• Тақырыбы: Физикалық және психикалық денсаулықты сақтау және нығайту
  • Жоспар
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Физикалық денсаулық
  • Психикалық денсаулық
  • Денсаулықты сақтау және нығайту
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиет

 

  • Кіріспе
  • Қазіргі уақытта қоғамның негізгі өзекті мәселесі болып, адамның салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз кезегінде, адамның өзін жақсы сезінуін ғана емес, сонымен қатар ұлттың да сауығуына септігін тигізуі жатады. Қазақстан Республикасында Салауатты өмір салтын құру саясаты Қазақстан 2030 концептуалды дамуының басым бағыты болып табылады. Жастар арасында салауатты өмір салтын алдын алу, нашақорлықтың, шылым шегу, олармен күресті белсенді жүргізу, жастар арасында насихаттауды ұйымдастыру, спорт түрлерінің дамуына көңіл бөлу. Кең көлемді реформаның жүзеге асуы прцесінде негізгі ролді мемлекеттік пен үкіметтік емес мекемелердің біріккен әлеуметтік жобалар шеңберінде дені сау ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарын атауға болады және оны қоғамның өзекті мәселерін шешудің бір механизімі ретінде болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселелері тұр.
  • Физикалық денсаулық
  • Физикалық денсаулық – бұл ағзаның барлық мүшелері мен жүйелері қалыпты жұмыс жасауға негізделеген оның табиғи жағдайы. Егер барлық ағза мүшелері мен жүйелері жақсы жұмыс атқарып тұрса, онда адамның бүкіл ағзасы (өзін-өзі реттеу жүйесі) дұрыс дамып, қызмет жасауда.
  • Псикихалық денсаулық
  • Психикалық денсаулық бас миының жағдайына байланысты, ол ойлау сапасымен және оның деңгейімен, эмоциялы тұрақтылық дәрежесімен, көңіл мен есте сақтаудың және ерік-жігер қасиетінің дамуымен сипатталады.
  • Өнегелі денсаулық
  • Өнегелі денсаулық адамның әлеуметтік өмірінің негізі болып табылатын моральдық қағидалармен, яғни белігі бір адамдардың қоғамындағы өмірмен анықталады. Адамның өнегелі денсаулығының ең жақсы белгілері болып, ең бастысы – еңбекке деген саналы көзқарас, мәдениет құндылықтарын меңгеру, қалыпты өмір салтына кереғар болатын әдеттер мен дағдылардан белсенді түрде бас тарту болып табылады.
  • Денсаулық кодексі
  • 1. Есте сақта, денсаулық – бұл бәрі емес, бірақ денсаулық болмаса еш нәрсенің қадірі жоқ!
  • 2. Денсаулық – тек қана физикалық күш емес, сонымен бірге, жан-сезімдік мейірімділік.
  • 3. Денсаулық тек саған ғана емес, сен көмектесуге және қорғауға міндетті адамдарға да қажет.
  • 4. Денсаулық – бұл біздің қажеттіліктерімізді сенің саналы межеде қанағаттандыра алу қабілетің.
  • 5. Денсаулық – бұл біздің тәніміздің физикалық және гигиеналық мәдениеті: адам тәнінен әдемі еш нәрсе жоқ.
  • 6. Денсаулық – бұл адамның ішкі-жан сезімінің мәдениеті: сені қоршаған адамдарға деген мейірімділік, үміт, сенім мен махаббат.
  • Салауатты өмір салтын құраушылар
  • • ерте балалық шақтан бастап жақсы әдеттер мен дағдыларды адам бойында тәрбиелеу;
  • • тіршілік етуі үшін қауіпсіз және қолайлы қоршаған орта;
  • • темекіден, есірткілік, уытты заттарды тұтынудан, алкогольден бас тарту;
  • • дұрыс тамақтану; сапалы өнімдерді тұтыну;
  • • физиологиялық және жас ерекшеліктері ескерілген арнайы дене жаттығуларынан тұратын физикалық белсенді өмір;
  • • «әлеуметтік көңіл-күй» — өзге адамдармен өзара әрекет жасауға қабілеттілік
  • Қоғамдық денсаулық.
  • Қоғамдық денсаулық – жалпы қоғам мен қауымдастықтың денсаулығы; «қауымдық және дербес, мемлекеттік пен жекеменшік ұйымдардың, қоғамның саналы таңдауы мен ұйымдасқан күш-жігері арқылы денсаулықты нығайту мен өмірді ұзарту, аурулардың алдын алу өнері мен ғылымы» ретінде анықталады. Қоғамдық денсаулық профилактикасының әдістері – оқыту бағдарламаларын енгізу, саясатты, қызмет көрсетуді жасап шығару, сондай-ақ, ғылыми зерттеулер жүргізу. Қоғамдық денсаулық түсінігі мен вакцина ұғымы тығыз байланысты. Денсаулық сақтау саласына үлкен мемлекеттік бағдарламалардың жағымды әсер етуі кеңінен мойындалды. Бір жағынан, XX ғасырда денсаулық сақтау саласындағы саясаттың нәтижесінде жас нәрестелер мен балалардың арасындағы өлім-жітімнің, сонымен қатар, әлемнің көптеген бөлігінде өмір сүру ұзақтығы тұрақты түрде өсе бастағандығы тіркелді. Мәселен, американдықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 1900ж. бастап 30 жасқа, ал күллі әлемде – алты жасқа артқандығы есептеліп отыр.
  • Репродуктивті денсаулық
  • «Репродуктивті денсаулық» түсінігі «репродукция» (латынның reproduction сөзі – жаңғыру, яғни табиғаттың қалауымен бала табу мүмкіндігі) сөзінен алынған.
  • Репродуктивті денсаулық – бұл тек аурулардың жоқтығы ғана емес, сондай-ақ, ұрпақ жаңғырту мен отбасы үндестігін қоса алғанда, репродуктивті жүйеге 11 қатысты физикалық, психикалық және әлеуметтік толық саулықтың да болуы жайындағы барлық мәселелер. Кез-келген тірі жанның тіршілік етуі тек ұрпақ ауыстыру мен жаңғырту арқылы ғана болуы мүмкін. Бұл жерде адамды айтпай кету мүмкін емес. Адамзат тарихы үздіксіз ұрпақ алмастырумен сипатталып келеді.
  • Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар
  • Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі
  • Дұрыс тамақтану
  • Жүктілік, босану мен босанудан кейінгі кезеңдерде сапалы және уақытылы медициналық қызмет көрсету
  • Жыныс мүшелері ауруларының алдын алу мен емдеу Отбасын жоспарлаудың қазіргі заманғы әдістерін кеңінен қолдану
  • Жаңа туылған және жасы кіші балалардың денсаулығына қамқор болу Отбасын жоспарлау бойынша білім, кеңес беру және қызмет көрсету Қажетсіз жүктіліктің алдын алу ЖЖБЖ, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және емдеу
  • Жауапты ата-аналық парыз бойынша кеңес беру және ақпараттандыру Өмір шарттары: әлеуметтік, тұрмыстық, экологиялық Отбасындағы моральдық-психологиялық ахуал.
  • Қорытынды
  • Денсаулықты сақтаудың кепілі – салауатты өмір салты екендігін сеніммен айтуға болады. Егер адам өмірді сүймесе, толыққанды рухани және физикалық ұзақ өмір сүруге талпынбаса, онда ешбір қазіргі заманғы ғылым да, дәрі-дәрмектер мен рецепттер де көмектесе алмайды. Денсаулықты сақтау үшін қандайда бір ғажайыпқа сенудің қажеті жоқ. Ең бастысы жоғары мінез-құлық мәдениеті мен салауатты өмір салты қажет.
  • Пайдаланылған әдебиет
  • Еңбек гигиенасы бойынша тәжірбиелік сабақтардың жеке құралы: Оқу құралы Тоғызбаева К.К. Алматы 2010 жыл-366 бет.
  • 2. Жарылқасын Ж.Ж. Өндірістік токсикология негізі. Оқу әдістемелік құрал. Қарағанды КММАбаспаханасы. 2007 жыл-80 бет.
  • 3. Сараубаева Е.Н. Жакенова С.Р. Шинатаева Н.У. Жарылқасын Ж.Ж жалпы және жеке еңбек гигиенасы бойынша есептер жинағы. Оқу әдістемелік құрал. Қарағанды КММА баспаханасы. 2007 жыл-44 бет.
  • 4. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы.Оқу әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы. 2010 жыл- 85 бет.
  • 5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оқу-әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы. 2010 жыл-28 бет.
You May Also Like

Таразым – менің туған өлкем

Таразым – менің туған өлкем Жоба мақсаты: Ежелгі Тараздың мәдени ескерткіштерімен танысу,…

Ешкі терісі

Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы Әртүрлі үй жануарлары мен жабайы аңдар…

Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары

Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары Организм үшін судың манызы өте үлкен. Ол…

Қан жасау жүйесі ауруларымен науқастарды сұрастыру қарау. Зерттеу әдістері. Анемиялық, лейкемиялық, геморрагиялық синдромдар

lҚан жасау жүйесі ауруларымен  науқастарды сұрастыру,  қарау. Зерттеу әдістері. Анемиялық,  лейкемиялық,  геморрагиялық…