып, саяси мәселелерге араласа бастады. Мысалы, Верныйда Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы, Омбыда Бірлік, Петропавлда Талап, Семейде Жанар, Меркеде Қазақ жастарының революциялық одағы, т.б. құрылды. 1917 жылы 4 – 5 шілдеде Петроградта Уақытша үкімет большевиктер ұйымдастырған ереуілді қарудың күшімен басты. В.И. Ленин мен оның серіктерін тұтқындауға бұйрық берілді. 1917 жылы 11 шілдеде қосөкіметтілік жойылып, ресми билік түгелдей Уақытша үкіметке көшті. Алаш басшылары саяси жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты 21 – 26 шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезін шақырды. Съезде Алаш партиясы дербес саяси ұйым ретінде қайта құрылды. 1917 жылғы тамыз – қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы монархияшыл күштерді әлсіретті. Уақытша үкімет пәрменді әрекет жасай алмай беделінен айырылып қалды. Бүлікті басуда белсенділік көрсеткен большевиктер еңбекшілердің қолдауына сүйенді. Осы кезде өзін Қазақ Социалистік партиясы деп атаған Үш жүз партиясы құрылды. Оның көсемі К.Тоғысов, белсенділері Ш.Әлжанов, Ә.Досов, М.Әйпенов, т.б. болды. Көп ұзамай олар Алаш партиясының басты сынаушыларына айналып, большевиктер жағына шықты.

 

  1. «Ресей халықтары құқы Декларациясы»: Кеңес өкіметінің сөзі мен ісінің қайшылығының айқын көрінісі.

Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған. Кеңестердің Бүкілресейлік III съезінде (1918 жылғы қаңтар) қабылданған, В.И. Ленин жазған «Еңбекші және қаналушы халықтар құқықтарының Декларациясында» Коммунистік партияның кеңес республикалары мемлекеттік құрылымының нысаны ретіндегі Кеңестік Федерацияға қатысты ұстанымы көрініс тапқан. «Кеңестік Ресей республикасы, — деп атап көрсетілді құжатта, — кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы ретінде ерікті ұлттардың одағы негізінде құрылады

  1. ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері.

Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болтаны күмәнсіз.

Сондықтан бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине, қателіктер де, жаңсақтықтар да болып отырды. Алайда кейіннен сталиндік идеологияның түсіндіргеніндей, оларды өз халқына деген қаскүнемдік көзқарас емес, қайта, өз халқының өмірін женілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызды. Қазақ зиялыларының ең басты ізгі мақсаты — халқына қызмет ету мақсатын «Алаш» жетекшілерінін бәрі Міржақып Дулатов Бутырск түрмесінен жазған хатында былай деп айқын баяндаған: «…Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санадым… Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір [[[Кеңес өкіметі]]не қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтың дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана».

19-билет. Қоқан автономиясы – түркістандықтардың  тәуелсіз мемлекет құруға талпынысы.

Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісіжеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты.Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай,Махмұд Бехбудий, т.б. бар «Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі» 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясыдеп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік «еуропалық» ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгерӘ.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды

20-билет. Алаш» қозғалысы және Екінші жалпы қазақ съезі.  Алашорда өкіметінің Кеңестік билікті қазақ мүддесіне бейімдеу әрекеті.

1917ж. Қазақстанда Уақытша үкімет мамырдан бастап ауылдар мен селоларда құрыла бастады. Қазақ халқының өкілдерінен Уақытша үкіметтің комиссарлары болып: Торғай облысында – Ә.Бөкейханов, Жетісуда – М.Тынышбаев, Түркістанда – М.Шоқай тағайындалды Уақытша үкіметтің Қазақстандағы қызметінің нәтижесін мына кестеден көрсек: Уақытша үкіметтің қоғамдық міндеттерді шешуі Соғыс жөніндегі мәселенің шешілуі үшін мүмкіндіктер жасалды. Самодержавие жойылды. Тыл жұмыстарына реквизицияланғандар Отанына қайтарылды. 1916 жылғы оқиғаларға қатысушыларға кешірім жарияланып, ақшалай өтемақы енгізілді. Соғыс тоқтатылған жоқ. Аграрлық мәселе шешілген жоқ. Самодержавие кезеңінде қазақтардан тартып алынған жерлер қайтарылған жоқ. Қазақстандағы отарлық басқару аппараты қиратылған жоқ. Іс жүзінде патша самодержавиесінің саясатын жалғастырды. Қазақстанда қоғамдық – саяси өмір үлкен өзгеріске ұшырады. 1917 жылы шілдеде Орынборда бірінші Бүкілқазақ съезі шақырылды. Онда мемлекеттік басқару, автономия, халықтық милиция құру, оқу ағарту, сот, саяси партиялар құру т.б. жөніндегі мәселелер қарастырылды. Съезд “Алаш” партиясын құру жөнінде шешім қабылданды. 1917 жылы желтоқсанда “Алаш” партиясының Екінші Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде автономия мен оның үкіметін құру жөніндегі құжаттар қабылданды. “Алаш” атауымен қазақ автономиясының құрылғанын мәлімдеді. “Алашорда” деп аталды. Құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары, Закаспий облыстары мен Алтайдың қазақтар мекендеген аудандары енуге тиіс деп қаулы қабылданды. Алашорда орталығы Семей қаласы. Алашорда үкіметті Ә.Бөкейханов басқарды. Ал 1917 жылы қарашада Қоқан қаласының Уақытша Кеңес басқарған IV Төтенше Түркістан Мұхтариаты өз жұмысын бастады. Басшысы М.Тынышбаев, сыртқы істер министрі М.Шоқай. Осылайша Қазақстанда көпөкіметтілік орнады.

 

21-билет.Алаш Орданың алғашқы қазақ  әскерлерін жасақтап, ұлт мүддесін қорғауға бағытталған шаралары.

Бүгінге дейін Алаш әскері туралы арнайы қалам тартқан авторлар санаулы.Алаш әскерін құру идеясы 1917 жылғы І-ші жалпы қазақ съезінде көтерілген, бірақ ондағы «… анархия болу қаупі бар, сол себепті осы күнгі әскер орнына халық милициясы құрылсын» деген сөздер сол күйінде қалды. Одан кейінгі ІІ-ші жалпы қазақ съезінде «мемлекет халі тайғақ кешуде, тар жолға душар болып тұрғанда жан-жақты қоршаған қалың бәледен сақтану үшін халық әскерін жасау керектігі қайта жаңғырып, милиция құрудың мақсаты анықталды, қазақ милициясын құру жоспары жасалып, бекітілді».

Алаш немесе Алашорда әскері бастапқыда «халық милициясы», «халық әскері», «алаш әскері», «қазақ полкі» сияқты әртүрлі атаулармен аталды. Бастапқы қолданыстағы «милиция» сөзінің астарында елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайтын әскер ұғымы жатқаны анық. Сондықтан, Алаш әскерінің іс-қимылдарын 1917-1919 жылдар аралығында жарияланған материалдар мен солардың негізінде жазылған зерттеулер бойынша талдап көрелік.

ІІ-ші жалпы қазақ сьезінде халық әскерінің әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға соғыс өнерін үйрету, қажетті қару-жарақ, қаржы, көлік және тағы басқа заттармен қамтамасыз ету тәртібі анықталып, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құру қажет» деген қаулы қабылданады. Бұл идеяны Жақып Ақбаев ұсынған болатын. Съезд қаулыларында нақты көрсетілгендей, Алаш әскерін құру үшін алдымен милицияға алынатын адам шығынын анықтау, оларды қару-жарақ, ат-көлікпен қамтамасыз ету, әскери мамандар (офицерлер мен инструкторлар) даярлау жұмысын айқындап, оған қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен жинайтын болды. Жалпы, Алаш әскерінің іс-қимылдары билікке келген большевиктерге қарсы 3 бағытта жүргізілді: 1) оңтүстік-шығыс бөлімі (Жетісу); 2) шығыс бөлімі (Семей); 3) батыс бөлімі (Орал). Ал әскердегі қазақ полктерінің саны шамамен 12-ге жеткен. Олардың ұрыс қимылдары Алашорда үкіметі құрылғаннан кейін күшейді. Алаш әскерінің оңтүстік-шығыс бөлімі. 1918 жылдың жазында Алаш әскерін құруда ерекше көзге түскен – жетісулық Отыншы Әлжанов болды. «Ол Түркістан Комитеті (бастығы О.Шкапский) арқылы қазақ милициясына 500 мың сом ақша алдырып, оны Лепсі казначействосына салған, бірақ большевиктердің талан-таражына түскен. Көп кешікпей сол үшін «… большевиктер О.Шкапскийді баласымен бірге абақтыда атып өлтірген». О.Әлжанов Отанды Қорғау Комитетінің құрамына кіріп, 300-ден астам адамнан әскер жасақтайды. Ақыры осы істің жолында большевиктер қолынан құрбан болады. Жетісу облыстық қазақ комитетінің төрағасы Ы.Жайнақовтың мәліметтері бойынша Жетісудағы большевиктердің жалпы саны 10 мыңнан асқан. Реті келгенде айта кетейік, 1918 жылдың басында Алаш әскерін жасақтау мақсатында «Жетісу облысындағы қырғыздарды Г.Шахворостов пен Пестов фабрикаларынан шығатын шұға өнімдерімен қамтамасыз ету туралы сұраныс болған». Алашорда әскерінің құрылуы мен қызметінің мерзімдік шеңбері 1918 жылдың басынан бастап 1919 жылдың аяғына дейінгі аралықты толық қамтиды».

22-билет.Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы.                                                                                                                                       

 

Күштеп ұжымдастыру 1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем-шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды. Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.

 

23-билет.Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің құрылуы. «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі әрекеттері.

Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері: 1) Азық – түлік салғырты енгізілді. 2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды.

1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы: елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті. Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті.

 

24-билет.Қазақ АКСР-інің құрылуы. Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы.

Қазақ АКСР – інің құрылуы. 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б. Казревком міндеттері: 1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. 2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату. 3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу. 1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды. Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды: – «Ұшқын» газетін шығарды. – Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.

– Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.

 

1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынборқаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы»қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы: 1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі. 2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі. 3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.

 

  1. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) және оның салдары. Қазақстанда жер-су реформасын жүргізу.

Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. Өнеркәсіптегі өзгерістер: Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды. 1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді. 2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді. 3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті. Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер: 1. Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда) 2. Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды. 3. 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды. 4. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті. 5. Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды.жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. 6. Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды. 7. Жерді арендаға беруге рұқсат берілді. 8. Несие берілетін болды. 9. «Қосшы Одағы» құрылды. 10. 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады. Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды. Сауда: сауда еркіндігі еркіндігі қалыптасты. Оған дәлел: 1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды. 2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді. 3. Жәрмеңкелер ашыла бастады. Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ жерінде барлығы жеті өлкелік, он үш губерниялық және жетпіс бес жергілікті жәрмеңке ашылған болатын. 4. Жеке саудаға рұқсат берілді. Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы: 1. Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді. 2. Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. 3. Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді. 4. Өнеркәсіп артта қалды, дамымады. 5. Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды. 6. Саяси өмірде демократия бұрмаланды. 7. Еркіндік мүлде болмады. 8. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.

Ә)жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтар да кездесті. Атап айтқанда, 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге карағанда республикада 2,3 млн. адам ашыққан. Осы киын-қыстау күндерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пұт астық 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украин республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Жұт пен қуаңшылықтан зардап шеккен кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұттан астам тұқымдық берілді. Бұл дән 1921-1922 жж. бір милллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда Қазақ Республикасы халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді.20-шы жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды рөлі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын жою бағытында іске асырылған шаралар еді. Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары жайылымдарын алды.Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын асыру үшін бұқаралық ұйым Қосшы одақтары құрылды. Оның жарғысы кедейлердің таптық сана-сезімін арттыру, олардың мүдделерін қорғау және Кеңес өкіметіне көмектесу сияқты мақсаттарды іске асыруды көздеді. Одақтарды құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж.Бөрібаев, О.Жандосов, А. Розыбакиев, т. б. қоғам қайраткерлер көрнекті қызмет атқарды. 1921 жылғы наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағының 99 ұясы жұмыс істеді

26-билет. Орта Азия республикалары мен Қазақстанды ұлттық-мемлекеттік межелеу – біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі.

1924-1925 жж. ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты. Қазақстанның тұңғыш шекарасының белгіленуі

ХХ ғасырдың басында қазақ жеріндегі мемлекеттілік үшін күрес күрделі сипат алды. В.И.Лениннің идеясы бойынша басталған Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуге қазақ саяси басшылығының көзқарастары үйлесе бермеді. Мәселен Мұстафа Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идеясы Орта Азиядағы түркі мемлекеттерін біріктіруге арналған еді. Бірақ Кеңестік билік Мұстафаның бұл идеясынан өлердей қорықты. «Мұндағы саяси тіршілікке сын көзін қадап отырған М.Шоқайдың түрлі мысалмен дәлелдеп қорытқанындай большевизм « Түркістанда ұлттық тұтастық пен ұлттық мемлекеттің құрылуынан өлердей қорқады. Сондықтан қайткен күнде де мұндай тұтастықты болдырмауға тырысады». Тұтастықты бұзудың жалпытүркілік тұтастықты сезіну беретін қуатты әлсіреудің төте жолы — Орта Азиядан алдымен Қазақстанды оның Орта Азиялық бөлігімен қоса бір бөліп алу, сөйтіп бауырлас халықтардан қазақтарды ажыратып алшақтатып жіберу»,

Тұрар Рысқұловтың да идеясы осы сипатта еді. Ол Түркістан Республикасын құру үшін талмай күресті. Осыған байланысты Т.Рысқұловты 1924 жылдың аяғына таман Монғолияға елші етіп ауыстырды. «Түркістан Республикасы Кеңестерінің ХІІ съезі Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты іс жүзіне асырыла бастаған кезде өтті. 1923 жылдың соңына таман бұл бағыттағы шаралар тұрақты сипат ала бастаған еді. РКП (б) Орталық Комитетінің алдында Орта Азияның үш республикасының аумағын қайта межелеп, жеке-жеке ұлттық республикаға жіктеу міндеті тұрды. Ал РКП (б) Орта Комитеті Т.Рысқұловты бұл процеске қарсы тұрған адам деп санады, сондықтан да оны межелеу саясаты толық қарқынмен басталғанға дейін республикадан тысқары алып кетуге тырысты. ХІІ съезд аяқталысымен-ақ РКП (б) Орталық Комитеті бұл іске шұғыл кіріскені белгілі. 1924 жылы 24 және 31 қаңтар, 4-14 ақпан күндері бұл мәселе РКП (б) Орталық Комитетінде үсті-үстіне талқыланды. Талқылауға С.И.Гусев, М.И.Калинин, В.В.Куйбышев, И.М.Межлаук, Я.Э.Рудзутак, И.В.Сталин, Г.В.Чичерин және басқа да көптеген адамдар қатысты. Сондықтан да Т.Рысқұловтың Түркістан Республикасынан өтуі РКП (б) Орталық Комитетінің саясатының нәтижесі деп түсіну қажет

27-билет. Қазақ жерлерінің Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамында біріктірілуі.

1920 жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылдады.

Қазақ республикасына Семей, Ақмола, Торғай және Орал губерниялары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысының Красноводск уезіндегі 4-ші және 5-ші Адай болыстары, Астрахань губерниясындағы Синемор болысы, Бөкей ордасы, 1-ші және 2-ші Приморье округтарына шектес, қазақтар қоныстанған бұрынғы қазыналық жерлер кірді. 1920 жылғы 22 қыркүйекте Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің жаңа декреті бойынша ҚАКСР-ның құрамына Орынбор губерниясы енгізілді, ал Орынбор қаласы республиканың астанасы болды.

1920 жылдың 4–12 қазанында Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат қатысты. Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С. М. Мендешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В. РадусЗенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді

  1. КСРО-ның құрылуы. ҚАКСР. Қазақ АКСР-інің Кеңес Одағының құрамына енуі. 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылған еді.Түркістан республикасы қүрамындағы Сырдария және Жетісу облыстарының қазақ жерлері КдзАКСР-нің құрамына өтті. Бүл орталықтың күштеп жүргізген шаралары Орта Азия мен Қазақстандағы әкімшілік-территориялық межелеу деп аталды.

Орынбор қаласы мен губерниясының бір бөлігі Ресейдің қарамағына өтті. Жаңа астана Қызылорда қаласына көшірілді.

Карақалпақ автономиялы облысы құрылып, Қазақстан құрамында болып Мәскеудің біржақты шешімімен 1932 жылы Өзбек КСР-нің құрамына көшті.

Осылай қазақ жерлері біртұтас КазақАКСР-і құрамына топтасты. Бұл аса ірі тарихи-саяси мәні бар оқиға болды. Ежелгі Казақ жерлері бір мемлекеттіліктің аумағына кайтарылып, шегаралары белгіленді. Осы кезенде Казақстанның жер көлемі 2.927.614 кв км, халкы шамамен 6,5 млн. адам болды, олардың 55,5 %-і қазақтар, 25,3%-і орыстар, 9%-і украйындар, 3,7%-і өзбектер, калғандары баска халыктар болды6.

1924 жылы Өзбек, Түркімен республикалары, 1929 Тәжік республикасы одақтас республика мәртебесін алғанымен, Казақстан 1936 жылға дейін автономиялы республика болып кала берді. Орталық осылай шешті. Бірақ Қазақстанның одақтас республика болатындай қажеттіліктің бәрі бар еді. Осы жағдайды пайдаланып, 1924 жылы Киробкомның (қазақ обкомының) басшылары В.Нансйшвили, С.Қожанов, КдзОАК-тың уақытша торагасы Ә.Жанкелдиндер Мәскеудегі орталыктың алдына Казақстанды одақтас республика етіп кайта құруды негіздеп үсыныс қойды. Бірақ бұл ұсыныс қолдау таппады. Осыдан кейін 1926 жылы Мәскеуде Т.Рысқүлов өткізген ұлт өкілдерінің Жеке кеңесі атынан сол кездсгі БОАК-тьщ Ұлттар бөлімше меңгерушісі С.Асфендияров дайындаған Казақстанды атономиялы республикадан одақтас республикаға айналдыру туралы ұсынысы да каралмай калды. Казақстанның одақтас рсспублика болуына әлі де 12 жыл қажет болды.

 

29-билет. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны

Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.

Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.

Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.

Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды.

Оның бағыты:

  1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату.
  2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.

 

30-билет. Қазақ ауылын күшпен кеңестендіру саясаты – дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау.

Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар», «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді.

1928 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы барлық кеңестердің 2199-ы қазақ шаруаларының, 1209-ы орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекші күш ретінде көрсете алмады. Сондықтан да Голощекин жергілікті ұйымдар мен одақтарға, әсіресе «Қосшы» одағынакөбірек арқа сүйеуді талап етті. Жергілікті кеңестердің белсенді органдарға айналуына жоғарыдан жіберілген уәкілдер де көптеген кедергілер келтірді. Олар жергілікті кеңестермен санаспай, басшылық жұмысты өз қолдарына алуға ұмтылды. Бұл кеңестердің беделін түсірді. Оның үстіне қазақ ауылдарындағы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан рулық-туыстық жүйеге қарағанда көптеген мәселелерді шешуде кеңестер қауқарсыз еді. Мұнымен бірге қазақтар келімсек еуропалықтардың үкімет тарапынан өздеріне карағанда біршама жеңілдіктер алуына әрқашан наразы болды. Мұның өзі қазақтар тарапынан үкіметке, оның жергілікті органы деп танылған кеңестерге сенімсіздікті қалыптастырды. Ал селолық кеңестер жиналыстарында кулактар мен ауқатты шаруалар өз ұсыныстарын өткізуге тырысып отырды. Әсіресе орыс қазақтары сословиелік қалдықтар мен атамандық ықпалды сақтап калды. Бұлар да кеңес жұмыстарының жандануына кедергі келтірді. Партиялық өктемдік пен тоталитарлық тәртіптің орнай бастауы вертикалды басқару жүйесін қажет етті. Сол себепті де кеңес ұйымдары демократиялық сипаттағы емес, әкімшіл-әміршіл басқарудың өзіндік сатысына айнала бастады.

31-билет. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын  отырықшылыққа көшіруді жүзеге асырудағы бұрмалаушылықтар.

Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар», «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді.

Иосиф Виссарионович Сталин

1928 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы барлық кеңестердің 2199-ы қазақ шаруаларының, 1209-ы орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекші күш ретінде көрсете алмады. Сондықтан да Голощекин жергілікті ұйымдар мен одақтарға, әсіресе «Қосшы» одағына көбірек арқа сүйеуді талап етті. Жергілікті кеңестердің белсенді органдарға айналуына жоғарыдан жіберілген уәкілдер де көптеген кедергілер келтірді. Олар жергілікті кеңестермен санаспай, басшылық жұмысты өз қолдарына алуға ұмтылды. Бұл кеңестердің беделін түсірді. Оның үстіне қазақ ауылдарындағы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан рулық-туыстық жүйеге қарағанда көптеген мәселелерді шешуде кеңестер қауқарсыз еді. Мұнымен бірге қазақтар келімсек еуропалықтардың үкімет тарапынан өздеріне карағанда біршама жеңілдіктер алуына әрқашан наразы болды. Мұның өзі қазақтар тарапынан үкіметке, оның жергілікті органы деп танылған кеңестерге сенімсіздікті қалыптастырды.

Ал селолық кеңестер жиналыстарында кулактар мен ауқатты шаруалар өз ұсыныстарын өткізуге тырысып отырды. Әсіресе орыс қазақтары сословиелік қалдықтар мен атамандық ықпалды сақтап калды. Бұлар да кеңес жұмыстарының жандануына кедергі келтірді. Партиялық өктемдік пен тоталитарлық тәртіптің орнай бастауы вертикалды басқару жүйесін қажет етті. Сол себепті де кеңес ұйымдары демократиялық сипаттағы емес, әкімшіл-әміршіл басқарудың өзіндік сатысына айнала бастады.

  1. Қазақстандағы индустрияландыру: жетістіктер және қателіктер. Қазақ  мемлекеттік қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері. 

Отырықшыландыратын қазақтардың санын жыл сайын күштеп арттыра түсті. Отырықшыландыру нашар жүріп жатқан аудандардағы басшылар егерде басқа ұлт өкілдері болса, әдетте ұлыдержавалық шовинизм, ал олар қазақтар болса, онда жергілікті буржуазиялық ұлтшылдық ретінде айыпталатын. Қазақстан үкіметінің отырықшыландырудың алғашқы жылының қорытындысын шығарған тезистері шовинизмге немесе ұлтшылдыққа ғана емес, сондай-ақ оңшыл ағымға да, солшыл бұрмалауға да қысқаша сипаттама берді. Қазақстандағы отырықшыландыру үрдісіне Одақтық үкімет онша мән берген жоқ. Орталық үшін бұл жылдары шаруаларды ұжымдастыру маңызды нәрсе болды. Ал отырықшыландыру болса ұжымдастырудың көлеңкесінде қалды және екінші қатардағы міндет деп есептелді. Қазақстан басшылары көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жаппай отырықшыландырмайынша жедел ұжымдастыруды қамтамасыз ете алмайтынын жақсы білді. Сондықтан орталықтың назарын аударуға күш салды.

Отырықшыландыру кезінде бұқара арасында жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілген жоқ. Ол жоғарыдан түскен мекемелік тар жолмен жүрді.

Отырықшыландыру науқанын іске асыруда ашаршылық қиындықтарымен қатар әсіре зорлық-зомбылық, басқарудың әміршілдік-әкімшілдік стилі де көп зиян келтірді, Отырықшыландыру комитеті бұл іске тікелей ықпал етіп, өз міндетін орындады деуге болмайды. Оған комитеттің қосалқы басқару қызметі ретіндегі дәрежесі, Егіншілік комиссариатының, партия-кеңес органдарының аясында қалып қоюы себеп болды.

Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын  отырықшылыққа көшіруді жүзеге асырудағы бұрмалаушылықтар.

  1. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оның салдары. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы аштық – ұжымдастыру кезеңіндегі қазақ ауылының қасіреті.

1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді. 1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды. Соған қарамастан Қазақстандағы индустрияландыру ісі патриархаттық-феодалдық қатынастарды, яғни дәстүрлі шаруашылық жүйесін біржолата жою, феодализмнен капитализмге соқпай социализмге жедел қарқынмен өту сияқты ұрандармен басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру әрекеттері осылайша жаңа науқанмен ұласты.

1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен өнеркәсіптің, ең алдымен түсті металлургияның дамуының перспективалық жоспарын жасау тапсырылды. Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар. Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Олар мемлекеттік саясат негізінде, республиканың ерекшеліктерін ескере отырып, “партияның ауыл шаруашылығы шикізат базасы есебінде оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін, ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын ұстануы бірден-бір дұрыс бағыт” деп мәлімдеді.

Екінші бағыт бойынша — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.

Үшінші бағыттағылар — қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес деді.

Келесі, төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”, “өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады” және т.б. деп санады.

Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты. 1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде басталатын бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т.б. қайта қалпына келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сияқты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле ағаш тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гурьевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорғанда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі негізінен шағын аумақты қамтамасыз етуге бейімделген кәсіпорындар еді.

Оң әсері 1. Жаңа техника мен технология меңгерілді. 2. Жұмысшы табының мәдени – техникалық деңгейі жетілдірілді. 3. Еңбек өнімділігі артты. 4. Индустрияландырудың даму қарқыны тездетілді.

Теріс әсері 1. Жағдайға қарай ыңғайланып, реттелетін қозғалысқа айналды. 2. Жаппай стахановшыландару жүргізіліп, өндірістің берекесі кетті. 3. Жекелеген адамдарға рекорд үшін жағдай жасалды. 4. Еліктеушілік, біріңғай ойлаушылық психологиясы қалыптасты.

  1. Аштықтың демографияық салдары. 30-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуал.

1927 ж.желтоқсанда Партияның 15-ші съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ұжымдастыруды 1932 ж.көктеміне қарай аяқтау көзделді. Ұжымдастыру дегеніміз жеке ұсақ шаруашылықты ірі ұжымдық шаруашылыққа айналдыру.Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында ЖЭС-ті жүзеге асыру мәселесі шаруашылыққа біраз өзгерістер әкелді. Ең алдымен кооперативтік қозғалыс дамыды. Ұжымдастыру қарсаңында 1072 ұжымдық шаруашылық жұмыс істеді. 1929 жылы республикадағы мал саны 40,5 миллионға дейін жетті. Бірақ Ф. И. Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» бағыты игі нәтижелерге кері әсер етті.1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитеті «Ірі бай шаруашылықтарын, жартылай феодалдары конфискелеу және жер аудару» декретін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал алынды. Малдар, негізінен, колхоздарға берілді. Көптеген орташа шару¬алар байлардың қатарына жатқызылды. Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру Коммунистік партияның XV съезінде ауыл шаруашылғын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақ жерінде колхоз құрылысы 1922 жылдан бастап кеңейді. Ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. 25 мыңдықшылар деп аталған 1204 «ұжымдастырушы» Мәскеу, Ленинград сиқты орталықтар¬дан жіберілді. Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. 1931 жылы көшпенді және жартылай көшпенді шаруаларды жаппай отырықшыландыру жөнінде міндет қойылды. Ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізіле бастады. 1928–1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы: республика шаруашылығының 1928 жылы 2% -ы, 1930 жылы сәуірде 56,4%-ы, 1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды. Ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды. Мысалы, 1931–1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Ұжымдастыру зардабы 1929–1933 жылдар аралығында Қазақстандағы біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) 3386 адамды ату, 13151 адамды түрмеге қамау туралы үкім шығарды. 1930–1932 жылдары Қазақстанды әйгілі ұлы жұт аштық жайлады

  1. Алаш зиялыларына қарсы саяси қуғын-сүргін. Ф.И.Голощекиннің Алаш зиялыларына қарсы әрекеттері.

1931-1933 жылдардағы ашаршылық- Қазақстан тарихындағы ең зұламат кезеңдердің бірі . Иісі алаштың санасынан мәңгі өлмес қасірет. Негізінен жас балалар мен әйелдер қырылғандықтан оның демографиялық. зардабы ауыр болды.Қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні  “қызыл қырғын”, “голощекиндік геноцид” деген тарихи атқа ие болды. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20-ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі және «Ұлы жұт» болып саналады.

1930-1933 жылдар қолдан жасалған қасірет, қырылуы тарихта бұрын сонды болмаған.Ашаршылық жылдарында қандастарымыз оқ тимей-ақ опат болды.  Бір ұлтты,  бір халықты жер бетінен жою қасақана жасалған геноцид. Сол кездегі өлкелік партия комитетінің І хатшысы Ф.И.Голощекин болған. Әсіресе, Голгщекиннің «Кіші қазан» идеясы халықты есеңгіретіп  кетті. Қазақстанда

жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауылшаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады.

Демографиялық жағдай

1930 жылдары –  313мыңнан астам адам қайтыс болды.

1931 жылдары –  755 мыңнан астам адам қайтыс болды.

1932 жылдары –  769мыңнан астам адам қайтыс болды.

1 млн-нан  астам қазақ республикадан тыс жерлерге көшірілді.

616 мыңы қайтып оралмады.

414 мыңы елге қайтып келді.

1931-1933 жылдары 2, 1 млн. адам қырылды.

1930-1932 жылдары 1 млн.750 мың қазақ қырылды.

Қазақтың  жаппай қырылуы -40%  құрады.

Әлеуметтік жағдай

– Халық аштық пен індеттен қырыла бастады.

– Тірі қалғандар аштықтан әлсіреген

-Ит, мысық және алуан түрлі өлекселерді жеді.

–  Аштық апаты мен себебтері т уралы «Бесеудің хаты» жазылды

  1. Қазақстан мәдени құрылыс жылдарында. Сауатсыздықпен күрес. Ағарту саласындағы қайшылықтар.

Сталин ішкі және сыртқы қауіпті сезініп, ауыр өнеркәсіп пен жедел индустрияландыруды дамыту арқылы қорғанысты нығайтуға ұмтылды. Есебі жоқ адам шығыны оны ойландырмады. Зерттеушілер дәлелдегендей социалистік құрылыс жаппай жазалау, қудалау саясатымен нығайтылды. Сотталғандардың еңбегі тегін пайдаланылды. Ірі – ірі құрылыс обьектілері жазықсыз жандардың көз жасымен салынды. Ең сұмдығы адамдар «халық жауын» әшкерелеуге деген ұмтылыспен тәрбиеленіп, репрессиялық сана нормаға айнала бастады. Бірақ сонда да адамдар адами құндылықтардан айырылмады. Сонымен саяси қуғын – сүргін салдарынан ұлттың рухы тұншықтырылды. Әсіресе, отбасы бірлігіне қарсы бағытталған саясаттың астарында үлкен мән жатты. Ол ұлттың тектілік келбетін жою болатын-ды. Әрбір ұлттың ғасырлар қойнауынан келе жатқан ұлттық құндылықтарын қасақана жою арқылы тамырсыз адамдарды (өзіндік көзқарасы, ұстанымы болмайтын жандар) қалыптастыру саясаты қарқынды жүрді. Нәтижесінде тап күресі деген адам ақылына сыймайтын ұғым өмірге енгізілді. Осы мәселені де тереңнен зерелеуіміз керек. Өйткені, қазақ қоғамының өзіндік өмір сүру салтына сай қалыптасқан әлеуметтік құрылымы большевиктер саясатына мүлдем сай келмеді. Нәтижесінде таптық көзқарастар қазақ қоғамының дәстүрлі әлеуметтік құрылымын, түйіндеп айтқанда адами құндылықтар жүйесін бұзды. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сынды көптеген Алаш зиялылары тап күресінің қазақ ұлтының өмір сүруіне зор қауіп төндіретіндігін дәлелдеді де. Тіпті, Алаш зиялылары қазақ қоғамында тап күресінің болмағандығын, оның тамырын жаймау себептерін ғылыми тұрғыдан зерделеді де. Өкінішке орай, кеңестік тоталитарлық тәртіп ұлттық құндылықтарды жою саясатымен қаруланғандықтан, өзіне қарсы келгендерді (отбасы мүшелерімен, туған-туыстарымен қоса) саяси қуғын-сүргінге ұшыратты.

Саяси қуғын – сүргін салдарынан конформизм, бюрократизм, жағымпаздану секілді көптеген адами дамуға кереғар теріс түсініктер өмірден орын алып, тамырын тереңге жайды. Алаш зиялыларының «большевиктер ылаңы көпке кетер, биліктен кеткенше талайды былғап кетер»,- деген мазмұндағы даналығының ақиқатына біз куә болып отырмыз.

  1. Мәдениеттің ұлттық негіздерінің бұзылуы. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм.

Мәдени салада Кеңкс өкіметі мынандай стратегиялық міндеттерді анықтап берді: Дәстүрлі өмір салтынан қол үзу; сауатсыздықпен күрес жүргізу және кеңестік білім беру жүйесін қалыптастыру; атеистік тәрбиені күшейту; мем-к және партия билігіне комм-к идеология рухында тәрбиеленген шенеуніктерді даярлау. Осы міндеттердің ең негізгісі – білім беруді дұрыс жолға қою болды.

1919 жылы 26 желтоқсанда Халық Комиссарлар Кеңесі сауатсыздықты жою жөніндегі декретке қол қойды. Бұл мәселемен айналысатын арнайы комиссия құрылды.

1920-1921 оқу жылында Қазақ өлкесінде 72232 адам оқитын 2412 сауатсыздықты жою пункттері жұмыс істеді. Ауылға жаппай мәдени-ағарту жорығы ұйымдастырылды. Сауатсыздықты жоюдың жылжымалы бөлімшелері жұмыс істей бастады, әйелдерді оқыту үшін «Қызыл отаулар» құрылды. Білім беру жүйесінің бастауыш, толық емес орта білім, орта бәләм беретін мектептері қалыптаса бастады.

1928 жылы қазақ әліпбиі араб графикасынан латын әліпбиіне ауысып, ұлттық дәстүріміз бен мәдениеттің дамуына үлкен кедергілер туғызды. Әліпбидің ауысуы қазақ тілі ғылымының дамуына да өз зардабын тигізді.

Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып жіберуге бағытталған болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі — кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды. Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық болып табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз шығармашылығында нақтылы ұлттық көкейкесті мәселелерді көтереді; қаңдай абстрактылы шығарма болғанымен, оның тамыры этностық фольклордан, халықтық педагогика, этика, дүниетанымнан нәр алады. Жоғарыдағы «социалистік» мазмұнды көмкерген ұлттық форманы Сталин тек тілге әкеп тіреген. Олай болса, өз ұлтының тарих-талғамын орыс тілінде жазған Ш. Айтматов пен О. Сүлейменовты қалайша ұлттық мәдениеттен аластаймыз. Әдеби тілден басқа әр этностың өзіндік рәміздері, таңбалары, музыка, театр, көркемөнер тілі бар. Әр этностың төлтума мәдениетіне үлкен нұқсан келтірген большевиктік «тәжірибелердің» бірі — ұлтаралық некелесуді дәріптеу. Әрине, табиғи-тарихи жағдайларда бұл — прогрессивті процесс, дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу ағынының бір бұлағы. Әр түрлі этностардың, тіпті нәсілдердің араласуы нәтижесінде қазіргі әлемде көрнекті рөл атқаратын американдар, бразилиялықтар, мексикандар, үнділер сияқты халықтар қалыптасты. Этнобиологиялық және этноинтеграциялық тұтастануды оқшаулану деп түсінудің ауылы ақиқаттан алыс. Алайда Кеңес Одағында бұл процесс өктемділікпен жүргізіліп, империядағы басқа халықтарды орыстандыру саясатында өтті. Саяси- тұрғындарының саны 20 миллионға жетті». (Тарақты А. Ауызша тарихнама — Қазақ, 36-бет). Шын мәнінде, Кеңес Одағы маргиналдар қоғамына айналды.идеологиялық ұрандардың желеуімен 200-ден астам этностар араластырылып жіберілді. «Нәтижесінде жүзге тарта төлтума мәдениет мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын тартты. Осынау жойқын да жойдасыз қасіреттің орнында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төлтума мәдениетін әбден таптап, химералық күйге жеткен 300 миллион тобыр қалды; басқа ұлтпен некелескен 60 миллион дүбара қалды; 60 мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге алынғаны ғана); абақтының тұрақты

  1. Қазақстан соғыс қарсаңындағы жылдары. Қазақ АКСР-інің одақтас республикаға айналуы

Қазақ АКСР – інің құрылуы.

1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б.

Казревком міндеттері: 1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. 2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату. 3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу.

1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды.

Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды: – «Ұшқын» газетін шығарды. – Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.

– Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.

1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынборқаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.

1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы»қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.

Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы: 1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі. 2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі. 3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.

  1. 1936 жылғы КСРО Конституциясы және 1937 жылғы Қазақ АКСР-інің Конституциясы – сөз бен істің қайшылығы.
  • 30-жылдардың ортасында бұрынғы КСРО-да аса күрделі өзгерістер болды. Капитализмнен социализмге өтетін өтпелі

 

кезең аяқталып, социалистік қоғамдық катынастар негізінен жеңіске жетті деп есептелді. Бұндай үлкен қорытынды индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (коллсктивтсндіру), мәдени революцияның шешуші жеңістерімен байланыстырылды. Адамды адамның канауының саяси-экономикалық негіздері жойылды деп саналды.

 

Мұндай түбегейлі өзгерістер КСРО Конституциясын өзгертуге негіз болды. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-нъщ жаңа Конституциясы қабылданды. Конституцияда Казақстанға Одактық республика мәртебесі бсрілді. Осылай КДКСР-і Казақ Кеңестік Социалистік Республикасына айналды. Казақстанның одақтас республикаға айналуы сөз жоқ аса маңызды саяси тарихи оқиға болды. Бұл Казақстанның болашақ тәуелсіздігін қамтамасыз еткен үлкен мәнді қүқыктық акті және саты болды.

Осыған байланысты 1937 жылы 26 наурызда бүкіл-қазақстандық кеңестердің төтенше X сьезі Казақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын бекітті.

Конституция 11 тараудан 125-баптан тұрды». I тарауда қоғамдық кұрылыс анықталды. 1-бапта КдзКСР жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп көрсетілді. КдзКСР-дің саяси негізі еңбекшілер депутаттарының кеңестері деп анықталды (2-бап). ҚазКСР-дің экономикалық негізі соцалистік-шаруашылық системасы және социалистік меншіктегі өндіріс құралдары мен саймандары (4-бап) деп танылды. Социалистік меншік не мемлекет меншігі не колхоздың кооперативтік меншік түрінде болды. Сондай-ақ азаматтардың өзіндік меншік анықталдалды

 

  1. 1937-1938 жж. тоталитарлық режимнің саяси қуғын-сүргіні. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударылуы.

. Қазақстандағы екінші репрессия  1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы  Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі  үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді. Соның ішінде деп слайд арқылы  сол кездегі қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыр – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының  мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік,  самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.2. Осы жазалау шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды. 1930 жылдың мамыр айында  КСРО Халық Комиссарлары  Комитеті  «Қазақстанда еңбекпен түзеу  лагерьін  құру туралы»  қаулы қабылдайды. Қазақстан картасында  Карлаг, Степлаг, Алжир т.б лагерьлер пайда болады.  Видеоролик арқылы  түсіндіру. Қазақстанға күштеп көшірілген корей ұлтының бұрынғы КСРО мен Қазақстан территориясына корейлердің қоныстандырылу себебі, тұрмыстық жағдайы кеңестік, ресейлік, қазақстандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерінен көремізге болады. Ресейдің Қиыр шығысына қоныстанған корейлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын алғаш зерттеген Н. Насекин болды. Оның «Корейцы Приамурского края» еңбегінде кәрістердің тұрғын үйі, тамағы, киім-кешегі, тұрмыстық бұйымдары, үйлену, т.б. салт-дәстүрлері жайында этнографиялық мәліметтер берілген. Кеңестік кезеңде, нақты айтқанда 60-жылдары КСРО-да тұратын корейлердің саяси, әлеуметтік, мәдени тарихына арналған Ким Сын Хваның зерттеу еңбегі жарық көрді. Автор бұл еңбегінде ұлттардың саны, әлеуметтік құрылымы, өмірі, тұрмысы, шаруашылығы, білім беру жүйесінің қалыптасуы, ұлттық театрдың пайда болуы, әдебиеттің даму барысы жайында құнды деректер береді . Республиканың егемендігін алғаннан кейінгі жылдары кеңестік корейлердің тағдырына Оңтүстік Корея зерттеушілері де қызығушылық таныта бастады. Ең алғашқылардың бірі болып Ли Кван Гю мен Тен Генг Су Кеңестер Одағына корейлердің қоныс аударуының себептерін, олардың 40-60 жылдардағы Қиыр Шығыстан Орта Азияға қоныс аударуының негізгі  мақсатын анықтап 1989 жылғы Бүкілодақтық санақ мәліметтеріне сүйене отырып, Кеңестер Одағындағы корейлердің демографиялық өсіміне сипаттама берсе, ал Оңтүстік Корея ғалымы Банг Сан Хе мен өзбекстандық ғалым П.Г. Ким «История переселения советских корейцев» атты монографиясында кеңестік корейлердің қоныс аударуы тарихын мұрағат құжаттары арқылы талдауға алған. Қазақстанның тарихшы-корейтанушысы Г.В. Кан ХХ ғасырдың 80-жж. соңынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстанға күштеп қоныстандырылған корей ұлтының саяси тағдыры, әлеуметтік-мәдени дамуы, экономика саласына тигізген үлесі, корей диаспорасы, Корея мен Қазақстан арасындағы  ұлтаралық қатынастар мәселелеріне арналған еңбектер жазды және жазу үстінде. Оның алғашқы толыққанды ғылыми-құжаттық зерттеуі «История корейцев Казахстана» тарихи очеркінде корейлердің Орта Азия аймағымен байланыстары, корейлердің Қазақстанға қоныс аударуы және оның салдарлары туралы мұрағаттық құжаттар негізінде қызықты мәліметтер береді. Корей диаспорасының қазіргі кезеңдегі мәдени қайта жаңғыруын, көпұлтты Қазақстанда ұлттық татулық мәселелерін қарастырады. Мерзімді басылым беттерінде де депортация мәселесіне байланысты, соның ішінде Қазақстандағы корейлердің күштеп қоныс аударылуы мәселелерін қарастырған мақалалары жарық көрген.Қазақстан корейлері тарихын зерттеуде жетекші орын алатындардың бірі  Г.Н. Кимнің ғылыми еңбектері болып табылады. Оның ғалымдар Г. Ханмен, Д.В. Менмен және Сим Енг Соб, Чан Вонг Чанг, Пэк Тхэ Хен бірігіп жазған еңбектерінің маңызы зор [18]. Бұл еңбектерден қазақ жеріндегі корейлер диаспорасының әлеуметтік-мәдени өмірінен толымды мағлұматтар ала аламыз. Қазақстанда мекендеп корей ұлтының отбасылық салт-дәстүрі, ырым-жоралғылары жайлы, атап айтқанда баланың дүниеге келуінен бастап  жасалатын түрлі әдет-ғұрыптары тарихшы Л.В. Миннің жұмысында қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстанға қоныстанған корейлердің мәдениеті, оқу-ағарту саласындағы жетістіктері, салт-дәстүрін зерттеу барысында ғалымдар Ю.В. Ионованың зерттеулері мен Цой Ен Гын, Ян Вон Сиктің құрастыруымен шыққан еңбегі мен түрлі жинақтарға шыққан мақалалар пайдаланылды.

 

  1. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі – түрік халықтарының рухани жаңаруына бағытталған елеулі қадам.

Мұстафа Шоқай – патшалық Ресей заманында Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының саяси бюросында қазақ халқының мүддесін тұңғыш көтерген адам. Түркістанда құрылған Мұсылман орталығының тұңғыш басшысы. КСРО құрамындағы қазақ халқының мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ.

Мұстафа 1890 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Мұстафа Шоқай» ауылында (бұрынғы «Наршоқы) дүниеге келген. Атасының арғы тегі қыпшақтардан тарайтын Торайғырдың белді ақсүйектеріне жатады. Ол атақты Торғай датқаның немересі, беделді де бетті Шоқайдың бел баласы. Нағашы жұрты Хиуаны билеген қазақ хандарының әулетінен өрбиді. Мұстафа ауылда жүріп хат таниды. Әліпті ә дегенде ата-анасынан үйренгенге ұқсайды. Содан кейін Александр Керенскиймен бірге маңдай алды болып Ташкент гимназиясын, кейін Петербор университетінің заң факультетін үздік бітіреді. Соңынан уақытша үкіметтің басында тұрған сол Керенский Мұстафа Шоқайға өз кабинетіндегі міністірдің орнын ұсынады, ал Мұстафа одан бас тартады.

Мұстафа Шоқай Түркістанның тарихын бес саусағындай білген . Ол мәдениеттің, саясат пен заң ілімінің дамуына деген көзқарасын түрік, орыс, ағылшын, француз, неміс, тәжік тілдерінде баяндап, жазып отырған.

Мұстафа Шоқайдың шетелдік эмиграциядағы саяси қызметі бүкіл Түркістан жұрты үшін жазба және ауызекі жүргізген үгіт-насихат жұмыстарынан көрінеді. Оның аса шебер ұйымдастырушылығы, ұлттық құндылықтар саласында жасаған тұжырымдары осы күнгі саясатпен ұштасып, сабақтасып жатқандығы дәлел болады.

 

 

 

  1. Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті.

Ұлы Отан соғысына еліміздің шамамен 20 пайыз халқы қатысты.

Тарихта Ұлы Отан соғысы ретінде таңдалған бұл бес жылға созылған шайқасқа Қазақстанда жасақталған 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жөнелтілген еді. Еліміздің аумағында жасақталған бұл әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты.

Тарихи деректерге жүгінсек, Мәскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Панфиловшы аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты.

И.Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Ресей астанасы түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев сынды қазақстандықтар асқан ерлік танытты.

1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Нұркен Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды.

Соғыстың шешуші жеңіс нүктесін қойған Берлин операциясына қазақстандық 118-ші, 313-ші атқыштар дивизиялары және 209-ші атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118-ші атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік танытты. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.

Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары – Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004 жылы Президенттің Жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді.

Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам қоныстанса, кейбір деректерге қарағанда соның ішінде қолына қару алып, майданға аттанған адамдар саны 1 млн. 200 мыңға жетіп қалады. Ал соның тең жартысы сұрапыл соғыстан отбасына орала алмады. 528 адам ерен ерлігі үшін Кеңес одағының ең жоғары атағы Кеңес Одағының батыры атанса, бірнеше мыңдаған қазақстандық түрлі орден, медальдармен марапатталды.

 

43 билет .Соғыс жылдарындағы (1941-1945жж) ғылым, мәдениет, және халыққа білім беру қызметі

Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған өдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де – өз аддына бір тебе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Абай» эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы бодды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар), «Мосфильм» мен «Ленфильм», 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді. Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбыдцың «Ленинградтық өрендерім» деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Б.Бұлқышев, Т.Жароковтың, Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындары-ның соғыс көзіндегі жазған шығармалырының жігерлендірушілік мәні болды. Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Әдебиет пен өнерді, ғылымды дамытуда қазак мәдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері А.К.Толстой, СЯ.Маршак, КГ.Паустовский, Ф.И.Панферов, С.Н.Сергеев-Ценский, И.П.Бородин, Л.С. Берг, В.И.Вернадский, Н.Ф.Гамалея, Н.Д.Зелинский, Л.И.Мандельштам, Ю.А.Завадский, С.М.Эйзенштейн, Н.Д.Мордвин, В.П.Марецкая, Н.К.Чер-касов, С.С.Прокофьев, С.С.Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.

Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғыльши мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп кедці. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент күрылыс материаддары технологаялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазак физкультура институты ашыдды. Интеллигенция Отанға шексіз берілтендіктің өнегесін көрсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажеті-ңежаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, теңдесі жоқ Т-34 танкісі, атақты «Катюшасы», жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының жауынгерлері Отанды қорғау туралы, халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жүмьщырылды, тыл мен майданның біршгін арпырды, тылда да, маңцанда да, партизан өлкелерінде хеңісті шындады. Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар дургізді. КСРО халықтарының 70 тіліңде, 28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.

Ұлы Отан соғысы кезіңде (1941-1945) Совет Армиясының жауынгерлеріне тылдағы еңбекші халықтың кемегін жеткізген делегациялар. Совет халқының фашист басқыншыларына қарсы күресіндегі майдан мен тылдың бірлігі Қазақстан еңбекшілерінің әскери құрамалармен және бөлімдермен байланысында тылдан майданға және майданнан тылға делегациялар жіберулерінен айқын көріңці. Республиканың таңцаулы адамдары, өндірістегі стахановшылар, озат колхоз-шылар Отанымыздың қаһарман жауынгерлеріне ел сыйлығын алып барып, туған Қазақстанның шын жүректен шыққан ыстық махаббат сезімін, қамқорлығын жеткізді. Алматы қаласы мен Алматы облысы еңбекшілері 1941 жылы желтоқсанда 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының жауын-герлеріне жаңа жылдық сыйлықпен делегация атгандырды. Делегаттар жауынгерлерді гвардиялық жоғары атаққа ие болуымен құттықтады, тылдағы жан қиярлық еңбек жайлы айтып берді. «Гвардияшылардың жүздерін шаттық сезім кернеді, – деп жазды делегаттар елге оралғаннан кейінгі берген есептерінде, – олар өздерінің туыстарына, таныстарына, жерлестеріне дән риза болды, тыл еңбеккерлеріне Қызыл Армияны қару-жарақпен, азық-түлікпен, киіммен үздіксіз қамтамасыз ететіндіктеріне сенімдері арта түсті. Біздер сөйлеп болған соңжауынгерлерге, командирлерге және саяси қызметкерлерге жаңа жылдық сыйлықтарды тарату басталды. Жауынгерлер үлкен қуанышқа бөленді. Олар біздің қолымызды қатты қысты, сол жерде, өздерінің өмірлерін әділ ісіміз үшін, Отанымыз үшін аямайтындықтары туралы серт берді…». Сыйлық тиелген эшелондармен Қазақстан делегациясы қоршаудағы Ленинградқа барды. 1942 жылы ақпан-наурызда Ленинград майданына қарағандылық делегация 24 вагон Ақмола облысының делегациясы 25 вагон азық-түлік жөнё киім-кешек әкелді. Қазақстан еңбекшілері 1943 жылы Қызьві Армияның юбилейі құрметіне Ленинградтың қаһарман қорғаушыларына арналған 65 вагон сыйлық жинадьг. Қазақстан делегациясын ленинградтықтар, жауынгерлер меи командирлер, Балтық теңізшілері мен партизандар ерекше ілтипатпен қарсы алды. Барлық жерде халық көп жиналған митингілер өтті. Ленинград радиосы Қазақстан майданды қару-жарақпен қамтамасыз етудегі ерлік еңбегі жайлы хабар таратты. Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың көрнекті әнші-актерлері К.Ж.Байсейітова, ЖЕлебеков, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Өмірзақов, Ү.Тұрдықұлова, Ә.Ә.Үмбетбаев М.Абдуллин, Б.Артықова, Н.Әбішев, Ш.Бейсекова, Қ.Лекеров; бишілер Ш.Жиенқұлова, З.Розмұхамедова; домбырашы Л.Мұхитов болды.

Орыс пен қазақ екі халықтың тарихындағы жарқын беттердің бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО халық комиссалары кеңесінің шешімімен Алматыда біріккен орталық көркем фильмдер киностудиясы құрылып, Қазақстан киноматографтары ресейлік әріптестермен бірге жұмыс істеген шақты қамтиды.Ол Қазақстан кино өнерінің дамуындағы елеулі кезеңге жол ашып берді. «Мосфильм мен «Ленфильмнің шеберлері қазақ әріптестерімен ынтымақтаса жүріп, бірталай көркем фильмдер жасады. Атақты режиссерлар,ВШК оқытушыларыС.Эйзенштейін,С.Юшкевич, Г.Козинцев, Л. Трауберг актер шеберлігі бойынша сабақ жүргізді, кәсіби бай тәжірибелерін ортаға салды. Режиссер-педагогтар О. Пыжова мен Б.Бибиков, У.Шекспирдің пьесасы бойынша әзірлеген, басты рольдерде А.Айманов пен Х.Бокеева ойнаған «Асаға-түсау» спектаклі Қазақ драма театрының ең үздік жұмыстарының бірі болды 1944 жылы Н. Сац пен В.Розов қазақстандық өнер шеберлерімен бірлесе отырып құрған Қазақстандағы тұңғыш балалар мен жас өспірімдер театры көптеген тамаша артистер тәрбиелеп шығарды. Концерттік бригадаларды жазушылар Ә.Әбішев, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы өнер істері жөніндегі басқарманыц бастығы С.Е.Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А-Кузьмич т.б. басқарды. Тыл мен майдан арасындағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942-1943 жылдары Қазақстанға майданнан 16 делегация, ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетгі. Олардың ішіңце Қазақставда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар, Сталинградтық-дунайлық 73-гвардиялық, 391-, 310-, 314-атқыштар дивизияларының т.б. әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлері бодды. Олар кәсіпорын-дарда, колхоз, совхоздарда, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде болып, өз бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып берді. 1943 жылы 10 ақпавда 391-атқыштар дивизиясының делегациясы «Казахстанская правда» газетіне қаһармандығы мен ерлігі үшін Ленин орденімен наградталған майдангер-қазақстандықтар дивизия санитары Сартанов, капитан Ивкин, сержант Кравченко, әскери дәрігер Сухарукова туралы мақала жазды. 1943 жылы сәуір-мамырда екі апта Алматыда және облыста «Киров» крейсерінің делегациясы болды, олар крейсер комсомолецтерінің Қазақстанның барлық жастарына арнаған хатьш ала келді. Қазақстан еңбекшілері делегацияларының майданға баруы әрі майдангерлердің тылға келіп кетуі, демалысқа келген Совет Одағынын, Батырларымен еткізілген кездесулер майдан мен тылдың байланысын бұрынғыдан нығайтты. Совет жауынгерлерін майданда қаһармандықпен соғысуға, тыл еңбеккерлерін жанқиярлық еңбекке жігерлендірді.

 

44-билет.  Фашистердің «Түркістан» легионын құру әрекеті. М.Шоқай және басқалар туралы бұрмаланған аңыз бен шынайы шындық

М.Шоқай 1890 жылы Қызылорда облысы, Сұлутөбе станциясында дүниеге келіп, әуелі ауылдағы мектепте, кейін Ташкентте, Петерборда білім алған. Бірқатар шетел тілдерін жетік меңгерген білімді заңгер кісі болған. 1917 жылы қарашада Қоқанда болған ІV бүкілтүркістандық мұсылмандар съезінде Түркістан автономиясы жарияланғаны мәлім. Жалпы Қоқан автономиясы атанған  бұл үкіметтің бірінші Президенті Мұхамеджан Тынышбаев болды. Кейін оның орнында  М.Шоқай сайланды. Кеңес үкіметі Түркістан Қоқан автономиясын күшпен таратты. Осыдан кейін М.Шоқай шет елге кетуге мәжбүр болған. Шет елде жүрсе де  большевиктермен идеялық күресін тоқтатпады. 1917-40 жылдары аралығында  Ыстамбұлда және Берлинде жаңа  Түркістан мен Жас Түркістан журналдарын басып шығарып, онда кеңес өкіметінің әділетсіз саясатын бүкіл Батыс елдеріне жария етті. М.Шоқайға зерттеушілік, ағартушылық қызметін уақытша доғаруға тура келді, себебі 1941 жылғы 22 маусымда гитлершілдер Кеңес Одағына шабул жасаған күні әскершілер оны тұтқындаған еді. Сол кезде  Францияда жүрген М.Шоқайды Париж түбіндегі Компьен концлагеріне қамайды. Мұстафанның  зайыбы Мария Шоқайдың айтуына қарағанда,ол фашистердің КСРО-ға шабул жасағанын естіп, қатты қапаланған. Мұстафа концлагерде екі аптадай отырған. Ол кезде немістер  Мұстафа Шоқайды тұтқындағы  Түркістандықтармен жүздестіреді. Гитлершілдер оны өздерінің жағына шығарып алуға тырысып бағады. Оның беделін өздерінің насихаттық мақсаты үшін пайдаланып қалуға әрекеттенеді. Алайда М.Шоқай фашизмнің Еуропаның ғана емес, Ресей мен Түркістанның да барлық халықтарына құлдықтың қара бұғауын әкелетінін жақсы түсінген-еді. Сондықтан  олармен ынтымақтаса, ауыз жаласа алмауы керек. Ол өзінің үлкен Отанына адалдығын сақтап қалды, концлагеріндегі  әскери тұтқындармен кездескенде де олардың рухын көтеруге, болашақ жеңіске деген сенімін шыңдауға күш салады. Ұзақ уақыт М.Шоқайға немістерге қызмет еткен, немістің генералы шеніне дейін көтерілген, «Түркістан легионын» құрушы – деген айып тағылып, жалған лақап таратылды. Ал шын мәнінде М.Шоқай «Түркістан легионын» құрушы көсем емес, себебі: ол жайлы қазір көз көрген қариялар, кезіндегі легионерлер анық айтады. Солардың қатарында кезіндегі легионер, кәзірде ақын Хамза Абдулла, жұбайы Мария Яковлевна Шоқай т.б. бар. Олардың айтуынша М.Шоқай тұтқындарға жағдай жасап, оларды Қызыл әскерге қарсы майданға жібермеуге күш салған. Тұтқынға түскен Түркістандық солдаттардың ауыр, адам аярлық халін көрген М.Шоқай оларды азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз етуге көмектескен М.Шоқайдың ауыртпалығы да, азабы да мол қысқа ғұмырында аузынан тастамай кеткен мұңлы да, нұрлы сәттері Әміре Қашаубаевпен кездесуі еді. Алғаш рет олар адал достардың көмегімен Мұстафаның пәтерінде кездескен еді. Мұстафа Әміре даусына тәнті болды. Бұл оның туған жерге деген сағынышы жан жүрегін қатты сыздатқан сәттер еді. Әмірені тыңдап ол алпыс екі тамыры иіп, сайын-сахарасын, оның жұпар исін, жазира-жазық шалқар көлін сезініп, шерін тарқатты. Бұдан біз кейінгі ұрпақ М.Шоқайдың нағыз патриот, Отанын, ұлтын, сүйген азамат болғандығын сезінеміз.   Түркістан легионы жайлы, ондағы М.Шоқайдың рөлі жөнінде зерттеулер баршылық олардың кейбіреулерінде, әсіресе кеңес дәуірінде жазылған еңбектерде М.Шоқайды қаралайтын кезеңдер кездеседі. Ол легионды құрушы емес, оны нақ құрушы өзбек ұлтты Вали Каюм. В.Каюм Шоқайдың көзі тірісінде оның тіршілігіне көп кесірін тигізіп, қайтыс болғанан кейін де Шоқайдың атын жамылып, немістерге біраз қызмет еткен. Ал М.Шоқай болса 1941 ж. 27 желтоқсанда Берлиндегі немістердің  ауруханасында қайтыс болады. Шоқайдың қазасы туралы да түрлі деректер кездеседі. Солардың қатарында М.Шоқайдың кітабы да бар. М.Шоқаймен жиырма жылдан аса бірге өткізген өмірін баяндау арқылы  оның адамгершілік, қайраткерлік бейнесін көрсетеді. Сол сияқты кітапта М.Шоқайдың легион құруға еш қатысы болмағаны, оның мақсаты Түркістандық тұтқындардың өмірін сақтап қалуға ғана бағытталғаны, ешбір әскери саясат ұстанбағаны, неміс генералы да болмағаны туралы дәлелдер жеткілікті. М.Шоқайдың Түркістандық тұтқындардың алдында сөйлеген соңғы сөзінде «барлық күшіміз» бен қуатымызды Ерікті, Тәуелсіз Түркістанды құру үшін жұмсайық – деген еске түседі. Жеңістің мерейтойы аталып жатқан күндері, осы жеңіске өз үлесін қосқан ұлттық батырымыз жерлесіміз М.Шоқайдың есімін де атап өткен орынды.

 

45-билет. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.). Қазақстан аумағында ядролық полигондардың құрылуы.

¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда және Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті. Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақ-стан Кеңес Одағының әскери-енеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды. Қазақ жерінде әскери ендірістің, Семейдеп атом полигонының, басқа да әскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосыл-ды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде – Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа дейінп кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті. Қаратау тау-кен химия ком-бинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақ-стан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қала-ларда 730 өнеркәсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті. Жеңіл өнеркәсіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. Бірәқ бұл Қазақстан экономикасындағы «Б» тобының артта қалуын білдіретін еді. Байланыс саласында Мойынты-Шу, Жамбыл-Шолақтау теміржолдары салынды. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды. Алматы қаласында автомат-ты телефон станциясы іске қосылды. 1960 жылы Қазақстан электр қуатын 1945 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге көп ендірді. Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру ісі қолға алынды. Ол өндірістік күші аз және ұсақ шаруашылықтарды қосу арқылы жүзеге асырыл-ды. Бүл колхоздардың санын 1945-1952 жылдары 3 есеге қысқартып, 2047-ге дейін темендетті. Бұл кезеңде мал басы өсіп, суармалы егістік көлемі 16%-ға ұлғайды. Соғыстан кейінгі кезенде білім, ғылым және әдебиетпң дамуында бірқа-тар жетістіктерге қол жеткізілді. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылы-ми-зерттеу институты жұмыс істеді. 1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Мил-лионер» және И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары және т.б. құнды еңбектер жарық көрді. Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мәскеуде идеологиялық тапсырма непзшде қолдан жасалған «Ленинград ісі», «Дәрігер-лер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов талантты тарихшылардың бірі еді. Соғыс жылдарында белгілі ғалымдармен, тарихшылармен бірге ғылыми шығармашылық жұмыспен белсенді айналыс-ты. Мысалы, соғыс жылдары А. Кучкин, А. Панкратова, Б. Греков, Н. Дружи-нин сынды белгілі ғалымдар енген авторлық ұжымның құрамында «Қазақ КСР тарихын» жазуға қатысты. Бұл аса құнды еңбек 1943 жылы жарық көрді. 1947 жылы Е. Бекмаханов «XIX ғасырдың 2о10 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеоло-гия саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетеріліске қатысты ғалымның көзқарасы ұлтшыл әрі саяси зиянды деп бағалады. Сол себепті 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский және т.б. қудаланды. Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. 1949 жылдың 29 тамызы Қазақ жері үшін ең қасіретті күндердің бірі ретін-де тарихқа енді. Өйткені Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ жасалды. Семей полигонында 1964 жылға дейін ашық атмосферада атом бомбасына 113 сынақ еткізілді. 1964 жылдан бастап жер асты сынақ-тары өткізіле бастады. И. Сталин өлгеннен кейін (наурыз 1953 ж) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды Осы кезде Қазақстан Компар-тиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. Понамеренко, екінші хатшылыққа Л. Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланды. Н. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру ба-ғытында әрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мәселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары әшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сәйкес Қазақстанда Т. Рыс-құлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақтал-май қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі де болса ез күшінде екенін білдірді. 1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» женінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық түрғыда екі бағыты болды: 1.  Интенсивтік бағыт – экономиканы реттеудің нарыктық қатынасына көшу. Бірақ та бул социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Ода-ғында тың игеруге дейінп астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бул өнім бұкіл игерілген тың жерлердің енімімен пара-пар болар еді. 2.  Экстенсивтік бағыт – астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңцады. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осы-лайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрыл-ды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі кеп жайтты аңғар-тып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кан-темировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Кекшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шақ-канда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын. Тың игерудің непзп қорытындысы – ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақ-стан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жыл-дарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халық-тың әлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі туды. 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан ас-там мал басы болды. Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, XX съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды.

 

46-билет. «Хрущев жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. ХХ ғ. 50-60 жылдарындағы реформалар, олардың сипаты мен аяқталмау себептері.

Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралықаренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХДР, ҚХР, сол кезде социалистік бағдарға бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО-дан іргесін аулақтатып әкетті. Қоғамдық- әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО-ға ең жакын деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды. Қоғамның саяси өмірі. 70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленеді. Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай бетбұрыстың пайда болуы ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып-семген қоғамдық жүйені өзгертуге , нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды ұмтылыстар орын алған еді.Шынтуайттап келгенде , онда социализмнің «сталиндік», «кеңестік» нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселе көтерілді. А.Дубчек бастаған ЧКП басшылығының бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсетті . Алайда мемлекеттік –монополистік социализмнің қуатын шайқауды және демократиялық балама күштер жеңісін қамтамасыз етуді мұрат тұтқан бұл ұмтылыс 1968 жылы «Прага көктеміне» қарсы төндірілген «интернационалистік акцияның» салдарынан іске аспай қалды. ЧКП қатарындағы керітартпа күштерге көрсетілген қолдау бұл күштердің КОКП басшылығында да жеңіске жеткендігін айғақтап берді. Осының нәтижесінде 60-жылдар ортасындағы бетбұрыс төрешіл керітартпа күштердің темір құрсауында қалды. Бұл оқиғаның ізі суымастан «ревизионизмге» қарсы басталған идеологиялық науқан ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, бірқатар басқа коммунистік партиялардағы оппортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партия, оның социалистік қоғамдағы жетекші рөлі туралы «маркстік-лениндік» тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге жәрдемдесуге тиіс болды. Алайда тарих тәжірибесі коммунистік құрылыстың КОКП Бағдарламасында белгіленген міндеттері өзіне сай саяси және практикалық шешімдер таба алмағандығын көрсетті. Ал мұның өзі көптеген сұрақтардың жауабын кемелденген социализм тұжырымдамасынан іздеу қажеттілігін алдын-ала аңғартты. Социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы саяси бағыттың өзегіне айналды. 1967 жылы Қазан революциясының 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзінде-ақ Л.И.Брежнев кеңес халқы жүріп өткен тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуы болып табылады деп мәлімдеген болатын. Бұл «тұжырымдаманың» өзінен бұрынғы теориялық қисындамалардан айырмашылығы социализмнің қоғам дамуының едәуір ұзаққа созылатын кезеңі екендігін мойындауынан көрініс тапты. Осы тұрғыдан алғанда «коммунизмге қарай алып адыммен секіру» идеясынан бас тарту жағдайға байыпты баға беру көрінісі болғандығы шүбәсыз. Бірақ бұл «тұжырымдама» 30 – 40-жылдары мерейі үстем болған, өтпелі кезеңнің бүкіл проблемалары шешіліп бітті, социалистік мұраттар негізінен жүзеге асты және осының бәрі дәлелденген деп санайтын әлеуметтік-экономикалық даму пайымына арқа сүйеді. Осының салдарынан социализмді жетілдіру жолдарын іздестіру ісі (егер мұндай іздестіру жүргізілсе), ескірген түсініктер аясында ғана қанат жаюға мүмкіндік алды. Социализмнің іркіліссіз және қайшылықсыз үдере өркендеуі теориясы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерді зорайтып көрсетуге, шындықты боямалап жеткізуге итермеледі, қоғам өзегіне енген қайшылықтардың, тоқыраушылықтың, төрешілдіктің асқыну себептерін жабулы күйінде қалдырды. Қоғамның даму процесі өткен кезеңдегі жетістіктермен салыстырыла қарастырылғандықтан, сөздер мен ұғымдар бірте-бірте шындыққа мүлде жанаспайтын мазмұнға ие болып, теория да шынайы мән-мағынасынан айырыла бастады. Қиялдағыны қолдағыдай етіп көрсетуге тырысушылықтың барынша асқындаған көрінісі КРСО-ның 1977 жылғы Конституциясында орын алды. КОКП Орталық Комитетінің мамыр (1977ж.) пленумы мақұлдаған Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Талқылау барысында не бары 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. 1977 жылғы қазанның 7-сі күні тоғызыншы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Негізгі Заңның тексін қабылдады. Бұл күн КСРО Конституциясы күні болып жарияланды.

 

47-билет. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салдары.

Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. Осы кезеңде шаруашылықты жүргізуде талантты ұйымдастырушылардың есімдері көпшілікке таныла бастады. Олардың еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Мысалы, Алматы облысындағы «Алматы» колхозының бастығы Л.Манько, «Мичурин» атындағы колхоздың бастығы Қ. Әбдіғұлов Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал, Талдықорған облысындағы «Жаңа талап» колхозының бастығы Н.Алдабергенов екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1950 ж. екінші жартысында МТС-тер таратылып, олардың қарамағындағы ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға берілді. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) құрылды. Кейін олар «Казсельхозтехника» өндірістік–техникалық жабдықтау бірлестігінің құрамына енді. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық–техникалық тұрғыда жабдықталуында тұрақтылық болмады. 1954 жылы 23 ақпан – 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумы болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Жалпы, астық мәселесін шешудің екі бағыты болды: – интенсивтік бағыт, экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу. – экстенсивтік бағыт, яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір жолдары іске қосылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.

 

48-билет. Қазақстан КСРО-дағы қайшылықтар мен дағдарыс құбылыстарының күшеюі жылдарында  (1971-1985 жж.). Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының  экстенсивті сипаты

Кеңестік тарихнамада «орталықтың» өкілдері туралы, олардың адамгершілік, кәсіби қасиеттері туралы сыңаржақты жазбалар сақталған. Алайда, кейінгі зерт¬теулер көрсеткендей, «революцио¬нер¬лердің» шынайы келбеті, мүлдем басқаша болып шықты. Билік өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарында, радио мен телеарналарда партиялық қызмет¬керлерді «шынайы марксист» «нағыз ле¬ниншіл», «интернационалист» ретінде асыра дәріптеді. Ал, шындығында, олар¬дың көбінің білімі таяз, ой-өресінің төмендігі байқалды. Оған ұстазым, белгілі академик Кеңес Нұрпейістің «…В.И.Ленин құрған партияның басқару аппа¬ратындағы жетекшілердің кейбіреулерінде тіпті орта білім де жоқ екен, мысалы С.Орджоникидзе бар болғаны бір жылдық ветеринар курсын бітірген. Ал, Алашорда үкіметінің басқару аппа¬ратындағы он бес адамның сегізінде жоғары білім бар және білім болғанда қандай!» деген сөздері дәлел.

Партия қызметкерлері біліксіздігімен қоймай, қоршаған ортасына қаты¬гез, адамдарға мейірімсіз болған. «Қы¬зылдардың» қолы тиген жерлердің бәрі қанға боялып, елдің демографиялық ахуа¬лы күрт нашарлады. Әрине, бұл құр¬ғақ сөздер емес. Мұның бәрін «гор¬бачевтық дәуірде» ашылған құпия мұ-рағат қорлары айғақтайды. Мысалы, 1917 жылы Қызылордадағы (бұрынғы Перовск – Ақмешіт) билік, жасы 20-ға жетер-жетпес Иосиф Гержод деген «бұзақыға» бұйырды. Ол соғыстан қайт¬қан солдаттар мен тылда қалған «суық қарулы» адамдарды соңынан ертіп, Сыр¬дың бойын паналаған. Оның ал¬ғашқы қадамы «қызыл террордан» бас¬талып, сол баяғы «бұратана» «халықты тәрбиелеу», «адам қылу» сияқты бөспе сөздерге құрылды. Мыңдаған ақмешіт¬тіктер Гержодтың «қанды қол тырна¬ғына» ілікті, ал қалғандары көрші елдерге қашып, жан сауғалады.

И.Гержодтың өмір жолына қарасақ, революцияға дейін жәй хат тасушы, «пошта қызметкері» болыпты. Соғыс жыл¬дарында ғана қазақтың біртуар аза¬маттары Тұрар Рысқұлов пен Сұл¬танбек Қожановтың тікелей араласуымен ұс¬тал¬ған. Тергеу-тінту жұмыстары кезінде И. Гержодтың үйінен біршама алтын қоры табылған, соған қарағанда әйелі екеуі тоналған алтынды үйінде жа¬сырған болуы керек.

1919 жылы И.Гержод Ташкент Со⬬депінің шешімімен ату жазасы¬на кесіледі. Бірақ, Иркутскідегі (Қиыр¬ Шығыс) оның серіктестері «револю¬ционерді» Таш¬кенттен шұғыл алдыртып, сол күні-ақ еркіне қоя береді. Осылайша, ке¬ңес¬тік саясаткерлер «бір кемедегінің жаны бір» дегендей, оның өмірін «көздің қарашығындай» сақтап қалады.

49-билет.Қазақстан ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының екінші жартысындағы М.С.Горбачев реформасы жағдайында.  Алматыдағы 1986 ж. жастардың Желтоқсан қозғалысының себептері мен тарихи маңызы.

1985 жылғы наурызда К. У. Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М. С. Горбачев сайланды. КОКП Орталық комитетінің сәуір айында болған пленумында әлеуметтікэкономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасалынды. Пленумда әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету бағыты жарияланды. Бұл серпілісті саяси басшылық дамудың экономикалық қарқынының бәсеңдеуіне жол бермеу және негізгі күштерді осы бағытқа жұмылдыру арқылы жүзеге асығуға тырысты. Ғылыми-техникалық прогресс негізінде экономиканың құрылымдық қайта құру проблемаларын КОКП Орталық Комитетінің ірі мәжілісінде талқылау жаңа басшылықтың алғашқы қадамы болды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП-ның XXVII съезінде бұл бағыт қолдау тауып, дамытылды. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардағы түпкілікті өзгерістер социализмді жетілдірудің құралы, социалистік құрылыстың орасан зор артықшылықтары мен мүмкіндіктерін ашудың шарты деп қаралды. Сәуір (1985 ж.) пленумы, одан кейінгі пленумдар да, КОКП-ның XXVII съезі де КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады және құтқара да алмайтын еді. Жеделдету бағыты терең ұғынылған ғылыми концепциясыз, айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді. Жеделдету бағытының сәтсіздікке ұшырауының негізгі кінәлілері жекелеген басшы коммунистер болып жариялануы белгілі бір заңдылық тәрізді. Мысалы, Мәскеуде В. В. Гришин, Ленинградта Г. В. Романов, ұлттық республикаларда Д. Қонаев пен Г. Алиев. Жаңарудағы тежеудің ұшығы әміршіл-әкімшіл жүйенің бұрынғыша сақталуында, оның саяси институттарының тиімсіздігіне, халыққа жаттығында, адамға жақсы еңбек ету негізінен тиімсіз болған, оның экономикалық құрылымдарының өміршең еместігінде жатты. Қоғам дамуының қажеттерінен ғылым да қалып қойды. Алғашқыда жарияланған мақсаттар мен нақты өмірдің арасындағы күрделі қайшылықтардың нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына жеткізді.

 

Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.) 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына жылдар бойы қордаланған осындай себептер түрткі болды. Орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар, шовинистік саясат т. б. қалыптасқан жағдайлар наразылықтың негізгі себептері болды. Наразылық сылтауы. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д. Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комиетінің бірінші хатшысы болған Г. В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және халық мүддесін мүлде елемеушілік болды. Оқиға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында республика басшылығының ауыстырылуына қарсылық ретінде жастар толқуы басталды. Мұндай наразылықтар басқа қалаларда да өтті. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Жастар толқуы бейбіт жағдайда Алматы көшелерінде басталды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан алшақ еді. Тек лениндік ұлт саясатының бұрмаланбауы, әр ұлтқа өз басшысын қою керек деген сөз жазылған тақтайлар ұстап жүрді. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы горнизоны, басқа да әскери күштер жастар жиналған Брежнев алаңын қошады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінің ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойылдар т. б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Оқу орнынан 271 студент, комсомолдан 787 адам шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова сияқты жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-сы ақталды. 1987 жылғы КОКП Орталық Комитеті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КОКП ОК-ның желтоқсандағы жастар шеруін қазақ ұлтшылдығы деп кінәлау қате деген қаулы шығарды. КСРО халық депутаттарының I съезінде ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

50-билет. Жастарға және зиялы қауым өкілдеріне қарсы бағытталған ұлыдержавалық қуғын-сүргіннің қайта өршуі. Орталық кеңестік биліктің Қазақстандағы оқиғаларға берген әділетсіз бағасы. 

Кеңестік Қазақстан тарихының деректерін жинастыру және оларды ғылыми-жарияланымдық мақсатта пайдалану Азамат соғысының аяқталып (1918—1920), бейбіт құрылысқа көшу кезінен бастау алады. Алғашында мерзімді баспасөз материалдары мен ресми құжат үлгілеріне сұрыптау жүргізілді. 1921 жылдың тамызында Қазақ АКСР-і Ағарту халық комиссариатының Академиялық орталығы А. Байтұрсыновтың жетекшілік етуімен ел тарихы мен мәдениетінің жазба дерек көздерін жинау, зерттеу және насихаттау жөнінде ұсыныс көтерді. Сол жылдың күзінде құрылған ҚазКСР-і Орталық мемлекеттік мұрағаты ұйымдар мен мекемелерден түскен құжаттарды мұрағат қоймаларында мақсаттюрі жоспарлы түрде жинап, сақтауға кірісті. 1922 жылы қарашада құрылған Партия тарихының («Истпарт») (РК(б)П және Қазан төңкерісі тарихын зерттеу жөніндегі комиссия) қазақ бюросы тарихи мәні бар құжаттар мен революциялық оқиғаларға тікелей қатысқан адамдардың естеліктерін жинай бастады. Төңкеріс пен Азамат соғысы жылдарында және Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде көптеген тарихи деректер біржола жоғалды, бүлінді немесе ұрланып, жойылып кетті. Деректердің үлкен бөлігі Қазақстаннан тысқары жерлерде сақталды. 1925 жылы Қазақстан астанасын Қызылордаға көшірген кезде осы құнды мұрағаттық деректемелер Орынборда қалып қойды. 1928-1929 жылдары мұрағат мекемелерін Қызылордадан Алматыға көшіргенде де деректер мен құжаттық материалдардың белгілі бір бөлігі жоғалды. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу және Сырдария облыстарының тарихына қатысты құжаттардың елеулі бөлігі Ташкентте қалып, Өзбекстанның мемлекеттік мүлкі саналды. Республикалық мұрағат мекемелері объективті және субъективті қиындықтарды жеңе отырып, жазба деректерді бір орталықта жинау мен сақтау, сондай-ақ оларды зерттеу мен жариялауды ұйымдастыру бойынша қыруар жұмыстар атқарды. Бірыңғай мұрағаттық тораптардың қалыптасуы мен орнығуына орай, республикада тарих ғылымының құжаттық негізі қорланып, ұлғая түсті.1927—1929 жылдары республиканың Партия тарихы бюросы жанынан партия құжаттарын сақтау үшін арнайы мұрағаташылды. Кейіннен бұл мекеме Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы партия тарихы институтының мұрағаты – КОКП OK жанындағы Марксизм-ленинизм институтының бөлімшесі (ауызекі тілде партархив -партмұрағат) деп аталды. 1994 жылдың 14 қаңтарынан бастап бұл мекеме Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты деп аталады. Қазан төңкерісінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында (1927) партия тарихы комиссиясы Сәкен Сейфуллиннің басшылығымен тарихи оқиғаларға қатысушылардың 100-ге жуық естеліктерін жинады. Бұл естеліктер партмұрағаттың ғылыми құндылығы бойынша жоғары баға алған №811 қорының негізін қалады.

 

51-билет. Қазақстанда ұлт-азаттық сананың өсе түсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы.

Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.[1] Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті. Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайұлының қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған “Яш Түркістан” журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады. қ. Алаш ісі. Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы,драматург,публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.[1] 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған., Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы – міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері – күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов – қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі. Шығармалары Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.[3]

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және өлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.Ресми ақталуы 1988 жылы Шә­кәрім ақталып, оның өлмес, өш­пес мұрасы халқына қайта орал­ды. Осы жылы ақынның “Жазу­шы” және “Жалын” баспа­сы­нан өлеңдер, ал “Өнер” бас­пасынан әндер жинақтары жарық кө­рді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерт­кіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.

.

52-билет.Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы.

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993 ) – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері.

Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргенннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Москваның Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп, тау кен инженері мамандығын алған Д.Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, руднигтің бас инженері және оның директоры болып істейді.

Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942-52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады.

Д.Қонаев 1955-60 және 1962-64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-62 және 1964-1986 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді.

Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП ның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық комитетінің мүшесі. Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі ПРезидиумының мүшесі болды.

Д.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Алпысыншы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің озбырлығымен Өзбестанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.

1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Д.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.

Дінмұхамед Ахметұлының балалық шағы мен Мәскеуде оқыған студенттік сәттерін өмірбаяндық деректерінен басқа бергі қоғам қайраткері дәрежесіне жеткен кезеңдерінен өзінің естелік кітаптары мен қызметтес замандастарының, ізбасарларының жазған сан-алуан өмірбаяндық деректерінен жақсы таныс. Қазақ халқынан шыққан ғасырларда ғана біртуар аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты дүние жүзінің барша жұртшылығы жақсы таниды, құрмет тұтады, оның Қонаев деген фамилиясы әлемге әйгілі. Сол Қонай – Димекеңнің арғы Жолын, Нұрмамбет, Азынабайдан кейінгі төртінші атасы болады. Сондықтан берісі қазақ халқының, Қазақстан атты дүние жүзіне танымал республикамыздың өсіп, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Димекеңнің қазақтың Ысты руынан шыққан, жеті атасынан бері тармақтағанда: Жолын, Нұрмамбет, Азынабай, Қонай, Жұмабай қажы, өз әкесі Меңліахмет сияқты діндар бабаларынан таралған нағыз қазақ.

Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

 

3.Д.Қонаев билік құрған жылдары Кеңестік Қазақстан тарихындағы елеулі өзгерістер

3.1. Халықаралық байланыста

70 жылдардан бастап Қазақстанның халықаралық байланыстағы орны кеңейді. Әсіресе Қазақстанның сыртқы саясатында мәдени және экономикалық байланыстар ерекше орын алды.

Қазақстан металл мен руданы, мұнайды экспортқа шығарса, станок пен жиһазды, киім мен электр тауарларын, тағамды сырттан импорттады.

Қазақстан мамандары Египет пен Иранда, Монғолия мен Финляндияда, Ауғанстан мен Үндістанда қызмет етті. Ғалымдар АҚШ, Франция, Италия, Болгария, Чехословакия ғалымдарымен тәжірибе алмасты.

КСРО-ның Франциядағы күндерінде артистер Б. Төлегенова, Е. Серкебаев өз өнерлерін көрсетті. Қазақстанда Кеңес-Сирия достығының күндері өтті. Коммунистік партияның шалағай саясаты Қазақстанның сыртқы байланысына белгілі түрде кедергі жасады.

3.2. Өнеркәсіптің дамуы

60 жылдардың басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағанды МАЭС-І Бұқтырма СЭС-і 45000 шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 2700 адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Мұнай өндеу технологиясы толығымен жаңарды.

1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.

Өнеркәсіптегі жағдай. Ғылыми-технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті.

1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын-мырыш

комбинаты, Шымкент цемент зауыты бастаған 11 өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70%-ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.

1970 жылы Қазақстанның одақ көлеміндегі кемір, темір кені мен қара металдар өндірудегі үлес салмағы өсті. Ақтау қаласында суды тұщытатын қондырғы іске қосылды.

Жеңіл өнеркәсіптер қатары өсті. Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды.

Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. Өндіріс, ғылыми-техникалық жаңалықты енгізу процесі барлық республикаларда бірдей жүргізілген жоқ. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғылыми-техникалық жаңалықтардың 3%-ы Қазақстанға тиесілі болды.

Орталық басқару жүйесінің Қазақстанды шикізат базасы ретінде ұстау бағыты өзгермеді.

70 жылдардың басында Қазақстанда Маңғыстау, Павлодар-Екібастұз, Шымкент-Кентау, Жамбыл-Қаратау аймақтық-өндірістік кешендер салынды.

3.3. Халыққа білім беру

70 жылдарға қарай республикадағы білім беру саласында бірқатар өзгерістер болды. 1970 жылы Қазақ КСР-дегі мектептердің саны 10154-ке жетті. Ал онда білім алатын оқушы саны 3 млн 266 мың болды. 80 жылдардан бастап шағын ауылдардың жойылуымен ондағы мектептер, қазақ тілінде оқу ісін жүргізетін бірнеше мектептер жабылды. Нәтижесінде 1986 жылы республикада физика, математика пәндерін терендетіп оқытатын мектептер ашылды. Бұл мектептерді Қазақ КСР Ғылым академиясы қамқорлыққа алды. 1986 жылы КОКП ОК-ы орта мектеп жұмысын жақсарту шаралары туралы қаулы шығарды.

1972 жылы Қазақ КСР-де жалпыға бірдей орта білім беруге көшудің соңғы кезеңі басталды.

1970 жылдан бастап республикадағы жоғары оку орындарында бірқатар өзгерістер болды. Республикадағы 55 жоғары оку орнында 173,3 мың студент білім алды. Арнаулы орта оқу орындарының саны 246 болды. Бұл оқу орындарында 272,2 мың адам білім алды.

53-билет. Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991 ж. тамыз бүлігі.

. Қазақ КСР-інiң мемлекеттiк егемендiгi туралы Декла- рацияның қабылдануы. Қазақстанда да күн өткен сайын мемлекеттiк егемендiктi жариялауды талап етушiлер күшейе бастады. Қоғамдық қозғалыстар 1990 жылғы қазан айында айрықша белсендiлiк көрсеттi. Күн сайын Жоғарғы Кеңес үйiнiң алдында таңертеңнен кешке дейiн саяси митингiлер өтiп жатты. Ал Алматы қалалық партия комитетi үйiнiң алдында жастар пикет ұйымдастырып, аштық жариялады. Олар Қазақстанның тәуелсiз ел болуын, жастарға қатысты әлеуметтiк мәселелердiң дереу шешiлуiн, Кеңес Армиясын тез арада реформалауды талап еттi. Республикадағы саяси жағдайдың шиеленiсуiне Қазақстанның әртүрлi аудандарында құрыла бастаған казачество ұйымдарының қазақ халқының намысын қорлайтын әрекет ретiнде бағаланып, оған қоғамдық қозғалыстардың бiрлесе соққы беруi үлкен түрткi болды. Осындай жағдайда Жоғарғы Кеңестiң сессиясындағы бiр- қатар айтыс-тартыстардан кейiн, бұрынғы кеңестiк республикалардың соңғыларының бiрi болып егемендiк шеруiне Қазақстан да қосылды. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес “Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының мемлекеттiк егемендiгi туралы Декларация” қабылдады. 1990 жылғы 25 қазан — Қазақстанның мемлекеттiк егемендiгi жарияланды. Мемлекеттiк егемендiктiң жариялануы республика өмiрiндегi аса маңызды саяси оқиға болды. Егемендiк туралы құжатта Қазақстанның алдағы уақытта ұстанатын бағыттары белгiлендi. Орналасқан аумағына, оның қойнауына, суына, басқа да табиғи ресурстарына республика ерекше меншiк құқығын жариялады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi көрсетiлдi. Халықаралық қатынастардағы мәселелердi шешуде республиканың дербестiк танытатыны айқындалды.

 

Тамыз бүлігі – 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс. КСРО вице-президенті Г.И.Янаев, КОКП ОК-нің әскери саясат жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңес төрағасының бірінші орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі В.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы В.А.Крючков, КСРО ИМ Б.К.Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Шаруалар одағының торағасы В.А.Стародубцев, КСРО Мемл. кәсіпорындар қауымдастығының терағасы А.И.Тезяков, КСРО Жоғ. Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т атты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Осы кезде Қырымда болған КСРО Президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз б-нде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-тің №1-қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқталатын болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды. Аталған к-тке қолдау көрсетпейтін бұқаралық ақпарат кұралдары «Комсомольская правда», «Московский комсомолец», «Московские новости» секілді газеттер жабылып, қалғандарының үстінен қатаң бақылау қойылды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей Президенті Б.Н.Ельции басқарды. Оны Мәскеу қаласыныц мэрі Г.Попов, Ленинград облысы мен қаласының басшысы А.Собчак, КОКП басшыларының бірі А.Яковлев, Э.Шеварднадзе және т.б. қолдады. Украина мен Кырғызстан басшылары республикаларында Тотенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-ттің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Балтық бойындағы республикалар Тамыз бүлігін «басқа, шет мемлекеттіц мәселесі, біздің оған қатысымыз жоқ» деп мәлімдеді. Өзбекстан мен Түрікменстан республикалары үнсіз қалды.

 

54-билет.КОКП қызметінің тоқтатылуы. Кеңес Одағының ыдырауы және Тәуелсіз  Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының құрылуы. Бұрын КСРО құрамында болған, кейiн өздерiнiң тәуел- сiздiктерiн жариялаған республикалар — Армения, Әзiр- байжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өз- бекстан, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан, Түрiкменстан, Украина басшылары Алматыда бас қосты. 21 желтоқсан күнi аталған тәуелсiз мемлекеттердiң жетекшiлерi тәуелсiз мемлекеттердiң жаңа ұйымын құрғандары туралы хатта- маға қол қойды. Бұл жолы одақ сөзi достастық сөзiмен алмастырылды. Осылай Алматыдағы кездесудiң нәтижесiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) дүниеге келдi. Алматы кездесуiнен кейiн Кеңес Одағы iс жүзiнде өмiр сүруiн тоқтатып, ресми құжатта айтылғандай, “Армения Респуб- ликасы, Әзiрбайжан Республикасы, Беларусь Респуб- ликасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы (РФ), Тәжiкстан Республикасы, Түрiкмен- стан Республикасы және Украина теңқұқылы негiзде және жоғары дәрежеде Келiсушi тараптар ретiнде Тәуелсiз Мемлекеттердiң Достастығын құрды”. Хаттамаға жоға- рыда аталған республикалардың басшылары Л. Тер- Петросян, А. Муталибов, С. Шушкевич, Н. Назарбаев, А. Ақаев, М. Снегур, И. Каримов, Б. Ельцин, Р. Нәбиев, С. Ниязов және Л. Кравчук қол қойды. Алматы кездесуiнде қол жеткiзген уағдаластықтың маңыздыларының бiрi ядролық қаруға байланысты бiрiк- кен шаралар туралы келiсiм болды. Оған сол кезде аума- ғында ядролық қаруы болған Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина басшылары қол қойды. Келiсiм бойынша оған мүше мемлекеттер ядролық қару жөнiнде бiрiккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерiнiң ұжымдық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс болды.

 

 

55-билет. Тәуелсіз  Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы декларациясы. Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегі.

А)Бұдан дәл 20 жыл бұрын, 1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматыда бұрынғы кеңестік он бір республиканың басшылары маңызды стратегиялық шешім қабылдады. Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы мүше-мемлекеттерінің Алматы декларациясы өмірге келді. Бұл құжатты жасау үшін себеп болған оқиғалар сол кездегі КСРО-дағы әлеуметтік-саяси және экономикалық үдерістердің келмеске кетуі болды. Кеңес Одағының республикалары арасындағы 80 жылдардың соңында қалыптасқан жаппай және одан әрі ұстап тұруға болмайтын орталықтан сыртқа тепкен саяси  үдерістер көптен күткен «егемендік шеруінің» басталуына жол салды, ол тұтастай алғанда КСРО кеңістігіндегі келе жатқан өзгерістерден жіті хабар берді.             1991 жылғы 20 тамызда жаңа Одақтық шартқа Белоруссия, Қазақстан, РСФСР, Тәжікстан және Өзбекстан қол қоюы, ал күзде оларға басқалары да қосылуы  тиіс еді,. Алайда 18-21 тамыз күндері болған Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің мүшелері КСРО Президенті Михаил Горбачевті күштеп тайдыруды жүзеге асырудың сәтсіз болуы бұл жоспарды бұзып жіберд.Алда тұрған проблемалардың ауқымдылығын сезіне отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда бұрынғы одақтық республикалар көшбасшыларының кездесуін өткізу жөнінде бастама көтерді, онда достық, тату-көршілік және елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың тарихи тамырларын тиісті құжатпен қуаттап, бекіту, сондай-ақ бұрынғы кеңестік кеңістікте  басқа да біріктіруші жобаларды дамыту үшін векторларды іздестіру көзделді. Қазақстан басшылығының белсенді жұмыстарының нәтижесінде 1991 жылдың 21 желтоқсаны күні кеңестік 11 республиканың басшылары Алматыда бір үстелдің басына жиналды. Өткізілген келіссөздердің қорытындысында «ТМД-нің Алматы декларациясы» қабылданып, онда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғандығы жарияланды, оның тең құқылы бірлестікке ұмтылысы айқындалып, мақсаттары мен ұстанымдары нақтыланды.                                                                                 Ә) 1996 жылдың 23 сәуірі – кітап  жарық көрген күн. Н. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабы арқылы қазіргі біртұтас Қазақстан жəне бүкіл еуразиялық кеңістіктің тағдыры үшін барлық маңызды мəселеге асқан жауапкершілікпен қарайтындығын дəлелдеп бергендігін айту лəзім. Бұған негіз болушы жайт, кейбір қиыншылықтардың болуына қарамастан, Қазақстанның егемендік алғаннан кейін дүниежүзілік қауымдастықтан өз орнын табудың қиын жолына батыл қадам басу еді. Бұл жолда шын мəніндегі бостандық пен жеке бастың құқы, қоғамның рухани еркі, оның жан-жақты жанданып үйлесімді дамуы ескерілмек.Кітапта дүниежүзілік даму барысында зор ықпалын тигізетін ұлтаралық қатынас мəселесіне кең орын берілген. Автор кейбір ұлттық мəселелердің əр түрлі тарихи дəуірде барлық мемлекеттерде толғақты тақырыпқа айналып, жасампаздық күшке, не күйретуші нəтижеге соқтыратынын айтады. Ұлттық, этникалық қатынастардың, сондай-ақ кіші ұлттар өміріндегі процестердің ХХ ғасырдың екінші жартысында отарлаушы империяларды күйретіп, жаңа мемлекеттердің құрылуында да ерекше рөл атқаратындығын атап өтеді. Автор осы ғасырдың соңғы кезеңінде болған ғаламат құбылыс — КСРО-ның ыдырауына да осы тұрғыдан қарайды. Бұл арада негізгі екі себеп тілге тиек етіледі. Біріншісі — бұрынғы Кеңес Одағының қару-жарақ саласындағы бəсекелестікпен əскери стратегиялық бірқалыптылықты сақтау жарысында ғылыми-техникалық жағынан жеңіліс табуы. Екіншісі — ұлттық мəселелерді шешудегі жəне осы саладағы қарым-қатынасты реттеудегі қабілетсіздігі. «Көптеген саясаткерлер пікірі бойынша, бұл ең басты себеп», — дейді автор.

56-билет.Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы. Республиканың егемен мемлекет ретінде қалыптасуы және оның «Қазақстан-2030» стратегиясы негізінде нығаюы.

А) Қазақстанның мемлекеттiк тәуелсiздiгiн жариялауы. 1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсiздiгiн жариялауға болатын қолайлы жағдай қалыптасты. Дү      ниежүзiндегi және бұрынғы КСРО-дағы саяси ахуал — 1991 жылғы тамыз бүлiгi және оны ұйымдастыру- шылардың жеңiлуi, КСРО-ның өмiр сүруiн тоқтатуы, Тәуелсiз Мемлекеттер Одағының құрылуы, одақтас республикалардың жеке мемлекет болып бөлiнiп шығуы Қазақстанның да тәуелсiздiгiн жариялауын тездеттi. Бұл жерде өзге республикалардың бәрiнiң дерлiк, соның iшiнде, Ресейдiң өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiгiн жариялауы шешушi рөл атқарды. Ақыры, тамыз бүлiгiнен кейiнгi төрт ай iшiнде аса шиеленiскен саяси күрес үлкен тарихи маңызы бар ұлы оқиғамен аяқталды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi жарияланды. 1991 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жариялануы,

Ә)1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер: 1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары. 2. Реформаларды аяқтау. 3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу. 4. «Қазақстан барысын” қалыптастыру.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық: 1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту. 3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру. 5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану. 6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту. 7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.                              ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін «демографиялық апатқа” ұшырайды.                                          Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер: 1. Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту. 2. Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету. 3. Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үлкен ерекше көңіл бөлу. 4. Әлуметтік проблемаларды үнемі шешіп отыру. 5. Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру. 6. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту. 7. Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.

 57-билет. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылыс негізін жасау

A)Ішкі саясат бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:

  1. Бөлімнің құзыреті шегінде Президенттің ішкі сая¬сат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету
  • мемлекеттің ішкі саясатын, оның ішінде мемлекеттік ақпарат және жастар саясатын, азаматтық қоғам мен адам құқықтарын қорғауды дамыту салаларындағы саясатты, конфессиялар арасындағы қарым-қатынастарды, білім, қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласындағы, денсаулық сақтау (қаржылық-экономикалық мәселелерді қоспағанда), демография, мәдениет, тіл саясаты мен спорт саласындағы саясатты қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • елдегі ішкі саяси тұрақтылықты, сондай-ақ конфессияаралық қатынастар мәселелерінде қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу;
  • Президентті елдегі әлеуметтік-саяси ахуалдың дамуы туралы хабардар етіп отыру;
  • Елбасының және Әкімшілік басшылығының азаматтық қоғам институттарымен, сонымен қатар саяси партиялармен, діни және қоғамдық бірлестіктермен, қорлармен, өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
  • Президенттің қызметін, сондай-ақ оның қатысуымен өтетін іс-шараларды Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
  1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің және басқада құрылатын консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеу, олардың қызметі туралы есеп берулерді дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ шешімдерінің орындалуын бақылау;
  • мемлекеттік рәміздер жөніндегі, шетелдерде кадрлар дайындау жөніндегі, Тұңғыш Президенттің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі, Қазақстан Республикасының Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі, Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі республикалық комиссиялардың отырыстарына материалдар дайындауға қатысу.
  1. Қазақстан Республикасы Президентінің өзге өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету
  • елдегі ахуал және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі бағыттары туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының Бөлім құзыретіне жатқызылған бөлігін дайындауға қатысу;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында Президенттің жүргізіп отырған ішкі саясатын түсіндіруді ұйымдастыру.

Сыртқы саясат бөлімі

Сыртқы саясат орталығы (ССО) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Сыртқы саясат орталығы қызметінің негізгі міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету
  • ҚР Президенті қатысатын халықаралық іс-шаралар кестесін түзу және сыртқы саяси іс-шаралардың мазмұндық бөлігін қамтамасыз ету;
  • ҚР Президентінің және Әкімшілік басшылығының шет елдердің саяси және қоғам қайраткерлерімен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
  • ҚР Президентінің қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттары және шетел мемлекеттерімен саяси ынтымақтастықты жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу;
  • сыртқы саясат және дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  • мемлекеттік органдардың сыртқы саясатты іске асыруына, сыртқы саясат бойынша Президентінің және Әкімшілік басшылығының актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, қолданысын тоқтата тұру және тоқтату мәселелері бойынша құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларын дайындауға қатысу; заң жобалары мен Мемлекет басшысына қол қоюға енгізілетін ҚР-ның заңдарына талдау жасауға, сондай-ақ сыртқы саясат мәселелері бойынша ҚР Президентінің актілерін, соның ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу.
  1. ҚР Президентінің және Әкімшілік басшылығының өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру
  • Елбасының атына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ССО-ның құзыреті шеңберінде қарау жүргізу;
  • ҚР Үкіметінің, мемлекеттік органдар мен уәкілетті тұлғалардың ҚР Президентінің алдында жасайтын есептерін, баяндамаларын, ақпараттарын қарауды дайындауға қатысу;
  • Сыртқы саясат саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ә) Қазақстанның тарихында алғаш рет Конституция азаматтық қоғамның тұрақты жұмыс істеуіне негізді қамтамасыз етуде. Ол саяси өмірдің демократиялық бастауларын, жеке меншіктің негізін және кәсіпкерліктің еркіндігін, тәуелсіз сот жүйесінің өмір сүруін, мемлекеттің әлеуметтік міндеттерінің құқықтық рәсімделуі мен жүзеге асуына кепілдік береді.Дәл осы факторлар дербес тұлғаның, азаматтылықтың қалыптасуына, адамдарды ортақ және топтық мүдделерді қанағаттандыру үшін өзін-өзі ұйымдастырудың катализаторы рөлін орындайды.

Қазақстандағы қалыптасу кезеңіндегі азаматтық қоғамның басты қызметтеріне мыналар жатады: азаматтардың заң шығару қызметтеріне қатысуы; азаматтық қоғам институттары тарапынан мемлекеттік билікке бақылау орнатылуы; азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысуы; қоғамдық институттардың сот әділдігін орнатуға қатысуы; мемлекеттік саяси билікке қолдау көрсету немесе оған қарсы тұру; мемлекеттің биліктің материалдық көмек беруі; тәрбие және білім беру қызметтері; халықтың денсаулығын сақтау; қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау; құқық бұзушылықтан азаматтар мен олардың бірлестіктерін аластату; жеке құқықтары, бостандықтары мен заңдық мүдделерін жүзеге асыруда құқықтық белсенділік; тұлғаның құқықтық мәртебесін жүзеге асыруда мемлекеттік биліктің қызығушылығын қалыптастыру.

58-билет.Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау  Қазақстанда парламентаризмнің дамуы.

А)Референдум — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.

Референдумның негізгі екі түрі бар:                                                                                                    Резолютивті Референдумда қабылданған шешімнің ешбір қосымша бекітусіз бірден мемлекет аумағында міндетті күші болады және жаңа Референдумда ғана күші жойылады;

Консультативті Референдум белгілі бір мәселе жайындағы халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдумнегізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

Ә) Қазақстандық парламентаризм 1995 жылғы Конституция мемлекеттік басқару жүйесі, меншік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне қатысты міндеттерді жаңаша тұрғыда шешті. Жоғары өкілді орган — екі палаталы Парламенттің құрылуына құқықтық негіз жасады. 1993 жылғы Конституцияда келісім және саяси тұрактылық, халықтын игілігі үшін экономиканы дамыту, қазақстандық патриотизм, мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу, республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру түсіндірмелері енгізілмей қалған болатын. Елбасының кадағалауымен бұл түсініктер 1995 жылы қабылданған Конституцияға енгізілді. Конституцияға «Парламент» ұғымы заң шығарушы органды жетілдіру және одан әрі дамыту мақсатында екі палаталы Парламент енгізілді. Парламенттің жоғары палатасы төменгі палатаның «бұқара халық талаптарына аса көңіл бөлуін қадағалау» мақсатында құрылды. Жалпы, Сенат республика басшысы мен төменгі палата Мәжіліс арасындағы жалғастырушы құрылым міндетін аткарады. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сенат өкілеттілігі — 6 жыл, Мәжіліс өкілеттілігі — 5 жыл. Осы уақыттан бастап кәсіби парламент қалыптаса бастады. Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасынан екі өкілден сайланады. Сенатқа 7 депутатты қоғамның ұлттық-мәдени және басқа мүдделерін ескере отырып Президент өзі тағайындайтын болды. Парламентаризм дамуында парламенттің заң шығарушы қыз-метпен кәсіби айналысу, депутаттық қызметтің кәсібиленуі, бір палаталы құрылымнан екі палаталы құрылымға өтуі бағыттары қалыптасты. Қазақстан тарихында Парламент ең алғаш рет 1996 жылдың қаңта-рынан бастап тұрақты негізде заң шығару функциясын атқаруға кірісті. Конституцияның 3-бабының 4-тармағында «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады», — деп көрсетті.

59-билет. Мемлекеттік егемендік пен президенттік институтты нығайту. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

А)Әлемдегі әрбір елдің өзіндік жүріп өткен жолы мен тарихы бар. Олардың барлығы мемлекеттің құрылуы мен қалыптасу үдерістерін басынан өткерген. Мәселен, АҚШ, Франция елдері де өркениетті қоғамға сәйкес «Президенттік билік институтын» құрып, саяси модернизация жасаған.

Мемлекеттік биліктің институттарын қалыптастырудың негізгі міндеті жүйе ретінде қоғамның даму деңгейі мен саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайына сәйкес оның саяси және құқықтық рәсімдеуін таңдау болып табылады. Мұндай таңдау мемлекетті қалыптастыруда саяси және құқықтық негізін және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының сипаттамасын анықтайды. Ғылыми талдауда объективті қажетілік берілген мәселемен, сонымен қатар Қазақстанға қатысты ауыспалы қоғамды басқару үлгісінің саяси және құқықтық табиғатын зерттеуде көрінеді.

Қазақстандағы президенттік институты қазақстандық халықтың мемлекеттік бірлігін қамтамасыз етуі тиіс.Ең алдымен, ол елдегі партиялық жүйені дамытудың қуатты ынталандырушысы және бағдары ретінде әрекет етеді. Бұдан басқа ол қоғамдық сананың құндылықтық бағдарында маңызды бетбұрыс жасады, дәйекті реформалар бағытын кепілдендіре отырып, демократияландыру үдерістерінің қайтымсыз болуына сенім ұялатты. Президенттік институт арқылы көптеген дамыған демократиялардың өзіне елеулі сын болған ұлысаралық қатынастар проблемасын шешуде де Қазақстан шынайы демкоратиялық тың шешімдер тапты. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы мемлекеттің ұлт саясатын жоғары институционалдық деңгейге шығарды, көптеген ұлыстық проблемаларды әсіре саясаттандырмай-ақ тиімді шешуге мүмкіндік берді. Осы органды тікелей өзі басқара отырып, Президент Н.Назарбаев ұлтаралық келісім саясатының тиімділігіне өзі кепіл рөлін атқарды.

Ә)Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

60-билет. Әкімшілік-территориялық реформа. 1990-шы жылдардың екінші жартысы мен 2007 жылғы конституциялық реформалар.

  1. A) Әкімшілік-территориялық құрылым — мемлекеттің территориялық ұйымдастыру жүйесі; соның негізінде мемлекеттік билік пен басқару органдары құрылып, қызмет атқарады. Әкімшілік-территориялық құрылымның құқықтық нормалары мемлекет аумағындағы әкімшілік-территориялық бірліктердің (бөліністердің) тізімін, мемлекеттің әкімшілік-территорялық бірліктерге бөлуге қатысты құзыретін, осы бөліктердің өзгертілу тәртібі мен осыған тікелей байланысты мемлекет органдардың құзыретін, елді мекендердің қандай тұрпатқа жатқызылатындығын, олардың аталуын және аттарының өзгертілу тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымында мынадай бөліктерге: астанаға, облысқа, респ. маңызы бар қалаға, қаладағы ауданға, ауданға, қалаға, ауылға, кентке бөлу көзделген. Әрбір әкімшілік-территория бірліктің аумағында өкілетті, атқару органдары, сот, прокуратура және т.б. органдар құрылады.

Ә) Мемлекеттік басқару жүйесін (МБЖ) жаңғырту мәселелері Қазақстанның тәуелсіз-дік алғаннан бергі мерзімдегі маңызды сұрақтарының бірі.

МБЖ реформалау 1992 ж. Президенттің «Экономикалық реформалар жағдайындағы мемлекеттік басқару органдарын ұйымдас-тыру және қызметін жетілдіру туралы» Жарлығының қабылдануымен басталған болатын. Осы Жарлық аясында бұрынғы әкімшілік жүйені бұзу мен биліктің жаңа вертикалін қалыптастыру жүрді.

МБЖ қалыптастырудың екінші кезеңі 1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдау және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жариялаумен тұстас келді. Аталынған құжаттар реформалардың табысты болу факторларының бірі ретінде мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру бағытын айқындады. 1997 жылы әкімшілік-территориялық бөлініс реформасы жүргізілді.

Үшінші кезең аясында (2000 жыл-дан бастап) мемлекеттік қызметтің жүйесі қалыптасты, ол биліктің 3 тармағы қызметін қамтамасыз етуде біркелкі ережелер мен уәждемелерге негізделді. Мемлекеттік қызметкерлердің бес категориясы енгізілді. 2002–2003 жылдарда Үкімет мемлекеттік органдар қызметін орталықсыздандыру және жүйелеу мәселелерімен белсенді түрде айналысты.

2007 ж. МБЖ жетілдірудің жаңа кезеңі Саяси реформа бағдарламасын жасау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы қорытындыларымен тығыз байланысты. Бұл кезеңдегі конституциялық өзгерістер Парламенттің өкілеттері теңгерімін қайта бөлу және оның бақылаулық қызметінің артуы-на жағдай жасады, бұл үрдіс Қазақстандағы президенттік-парламенттік жүйеге қатысты эволюция ретіндегі мазмұнға ие болды.

Реформаны жүзеге асыру үшін Президенттің 2007 ж. 13 қаңтарындағы № 273 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға қатысты шаралар туралы» Жарғысы негізінде міндеттер қойылып, Әкімшілік реформа бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы қалыптастырылды.

61-билет.. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын анықтау. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.

Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1782 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен – 426 км, Өзбекстанмен – 2354 км және Қырғызстанмен – 1241 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында – Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жетісу (Жоңғар) Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңы.

Заң 13тарау 80 баптан тұрады

Ұлттық Қауіпсіздік – азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамныңқауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік – ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар- ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы.

 

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әpi жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 739 Жарлығ

2007-2012 жылдарға арналған  Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі ережелерін icкe асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және арнайы қызметтерінің құрылымын оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Сыртқы барлау саласындағы өкілетті орган функцияларын жүктей отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі құрылсын (бұдан әpі – «Сырбар» қызметі).
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі таратылсын.
  3. «Сырбар» қызметі:

1) бip ай мерзімде «Сырбар» қызметі туралы ереженің жобасын, оның құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президентіне бекіту үшін ұсынсын;

2) үш ай мерзімде ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;

3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп екі ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша «Сырбар» қызметіне оның міндеттері мен функцияларының көлеміне сәйкес штат санын, ғимараттарды, құжаттарды, қаржылық, материалдық-техникалық құралдар мен өзге де мүлікті, сонымен катар барлау кадрларын дайындау жөніндегі арнайы оқу орнын беруді қамтамасыз етсін;

2) үш ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе және осы Жарлық ережелерін ескере отырып, «Сыртқы барлау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;

3) «Сырбар» қызметімен бірлесіп Үкіметтің актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;

4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

  1. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                               Н. Назарбаев

  

62-билет.Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы

Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.

Қазақстанның ұлттық валютасы 1993жылы 15 қарашада пайдалануға енгізілді.Ақша белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірленді. Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғаырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп,тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. Он төртінші ғасырдың соңыннан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Қазақстан ақшасының бұрынғы тарихы міне, осындай. Күрделі жиырмасыншы ғасырда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылдың қараша айына дейін жалғасты. Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертенгі 8:00-де теңгемен ауыстырыла бастады. Бұл күні Ұлтық валютаның туған күні болып саналады

1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Президент «Жаңа ғана тәуел¬сіздігін алған елміз. Бізді, тіпті өзгелер саяси картадан да та¬ба алмайды. Сондықтан ең бі¬рінші номинал, ең танымал – әлем білетін қазақ болуға тиіс», деді. Сол себепті негізгі ва¬люта – 1 теңгелік банк¬нотқа әл-Фа¬раби бабамыз бейнеленсін деген ұйғарым жасалды.  Теңгенің тағдырын айқын¬да¬ған ресми құжаттардың кейбіріне көз жүгіртейік. 1993 жылғы 12 қа¬рашада «Қазақстан Рес¬публи¬касының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Президент Жар¬лығы шықты. Бұл Жарлықта «…Қазақстан Республикасы ау¬мағында 1993 жылғы 15 қарашада са¬ғат 8:00-ден Қазақстан Респуб¬ликасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілсін; 1993 жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап теңге Қазақстан Республикасының заңды төлем құралына айналады» деп тайға таңба басқандай жазылған.  Елбасы Жарлығы шығысымен елі¬міз¬дің барлық БАҚ-ында жаңа валю¬таның суреттері басылып, халық ұлттық валю¬тамыздың бейнесін таныды. Төл теңге қолына тигенде толқымаған жан кем¬де-кем. Буда-буда сабан ақшаға көзі мен қолы үйреніп қалған халық төл ақ¬шамыздың көлемі аз көрінсе де, арқалаған жүгі аса салмақты екенін анық сезінді. Алты күн бойы жергілікті банк бөлімшелеріне ағылған халықтың аяғы басылмай, қобыраған ескі ақшаларын теңгеге айырбастаумен болды. Теңге – тәуелсіздігіміздің төл пер¬зен¬ті. Уақыт талабына сай, оның дизай¬ны өзгеріп, қорғаныштық қабілеті жетіл¬діріліп отырды. Ел тарихындағы тағдырлы сәтте дүниеге келген ұлттық валюта¬мыз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде Қазақстанның дербес қаржылық, эконо¬микалық жүйесін қалыптастыруға негіз қалады. Ұлттық валютаны шы¬ға¬ру¬да¬ғы атқарылуға тиіс асқаралы миссия да осы еді. !

63-билет.Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.  Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең —  1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі

Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жұмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.

 

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМДмемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

 

64-билет.Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік саласының дамуы. Зейнетақы жүйесінің реформасы.

А)1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған «Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.

Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды.

2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады.

1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.

1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды.

1993 жылғы 5 қарашада Президенттің «Болашақ” атты 250 халықаралық стипендиясы белгіленді.

Қазақстан халықтарының мәдениетін бүкіл әлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО ауқымында Қазақстан Республикасының мерекелері аталып өтуде.

1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.

1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі.

Республиканың барлық облыстарына 24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды аралады. Тараз қаласына таяу жерде архитектуралық ғимарат-Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Мантуя (Италия) қаласында «Алтын адам Қазақстан далалары қола дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін” атты көрме өткізілді.

1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. Осыған орай атқарылған жұмыстар: 6 томдық «Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” І-ші томы, М. Шоқай шығармаларының екі томдығы шықты. Қытай мұрағаттары негізінде Қазақ тарихына арналған 5 кітап жарық көрді. «Алпамыс батыр” жарынаң 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті.

М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, «Тарих-и-Рашиди” еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар бұл жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды.

2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы.

2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5 маусымда Қазақстанда Ресей Федерациясы мәдениетінің күндері басталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлердің съезі болып өтті.

Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардың артуына, экономикалық жағдайдың нашарлануына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани жағдайы өте күрделі болды.

1999 жылы Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында” атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектің «Тарихтың шеңберлі және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі.

Еңбектің маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылды.

Ә)2013 жылдың 16 мамырында  Қазақстан парламентінің сенаты бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын мақұлдады. Заң жобасымен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын ауыр және қауіпті өндіріс жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін міндетті жрналар санатына ауыстыру ұсынылған. Осыған орай, қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналарына қосымша еңбекақы қорының 5%-ы мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКСЖ) енгізіледі. Бұл ретте тізбесін Үкімет бекітетін зиянды өндірістерде жұмыс істейтін адамдарға жұмыс берушілер МКЗЖ аударатын болады. Баршамызға белгілі болғандай, ҚР азаматтарының барлық зейнетақы жинақтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аударылатын болады.

Дәл қазір еліміз ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде тұр. Мемлекетіміз жан-жақты дамып қана қоймай, экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жетуді мақсат етуде. Ал экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету үшін саяси тұрақтылықпен қатар, мақсатты, жүйелі реформалар қажет екені сөзсіз. Осындай маңызды реформалардың бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасы. Зейнетақы жүйесі реформасы қоғамымызда біршама уақыт талқыға түсе келе жақында соңғы нүкте қойылды. Яғни зейнетақы жүйесінің реформасы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін кері шегерілді.

Әйтсе де мамандар зейнетақымен қам¬сыздандыру жүйесі түбі қоғамымызға қажет екенін мойындайды. Мәселен, Қа¬зақ¬стандағы демографиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты, яғни 60 жастан асқан адамдардың саны күрт артып, ал халықтың жұмыс істейтін бөлігінің төмен¬деп кетуі, бір зейнеткерге 1,8 жұмыскер келетіндей жағдайдың қалыптасуы жаңа зейнетақы жүйесі реформасының қажет екенін сездіргендей. Мәселен, 1990 жылдары бір зейнеткерге үш қызметкерден келгенін статистика көрсетіп отыр. Алдағы уақытта бұл жағдайдың одан ары нашар¬ла¬уына байланысты мемлекет үш миллион¬ға жуық зейнеткерді ескі жүйе бойынша зей¬нетақымен қамтамасыз ете алмайтын¬дай жағдай қалыптасуы мүмкін. Сондықтан жаңа зейнетақы жүйесі реформасын қа¬лып¬тастыру заман талабынан туған өзгеріс бо¬лып отыр.

 

65-билет. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы.

Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы – Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеум., мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады. Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.

1-нші құрылтай

1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы. Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары. Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері. Құрылтай таңбасының авторы – суретші Бейсен Серікбай

2-нші құрылтай

2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.

3-нші құрылтай

2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.

4-нші құрылтай

25 мамыр 2015 жылы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы-Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы басталды. IV Құрылтайдың басты ерекшелігі – ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтіп жатқандығында. Сондай-ақ тағы бір ерекшелігі – оған жастар көп келіп отыр, бұған дейінгі басқосуларға қарағанда бұл жолы Қазақстандағы және басқа елдердегі жастар мен жастар ұйымдарының, студенттер бірлестіктерінің  көшбасшылары көптеп келіп отыр. Делегаттардың 60 пайызын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Құрылтайға әлемнің таяу және алыс шетелдерінен, барлығы 35 мемлекеттен 380  делегат, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан, еліміздің өңірлерінен 300-ден астам өкілдер қатысуда.  700-ге жуық делегаттың қатарында шығармашылық,  ғылым, педагогика, зияткерлік, бизнес, спорт, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері катысты.

5-нші құрылтай

2017 жылдың 22–25 маусымы күндері Астана қаласында халықаралық  ЭКСПО-2017  көрмесі аясында  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтеді.

Құрылтай бағдарламасының негізі ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық  мақаласында айтылған тұжырымдамалық идеяларына құрылған.

 

66-билет.Қазіргі Қазақстанның білім, ғылым және мәдениет саласы. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.

Білім жүйесі. Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде талқыланды. Гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылды. Тарих, ана тілі 1–5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бұрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8 109 болды. Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік, 1 украин, ал 2008 мектеп аралас, қазақ-орыс тілдерінде сабақ жүргізген

2001 жылы елде орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келді. «Интернет – мектепте» бағдарламасы аясында 1 414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылды.

Үкіметтің 2002–2004 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында барлық деңгейдегі білім беру, оқытудың мемлекеттік жүйесін жетілдірді, оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын арттыру көзделді.

2003/2004 оқу жылында Қазақстанда жұмыс істейтін мектептердің саны – 8260-қа жетіп, онда 3 026,2 мың оқушы білім алды. Мектептердің 3 687 (44,6%) қазақ тілінде оқытатын, 2 069 (26,1%) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді. Мектептерде 270 мыңнан астам педагог жұмыс істеді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары білімі, 60 мыңнан астамының кәсіптік орта білімі болды.

2005/2006 оқу жылында Қазақстан білім және ғылым министрлігіне қарайтын 8 222 мектеп жұмыс істеді, онда 3 млн. оқушы білім алды. Оларға 300 мыңдай мұғалім сабақ берді.

2006 жылы жалпы білім беретін мектептерде 31 оқушыға 1 компьютерден келді. Мектептердің 89 пайызы интернетке қосылды.

2007 жылғы тамыз айында Қазақстанда «Білім туралы» жаңа Заң қабылданды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу белгіленді. Оның негізгі мақсаты – жаңа кезеңнің талаптарына сай жастарды өмірге баулу үшін оларға бұрынғыдан да жоғары деңгейде білім беру.

Қазақстан мектептерінде сапалы білім алуды қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілді.

Ғылым. Егемендік алған жылдары еліміздің ғылымын дамыту салаларында үрдіс өзгерістер байқалды. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының құрылымы мен ғылыми ізденістерінің тақырыптары жаңа талаптарға сай қайтадан қарастырылды. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археологиялық институт, Ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және басқару, Физика-техникалық проблемаларды зерттеу т. б. институттары ұйымдастырылды. Салалық ғылым академияларының жүйесі кеңейтілді. Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясы құрылып, жұмыс істейді, ал Ауыл шаруашылық академиясы Қазақстан Ұлттық академиясының құрамына енгізілді. Ғылыми дәрежелер тағайындау және ғылыми атақтар беру, диссертациялық жұмыстардың сапасын бақылап бекіту үшін республика Жоғары аттестациялық комитеті құрылды.

2000 жылы Республика бойынша 400-ден аса ғылыми институттар мен ғылыми орталықтарында 17 мыңнан астам ғалымдар қызмет етті. Бұлардың 1000-ы ғылым докторлары болса, 2800 ғылым кандидаттары еді. Ғылыми мекемелердің 42 пайызы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, 21 пайызы – білім және ғылым министрлігінің, 10 пайызы денсаулық сақтау министрлігінің қарауында болды.

2003 жылғы 22 қазанда бұрынғы ҚР Ұлттық ғылым академиясының 109 мүшесі қатысқан құрылтай жиналысы өткізіліп, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы бекітілді.

Егемендік алған уақыттан бері ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде 5 мың авторлық куәлік, 1354 шетелдік патенттер және 13 лицензиялық келісім куәландырылып бекітілді.

Республика ғалымдарының белсене қатысуымен Алматыда – ақпараттық технологиялар, Оралда – машина жасау, Қарағандыда – металлургия жөніндегі парктер ашылды. Астанада биотехнологиялық кешен салынды. Курчатовта және Астанадағы Еуразия университетінің жанында ядролық технологияларды зерттеу қолға алынды. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің арасында бірінші болып космосқа өзінің жер серігін ұшырды.

Қазақстанның егемендік алған уақыт ішінде халыққа білім беру, ғылымды дамытуда біршама табыстарға қолы жетті. Ғылым мен білім экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекет әуелетін арттыруға өзінің тиісті үлесін қосты.

Егер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мәдениеттің тарихи миссиясы қазақ халқының мемлекеттілігін қайта дамытуының негізін жетілдіруге бағытталса, қазір оның міндеттері Қазақстанның орнын қазіргі заманғы әлемдік мәдениет процестерінің жүйесінде айқындау болып табылады.

өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың жолдары

-Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;

-этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты

 

Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:

-азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;

-мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей;

-тарихи-мәдени мұраны қорғау;

-ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;

-мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;

-мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау;

-мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.

 

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2004-2006 жж.)

Мақсаты Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету

Бағдарламаның мiндеттерi

елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру.

67-билет. ЭСПО-2017 халықаралық көрмесін  өткізудің Қазақстан үшін маңызы. «Нұрлы        Жол – болашаққа жол» жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның жаһандану талаптарына берген жауабы.

Expo  –  индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсету үшiн ашық алаң болып табылатын  Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын  бүкіләлемдік көрме. Ең алғаш 1851 жылы Ұлыбританияда өткен. Содан бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен. Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.[Экспо-2017 өткізу үшін тендерді ұйымдастырушылар көрме өткізетін елге бұл шараның 2,3 миллиард долларға түсетінін бағалаған.

Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. ЕХРО-2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді.

Expo -2017 көрмесінің  маңызы қандай болды?

Ең әуелі, ЭКСПО-2017 ел бюджеті үшін инвестиция болмақ. Әлемдік тәжірибе мен болжамдар бойынша, мұндай шараға ондаған миллион турист келетіні айтылады. Үш айдың ішінде жоқ дегенде бір миллион турист келіп, әрқайсысы Қазақстан экономикасына үш мың доллардан тастап кеткен күннің өзінде де, үш миллиард долларлық кіріс деген сөз. Кететін шығынды ақтау үшін, демек, осыдан кем болмауы тиіс. Ал, келетін турист саны мен орташа туристің «тастап кететін» ақша мөлшерін бірнеше есе артса, бұл қазақстан бюджеті үшін тиімді болмақ.

Сондай-ақ бұл ірі халықаралық шараны дұрыс қолданған жағдайда мынадай пайдасы тиеді:

         Шағын және орта кәсіпкерлер келген туристер есебінен пайда табады;

         Шағын және орта кәсіпкерлер инфрақұрылым дайындау, ғимараттар құрылысы кезінде пайда таба алады;

         Қала көркейе түседі;

         Ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға болады: біздің тарихымызға, мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты түрлі кітаптарды шет тілдерге аударып, келген туристерге ұсынуға болады, жан-жақты қосымша көрмелер, концерттер ұйымдастыруға болады, т.б.Сол үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Мысалы осы шараны насихаттап, сырттан қонақтар, туристер шақыруға интернет арқылы, әлеуметтік желілер арқылы,шетелмен жұмыс істейтін компаниялар, шетелдік ірі компанияларға,уақыт жақындағанда, тіпті барлық корпоративтік хаттарға, фирмалық бланктерге, визиткаларға ЭКСПО-ның логотипін орнату арқылы үлкен жарнамалық іс шаралар жүргізілді.Сондай-ақ,  жыл бойына ірі бизнес форумдар, түрлі кәсіби халықаралық жиындар өткізілді

         ЭКСПО -ның пайдасы, қаланың имиджін көтеріліп,  туристер тартылды десе болады.

ЭКСПО мәртебесі жаңа жобалар, жаңа технологиялар, жаңа өндіріс өнімдері, жаңа іскерлік байланыстардың санымен және сапасымен өлшенеді.                                                                                                                     Мұнда экономиканың өрлеуі де, мәдениеттің мәуелегіне де, өнердің гүлденуі де көрсетілуі керекEXPO жөнінде әртүрлі пікірлер қылаң беріп жатыр. Біреу: «Осының керегі жоқ, шаш етектен шығынға батамыз» дейді. Енді біреу бөркін аспанға атып қуанады. Ал шынында да бұл еліміздің абыройын асқақтататын дүниенің бірі. Әлемдегі 160 мемлекеттің ішінен 120-сы бізге дауыс беріп, Бельгия сияқты дамыған елден озық шығуымыз біздің мәртебеміз, оған әрбір қазақ қуануы керек. Әйткенмен сол қуанышқа әзірлік жасауымыз керек қой.

68-билет.Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі мазмұны.

2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Бұл жолдау «Қазақстан -2050» стратегиясын ашық түсіндіріп, бірегей кең ауқымды міндеттерін дамытады. Жолдаудың тақырыбынан біз Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы «Қазақстан -2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты баяндамасының саяси сабақтастығын анық байқаймыз.Қазақстан Республикасы Президентінің осы Жолдауы – Қазақстан халқы үшін өте маңызды. Онда қазақ халқының мыңдаған жылдық тарихынан, Тәуелсіздік жылдары бастан өткерген қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы айтылды.                                              Бір мақсат – Мәңгілік елді нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту!                                  Бір мүдде – біздің ортақ құндылығымыз, тәуелсіз және гүлденген елде өмір сүруге ұмтылу!                              Бір болашақ – Мәңгілік елдің, біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі!                            Елбасы өзінің Жолдауында Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіргізу жоспарын ұсынды.Ол үшін Қазақстан экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының стандарттарын енгізуге кірісуі, ішкі жиынтық өнімнің жылдық өсімін 4%-дан асыруы, инвестиция көлемін ішкі жиынтық өнім көлемінің 18%-нан 30%-ына дейін жеткізуі қажет. 2050 жылға қарай экспорттық жалпы құрылымындағы шикізат емес экспорттың үлесі 70%-ға жетуі керек.Ауыл шаруашылығы, геологиялық барлау, мұнай өңдеу салаларындағы инновациялық міндеттерге баса назар аударуымыз қажет, олар әлеуметтік міндеттерді шешудің және қоғамдық келісімнің негізіне айналады. Ғылымды қаржыландыруды ішкі жиынтық өнімнің 3%-ынан кемітпеу және мәдени саясатты дамыту бойынша міндеттер көзделіп отыр.Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа түрін енгізу халықтың әлауқатын арттырудың жаңа кезеңіне айналады. Ал бүкіл әлемде дағдарыс құбылыстарына байланысты әлеуметтік көрсеткіштер төмендеп бара жатқаны баршамызға белгілі.Мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру. Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену үшін жеке меншік бәсекелестігі ахуалы, әділдік, заң мен жоғары құқықтық мәдениет үстемдігі, мемлекеттіктің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен қарым қатынасының жаңа құралдары қажет.Заң алдындағы теңдік құқықтық тәртіптің нақты негізіне айналуы керек. Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қол жетімді болуы керек, құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттырумыз қажет. Үлкен құзырет берілген лауазымды тұлғалар адалдығымен және жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленуі тиіс.Басты міндет – жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын қалыптастыру мен жүзеге асыруды жалғастыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағаз шығармашылығы мен құжат айналымын көбейтуге айналып кетпеуі қажет. Жергілікті басқару органдарына еркіндік бере отырып, олардың түпкі нәтиже үшін жауапкершілігін арттыруымыз  және халықтың алдында есеп беріп отыруын қадағалауымыз керек.Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында еліміз бен қоғамымыздың алдында тұрған нақты міндеттер осындай. Біз олардың заңдылығы мен нақты шешімдерін қамтамасыз етеміз.

69-билет.Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Республикасы. Қазақстанның Еуразия Экономикалық Одағына қосылуының маңызы.

Еуразиялық экономикалық қауымдастық  2001-2014 бірнеше бұрынғы Кеңес Одағы республикаларында Халықаралық экономикалық ұйым.Кеден Одағы және Біріңғай экономикалық кеңістік қалыптасу үшін,экономикалық және гуманитарлық салаларда0ғы интеграцияны тереңдету,сондай-ақ басқа да мақсаттары мен міндеттері,оның тиімді мүдделі тараптар қалыптастыру үшін құрылды.Еуразиялық экономикалық Одақ құруға байланысты алынып тасталды.Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ-ты құру туралы шартта бұрын Кеден одағы жәнеБіртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы [26 ақпандағы шартта айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тығыз және тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымдамасы негізге алынған. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық құралдары және жасалған халықаралық шарттардың бір мезгілде және бірдей орындалуының тетіктері, қабылданған шешімдерді іске асыруды бақылау жүйесін енгізу көзделген. ЕурАзЭҚ-ны құру туралы шартта Кеден одағы шеңберінде бұрын қабылданған шарттар мен шешімдердің сабақтастығы қамтамасыз етілген, олардың ішіндегі айқындаушылары мыналар болып табылады: Кеден одағы туралы келісім; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кеден одағына қосылуы туралы келісім; 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономкалық және гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы шарт; 1997 жылғы 22 қарашадағы Кеден одағын қалыптастыру кезінде тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісім; «Қарапайым адамдарға қарай он қарапайым қадам» мәлімдемесі.                                                                                                                   Мақсаттары мен міндеттері

  • Толық еркін сауда режимін, ортақ кедендік тариф қалыптастыру және тарифтік емес реттеудің бірыңғай жүйесін тіркеуді аяқтау
  • Капитал қозғалысының еркіндігін қамтамасыз ету
  • Жалпы қаржы нарығын жасау
  • ЕурАзЭҚ шеңберінде бірыңғай валютаға көшу үшін принциптері мен шарттарын үйлестіру
  • Тауарлар мен қызметтерді сауда үшін ортақ ережелер құру және олардың ішкі нарыққа қол жеткізу
  • Кедендік реттеудің бірыңғайланған ортақ жүйесін құру
  • Мемлекетаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру
  • Өндірістік және кәсіпкерлік қызмет үшін тең жағдай жасау
  • Көліктік қызмет және кешенді көлік жүйесін ортақ рыногын жасау
  • Ортақ энергетикалық нарығын қалыптастыру
  • Тараптардың нарығына шетелдік инвестицияларды қол жеткізу үшін тең жағдайлар жасау
  • Қоғамдастық аясында ЕурАзЭҚ елдерінің азаматтарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету
  • Жалпы еңбек нарығын қамтамасыз ететін бірыңғай білім беру кеңістігін, денсаулық сақтау мәселелері, көші-қон және басқа да келісілген тәсілдерді әл-ауқатын мемлекеттердің қоғамдастық құру мақсатында әлеуметтік саясаттың үйлестіру.
  • Ұлттық заңнаманы жақындастыру мен үйлестіру
  • Қоғамдастық шеңберінде ортақ құқықтық кеңістік құру ЕурАзЭҚ елдерінің құқықтық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету
  • БҰҰ-мен өзара іс-қимыл [2]
  • Еркін сауда режимін толық көлемде ресімдеуді аяқтау, біртұтас кеден тарифін және тарифтік емес реттеудің біртұтас шаралары жүйесін қалыптастыру; мүше мемлекеттердің ДСҰ-мен және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара қарым-қатынасындағы келісілген ұстанымын тұжырымдау;
  • Қоғамдастықтың сыртқы шекараларында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандамен және кедендік құқық бұзушылықтың өзге де түрлерімен күрес; экономикалардың келісілген құрылымдық қайта құруын жүргізу; бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық даму; көліктік қызмет көрсетулердің ортақ рыногын және біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру; ортақ энергетика рыногын қалыптастыру; білімнің ұлттық жүйелерін үйлесімдендіру, ғылым мен мәдениетті дамыту;

70-билет. Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі. Астана Саммиті және оның маңызы.

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ)— саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.

ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік  және ынтымақтастық  ұйымына –Еуропада ,орталық Азияда және солтүстік америкада орналасқан 56елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.

Қазақстан бұрынғы кеңестік елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет.Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын және Ванкуверден Владивастокке дейінгі ортақ кеңістік доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының айғағына айналды. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні-ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999жылы Ыстамбулда өткен болатын.

Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы,жоғары лауазымды шенеуніктер,сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымның өкілдері қатысты. Кездесу соңында аса жоғарғы деңгейде астана декларациясы қабылданды.Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында,ұцымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін,қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады.Сонымен қатар қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға,ұйымның жауапкершілік аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді арттыруға,адам құқықтарын қорғауға,заңның үстемдігін қамтамасыз етуге,жаңа қатерлерге лайықты түрде қарсы тұру мүддесі жолында ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді.

Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды.Мәселен,Ұйымның бас хатшысы Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал ететінін атап өтті.БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады.Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ саммиты Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиты Еуропалық ортақ үй салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді.

73-сұрақ

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерген тамаша тарихи құжат, Елбасы мен ел тынысының қосылуын паш еткен саяси памфлет болды. Қайта құру жылдарының «жариялылық» кезеңінен бері зерттеле бастаған ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттері арқылы ұрпаққа жарық сыйлаған ТАРИХИ САНАНЫҢ қалыптасуы жаңа кезеңге жол ашты. Қазақ азаттық қозғалысы мен «Тұтас Түркістан» идеясының тарихы арқылы тамырымызды таныдық. Бұл жолда, 1931 жылы Түрік тарих қоғамын құрып, «Түрік тарихының басты бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазған Ататүрік сынды, қазақ тарихымен тікелей айналысуға мәжбүр болған Елбасының «Тарих толқынында» атты еңбегі де үлкен мәнге ие болды. Тарихымызбен табысу арқылы «Тұтас түрік елі» идеясынан «Біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың ЕЛ АЗАТТЫҒЫ жолындағы ұлы күресінің мазмұнын ұғындық.

Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.

Елбасы «Әулие бұлақтан» сұхбат берді. Қазақтың төрі Ұлытаудан естілген Елбасы лебізі тарихтың қойнауынан естілгендей болды. Шындығында Ұлытау мың өліп мың тірілген қазақтың ұстыны, алтын діңгегі. Кейбір бауырларымыз бұрыс түсінбесін, «әулие» сөзі қазақ мұсылмандық түсінігінде адамға ғана емес, мына әлемге де айтыла береді. Себебі ол киелілік пен сырды ішіне қамтып жататын құбылыстарға беріледі. Адам да сырға толы. Сол төрде отырып, Елбасы елдігіміздің негізгі ұстындары болып табылатын тіл, мәдениет, дін, тарих, экономика, саясат, мәңгілік ел туралы ойларын төкті. Ислам діні мен бүгінгі діндарлар, олардың психологиялық қабаттары туралы да ғылыми сараптамалық пікірлерін айтып салды. Ол сөзі мынаған саяды: дінді таныммен, біліммен алғандар бар да, олардың жетегінде жамағатшылық психологиямен бес алты кітап не болмаса бес алты аят жаттап алып «діндар көрініп» шауып жүргендер де бар. Бірақ бұл құбылыс діни танымның табиғатында бар. Елде тыныштық болсын, басқасы орнына келеді. Ескі мен жаңа арасында сұхбат болса, орта жол әрдайым табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

72-сұрақ   Қазақстан азаматтарының келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты ретінде  Қазақстан халқы Ассамблеясының  құрылуы

Қазақстан халқы Ассамблеясы: құрылуы мен мақсаттары. Ұлттық бірлік доктринасы (2009 жыл, қараша). Қазақстан халқы Ассамблеясы – 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Ассамблеяның негізгі міндеттері

этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

71-билет.Астана – Егеменді Қазақстанның елордасы (тарих және қазіргі кезең).

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 880 191 адам тұрады (1 мамыр 2016). Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие. Бүгінгі заман қаласы-өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық – географиялық қарым-қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын , әлеуметтік – экономикалық күрделі жаратылыс. Антропоэкологиялық тұрғыдан алғанда – ол, ең алдымен, адам өз қолымен жасаған ортада оның тығыз қауымдастығы. Әлеуметтік-техникалық прогрестің көптеген белгілері осы «қала» ұғымымен астатыс жатыр , алайда қалаға шоғырланған өркениет адам баласына тек игілік сыйлай бермейді. Техногенді қалалық орта адамның әлеуметтік басты сапасы- оның денсаулығына зор әсерін тигізеді. Қарқынды қала құрылысы , соған орай тұрғындар санының артуы жылу мен су қорына, көлік пен коммуналдық инфрақұрылымға деген сұранысты үдете түседі, осыдан келіп ауаны ластанудан тазарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жиыстырып отырудың жүйелі жолын қарастыру мәселері туындайды. Табиғи ортаның басты көздері -су, ауа, жер атаулы, қалың көпірдің қолданысына түсіп, үлкен өзгеріске ұшырайды. Мұндағы басты мәселе , ауа мен су көзінің қашанда жаңарып , тазарып отыруы, табиғатты қоқысқа толтыратын қалдықтардың мөлшерін мүлде азайту ғана қала өмірін жақсартуға мүмкіндік әкеледі. Қаланың топырақ жамылғысы да ерекше күтімді қажет етеді

  1. Қазақстан азаматтарының келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының  құрылуы.

1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.

2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.

Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.Сессиялар аралығындағы кезеңде ҚХА басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді.

Ассамблеяның жұмыс органы – Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осылайша ҚХА-ның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастарға қатысуының тиімділігі қамтамасыз етіледі.

Ассамблеяның өңірлердегі құрылымдарын облыс әкімдері басқарады. Ассамблеясының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда ассамблеяларының құрамы этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінен, мемлекеттік органдар өкілдері мен қоғамдағы  абырой-беделі бар тұлғалардан құралады.

Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты елдегі барлық этностардың мүддесіне қорғайды. Сонымен қатар қазақстандық этникалық қоғамдастықтардың Парламентте өкілдік етуі олардың саяси партиялар арқылы өкілді органдарға тікелей қатысуы негізінде де жүзеге асырылады.

2015 жылы ҚХА-ның құрылғанына 20 жыл толады. Соған орай 2015 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.

2015 жылғы 23 сәуірде Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен ҚХА ХХІІ сесиясы өтті. Нұрсұлтан Назарбаев 7 жаңа міндет қойды, оны жүзеге асыру ісіне Ассамблея тікелей қатысуы тиіс. Бұлар – бүкілқазақстандық мәдениетті дамыту, халық бірлігін ортақ рухани-моральдық құндылықтар негізінде нығайту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу,  мемлекеттік тілді және үштілді білім беруді одан әрі дамыту, транспарентті мемлекеттегі қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, этносаралық қатынастарды саясиландыруға жол бермеу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестермен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жұмыстары.

Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті  және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.

Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту., тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.

73-билет.Халық тарих толқынында.

АСТАНА. 5 маусым. – Бүгін елордадағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген алқа отырысында сөз сөйледі. «Ұлттық тарих мәселесіне бұрыннан жіті көңіл бөліп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды», – деді Марат Тәжин. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме арқылы сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау; қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту; ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бастамасының кездейсоқ пайда болған жоқ. Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр. Жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы. Мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 5 жылдығында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «кейде қайғылы, кейде мейірбан… бірақ та қашанда Тәуелсіздікке ұмтылысымен суарылған біздің халқымыздың тарихына өз көзқарасын айтты. Мемлекет басшысы ұлттық тарихымызға өзіндік стратегиялық көзқарасын 1999 жылы «Тарих толқынында» кітабында баяндады. 2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев теңдесі жоқ «Мәдени мұра» бағдарламасының басталғанын жариялады. Бағдарламаны жүзеге асырудың жеті жылында – 2004 жылдан 2011 жылға дейін – Қазақстан тарихы, археологиясы және этнографиясы бойынша 26 арнайы зерттеулер жүргізілді. Бірақ та мұның бәрі тарихи жадымыз бен тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған біздің үлкен жұмысымыздың бастауы болатын. Бүгінде қалыптасқан мемлекет кезеңінде біз заманауи ғылым биігінен өз тарихымызды електен өткізіп, тұтастай ұлттық тарихи картинаны жасауымыз қажет», – деп атап өтті ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерген тамаша тарихи құжат, Елбасы мен ел тынысының қосылуын паш еткен саяси памфлет болды. Қайта құру жылдарының «жариялылық» кезеңінен бері зерттеле бастаған ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттері арқылы ұрпаққа жарық сыйлаған ТАРИХИ САНАНЫҢ қалыптасуы жаңа кезеңге жол ашты. Қазақ азаттық қозғалысы мен «Тұтас Түркістан» идеясының тарихы арқылы тамырымызды таныдық. Бұл жолда, 1931 жылы Түрік тарих қоғамын құрып, «Түрік тарихының басты бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазған Ататүрік сынды, қазақ тарихымен тікелей айналысуға мәжбүр болған Елбасының «Тарих толқынында» атты еңбегі де үлкен мәнге ие болды. Тарихымызбен табысу арқылы «Тұтас түрік елі» идеясынан «Біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың ЕЛ АЗАТТЫҒЫ жолындағы ұлы күресінің мазмұнын ұғындық.Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.

Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты – ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей – болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н.Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс»,-деп атап өтілген мақалада. Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысының қызметін баяндау бойынша кешенді шараларды әзірленуде. «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» және «Қарағанды облысында Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы туралы материалдар» атты екі кітап басылымға дайындалды, деп жазады Ж. Көлбаева. Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді.

74-билет. 2004 Жылдың 7 шілдесінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік «Жастар саясаты туралы» Заңы қабылданды.

Жастар ұйымы – негiзгi (цель) әлеуметтiк, мәдени, бiлім беру (задачи) және жастардың (права), заңды (интересы) қорғауға бағытталған өзге де мiндеттердi шешу, рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын, мүшелерi (қатысушылары) жастар (представители) болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым

75-билет. «Мәнгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсанда «Тәуелсіздік толғауы» тақырыбына сөйлеген сөзінің мағынасы. Тарих толқынында

  1. Ұлттық келбетті ұлықтайық 2. Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы                                                                                       3. Мәдениет келешегі                                                                                                                                              4. Алаш мұрасы және осы заман                                                                                                                       5. Ұлттық бірегейлік туралы                                                                                                                                                    6. Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар                                                                                                      7. Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тағылымдары                                                                8. Тарихтың шеңберлері ұлттық зерде

«Тарих толқынында» – Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. (Атамұра, 1999)«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылы шыққан  «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған», – деп түсіндірді З. Қыбылдинов.

Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған, деді ол.

Сонымен қатар, сарапшы атап өткендей, Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды.

«Кітап жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай өсті.  Ел азаматтары арасында төл тарихимызға деген қызығушылық айтарлықтай артты. Кәсіби тарихшылар үшін ғылыми зерттеулер жүргізуіне барлық жағдай  жасала бастады. 1994 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру басталды. 2013 жылы Елбасы «Халық тарих толқынында» арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасын ұсынды, оның атауы біздің кітабымыздың атымен біршама ұқсас.

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Тарихтың тағылымы біреу-ақ: ол ешқандай тағылым бермейді дейтін тұжырымға мен үзілді-кесілді қарсымын. Тарихты жеңіл-желпі аңыз сөздердің жиынтығы деп қарайтын адамдар шынында да тарихтан тағылым ала алмайды… Қазақ руханияты дамуының Ресей отарлығы тұсындағы қайшылықты үрдісінің күрделі де қайғылы сипатын жуып-шаю мүмкін емес» — деп атап көрсетті.

You May Also Like

Қашықтықтан оқыту барысында WhatsApp месенджерін қолдану ерекшеліктері

2020 жылы жалпы әлемде тараған «Коронавирус» індетіне байланысты ел ішінде түрлі өзгерістер…

Өндірістік тәжірибе

КОМПАНИЯ ТАРИХЫ ЖШС «АЗИЯ ТУРАБИ» бағалау компаниясы бағалау бойынша қызмет көрсету Қазақстан…

Шығыс пісірмесі

Қажетті өнімдер: -1 орташа кәді (кабачок); – 3 қызанақ; -2-3 картоп; –…

Жаңғақтың шипасы

Қан қысымыңыз өте жоғары болса, онда о,5 стақан жержаңғақты қабығымен қоса банкіге…